Имани гүл.

АҚЫРЕТКЕ ИМАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өлгеннен кейін қайта тірілу, мәңгілік өмірдің барлығы - Исламда, тіпті, жалпы барлық діндерде негізгі сенімдердің бірі. Иә, мәңгілік өмірге құштар боп, шексіз өмірді аңсап-армандап зыр жүгірген адам баласының тулаған жүрегі мен мазаланған көкірегі өлгеннен кейін қайта тірілу сенімі арқылы ғана жай тауып, санасын шырмаған күрделі сауалдардың жауабына сол кезде ғана қол жеткізеді.

Ұлы Жаратушының адам баласының екі дүние бақыты үшін түсірген ақырғы кітабы - Құран Кәрімнің өлгеннен кейін қайта тірілу тақырыбын жалпы кітаптың шамамен үштен бірінде сөз қозғауы бұл сенімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетсе керек. Ақыреттің болатыны еш күмәнсіз хақ. Бір ақынның:

«Әлемдегі діндердің түп мақсұты Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,

Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар», - деп жырлағанындай тарихқа қарасақ, жалпы адам баласының бір пікірде тоғысқан мәселесі - осы ақыретке деген сенім. Адам Атадан бастап жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарлар Ұлы Жаратушының барлығы мен ақыреттің еш күмәнсіз хақ екендігін жар салса, жүрегі нұрланған күллі ғалымдар мен ұлы ойшылдар бұл сенімге бекем иланып, мына жалған уақытша өмірлерінің ағысын сол бір мәңгі өмірге қарай реттеп, бағыт түзеп ғұмыр кеш- кен. Міне, осы ұлан-асыр тарих пен осыншама зәңгір

141

-----------------------------------------------------Page 141-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

тұлғалардың ақырет турасында бір пікірге келісуі - ақыреттің хақ екендігін білдіретін басқа дәлелелдерге жүгінуді қажет етпейтіндей қуатты дәлел. Себебі, бес өтірікші адам бірінен кейін бірі келіп, орманды өрт ша- лыпты десе, «бұлардың айтқаны рас боп қалар» деген ойда қаламыз. Бұл сан бес емес, онға жетсе, жеткізген хабарларына сене бастаймыз. Ал, енді өтірік айту ауруы- нан пәк жер бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарлар мен жалған сөйлеуді ар санайтын сансыз әулие, ғұламалардың барлығы ақыреттің бар екенін ескертіп, өздері де айтқан сөздерін ораза, намаз сияқты ғибадаттары мен жалпы іс- әрекеттері арқылы қуаттап жатса, ақыреттің бар екендігіне күмән келтіру орынсыз болмақ.

Бірақ соңғы ғасырларда мына материалдық дүниенің қыспағы мен қараңғы қапасында қалып, тұншыққан са- намызда өлімнен кейін қайта тірілу сенімі азды-көпті әлсіздікке ұшырағаны рас. «О дүниеге біреу барып келіп пе?» немесе «ақыреттің болатынына кім кепіл?» деген- дей сұрақтарды мұртынан күліп қойып жататындардың да ел ішінен табылуы осының айғағы.

Ондай адамдардың көбі күнделікті әдет еткен нәпсісіне ұнайтын күнә істерді тастағысы келмегендіктен және ораза, намаз сияқты ғибадаттарды орындауға ерінгендіктен қайта тірілудің болатындығын білдіретін сансыз дәлелдерге көз жұмып қарайды. Өйткені он- дай адам адал-арам демей рахаттануды, жақсы-жаман деп талғамай нәпсісін қанағаттандыруды қалайды. Ал қайта тіріліп, істеген барлық ісіне есеп беру сенімі оның осы рахатына бөгет болып, кедергі жасайтындықтан, оны жоққа шығару мұндай адам үшін әлде қайда жеңіл. Сөйтіп, соқырға айналған ақылы тізгінін нәпсісінің қолына ұстатып, ақыретті жоққа шығару үшін сан қилы дәлел іздеп, адасқан сайын адаса түседі. Құранда: «Есеп

142

-----------------------------------------------------Page 142-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

күнін тек шектен шығушы әрі күнәһар адамдар ғана жалғанға шығарып, сенуден бас тартады» 63 - делінеді. Ойын-сауық қуып жүріп уақытын босқа өткізіп, ұстазы берген тапсырмаға салғырт қарап емтиханға дайындалмаған оқушы психологиялық тұрғыдан емтиханның болғанын қаламайды. Ұстазының аурып қалуын яки басқа бір себеппен келмей қалуын іштей қатты қалайды.

Міне, тура осы сияқты мына дүниедегі көл-көсір уақытын босқа өткізіп, Раббысы міндеттеген тапсырма- ларын орындамай күнәға белшесінен батқан пенде де ақыреттің болуын іштей қаламайды. Өйткені ол ақыретте болатын есеп күніне дайындала алмаған. Ал ақыреттің болуын іштей қаламаған мұндай жан қайта тірілуге бай- ланысты көз алдындағы сансыз дәлелдерді көре алмайды. Тіпті ол турасында ойлағысы да келмейді.

Ақыретте болатын есеп күніне салихалы амал, сауап- ты іс істеп әзірлене алмаған адам тозақты былай қойғанда, жұмақтың өзін іштей қаламайды. Тіпті басқа ізгі іс істеген жандардың кіруіне де қызғаныш көзімен қарағандықтан, жұмақтың, жалпы қайта тірілудің болуына қарсы шығады. Мұндай психологиядағы адам жүйелі түрде тепе-теңдік сақтап салмақты ойлауды жоғалтқандықтан, әрдайым қайта тірілуді жоққа шығаруға тараптар әрі бейім тұрады. Ал бейім болған жан қайта тірілуді жоққа шығаруға байланысты атеистердің келтірген әлсіз, күмәнді, түкке тұрмайтын дәлелдерін қуатты, айқын дәлел санап өзін- өзі алдай береді. Бейне бір басын ғана құмға сұғып өзін дұшпанынан жасырдым деп ойлаған ақымақ түйеқұстың кейпіне енеді. Мұндай адамдар мына дүниеде жасаған күнәларының есебін беруден қашқандықтан, қайта

63

әл-Мутаффифун сүресі/12.

143

-----------------------------------------------------Page 143-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

тірілуді жоққа шығару үшін сан-қилы сылтау айтып өз- өзін жұбатады.

Құранда: «Оларға есеп күніне байланысты аят- тарымыз оқылған уақытта: «Бұлар бұрынғылардың аңызы ғой» деп өте шығады» 64 - деп, кәпірлерге ақыреттің болатындығын білдіретін дәлелдер айтылған кезде ақырет есебін қаламағандықтан, барынша елемеуге тырысатындығы баяндалады.

Өлілерді қайта тірілту құдіреті шексіз

Алла үшін қиын емес

Еш шаршамастан жеті қабат аспанды жаратып, оны ғасырлар бойы еш ақау-кемшіліксіз басқарып тұрған Жаппар иеміз Алла Тағаланың адамдарды өлгеннен кейін де қайта тірілтуге құдіреті толық жетеді. Құранда: «Күллі Аспан әлемі мен жерді жаратқан әрі оларды жаратқан уақытта еш шаршап-шалдықпаған Алланың, өлілерді қайта тірілтуге құдіретінің толық жететінін (Ақыретке сенбейтіндер) көрмейді ме? Иә, Ол әр нәрсеге толық құдіретті» 65 , - делінген. Басқа бір аятта: «Көк әлемі мен жерді жаратқан Алланың олардың ұқсасын жаратуға құдіреті толық жетеді емес пе? Әрине, толық жетеді. Ол - (әр нәрсені) толық білетін жаратушы», 66 - делінсе, «Назиғат» сүресінің 27-аятында: «(Ей қайта тірілуге сенбейтіндер! Ойланып ақылға салыңдар!) Сендерді қайтадан жарату қиын ба? Жоқ әлде аспанды ма? (көз салып, қараңдаршы) Алла аспан әлемін қалай мықты етіп жаратқан», - деп төбеміздегі мына бас айналдырар таңғажайып үйлесімді жүйемен әрі дәлме-дәл есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ аспан әлемін, жымыңдаған

64 66 66

әл-Мутаффифун сүресі/13.

Ахқаф/33

Иасин сүресі

144

-----------------------------------------------------Page 144-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

жұлдыздарды жаратқан Алла Тағала үшін өлгеннен кейін адам баласын қайта тірілтудің еш қиын еместігіне наза- рымызды аударады. Иә, осыншама миллиардтаған га- лактикалар мен ондағы сансыз жұлдыздарды жаратып, оларды бір-бірімен қақтығыстырмай, белгілі бір жүйемен ғасырлар бойы ұстап тұрған Құдіреттінің, әлбетте, адам баласын қайта тірілтіп, жан беруге құдіреті толық жетеді.

Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?

Ей, Адам! Шірігенді кім тірілтер деп адаспа! Тірілтеді, Кім жаратса оны әу баста! Қайта тірілуге сенбейтін бұрынғы адам- дар мен қазіргі кейбір замандастарымыздың бұл тұрғыдағы күмәндары мен келтіретін дәлелдерінде еш айырмашылық жоқ. Өйткені бәрінің қайта тірілуге деген көзқарасы біреу - «шіріп кеткен сүйекті кім тірілтеді?» . Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде де өлгеннен кейін қайта тірілуге сенбейтіндер болатын. Бір күні Убай ибн Халаф Алла елшісінің жанына келіп, қолындағы шіріп кеткен бір сүйекті ұстап тұрып келеке еткен сыңаймен былай деді:

- Алла Тағала мына сүйекке жан беріп, қайта

тірілтеді, солай ма? Алла Расулы (с.а.у.):

- Әрине, оған жан беріп тірілтеді, әрі сені тозағына

салады, - деп жауап берді.

Осы оқиғаға байланысты «Ясин» сүресінің төмендегі аяттары түсті: «Адам баласы біздің оларды бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сөйте тұра ол бізге ашық дұшпан болды. (бір тамшы судан) Қалай жаратылғанын ұмытып, бізге былай деп мысал

145

-----------------------------------------------------Page 145-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

келтірді: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» Оларға: «Оларды әу баста кім жаратса, қайтадан тірілтетін де Сол және де Ол барлық жаратылысты толық біледі де», - деп кеше мен бүгіннің адамдарының қайта тірілуді жоққа шығару барысында келтірген дәлелдері мен күмәндарына назарымызды аударып, олардың келтірген айғақтарының түкке тұрғысыз екенін көрсетеді. Осыдан бір ғасыр бұрын жер бетінде қайсымыз бар едік? Бәріміз жоқ емес пе едік? Солай бола тұра адам баласы өзінің бір тамшы судан жаратылғанын ұмытып, өзін жоқтан жаратқан Раббысының қайта тірілтетініне күмәндана қарап, өзінше даңдайсып «шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» - деп мысал келтіреді. Иә, өзін жоқтан жаратқан Аллаға иман келтіре отырып, қайта тірілтетін құдіретіне күмән келтіретіндердің ойы мүлде түсініксіз, дәлелі тіпті қисынсыз, ақылға теріс.

Қол сағатты алғаш тауып, жасаған шебер адам бізге: «Мына сағатты қазір бұзып, қайтадан жасауға ілімім әрі қабілетім толық жетеді» десе, еш күмәнсіз сенер едік. Ал, енді біздерді жоқтан тіршілік бетіне шығарған Ұлы Жаратушымыздың бізді өлтіргеннен кейін қайта тірілтетініне күмәндана қарап, шексіз құдіретіне шүбә келтіру орынды ма?

Рухымыз

Адам баласы - тән мен жаннан жаратылған ғажайып, сиқырлы дүние. Оның материалдық тәнінің жанында ру- хани жағы, яғни, жаны бар екені еш талассыз шындық. Егер адам баласы ет, сүйек, қан сияқты нәрселерден тұратын тек қана материалдық бір жаратылыс болатын болса, ғылымның шарықтап дамыған осы заманда керемет соңғы үлгідегі құралдар арқылы ажалы жеткен жандардың

146

-----------------------------------------------------Page 146-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

өліміне араша түсіп құтқарып қалмас па едік?! Алайда та- рихта осы дүниеде мәңгілікке қол жеткізген ешбір тұлға жоқ. Жеткізуі де мүмкін емес. Өйткені тәнімізді басқарып тұрған жанымыз Ұлы Жаратушымыздың әмірімен тәннен шыққаннан кейін оны қайт а әкеліп қо суға ғылымның да, басқаның да шамасы жетпек еме с. Иә, денеде рухтың бар екендігіне қарсы дау айтар ешкім жоқ. Сондықтан оны дәлелдеп жатудың өзі артық. Десек те, жан жоқ дейтіндерге әрбір адамнан табылып жа- татын мына бір жауаптың мәнін жаза кетуді жөн көрдік. Егер кез келген адамға: Миың, жүрегің, көзің, аузың, қол-аяғың, барлық дене мүшелерің кімдікі делінсе? Менікі дері сөзсіз. Ал енді барлық дене мүшесін менікі деп тұрған « Мен» кім? Оны деп тұрған оның рухы, яғни, жаны. Демек, «Мен» дегеніміз, ол- рухымыз, ал «Менікі» дегеніміз, ол - денеміз.

Абай атамыз жанның өлмейтіндігін, оның тұрақтап, мекен тебетін басқа бір мәңгілік өмірдің бар екенін былай деп тілге тиек етеді:

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Бірақ ол ойнап-күліп қайта келмес,

«Мені» мен «Менікінің» айырылғанын Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес».

Яғни, рухымыз өлмейді. Ол денеден айырылғаннан кейін өзінің мәңгілік мекеніне, негізгі отанына сапар шегеді.

Қазақ халқы жан тәсілім еткен адамға өлді демейді, «қайтыс» болды дейді. Бұл сөздің астарынан жанның өлмейтіндігі, басқа бір мәңгі өмірге қайта қайтатындығын түсінуге болады.

Алла Тағала адам баласына арғы дүниеде мәңгілік ғұмыр сыйламақ. Жаппар иеміздің мәңгілігі - ешкімге тәуелсіз мәңгілік. Ал адамның жұмақ яки тозақта мәңгі

147

-----------------------------------------------------Page 147-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

болуы - Ұлы Жаратушымыздың мәңгілігіне тәуелді әрі Оның мәңгілігінің дәлелі. Міне, адам баласының сол мәңгілік ғұмыр үшін қайтатын орнын ақырет, жұмақ, тозақ дейміз.

Рухымыздың мәңгілікті аңсауы

Кез келген адам баласы машақат, бейнетке толы, найзағай жылдамдығына пара-пар қалай зымырап өтіп кеткені түсініксіз мына қамшының сабындай қысқа ғұмырға қанағаттанбайды. Оның рухы, жан дүниесі мәңгілікті аңсайды. Шексіз өмір мен бақи дүниеге құштарланып тұрады. Өзінің бір ғасырға да жетпейтін жалған, шектеулі өмірін ойлап, бүгін басып жүрген қара жерді ертең көрпе етіп жамыларын сезінген сәтте мәңгілікке құштар жан-жүрегін қайда қоярын білмей, ұй- қысы қашып, шарасыздықтан мазасыздана түседі. Адам баласының рухын мәңгілікке құштар етіп, оған екінші ба- қи өмірге деген ынтық сезім берген Алла Тағала, әлбетте, оған аңсап, армандаған мәңгілік екінші өмірді береді. Олай дейтініміз жер жүзін сан алуан дәм мен жұпар иісті әр түрлі жеміс-жидек пен тағамдарға толтырып, адам ба- ласына соларды татып көретін дәм тату сезімін сыйлаған аса жомарт Жаппар иеміз егер адам үшін мәңгілік өмірді жаратпайтын болғанда, оның тулаған жүрегіне мәңгілікке деген құштарлық сезімін де бермес еді. Яғни, мәңгілікке деген құштарлықты берген Алла мәңгілік өмірді де бер- мек. Мейірімі шексіз Алла жаратылыстағы әр нәрсеге тілегенін беріп, сұрағанын жауапсыз қалдырмауда. Дұға етіп, тілек тілеу үшін жайылған ешбір алақанды Ұлы Жаратушымыздың жауапсыз құр қайтаруға ұялатыны жайлы көптеген хадистерде білдірілген 67 .

67

ا ر ً ف ْ ص ُ ا ه َ د َّ ر ُ ي َ ن ْ أ ه ِ ي ْ َلإ م ْ ه ُ ي َ د ِ ي ْ أ او ع ُ ف َ ر َ ا ذ َ إ ه ِ د ِ ي ب ِ ع َ ن ْ م ِ ي ح ْ ت َ س ْ ي َ م ٌ ي ر ِ ك َ ي ٌّ ح َ م ْ ك ُ ب َّ ر َ ن َّ إ

148

-----------------------------------------------------Page 148-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Асқазанымыздың аштық арқылы сұраған дұға- тілегін жауапсыз қалдырмай аспаннан жаңбыр жауғызып, жерге әр түрлі жеміс-жидекті төгіп, жан-жануарды алды- на салып берген мейірім-рақымы мол Ұлы Жаратушы- мыз сүйікті құлы, жаратылыстың маңызы - жалпы адам баласының «мәңгілік, мәңгілік» деп тулаған жүрегінің тілегі мен дұғасын қалай ғана жауапсыз қалдырып, оны жоқ етіп тіршілік бетінен мүлде келмеске сызып таста- сын? Ол үшін ақырет әлемін, бақи өмірді жаратпасын? Адамды өмір сахнасынан мүлдем келмеске жіберіп, Өзінің шексіз мейірімділігі мен рақымдылығын қалай ғана жоққа шығарсын? Өйткені адамды мәңгілік өмірге құштарландырып, сосын оған құштарланған мәңгілік өмірін бермеуі - Оның шексіз шапағат, мейіріміне теріс болмақ.

Егер ақырет болмаса, бұл ғұмырда көрініс тапқан Ұлы Жаратушының махаббат шуағының еш бір мән- мағынасы қалмай, мейірімділік зұлымдыққа, махаббат дұшпандыққа, ләззат өкінішке айналар еді. Себебі адам бұл дүниенің пәни ләззаттарымен, өткінші рахатымен, Ұлы Жаратушысының мына дүниемен шектеулі уақытша махаббатымен қанағаттанбайды. Ол мәңгілік ғұмырды, шынайы бақытты, шексіз мейірімді қалайды.

Айналамызда болып жатқан қайта

тірілудің үлгілері

Ұлы Жаратушымыз мына дүниеде-ақ қайта тірілудің сансыз үлгілерін жаратып, сана иесі адам баласына қайта тірілтудің оңай екендігін көрсетуде. Иә, толғанып, ғибрат алмақ ниетпен пікір етсек, әрбір көктем қайта тірілудің дәлелі емес пе? Көктем қайта тірілудің сансыз үлгісіне толы. Жазда жап-жасыл болып жайқалып, күзде жеміс-

149

-----------------------------------------------------Page 149-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

жидегін шашу етіп шашқаннан кейін барлық өсімдік әлемі адамның қартайған шағындағы шаштарының ағарғанындай жапырақтары солып, сары алтынға боя- лып, біртіндеп төгіліп, өздері қурай бастайды. Қыс кел- генде, бейне бір өлімге ұшырап, аппақ қардың астында қалады. Тіршіліктерінің тынысы байқалмайды. Міне, өсімдіктердің қыстағы осы өлі қалпынан кейін сен оларды көктемде көр. Көктем келіп, күн нұрына малына бастаған шақта күллі өсімдік әлемі әп-сәтте бүршік атып, гүлдерін ашып, жап-жасыл болып жайқала түседі. Қысқы өлік көктеммен қайта тіріледі.

Абай атамыз:

«Жаз жіберіп, жан берген қара жерге Рахметіне Алланың көңіл сенер. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер Адамзаттың көңлі өсіп көтерілер Қара тастан басқаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басқаның бейлі енер. Тамашалап қарасаң Тәңрі ісіне

Бойың балқып, ериді іште жігер» - деп жырлағандай көктемде айналаңа қарасаң, сен де өзіңді қайта тірілген- дей сезінесің. Өйткені айналаңдағы табиғат жаппай қайта тірілуге, жаңа өмірге, қайта келген құстардың тамылжыта сайраған әсем әніне тұнып тұр. Қыста ызыңы жоғалып, аты өшкен шыбын-шіркей көктемде қайта пайда болып, үсті-басыңа қонып мазаңды алады. Бірақ сол ызыңымен саған қайта тірілетініңді меңзеп тұрғандай. Иә, қысқы өлімнен кейін өсімдік әлемін, адамнан қанша есе көп жал- пы жәндіктерді қайта жер бетіне шығарған Ұлы Жарату- шымыз адам баласын өлім қысынан кейін қайта тірілтеді. Себебі адам өсімдіктен де, шыбын-шіркей, жәндіктерден де маңызды әрі мағыналы.

150

-----------------------------------------------------Page 150-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Жеген қорегіміз де денемізде қайта тірілуде Күзде «Өмірімнің соңына таядым» дегендей, сарғайып тұрған егінді орып аламыз. Бұл - жайқалып өсіп тұрған бидай үшін бірінші өлім. Сосын диірменге тартып ұн жасаймыз. Бұл - ол үшін екінші өлім. Сосын илеп ашы- тып, қып-қызыл қызып тұрған тандырға салып пісіреміз. Бұл - бидай үшін тағы бір өлім. Дастарханға келген нан- ды аузымызға салып, тісімізбен үгітіп, асқазанымызға жібереміз. Ол жерде әр түрлі сөлдермен араласып, басқа бір өлімге душар болады. Міне, осылайша нан асқазан қабірінде көмілген болды. Нан осыншама өлімнен кейін асқазаннан он екі елі ішегімізге өтеді. Сол жерде асқазанда өлген нан бұрынғысынан да керемет түрде қайта тіріліп, денеміздегі қанымызға, клеткаларымызға, витаминдерге айналып, тәнімізде тіршілігін жалғастырады.

Ал енді Алла Тағала адам баласын өлгеннен кейін жан беріп, қайта тірілтпейді дейтіндей, бірнеше өлімге куә болып, адамның тәнінде қайта тірілген бидайдан да төмен, мағынасыз болғаны ма?

Күзде топыраққа түсіп көмілген әр түрлі дәндер мен дақылдарды шіріді, бітті, өлді деп ойламаймыз. Себебі ол көктемде алғашқы кейпінен де керемет түрде қайта тіріліп, қара жерді қақ жарып шығып, жайқала өсіп, жер бетін жасыл реңімен бояп тастайды. Тіпті біреу болып өледі, бірнеше болып тіріледі.

Алла Тағала Құранда: «Оның (құдіретін көрсететін)

дәлелдерден бір дәлел мынау:

Сен жерді құрғап, (Алладан медет сұрап тұрған адамдай) басын иген күйде көресің. Бірақ Біз жаңбыр жауғызған сәтте жер беті құлпырып, көпси түседі. Міне, құрғақ жерді осылай кім тірілтсе, өлілерді де Сол тірілтеді. Өйткені Оның әр нәрсеге құдіреті толық

151

-----------------------------------------------------Page 151-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

жетеді» 68 - деп өлілерді тірілтетін шексіз құдіретіне наза- рымызды аударады.

Топырақ астында шіріген дән-дақылды көктемде қайта тірілткен Алла Тағала, өзінің жер бетіндегі хали- фасы - адам баласын да қабірде шірігеннен кейін көктем тәріздес Хашыр күні қайта тірілтеді.

Ұлы Патшаның әділдігі ақыретті талап етеді

«Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе, жақсылығының қарымын сөзсіз алады.

Ал кімде-кім тозаңдай жаманшылық жасаса, оның

жазасын тартады».

«Зилзала» сүресі Алла Тағала - күллі әлем мен жалпы жаратылыс атауына салтанатты патшалығын құрып, әр нәрсеге өзінің үкімін қабылдатып, билігін жүргізуші Ұлы Патша. Жаратылыстағы әр нәрсе Оның ілімінен тыс қалмайды. Әрбір іс Оның рұқсатынсыз жүзеге аспайды. Күллі әлем Осы Ұлы Патшаның мейірімінен алған нәрмен тыныс алып, тіршілік бетінде қалуда. Оның осы шексіз мейірім нұрынан өзінің нәсібін алған ақылсыз тауық та өз бала- панын қорғау үшін жыртқыштардың аузына түсіп, жанын пида етуде. Осындай мейірімнің негізгі қайнар-бұлағы, құдіреті шексіз Ұлы Патша, өзінің бұйрықтарына қарсы шығып, ел ішіндегі әлсіздердің ақысын жеп, зұлымдыққа белшесінен батып, тайраңдап жүргендердің тиісті жаза- сын беріп, олардан әлсіздердің ақысын алып, иелеріне қайтармауы, әлсіз құлдарының мүдде сін қорғамауы мүмкін бе? Залымдардың істеген істерінен е сеп алмас-

68

Фуссилат сүресі/39

152

-----------------------------------------------------Page 152-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

тан, оларды жауапқа тартпастан жібере салса, бұл ісі Оның салтанатты патшалығы мен әділетті билігіне әрі шексіз құдіретіне жарасар ма еді? Ал зұлымдық, әлсіздік сияқты нұқсан сипат - мейірімі шексіз Ұлы Жаратушыға жат сипат. Осылай бола тұра, мына жалған дүниеде залымдардың тиісті жазасы мен жақсылардың ізгі істерінің қарымы лайық дәрежеде беріле бермейді. Демек, сынақ үшін жаратылған мына уақытша дүниеден кейін ақыретте үлкен сот болмақ. Бұл соттың әділетті төрешісі Ұлы Жаратушымыздың өзі болып, сол жерде бәріне тиісті бағасы берілмек. Ендеше, барлық кемелдіктің шынайы ие сі, патшалардың патшасы - Алла Тағала жақсыларға сауабын сыйлап, жамандарға азабын беріп, әділеттілігі мен шексіз құдіретін паш етуі үшін ақыретті жаратып, үлкен сот құруға тиіс. Иә, Алланың шексіз құдіреті мен қара қылды қақ жарар әділеті ақыретті, үлкен е сеп күнінің жаратылуын қалайды.

Ұлы Жаратушымыз Құран Кәрімде: «Қиямет күні әділдік таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан әділетсіздікке ұшырамайды. Істелінген іс бір қыша дәнінің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз» 69 , - деп бұл дүниеде істеген әрбір ісіміздің ақыретте әділ тара- зымен тартылатындығын білдіреді.

Иә, ақырет сияқты екінші бір дүние жаратылмаса, мына дүниедегі көптеген түйіні қиын сауалдар жауап- сыз қалмақ. Мына дүниеде сезіліп, байқалған көптеген әсем мағына баянсыз кетіп, күллі жаратылыс бейне бір мағынасы аяқсыз қалған түсініксіз кітап болмақ.

69

Әнбия сүресі/47

153

-----------------------------------------------------Page 153-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Алланың көркем есімдері

ақыретті талап етеді

Алланың барша көркем есімдері ақыреттің болуын талап етеді. Мысалы, Алла Тағаланың «Аса жомарт» деген сипатын негізге алып түсіндіріп көрелік. Жалпы әлем Ұлы Жаратушының терең мейірім-шарапаты мен шексіз жомарттығына тұнып тұр. Жер бетіндегі ең әлсіз саналатын құрт-құмырысқа сияқты жәндіктердің оп- оңай қоректенулеріне куә болудамыз. Дүниедегі ең әлсіз жаратылыстарға да уақыт-уақытымен күтпеген жер- ден жәрдем келуде. Ананың құрсағындағы әлсіз сәби сол қараңғы, тар жерде тұншұқпастан тамаша тәсілмен қоректенеді. Сәби дүниеге келер-келмес оның нәзік бол- мысына арналған арнайы тамағы әзір тұрады. Ананың омырауындағы сүт басқа уақытта емес, сәбидің дүниеге қадам басуына орай ытқылап аға түседі. Теңіздің түбіндегі балықтардың, жеміс-жидектің ішіндегі құрттардың, тұрған жерінен қозғала алмайтын ағаштардың, жалпы өсімдік әлемінің тамаша түрде қоректенуі - Оның ерек- ше жомарттығы мен теңдессіз мейірімділігінің айқын белгі-нышаны. Жер бетіндегі ырыс-береке, нығметтің молдығы, асып-тасуы - Ұлы Жаратушының түгесілмейтін қазынасын меңзеп тұр. Демек, Алла Тағала - теңдессіз дархандық пен аса жомарттықтың нағыз иесі. Ал Ондағы бұл дархандық пен жомарттық мәңгі бақи беруді, төгуді, рызықтандыруды қалайды. Міне, сондықтан Оның дархандығы мен жомараттығынан жаңбырдай құйыла төгілетін сый-сыяпатқа, ырыс-берекеге кенеліп, мәңгі бақи рызықтанатын жаратылыс керек. Ол еш шүбәсіз мына дүниенің халифасы, ең мағыналы жаратылысы - адамның қайта тірілуі арқылы болмақ. Егер мына дүниеден кейін

154

-----------------------------------------------------Page 154-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Ұлы Жаратушының осы аса жомарттық пен дархандық сияқты сипаттарының көрініс табатын басқа екінші мәңгі өмір болмаған жағдайда, бұл сипаттары осы дүниемен шектеулі қалмақ. Ал шектеулілік Ұлы Жаратушымызға тән емес. Өйткені Ұлы Жаратушымыз Алланың өзі қандай шексіз, мәңгі болса, барлық көркем сипаттары да сондай шексіз, мәңгі. Сондықтан Алланың барлық көркем сипат- тары ақыреттің болуын талап етеді. Осы жерде айтылған Алла Тағаланың жомарттық сипатына басқа да көркем си- паттарын салыстырып ойлан!

Адам өзін «бостан-босқа жаратылдым»

деп ойлай ма?

Әлемдегі кез келген нәрсе белгілі бір мақсатпен, арнайы хикметпен жаратылған. Әрбір жаратылыстың өзіндік мән-мағынасы, міндеті бар. Күллі жаратылыс Ұлы Жаратушының барлығын, бір екендігін білдіретін үлкен кітап дедік. Ұлы Иеміз бұл алып кітапты адам оқысын, оқып Өзінің құдіретіне, шеберлігіне таң қалып, мақтау айт- сын, құлшылық жасасын деп құдірет қаламымен жазған. Түсірілген Құран да осы бір үлкен кітаптың түсіндірмесі, қорытындысы, мазмұны іспетті. Бұл ғалам атты алып кітаптағы әр нәрсе - мағыналы бір сөз, бір сөйлем, тіпті бір кітап. Әрі Ұлы Жаратушымыз осы алып кітапты адамның игілігіне, қызметіне берген. Жерден неше есе үлкен Күн де, су да, ну орман да, өсімдік те, жан-жануар да бәрі-бәрі «ләббайк» деп адам баласына қызмет етуде. Жалпы әлем адам үшін жаратылды десек артық емес. Осы әлемнің ішінде адамның орны мүлдем ерекше. Өйткені жер бетіндегі жалғыз саналы тіршілік иесі - адам. Ал енді Ұлы Жаратушымыздың барлық дүниені адам үшін жа- ратып, ал адамды бостан-босқа, еш мақсатсыз жаратып,

155

-----------------------------------------------------Page 155-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

мәңгілікке өлтіре салуы мүмкін бе? Кішкентей араны да мағына, мақсатпен жаратқан Ұлы Жаратушы - Хаким Иеміздің адам баласын бостан-босқа мақсатсыз жаратып, мәңгілікке тіршілік бетінен келмеске жібере салуы мүлде мүмкін емес. Құранда «Әл-Мүминун» сүресінде: «Біз сендерді бостан-босқа жараттық, әрі өздерің де Бізге кері қайтарылмаймыз деп ойлайсыңдар ма?» - делінсе, «Қиямәт» сүре сінде: «Адам ба ласы (еш с ұ ра қ а лы н- баст ан) басы бос қоя берілемін деп ойла й ма?» - д елінеді.

О дүниеге біреу барып келіп пе?

Кез-келген нәрсенің бар екендігіне сену үшін ол нәрсені, алдымен, міндетті түрде көзбен көріп келу шарт емес. Ешбір адам анасының құрсағында жатып, мына дүниені көріп, сосын бұл дүниеге аяқ басқан жоқ қой. Ананың құрсағындағы сәби өзінің жатқан тар, қараңғы мекенінен тыс басқа әлем жоқ деп пайымдаса, қаншалық қателескен болар еді. Тура сол сияқты біздер де осы дүниені барлық болмыс әлемі деп танып, бұдан басқа әлем жоқ деп пайымдасақ, құрсақтағы баладай қателесеріміз анық. Өйткені мына әлем де ақырет әлемімен салыстырғанда ананың құрсағындай ғана.

Жер бетіне келіп-кеткен барлық адам баласын бір уақытта қайта тірілту

қалай жүзеге асады?

Алла Тағала үшін барлық адам баласын, тіпті күллі жаратылыс атаулыны қайта тірілту - бір адам- ды тірілтумен бірдей. Оның шексіз құдіреті үшін шы- бын сияқты кішкентай жаратылысты жарату мен аспан әлеміндегі миллиондаған галактикаларды, ондағы сан-

156

-----------------------------------------------------Page 156-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

сыз жұлдыздарды жарату - оңайлық жағынан парапар. Негізінде, Алла үшін оңай, қиын деген ұғым жоқ. Ол үшін барлық нәрсе оңай. Оның «бол!» деген әмірі арқылы барлық нәрсе бір сәтте бар болып, тіршілік әлемінде көзін ашады. Қиямет күні Исрафил періштенің сырнайға екінші рет үрлеуінен кейін Алла Тағала барлық адамды бір сәтте мәңгілік өмір үшін қайта тірілтеді. Қысқы өлімнен кейін шіріген сүйек тәріздес жер бетіндегі барлық ағаштарды, сансыз гүл-бәйшешектерді, жалпы өсімдік атауын еш жаңылыспастан әп-сәтте, бір мезгілде оп-оңай тірілткен құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымыз үшін Адам атадан бері жер бетіне келіп-кеткен күллі адам баласын бір мезгілде, көзді ашып-жұмғанша қайта тірілту еш қиын емес. Әр нәрсесімен шектеулі әлсіз адам баласы бір ғана нүктеге басу арқылы көзді ашып-жұмғанша үлкен бір қалаға жарық беріп, нұрға бөлеп жатқанда, құдіреті шексіз Хақ Тағала үшін барлық өлілерге бір мезгілде жан беріп, әпсәтте қайта тірілтуі неліктен мүмкін болмасын?! «Лұқман» сүресінде: «Сендердің жаратылуларың да, қайтадан тірілтілулерің де бір кісінің жаратылып, тірілтілуіндей-ақ (оңай). Күмәнсіз Алла Тағала барлық нәрсені толық естуші әрі көруші» 70 , - делінген.

Ибраһимнің қиссасы

Ибраһим (а.с.) бір күні теңіз жағасында жатқан бір жануардың өлексесін көрді. Жағаға ұрған теңіз толқынымен ілесе келген балықтар бұл өлексені жұлып- жұлып жеп, кетіп жатты. Толқын кетісімен төбедегі құстар келіп шоқып-шоқып жей бастады. Осылайша өлексенің бір бөлігі балықтардың, қалған бір бөлігі құстардың құрсағында кетіп жатты. Осы көріністі тамашалаған

70

Лұқман сүресі/28

157

-----------------------------------------------------Page 157-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Ибраһим (а.с.) енді Ұлы Жаратушысының осы бөлік-бөлік боп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жа- нуарды қалай тірілтетінін көргісі келіп, Раббысына: «Уа, Раббым, өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші», - деп өтініш жасады. Шынтуайтында Ибраһимнің (а.с.) тірілтуді көргісі келгені Ұлы Жаратушысының құдіретіне деген күмәннан туындамаған еді. Тек Ұлы Жаратушысының қалай тірілтетінін көріп, тамаша етіп, шеберлігіне таң қалып, шексіз құдіретін көрген жүрегі жай тауып, Ұлы Жаратушысына мадақ айтып, бас игісі келген-ді. Бір нәрсеге сену басқа, көру басқа. Сондықтан Ол: «Раббым өлілерді тірілте аласың ба?» деп сұраған жоқ, «Уа, Раббым маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші», - деді.

Алла Тағала Ибраһимге (а.с.): «Жоқ, әлде сенбедің бе?», - деді. Негізінде Алла Тағала оның ақыретке күмәнсіз сенетінін білетін еді. Ал, Ибраһимге былай деп сұрақ қоюуының себебі - кейін келетін адамдардың ол ту- ралы қате түсінікке бармаулары үшін еді.

Ибраһим (а.с.) өтінішіндегі мақсатын былай деп түсіндірді: «Әрине, (өлілерді қайта тірілтетініңе) сенемін. Бірақ (қалай тірілткеніңді көріп, әр нәрсені көргісі келетін) жүрегім жай тапсын деп едім». Осыдан кейін Алла Тағала Ибраһим құлына: «Төрт тал құс ал. Сосын, оларды өзіңе әбден үйреншікті ет. (Сосын, төртеуін де сойып бір-бірімен араластырып) оларды (араласқан еттерді) әр таудың басына бөліп- бөліп қой. Сөйтіп олардың әрқайсысының атын атап шақыр; олар саған жүгірген күйде келеді. Алланың (әр нәрсеге күші жететін) Азиз әрі (әр нәрсені орын- орынды істейтін) Хаким екендігін біл деді».

Ибраһим (а.с.) берілген әмірді бұлжытпай орындады. Құстарды тауып, сосын оларды әбден өзіне үйретті. Со-

158

-----------------------------------------------------Page 158-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

сын оларды сойып, жүндерін жұлып, еттерін бір-бірімен араластырды. Араласқан еттерді төртке бөліп, төрт таудың басына апарып тастады. Сөйтіп құстардың әрқайсысының атын атап шақырғаны сол еді, бәрінің тіріліп, ұшқан бойда жанына келгенін көріп Ұлы Жаратушысының құдіретіне таң-тамаша болып, жүрегі жай тапты.

159

-----------------------------------------------------Page 159-----------------------------------------------------