Имани гүл.

КІРІСПЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МЕН БІЛІМІН ҚОЛДАУ ҚОРЫ

ИМАНИ ГҮЛ

ҚАйРАТ ЖОЛДЫБАйҰЛЫ

Алматы, 2011

-----------------------------------------------------Page 1-----------------------------------------------------

УДК 28

ББК 86.38 Ж 69

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

cараптау комиссиясы мақұлдаған

Жолдыбайұлы Қ.

Ж 69 Имани гүл - Алматы; 2011 - 384 бет.

ISBN

Исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының бұдан бұрын бірнеше рет басылған «Ақиқат шуағы» және «Күдікпен күрес» атты кітаптары біріктіріліп, қайта өңделіп, «Имани гүл» деген жаңа атпен жарыққа шығып отыр. Кітапта иман негіздері мен бүгінгі қоғамды мазалап жүрген түрлі күрделі сауалдардың тұшымды жауаптары қамтылған. Еңбек көпшілік қауымға арналған.

Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының сыйы

ретінде тегін таратылады.

ISBN

УДК 28 ББК 86.38

© «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры», 2011

-----------------------------------------------------Page 2-----------------------------------------------------

КІРІСПЕ

Күллі мадақ пен мақтаулар Ұлы Раббымыз Аллаға ғана тән. Адамзаттың ұлы ұстазы әз Пайғамбарымызға (с.а.у.) сәлем жолдап, сансыз салауат айтамыз. Сондай-ақ Алла елшісінің пәк отбасы мен ардақты асхабына Жаратқанның жақсылығын тілейміз.

3

-----------------------------------------------------Page 3-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Иман - ақыл мен жүректің келісіп түйген ортақ нәтижесі мен ар-ожданның құба-құптаған жемісі. Иман - адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін ғажайып тылсым қазына. Ұлы Жаратушы әу баста адамды айна- ласына қарап Ұлы Иесін тапсын, танысын, иман етсін, Жаратушысының құдіретінің, ұлылығының, шеберлігінің алдында таң қалып бас исін деп мына дүниеге жіберген. Демек, Иман - адамның жаратылуының мән-мағынасы, мына дүниеге жіберілуіндегі асыл мақсұты. Міне, адамның жаратылуының негізгі мақсұты Ұлы Иесін табу болғандықтан, оған басқа жаратылыстардан ерекшелендіріп «ақыл-ой, сана» берілген. Ұлы Жарату- шы айналамызды қоршаған мына жалпы ғаламды Өзін танытатын ғажайып алып кітап іспетті жаратқан. Ондағы әрбір жаратылыс оқи білген адам үшін өз болмысы- мен, бойында мөрленген ғажайып нақыштарымен Ұлы Ұстасын меңзеп тұр. Адам осы ғалам деген кітаптың сы- рын түсініп оқи білсе, онда сөзсіз Ұлы Иесін тапқаны. Сондықтан Алла Тағала соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) түсірген алғашқы аятта: «Иқра...» яғни, «Оқы! жаратқан Раббыңның атымен», - деп көз алдымыздағы осы жаратылыс кітабын оқуды бұйырған.

Ұлы Жаратушымыз бізге рақым етіп, мейірімділік жасап осы алып кітапты қатесіз түсінуіміз үшін жер бетіне пайғамбар жіберіп, кітап түсірген. Құран осы бір ғажайып «ғалам» атты кітаптың түсіндірмесі мен мән-мазмұны бол- са, Мұхаммед (с.а.у.) оны адамдарға түсіндіруші ұстазы болмақ.

Құрметті оқырман қауым! Осыдан бірнеше жыл бұрын ислам дініндегі иман негіздерін қамтыған «Ақиқат шуағы» мен түрлі шүбәлі сұрақтарға жауап ретінде жазылған «Күдікпен күрес» аты кітаптарым жарыққа шығып, оқырманға жол тартқан еді. Күдіктен арылып,

4

-----------------------------------------------------Page 4-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

имани гүлге қол жеткізу адамзаттың басты мақсаты болғандықтан, аталған екі кітап та оқырманның мол сұранысына ие болып, бірнеше қайтара басылды. Мұны кітаптың кемелдігінен емес, халқымыздың руханиятқа деген құштарлығынан деп түсіндік. Алайда жиырма бес мыңға жетер жетпес аз ғана таралымның ұзақ жылдар бойы ислам бұлағынан жырақ ғұмыр кешкен халқымыздың, ру- хани азығын іздеп, шөл қысқан әрбір қазақ баласының қолына тимегені айтпаса да түсінікті. Міне бұл жолғы басылымда осы екі кітап біріктіріліп «Имани гүл» деген жаңа атпен Елбасының қолдауымен ашылған «Ислам білімі мен мәдениетін қолдау қоры» тарапынан қайта жарыққа шығып отыр. Кітаптың «Имани гүл» деп аталуы данышпан Абайдың мына бір өлең шумақтарымен байла- нысты:

Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жол осы деп әділетті.

Осы үш сүю болады ИМАНИ ГҮЛ,

Иманның асылы үш деп сен тахқиқ біл. Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл.

Хәкім Абай мұнда пенденің әуелі жаратқан ие сі Алланы, со сын барша адамзатты және әділеттікті сүюді, яғни о сы үш ұлы сүюдің жиынтығын «има- ни гүл» деп атағанын көреміз. Шындығында, иман ақиқаты о сы үш махаббаттан тарайды де сек, артық айтқандық еме с. Кейбір ғалымдардың Абай өлеңдерін қолжазбадан оқығанда бұл сөзді «имани күл» - «толық иман» деп транслитерациялаған дұрыс деген пікірі де о сыны аңғартса керек. Демек, «Имани гүл» бұл кемел

5

-----------------------------------------------------Page 5-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

иманға айтылған сөз. Алла елшісінің (с.а.у.): «Иман етпейінше жұмаққа кірмейсіңдер, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше кемел иманға қол жеткізе алмайсыңдар» деген хадисінен осы «Имани гүлдің» жұпар исі аңқып тұрғанын сезу қиын емес. Кітапта қамтылған тақырыптар негізінен иман төңірегінде болғандықтан, оған осы атты беруді жөн көрдік.

Әсілінде, иман безбені - махаббат. Иман бұл тек тілдің ұшымен айтыла салатын жай сөз я болмаса діни рәсімдерді орындаумен ғана өлшенетін жеңіл дүние емес. Оны да кемеңгер Абайдың өзі:

«Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес. Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін. Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңірі үшін»- деп түйген.

Рас, адамның жүрегіндегі Аллаға деген махаббаты, көкірегіндегі барша жаратылысқа деген мейірімділігі мен жанашырлығы қаншалық терең болса, иманы да соншалық кемел. Ол қаншалық таяз болса, иманы да сондай жұтаң. Олай болса, адамзат о сы «имани гүлге» қол жеткізгенде ғана жаһанды жайлаған жауыздық мен қатігездіктен арылып, шынайы бақытқа қол жеткізеді. Алланы сүю үшін Оны жақсы танымақ керек. Ойда- ғы түрлі шүбә, күдіктен арылмақ ләзім. Алланың құдірет қаламынан шыққан «Ғалам» атты алып кітапты оқу арқылы Ұлы Жаратушының шеберлігі мен шексіздігін, құдіреті мен құзіретін, теңдессіз өнері мен өлшеусіз білім иесі екенін мойындау қажет.

6

-----------------------------------------------------Page 6-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Адам баласы өзін жоқтан жаратып, айналасындағы барша жаратылысты қызметші етіп берген Ұлы Алланың пендесіне деген махаббатын сезінуге тиіс. Сонда «Ма- хаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алла- ны жәннан тәтті» деген байламға келеді. Ерікті түрде құлшылыққа жүгіреді.

Терең иманға қол жеткізген кісі Алланың жалпы жаратылысқа деген мейірімінен үлгі алып, мейлінше мейірбан болуға ұқсап бағады. Өзі қанша рет күнә жа- саса да, дереу жазаламай, тәубе етуі үшін мұрсат беріп, кешірім жасаған рақым иесі Раббысын ойлағанда, пен- де ретінде өзгелердің де жаза басып, жаңылыс кеткен қателіктерін кешіруге ұмтылады. Осылай жасау жоғарыда Абай айтқан «әділдікті сүюдің» нәтижесі. Себебі біз өзіміз қателескенде Жаратқанның кешіріміне ынтызар боламыз. Ал біреудің алдында ағаттық жасасақ, оның да кешкенін күтеміз. Ендеше, біздің де басқалардың қателіктері мен кемшіліктерін кешіре білуіміз бұл нағыз әділдік. Сондай- ақ, өзіміз үшін тілегенді айналамыздағыларға да тілей білу - бұл да әділдік. Біз өзіміз үшін көп жақсылықты тілейміз. Қиыншылықтан тезірек құтылуды, жаманшылықтан аулақ жүруді де қалаймыз. Ендеше, басқаның, қиналғанын көріп сенің де жүрегің қиналса, ар-ожданың сыздаса бұл да әділдікті сүю болмақ. Мұндай әділдіктің адам жүрегіндегі махаббаттан туындайтыны айтпаса да түсінікті. Осы тұста Алла елшісінің (с.а.у.): «Өзің үшін жақсы көрген нәрсені басқалар үшін де жақсы көрмейінше кемел иманға жете алмайсыңдар» деген мүбәрак хадисі ойға орала- ды. Олай болса, Абайдың әділдікті сүюді «имани гүл» деуі тегін емес.

Иә, «имани гүлге» жеткен жан Тәңірі үшін барша адамзатты гүл-тікеніне қарамастан жақсы көреді. Ең бол- маса жанашырлық танытып, аяушылық білдіреді. Себебі

7

-----------------------------------------------------Page 7-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

бәрі Алланың жаратқан туындысы болмақ. Тағы да Абай- ша айтсақ: «Жүректің ақыл суаты, Махаббат қылса тәңірі үшін». Себебі раушан гүлдің жұпар исіне ынтық жан оның тікеніне де шыдайды. Жаратылыс суретіндегі әрбір көлеңкенің негізгі бейнені айқындап тұрғанын көреді. Ақырында Алла үшін Оның жаратқан әрбір ту- ындысына мейірім көзімен қарайды. Сондықтан ол адам түгіл жан-жануар, құрт-құмырсқаға да мысқалдай да зия- нын тигізбейді.

Иман шуағына шомған адам мына дүниеден кейін екінші бір дүниенің бар екеніне иланғандықтан Раббысының ризалығы үшін тек игі істерді атқаруға ты- рысады. Өмірін салиқалы өткізіп, бар ғұмырын ізгілік амалдармен кестелеп бағады. Ана дүниеде әрбір ісіне есеп беретінін ойлап ұрлық-қарлық, кісі ақысын жеу, ар-намысын аяққа таптау сияқты зұлымдықтардан аулақ жүреді. Жаратылыстың мәнін түсініп, иман нұрына шомған осындай адамның көңілі әрдайым шаттанып, игілік атау- лы мен барлық көркем мінез, тамаша қасиеттердің қайнар көзіне айналады. Мұндай жан әлемге бейбітшілік туын желбіретіп, айналасына тек мейірімділік нұрын шашады. Ал, имансыз адам бұл дүниедегі барлық ақыл иесі адамды мазаламай қоймайтын «Мен қайдан келдім? Өмір сүрудегі мақсатым не? Қайда барамын? Жан-жағымды қоршап жатқан мына алып, шексіз дүние қайдан, оның мағынасы неде?» деген орынды да күрделі сұрақтардың жауабын таба алмағандықтан үнемі мазасыз, бақытсыз. Өйткені мағынасыз, мақсатсыз өмірден шаршау, мазасыз- дану - ақыл иесі адам үшін табиғи нәрсе. Бақытсыздығы, шаршағаны соншалық - ішкі мазасыздықтан уақытша болса да арылу үшін зиянын біле тұра, казино сияқты түнгі ойын-сауық орындарында уақыт өткізіп, миын, денесін улайтын наша, арақ сияқты есірткілерге салынады.

8

-----------------------------------------------------Page 8-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Дертінің шипасын осылай іздеп, жүрегінің тыныштығын осылай тапқысы келеді.

Иманнан нәсібін ала алмаған жан ғаламға қарап, ондағы әр нәрсені мағынасыз, мақсатсыз деп түсінеді. Мысалы, «Күн өз-өзінен ешбір мақсатсыз, кездейсоқ жерге сәуле сін шашып тұр. Жер өз-өзінен әйтеуір шыр көбелек айналып жатыр» деп пайымдайды. Ғаламдағы барлық нәрсені ие сіз деп ойлағандықтан, өзін де ие сізбін деп пайымдайды. Өмір сүруінде ешбір мағына, мақсат таба алмаған мұндай имансыз жан үнемі руха- ни шаршап жүреді. Екінші бір дүниенің бар екендігіне де иланбағандықтан, өлімді шіріп, жоқ боп кету деп ойлайды. Сөйтіп, мына қысқа, пәни өмірінде нәпсісін қанағаттандыруды, құрсағын тойдыруды мақсұт тұтады. Ақыры өлемін, олай болса, «о сы қысқа өмірімде барлық нәрсенің дәмін татып, қызығын көрейін», - деп жақсы- жаман, арам-адал деп ажыратып жатпай нәпсісінің құлына айналып, күнәға белше сінен батады.

Иә, нәпсісінің құлына айналған мұндай жан: «Тек мен ішейін, мен жейін, мен көрейін» дегендіктен қара басын ғана ойлайтын өзімшіл келеді. Өзгелерді бір сәт болсын ойламайды. «Өзім жақсы болайын, сені қайдам» - дейді. Бұндай түсінікке ие болған адамнан көркем мінез, салиқалы іс, өнегелі өмір күтудің өзі бекер.

Имансыз адам өмірде белгілі бір жетістікке жете қалса «Мен істедім, мен жасадым», - деп паңданып шыға келеді. Өйткені оның сенімінде өзін қолдап, жәрдем беріп, сол жетістігіне жетуі үшін сәттілігін салып тұрған Ұлы Жаратушысы жоқ. Ал тәкаппарланып, паңданған мұндай жан өзі жеткен жетістікке жете алмаған өзгелерді үнемі төмен санап, қорлайды да, жеткендерге қызғаныш көзі- мен қарап, үнемі бәсекелеседі де тұрады. Ішін қызғаныш өрті шалып, осындай рухани дертке шалдыққан пенделер- ден құралған қоғам - ең бақытсыз қоғам.

9

-----------------------------------------------------Page 9-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Қысқа айтсақ, имани гүл - барлық игілік атауының қайнар көзі, күллі көркем қасиеттердің кәусар бұлағы болса, имансыздық - барлық рухани аштықтың, сорақы іс әрекеттер мен жағымсыз қылықтардың ұясы.

Қадірлі оқырман! Қолыңыздағы кітаптың «Ақиқат шуағы» атты бірінші бөлімінде «Ұлы Жаратушы - Аллаға, Ұлы Раббымыздың періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырға иман» секілді иман негіздері жеке-жеке қарастырылып, мәселелерді ақыл һәм нақыл (аят пен хадис) жолдарымен ғылыми түрде дәлелдеуді көздедік. Себебі, иман, сенім бар нәрсенің алдында тұрады.

Адам жүрегінде имани гүлі жайқалып өспесе, онда оның жасаған ғибадаттары да шикі болмақ. Абайша айтсақ:

«Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанменен татымды бермес жеміс. Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы, дене біткен ретімен. Істің басы - ретін танымақтық,

Иман білмес тағатты қабыл демен».

Сондықтан сенімі мықты, иманы берік жан ғана нағыз мұсылманшылықтың өкілі болып, исламның өзіне жүктеген міндеттерін саналы түсініп, салиқалы орындауға ұмтылады. Ал, санасы әр түрлі күдікке толы, иманы әлсіз жанның мұсылманшылығы да соншалық әлсіз, шүбәлі келеді.

Кітаптың «Күдікпен күрес» атты екінші бөлімі түрлі діни, пәлсапалық күрделі сұрақтарға берілген жауаптар- дан тұрады.

10

-----------------------------------------------------Page 10-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Кешегі кеңестік зұлымат көптеген жандардың жандүниесін жаралап, көңіліне түрлі шек, шүбәлі ой қалдырды. Метафизикалық әлемді мойындамай бар нәрсені тек көзбен көріп, құлақпен естуге негізделген материалистік көзқарастың әсерінен көптеген ақиқат күмәнға айналды. Дінге қарсы ашық дұшпандық - діннен бейхабар жандардың санасын улау мақсатында қасақана түрлі күмәнді сауалдар мен сұрақтарды тудырды. Әйтпесе, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) толық өмірбаянын былай қойғанда, аты-жөнін де дұрыс білмейтін жандардың Оның (с.а.у.) көп әйел алғандығынан хабардар болуын әрі оның астарына үңілмей жатып, бірден нәпсіқұмарлыққа жору- ын басқаша түсіну әсте мүмкін емес?

Сондай-ақ, кітаптағы «Жаратушыны не үшін көзбен көре алмаймыз?», «Алла Тағала адамдарды не үшін бай- кедей ғып жаратқан. Оның сыры неде?», «Алла Тағала біздің ғибадатымызға зәру ме? Неліктен біздің ғибадат етуімізді талап етіп, орындамағандарды азаптайты- нын ескертуде?», «Намаз, азан сияқты ғибадаттар тек қана араб тілінде орындалады. Әр ұлт өз тілінде орындаса жеңіл болмас па еді?», «Доңыз еті неліктен ха- рам?» секілді көптеген сұрақтар дінімізге жаңа бет бұрып жатқан кісілердің ішкі ізденісі мен көкейлеріндегі табиғи сауалдары. Өйткені адам ақылы діни үкімдердің хикметі мен мәнісін түсінуге әрдайым ұмтылып, жан дүниесі жаратылыстың жасырын қатпарларын ұғуға құштар. Абайдың:

«Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын, Сонда да оны ойламай қоя алмаймын. Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын» немесе, «Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

11

-----------------------------------------------------Page 11-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Не қызық бар өмірде онан басқа», - деуі де

сондықтан.

Алайда, адам санасы Ұлы Иеміздің түпкі мақсаты мен игі істеріндегі хикметті толық түсіне алмасы ақиқат. Өйткені, адам санасы шектеулі. Әрі не нәрсені де айналасындағы өзі көрген, білген дүниелермен ғана салыстырып пайымдай алады. Көбінесе мына дүниенің физикалық өлшемдерінен шыға алмай, ойын қысқа қайырады. Ал, Ұлы Жаратушының істеріндегі хикметтері мына дүниенің физикалық заңдарымен, яки, адамның көрген, білген дүниелерімен шектелмесі анық. Сондықтан мұсылман баласы Ұлы Жаратушыға қатысты немесе діни мәселелерді түсіну барысында әрдайым бай- ып сақтап, Құран мен сүннетті темірқазық еткен нұрлы ақылға жүгінуге тиіс. Ойына күдік салған сұрақтардың дұрыс жауабының бар екенін әу бастан қабылдау қажет. Егер тапқан жауабы санасына сіңбей жатса, онда ол мәселені түсіндірудің кемшілдігінен, яки деңгейіміздің төмендігенен, не болмаса сезіміміз бен нәпсіміздің жетегінде кеткен түйсігіміз бен тепе-теңдік сақтап ойлау- дан мақұрым санамымыздың сарыны деп ұққан жөн. Я бол- маса, адам ақылының шектеулігінен, Ұлы Жаратушының құпия сырларынан деп қабылдау қажет. Ал басқаша ойлап, Ұлы Жаратушы жайлы күдікке бару - аса қатерлі! Бұрынғы қоғамның жарасы жеңіл болатын. Өйткені, ондағы сауалдар мен күдіктер білімсіздіктен туындайтын. Ал қазір олай емес. Көбіне күдіктер мен жаңсақ пікірлер өзінше бір ғылым мен кейбір түсініксіз терминдердің таса- сына тығылып, «әйел теңдігі», «мәдениет», «жаһандану», «адам құқығы» «сезім еркіндігі» «азаматтық неке» секілді ұрандармен безендірілген. Сондықтан мұның бәрінің ара-жігін ажыратып, дұрыс түсіну үшін Құран ақиқатымен нәрленген «нұрлы ақыл» мен жан-жақты

12

-----------------------------------------------------Page 12-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

біліммен сусындаған парасат-пайым қажет екенін естен шығармауымыз ләзім.

Ізгі оқырман! Қолыңыздағы кітап кеңестік дәуірден кейін өз құндылығына қайта оралып, асыл дініне бет бұрып жатқан халқымызға, әрбір құштар жүрекке аңсаған «имани гүлін» сыйлай алмайтыны анық. Алайда сол жол- да аз-кем өз үлесін қосып жатса, бұл біз үшін баға жетпес бақыт, ғұмырымыздың шуақты сәті болмақ.

Алла Тағала баршамыздың жүрегін иман нұрына бөлеп, ихсан дәрежесіне жеткізсін! Кітаптың жазы- луы мен жарыққа шығуына септігі тиген баршаға екі дүниенің жақсылығын тілеймін! «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының» алдағы атқарар жұмыстары сәтті болғай!

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ

03/12/2010

13

-----------------------------------------------------Page 13-----------------------------------------------------