Имани гүл.

КІТАПТАРҒА ИМАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жалпы жаратылыс, мына болмыс әлемі адам баласы- на Ұлы Жаратушыны танытар алып кітап ретінде жаратыл- са, пайғамбарларға уахи арқылы жеткен барлық парақтар мен кітаптар да Ұлы Құдіретті қатесіз тануымыз үшін жіберілген. Сондай ақ адамзатқа мына дүниедегі негізгі міндетін түсіндіріп, ақ-қараның ара-жігін айқындап, екі дүниенің бақытын сыйлау үшін түсірілген. Міне, Алла Тағала тарапынан келген барлық осы кітаптарға сену - Ислам дінінде иманның негіздерінен саналады. Құранда: «Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірмесе, қатты адасады...» 40 - делінген. Ұлы Жаратушымыз әр түрлі мекендер мен уақыттар- да түрлі-түрлі қауымдарға өзінің бұйрықтары мен тый- ымдарын қамтыған және сол қоғамның сана дегейіне сай керекті мәліметтерді жеткізетін, жеке тұлғалық, қоғамдық проблемаларының шешімдерін баяндап, өз араларында әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар жіберген. Парақтардың нақты саны бізге беймәлім. Ал, Құран Кәрімде білдірілген жалпы кітаптың саны төртеу: Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран. Біз, мұсылмандар, бұл төрт кітаптың барлығының Алла тарапынан адам баласына тура жолды көрсету үшін жіберілгендігіне кәміл сенеміз. Алайда соңғы кітап Құранның алдындағы үш кітап заман өте келе адамдар тарапынан әр түрлі әдейі өзгертулер мен бұрмалауға ұшырағандықтан, оларды негізге алып амал

40

Ниса сүресі/136.

118

-----------------------------------------------------Page 118-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

етпейміз. Құран түскеннен кейін өзге кітаптар негізге алынбайды.

1. зәбур. Бұл кітапты Алла Тағала Дәуітке (а.с.) түсірген. Зәбур арапша «кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде: «Біз Дәуітке зәбурді бердік 41 » делінген. Құранда Зәбур жайлы Тәурат және Інжілге қарағанда өте аз мағлұмат білдірілген. Еврейлердің Дәуіттің (а.с.) пайғамбарлық қасиетіне көлеңке түсіріп, ар-намысын кірлететін әйелдерге байланысты айтылған әр түрлі әңгімелері дұрыс емес. Себебі, барлық пайғамбарлар күнәнің кішісінен де, үлкенінен де Ұлы Жаратушы тара- пынан қорғалған. Яһудилер, көбінесе, Дәуітке (а.с.) патша ретінде қарайды. Ал, мұсылмандар патша әрі пайғамбар ретінде иман келтіреді.

2. Тәурат. Мұса пайғамбарға түскен кітап. Тәурат иврит тілінде «заң, ереже-қағида, шариғат» деген мағыналарды білдіреді. Құранда: «Ішінде адамдарға тура жол және нұрды қамтыған Тәуратты біз жібердік 42 » - делінген. Тәураттың қазіргі таңда танымал үш түрлі нұсқасы бар. Бұл үш нұсқада айтылған көптеген ереже-қағида, хабарлардың бір-бірімен сәйкес келмеуі - Тәураттың адамдар тарапынан қатты өзгертілгендігінің айғағы.

3. Інжіл. Исаға (а.с.) түскен кітап. Інжіл «сүйінші, тағылым» деген мағыналарды білдіреді. Құранда: «Біз пайғамбарлардың артынан Мәриям ұлы Исаны өзінен бұрын түскен Тәуратты растаушы етіп жібердік. Оған (Исаға): Өзінен бұрын Түскен Тәуратты растаушы ретінде әрі тақуаларға тура жол мен насихат болсын деп ішінде тура жол және нұрды қамтыған Інжілді бердік» 43 , - делінеді.

41 42 43

Исра сүресі/55. Майда сүресі/44. Маида сүресі/46.

119

-----------------------------------------------------Page 119-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Қазіргі таңда Інжілдің Алла Тағала тарапынан түскен түпнұсқасы жоқ. Христиандардың қолында «Жаңа ха- бар» атты кейіннен адамдар тарапынан құрастырылып жазылған әр түрлі кітаптар бар. Бұлардың төртеуіне «Інжіл» делінеді. Бұл Інжілдер Иса (а.с.) дүниеге келген соң 325 жылдан кейін халық арасында кеңінен тараған, бір-біріне қарама-қайшы пікірлерге толы Інжілдің көптеген нұсқасынан таңдалып, құрастырылған. «Мат- та», «Маркос», «Лука», «Югонна» делінген адамдардың атымен аталатын бұл төрт Інжілдің ішіндегі баяндала- тын оқиғалар көбінесе бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Бірінде харам делінген нәрсе екінші бірінде адал бо- лып жатады. Бұған қоса інжілдің бізге дейін келіп жету жолдарының дұрыстығы мен сенімділігі тұрғысынан да қасиетті Құранмен, тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерімен де салыстыруға тұрмайды.

Ұлы Жаратушыға байланысты және әр түрлі мәселелер мен тарихи оқиғаларды баяндайтын мағлұматтардың бұл төрт Інжілде әр түрлі, тіпті бір- біріне қарама-қайшы берілуінен түпнұсқаның кейіннен адамдар тарапынан қатты өзгеріске ұшырап, адами пікірлермен лайланғанын аңғарамыз.

4. Құран. Құран араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран - Ұлы Жаратушының ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын мәңгілік иләһи кітап. Құран - өзіне дейінгі түскен барлық парақтар мен кітаптардың мазмұнын қамтыған. Құран - санасы қанша жетілсе де ақыретке дейінгі келетін күллі адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жа- уап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық проблемаларына қатесіз толық шешім беретін, адамның

120

-----------------------------------------------------Page 120-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

санасы жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім сырларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жарату- шы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап. Құран Кәрімнің Алла Тағала тарапынан

жіберілгендігінің кейбір дәлелдері 44 .

  • Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде арабтардың ауыз әдебиеті, сөз өнерінің, әсіресе, ақындықтың шыңына жеткені соншалық - ақындар бір шумақ өлеңдерімен бейбіт жатқан екі елді соғыстырып немесе қылыштарын қындарынан шығарып, соғысуға шақ қалған екі елді татуластыратындай дәрежеде болған. Жыл сайын сөз өнерінен арналған сайыстар ұйымдастырылып, алғашқы жеті орынға ие болған шайырлардың есімі мен өлеңдерін алтынмен әшекейлеп қағбаға іліп қоятын. Ақындарды бы- лай қойғанда, жалпы халықтың өзі бір-бірімен өлеңдесіп сөйлескен. Міне, сөз өнерінің осындай шыңына жеткен уақытта Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен. Қазіргі дін дұшпандары сияқты сол дәуірдің кәпір шайырларының Пайғамбарымызға: (с.а.у.) «Құранды өзің ойдан жазып жатырсың» деген жалаларына қарсы Алла Тағала: «Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адам- дар мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да оған ұқсас бір кітап жаза алмайды» (Исра/88) - деп аят түсіріп, олардан Құранға ұқсас бір кітап жазуларын талап етеді. Алайда араб ақын-шешендері Құранға ұқсас бір кітап жазу қолдарынан келмегендіктен ауыздарына құм құйылып, үн-түнсіз қала берді.

44

 Бұл жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз, М. ИСАҰЛЫ, Құран кімнің сөзі?, Алматы 2004.

121

-----------------------------------------------------Page 121-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Алла Тағала басқа бір аятта: «Жоқ, әлде олар (кәпірлер) Құранды өзі құрастырып алды деп жатыр ма? (Мұхаммед (с.а.у.) оларға айт: Егер айтқандарың рас болса Алладан басқа шақыра алатындарыңды (жәрдемге) шақырыңдар, (бәрің бірігіп) сендер де сол сияқты құрастырылған он сүре жазыңдар!» 45 - деп әншейінде намысшыл болып келетін шайырлардың намысын қайрап, олардан құрастырылған он сүре жа- зуларын талап етеді. Бірақ шайырлардың ауыздарына құм құйылып, дәрменсіздіктен Алланың бұл талабын да жауапсыз қалдырды. Он сүре жазуға шамалары кел- меген шайырларды Алла Тағала басқа бір аятта былай деп, бар білетін өнерлерін көрсетуге шақырады. « Егер құлымызға түсірген Құранға күмәндансаңдар, қанеки, бір сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Алладан басқа сенетіндеріңнің барлығын шақырыңдар, егер күмәндарың әрине рас болса. Бұны жасай алмасаңдар, - ешқашан жасай алмайсыңдар да - Ендеше, отыны адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге әзірленген тозақ отынан сақтаныңдар» (Бақара, 23-24). Әншейінде намысшыл келетін шайырлар бұл жолы тағы да Алланың талабына дәрменсіз қалып, Құранға ұқсас бір кітап емес, тіпті он сүре де емес, жалғыз ғана сүре жазу да қол- дарынан келмегендіктен тағы да үнсіз қалды. Иә, күмән келтірген арабтардың өздерінен талап етілген Құранға ұқсас бір кітапты, яки он сүресін, тіпті жалғыз сүресін жазу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жаңа дініне тосқауыл болудың ең қысқа әрі оңай жолы бола тұра, мал-жандарын қатерге соғатын соғыс жолын таңдауларының астарын- да Құран сүрелерінің ұқсасын жаза алмаулары бар еді. Өйткені Құран мағынасындағы тереңдігі мен тәсіліндегі ерекшелігі жағынан арабтардың қара сөздеріне де, өлең

45

Һуд сүресі/11-13.

122

-----------------------------------------------------Page 122-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

шумақтарына да ұқсамайды. Он төрт ғасырдан бері Құран сүрелеріне ұқсас бір сүрені күллі адам баласының жаза алмауы - Құранның Алла Тағала тарапынан жіберілген хақ кітап екендігінің айқын дәлелі.

  • Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінің арасында сөз стилі тұрғысынан жер мен көктей ерекшелік бар. Ерекшелігі соншалық - кез келген арабша білетін адам мағыналары бір болып келетін Құран аяттары мен хадистерді «мынау - аят», «мынау - хадис» деп, оп-оңай ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың хадистерін өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп, Құранды өздері қолданатын сөйлеу тәсілдерінің ешқайсысына ұқсата алмай, қайран қалатын. Себебі, Құранда арабтардың қолданған қара сөздеріне де, өлеңдеріне де ұқсамайтын, жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше өзіне ғана тән иләһи (құдайлық) тәсіл бар.
  • Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған уақытымызда терең толғанып, Алланың ұлылығының алдында бас иіп, тебіреніп айтып тұрған адам бейнесі сезіледі. Ал Құранды оқыған уақытымызда Алланың ұлылығы мен жаббарлығының үні байқалып, сөздің жұмыр басты адамнан емес, бүкіл әлемдердің Ұлы Жаратушысынан келіп тұрғандығы анық байқалады. Пайғамбарымыздың бір-бірінен тым басқаша екі тәсілді әр жерде еш ойланбастан, оп-оңай ажыратып қолдануы Құранның ойдан шығарылған кітап емес, Алла Тағала та- рапынан түсірілгендігінің айқын дәлелі болса керек. Оқу-жазу білмейтін Алла елшісінің (с.а.у.) уахидың көмегінсіз жеке тұлғалық, отбасылық, қоғамдық, экономикалық және адами қатынастарды реттейтін құқықтық қағидалар қойып, ислам діні сияқты кемел жүйе құруы әсте мүмкін емес. Алла елшісінің (с.а.у.) алып келген жаңа жүйесі ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан

123

-----------------------------------------------------Page 123-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

алуан ұлттар тарапынан іс жүзінде қолданылуда. Тіпті заман ескірген сайын ислам діні жаңара түсуде. Енде- ше, бұл ереже-қағидаларды орнатқан Мұхаммед (с.а.у.) емес, Ұлы Жаратқанның өзі болмақ. Тарихқта көптеген құнды кітаптар жазылған. Бірақ жұмыр басты пенденің туындысы болғандықтан, заманның жаңалығына өз шешімін беріп, адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін қанағаттандыра алмағандықтан, жаңа толқын тарапынан «ісің бітті» делініп, сөредегі орнынан беймәлім жаққа тәрк етілген. Ал, Құранға деген адамзаттың мұқтаждығы күннен-күнге артып отыр. Иә, заман ескірген сайын Құран жаңара түсуде. Өткен ғасырларда тәпсірленіп, сол ғасырлардағы аса көкейкесті мәселелерге дауа болған Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір за- манауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап беруде және қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, өзінің сарқылмас қазынаға толы мәңгілік мұғжиза, ескірмес иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.

  • Әлемде миллиондаған адам жатқа білетін және күн сайын жалықпастан оқылатын Құран секілді екінші бір кітап жоқ. Қандай классикалық әдеби кітапты алсаңыз да, бірнеше рет оқығаннан кейін одан жалығасыз. Ал Құранды оқыған сайын жалығу былай тұрсын, ол сізді жаңа ойларға жетелеп, рухани шабытқа кенелтеді. Көңіліңізге көктем сыйлайды. Алты жүзден аса беттен тұратын Құран Кәрімнің араб тілін білмейтін миллиондаған адам- дар тарапынан сөзбе-сөз толықтай оңай жатталуы және адамның жандүниесіне ағыла құйылып, баурап алатын, тек өзіне ғана тән ерекше әуені мен әуезі - Оның иләһи кітап екендігінің нақ белгісі.
  • Құранның бұрын болып кеткен көптеген оқиғалар мен келешекте болатын оқиға, жаңалықтардан нақты ха-

124

-----------------------------------------------------Page 124-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

бар беруіне ат үсті қарап, оны адам баласының жазған ту- ындысы деу қисынға қайшы. Бұл жерде оның барлығын қамтып жазу мүмкін болмағандықтан, мысал ретінде бір- екеуін ғана беріп отырмыз.

  • Салих, Лұт, Мұса сияқты пайғамбарлар мен қауымдарының ежелгі дәуірде ғұмыр кешкен мекендері мен өмір сүру ахуалдарын Құран баяндағандай енді ғана зерттеп тапқан қазіргі археология ғылымы Құранға ерік- сіз таң қалуда.
  • Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде румдықтар мен сасанидтер үнемі бір-бірімен шайқаста бола- тын. Румдықтар сасанидтерден соңғы соғыста қайта бас көтерместей ойсыра жеңіліске ұшырайды. Осы жеңілістен кейін румдықтардың бірнеше жылдың ішінде жеңіс тұғырына қайта көтерілетіндігіне ешбір кемеңгер, данышпанның болжам жасауы мүмкін емес еді. Міне, осындай ешбір болжамның ұшы да көрінбеген кезеңде Құран Кәрім румдықтардың осы жеңілістерінен кейін сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңетіндігін дөп басып айтып салады: «Рум жеңілді, сендерге ең жақын жерде. Олар бұл жеңілістерінен кейін бірнеше жылдың ішінде қайта жеңіске жетеді...» 46 . Құран айтқандай-ақ румдықтар сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңеді. Құран және ғылым
  • Құран Кәрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таң қалдырып, Исламға бас идірген. Міне, бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Алла тара- пынан жіберілгендігінің дәлелі.

46

Рум сүресі/1-4.

125

-----------------------------------------------------Page 125-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Мысал ретінде бірнеше аят:

Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді

Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп білінгені бәрімізге мәлім. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр бұрын былай деп көрсеткен: « Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді және өздеріңді және сендердің т.б. білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қып жаратқан Алла қандай пәк» 47 .

Желдің ұрықтандыру қызметі

«Хижр» сүре сіндегі: «Біз желді ұрықтандыру үшін жібердік, сөйтіп аспаннан жаңбыр жауғызып, сендерді сусындандырдық...» аяты жаңбырдың жау- уында, желдің ұрықтандыру қызметін атқаратындығын ашық баяндайды. Аятта жел үшін қолданылған «уақих» сөзі «ұрықтандыру» деген мағынаны білдіреді. Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір- бірімен қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан кезде жерге жаңбыр жауады. Желдің бұлттарды айдап, бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта «бұлттарды бір- біріне қосады» деп емес, «ұрықтандырады» деп берілуі шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған желдің бұлттарды «ұрықтандырады» деуінің аста- рынан бұлттардың да бейне бір аталық-аналық тәрізді позитив-негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады. Демек, желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен қосып, тығыздауы нәтижесінде жаңбыр жауғызуы оның «ұрықтандыруы» болмақ.

Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни о сыдан он бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани

47

Ясин сүресі/36.

126

-----------------------------------------------------Page 126-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

атты ғалым жоғарыдағы аятты тәпсірлегенде: «Әуелі жел өсімдіктерді тозаңдайды, сосын бұлттарды ұрықтандырады» - деп, желдің өсімдіктерді тозаңдайтынын һәм бұлттарды да ұрықтандыратынын ай- туы таң қаларлық.

Міне, Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын желдің аналық-аталықтан тұратын өсімдіктерде және позитив- негативті бұлттарда ұрықтандыру қызметін атқаратынын ашық айтып кеткен. Ғылыми тұрғыда кешірек дәлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400 жыл бұрын ешбір адамның білуі мүмкін еме с еді. Олай болса, Құран адам еме с, о сы заңдарды жаратқан Ұлы Құдіреттің сөзі болмақ.

Аспан әлемі үнемі кеңеюде

Ең жақын бес-алты галактикадан басқа барлық галак- тикалар бізден өз қашықтықтарына сай жылдамдықпен тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы астроном Хабл (Hubble) зерттеп тапқан болатын. Оның айтуына қарағанда, жарық жылдамдығымен есептегенде бізден миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл ұзақтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен тоқтамастан алыстауда.

Иә, 1922 жылы ғана зерттеп білінген «Big-bang» Үлкен жарылыс» заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын, яғни астрономия ғылымы дамымаған, телескоп сияқты құралдар болмаған ғасырда: «Аспанды құдіретімізбен біз жараттық және оларды үнемі кеңейтудеміз» (Зарият/47) - деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін Құранға бас идірері сөзсіз.

127

-----------------------------------------------------Page 127-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Жердің домалақтығы

Құранның: «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды» 48 - деген аяты жердің шар тәріздес екендігін меңзейді.

Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыр- тына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің тәулік бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы Жер шары домалақ пішінде болған жағдайда ғана жүзеге асады. Міне, Құран осылайша «такуир» сөзі арқылы Жердің шар тәріздес екендігін білдіруде. «Назиғат» сүресінің отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау екендігін: «Содан кейін жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтірді» 49 - деп айқын білдіреді.

Батыс әлемі он алтыншы ғасырдың өзінде жердің домалақ екендігін дәлелдемек болған ғалымдарын инкви- зиция сотында қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны тарихтан белгілі. Мұның бәрі шіркеудің ғылымға қарсы болғандығынан туындады. Батыста жердің домалақ екендігін әрі өз осьін және күнді айналатындығын атақты ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады. Тың жаңалық жайлы Коперниктің бұл кітабы өзі дүние салғаннан кейін ғана жарыққа шықты. Коперниктің бұл еңбегі он сегізінші ғасырға дейін батыс елінде тыйым салынған бірқатар кітаптардың қатарында болды. Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Гали- лео Галилей Жердің домалақтығын әрі оның өз-өзін және күнді айналуда екендігін өз кітабында жазған еді. Алайда

48 49

Зумар сүресі/5

Бұл аяттағы «ا ها َ ح َ د َ », «дахаһа» сөзінің: төседі, жайды деген мағыналары да бар.

128

-----------------------------------------------------Page 128-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

инкивизиция соты оны да отқа өртейміз деп қорқытып, сот алдында өз пікірінен бас тартуға мәжбүрледі. Гали- лей сот тарқағаннан кейін «Жер бәрібір айналыста» деген пікірін күбірлеген бойда кете барды. Галилейден кейін Италия философы Бруно да өзіне дейінгі Копер- ник, Галилей сынды ғалымдардың жерге байланысты пікірін қолдағандықтан инквизиция соты тарапынан аяусыз өртеліп, жарық дүниемен қош айтысты. Міне, батыс әлемі жердің домалақтығын әрі өз осін және күнді айналып тұрғандығын он алтыншы ғасырдың өзінде осылай таласып-тартысып жатқан кезде, ислам әлемі оны ғылыми тұрғыда он бірінші ғасырларда-ақ анық дәлелдеген әрі мұсылмандар бұған кәміл сенген-ді. Тіпті көптеген мұсылман ғалымдар он бірінші ғасырға дейінгі өз еңбектерінде де жоғарыдағы аяттарға сүйене отырып, Жердің домалақтығын жазып кеткендігіне сол тари- хи кітаптардың өзі куә. Жердің домалақтығын ғылыми тұрғыда әл-Бируни атты ғалым он бірінші ғасырларда дәлелдеп берді. Әл-Бируни Жердің домалақ екендігін әрі өз-өзін және Күнді айналып тұрғандығымен қоса тіпті жердің «тартылыс» күші жайында да сөз қозғаған. Әл- Бируни Жердің «тартылыс» күшін кейіннен дәлелдеген Ньютоннан бірнеше ғасыр бұрын жердегі «тартылыс» күшін былай деп айтып кеткен:

«Жер айналып тұрса, онда жер бетіндегі тау-тас, ағаш, жанды-жансыздар неге ғарыш кеңістігіне құлап кетпейді?» деп сұралса, былай деп жауап беремін: Бұл жағдай жердің айналуына қатысты жаңалығымызға қайшы емес. Өйткені барлық нәрсе жердің орталығына түсуде. Демек жердің орталығында тартылыс бар. Міне, жердегі осы «тартылыс» күші жер бетіндегі барлық нәрсенің басқа жаққа құлап кетуіне кедергі жасауда» 50 .

50

Шабан Дөген, Мұсылман білім өнжиллери анс аклапедиясы, 51-бет. Ст амбул.

129

-----------------------------------------------------Page 129-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Жердің айналу бағыты

«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда» 51 .

Алла Тағаланың адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар оның айналу бағыты да айтылып кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі - 3500- 4000 м биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыстан шығысқа қарай болатыны. Ауа- райын болжау үшін көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі де содан.

Ал, бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай қозғалуының негізгі себебі - Жердің айналу бағыты. Өйткені жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет емей немене?

Теңіздердің бір-біріне араласпауы

Зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай- ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады: «Алла Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір бірімен араласпайды» 52 .

И ә, б і р- б і р і м е н қ а б ы с ы п ж ат с а д а, с ул а р ы а р а л а с п а й т ы н теңіздердің жоғарғы аятта айтылған

51 52

Нәміл сүресі/88.

Рахман сүресі/19-20 аят.

130

-----------------------------------------------------Page 130-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапы- нан Жерорта теңізі мен Атлант мұхитының қабысқан жерінен табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі бо- луы - екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай орта- да көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады. Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері, тығыздық өлшемі сияқты нәрселер әлі адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде Құранның бұл ғылыми ақиқатты дөп басып баяндауы ойланған адамға көп нәрсенің бетін ашары сөзсіз.

Таулардың қозғалуы

Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ ажы- рамас бөлігі - таулардың әрдайым қозғалыста болатыны турасында былай делінген: «Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда» 53 .

Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының қозғалысына байланысты болады. Жер қабығы болса, мантияның үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер бетіндегі құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы тұжырымды ортаға салған болатын.

Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек тұжырым ғана емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана көздері жетеді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы - Құранда айтылып кеткен еді.

53

Нәміл сүресі/88.

131

-----------------------------------------------------Page 131-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына деректер келтірілген еді: «Жер бетіндегі құрлықтар ша- мамен 500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Ша- мамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді. Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың бірі - Африка, Австралия, Антарктикада және Үндістанды қамтыған Гондвана, ал, екіншісі - Еуропа, Солтүстік Аме- рика және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия бола- тын.

Осылайша, Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пай- да болған бұл құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады». Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе - Құран аятында таулардың қозғалысына байланысты «жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдала- нып жүрген термині ағылшын тілінде «co ntinental drift», яғни «құрлықтық жылжу».

Адам баласының дүниеге келуі

Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті Құранда пендені иманға жетелеу үшін алуан түрлі дәлелдер келтіріледі. Адам көзін ақиқатқа ашу үшін Жаратушы иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде өсімдіктерді, енді бірде жануарларды тілге тиек етіп, олардың жаратылысындағы ғажайып сырларды ашып салады.

Сондай-ақ, Құранның көптеген аяттарында адам баласының дүниеге қалай келетіні, Алланың құдіретімен ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні туралы жиі-жиі сыр шертіледі. Мысалы «Мүминун» сүресінде:

132

-----------------------------------------------------Page 132-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа), сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, со- сын, оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла ең ке- ремет Жаратушы» 54 - делінеді. Осы сияқты мұғжизаға толы аяттар Құранда көптеп кездеседі. Мұндай аяттар- да 7-ші ғасырда адамдардың білуі мүмкін емес болған ғылыми детальдар жатқанын байқау қиынға соқпайды. Мысал бере кетсек:

1. Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір кішкене бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан) жаратылатыны,

2. Сәбидің жынысын - аталық ұрық айқындайтыны, 3. Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабысып

тұратыны,

4. Сәби ана құрсағында 3 қараңғы кеңістік ішінде

өсетіні, т.б.

Бұл детальдар 20 ғасырда ғылым мен технологияның шарықтау шегінде ғана айқындалғандығы - адамды Құранға және оны түсіруші Аллаға жақындата түспеуі мүмкін емес, сірә. Енді осыларға тереңірек тоқтала кетелік.

Шәуеттің бір тамшысы

Аталық клеткалар аналық клеткаға жеткенге дейін бірталай сапар шегетіні белгілі. Бұл сапардың соңында, 250 миллион аталық клетканың тек мың шамасындайы

54

Муминун сүресі/12-14.

133

-----------------------------------------------------Page 133-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

ғана аналық клеткаға жетіп, оның ішінде тек біреуі ғана тұз ұсағының жартысындай ғана аналық клеткаға кіреді. Яғни, адамның негізі - шәуеттің түгелі емес, оның тек бір кішкентай бөлшегі ғана. Құранда бұл ақиқат былайша баян етіледі: «Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан) басы бос қоя берілемін деп ойлай ма? Ол (әу баста) тамызылған бір тамшы шәует емес пе еді?»

Шәуеттегі қоспа сұйықтар

Шәует сұйығы - тек аталық клеткалардан ғана тұрмайтынын ғылым дәлелдеп отыр. Керісінше, ол бір-бірінен бөлек әр түрлі сұйықтардың қо спасынан тұрады. Бұл сұйықтар аталық клетканың қажет ететін энергияны тасу, аналық клетканың кіре берісіндегі түрлі қышқылдарды нейтралдау, аталық клетканың қозғалысына қажет тайғақ ортаны ыңғайлау сияқты қызметтері бар.

Ақиқат айнасы - Құранда шәуетті қоспа сұйық деп бейнелеп, енді-енді ашылып жатқан ғылыми детальдарға ишарат жасап тұрғаны таңдай қақтырады. «Біз адамды әр түрлі аралас қоспа шәуеттен жараттық...» 55 .

Сәбидің жынысы

Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клет- калар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алай- да, VII ғасырда түскен Құран Кәрімде бұл мәселе тура- лы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа құйылған аталық сперматозоидтан жаратылғаны айты- лады: «Ол (Алла Тағала) еркек пен ұрғашы жұбын ытқып шыққан ер кісінің шәуетінен жаратты» 56 .

55 56

Инсан сүресі/2.

Нәжім сүресі/45-46.

134

-----------------------------------------------------Page 134-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика мен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клет- ка тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды.

Жыныс - адам ағзасындағы хромосомаларға бай- ланысты. Ағзадағы барлығы 46 хромосоманың екеуі - жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома еркектерде ХУ, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. У хро- мосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді тасиды.

Адам баласының түзілуі - жұптала жүретін осы хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуі де Х болса, еркектерде біреуі Х, екіншісі У болады. Демек, жаңа жаратылған сәбидің ұл болуы - ана ағзасындағы Х хромосомасымен аталық клеткадағы У хромасомасының, ал қыз болуы Х хромосомасымен бірігуі нәтижесінде пай- да болады.

Құрсаққа ілініп тұратын ет

Құран дариясына сүңги түссек, ана құрсағындағы сәбидің даму кезеңдері туралы әлі көптеген деректерге қанығамыз.

Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы құралатын зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп, өсе бастайды да, бір түйір етке ұқсайды. Алайда, зиготаның бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болмағандықтан, ол ана құрсағына жабысып, ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік туады. Талайды таң қалдырған бұл ақиқат Құран аятын- да былайша баяндалады: «Сені жаратқан Раббыңның

135

-----------------------------------------------------Page 135-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

атымен оқы! Ол адамды жабысқақ нәрседен (жатырға жабысқан клеткадан 57 ) жаратты» 58 .

«Әлақ» сөзі араб тілінде - ұйыған қан және бір жерге жабысып, ілініп тұрған нәрсе деген мағынаны білдіреді.

Сүйектердің бұлшық етпен қапталуы

Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аяты ана құрсағындағы сәбидің өсу кезеңдеріне тоқтала келе, алдымен сүйектер бітіп, кейін сол сүйектерді бұлшық ет- тер қаптайтыны туралы былайша сыр шертеді: «Расын- да, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла - ең керемет Жаратушы» 59 .

Ана құрсағындағы сәбидің өсіп-жетілуін зерттейтін эмбриология ғылымы - көпке дейін сүйектер мен бұлшық еттер бірге құралады деген қате тұжырымда болып кел- ген еді. Тек технологияның дамуы нәтижесінде ақиқат айғақтарына қол жеткізіліп отыр.

14 ғасыр бұрын, яғни ғылымның дамымаған, микро- скоп, УЗИ сияқты құралдардың жоқ кезінде құрсақтағы сәбидің өсіп-жетілу, даму кезеңдерін дөп басып, бүге- шігесіне дейін дәлме дәл айтып кеткен Құранның жаңалықтары н соңғы технологиялардың көмегімен енді

57

58 59

Негізінде жалпы тәпсіршілер «алақ» сөзін ұйыған қан пішінінде көрінетін ұрықтандырылған клетканы айтады. Бірақ кейбір кейінгі тәпсіршілер алақ сөзін жоғарыда айтылған жабысқан клетка мағынасына да келетінін айтады. Алақ сүресі/1-3.

Муминун сүресі/12-14.

136

-----------------------------------------------------Page 136-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

ғана тапқан қазіргі эмбриология ғылымы Құранға еріксіз таң қалса, ар-ожданы ояу жандар: «Бұл кітап Алланың шынайы сөзі» деп иман келтіруде.

Биікке көтерілген сайын

кеуденің қысылуы

Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мәні айт- паса да белгілі. Біздің дем алуымыз - ауадағы оттегінің өкпемізге кіруін қамтамасыз етеді. Ал, биіктеген са- йын жер шарының атмосферасы жұқара түсетіндіктен, атмосфераның қысымы мен қан айналымына түсетін оттегінің мөлшері азая түседі. Яғни, дем алу қиындай түседі де, өкпе қысылады. Белгілі бір биіктіктен кейін адам баласы дем ала алмайды. Теңіз деңгейінен 5000-7500 метр биіктіктегі адам дем алудың қиындығынан талып та қалады. Осы жоғарыға көтерілген сайын оттегінің азая түсетінін қазіргі ғылым соңғы ғасырларда тауып отыр- са, Құран 1400 жыл бұрын былай деп дөп басып айтып кеткен: «Алла кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне бір көкке көтеріліп бара жатқандай қысады» 60 .

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұшақ жасап, биікте көтеріліп ұшпағанын және өмір сүрген Мекке, Мәдинаның төңірегінде төбесіне шыққан адамның кеудесі қысылатындай биік таулардың жоқтығын ескер- сек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у.) шына- йы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында қалайша бас имессің?!

60

Әнғам сүресі/125.

137

-----------------------------------------------------Page 137-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Жаңбырдағы өлшем

Құран Кәрімде жаңбырдың белгілі бір мөлшерде жауатыны туралы былай делінген: «Алла Тағала көктен белгілі бір мөлшермен су жіберуде. Біз онымен өлі бір өлкеге жан беріп, құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта тірілесіңдер» 61 .

Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшер де технология мен ғылымның дамыған біздің заманымыз- да табылып отыр. Зерттеулердің нәтиже сі бойынша, жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллионды құрайды. Дәл о сы мөлшер бір жылда жер бетіне жауа- тын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте өзгеріс туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғу да бек мүмкін.

Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу жылдамдығында да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды 62 .

  • Атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға таң қалып, оның Иләһи кітап екендігін мойындап, рас- тауы ойланғанға ғибрат. Мысалға: C. Харт: Құранның

61 62

Зухруф сүресі/11.

Адем Якуп, Куран мужизелері. Несил Матбажылык, 2003 ж.

138

-----------------------------------------------------Page 138-----------------------------------------------------

ИМАНИ ГҮЛ

Алла тарапынан Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи арқылы жіберілгендігін, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы жіберіл- ген Құран Кәрім екендігін, Виктор Имбердес: Құранның бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола алатындай бай кітап екендігін, Доктор М. Букайле: Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да ақиқаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын, Родвел: Құранды оқыған сайын таң қалатындығын айтса, Гете: Бұл кітап (Құран) мәңгілік күш - қуаттың қайнар көзі болып қала бермек, Капитан Кусто: «Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға ант етейін, ол - Алланың хақ сөзі» деген. Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас», - деп Құранның хақ екендігін білдірген.

139

-----------------------------------------------------Page 139-----------------------------------------------------

АҚЫРЕТКЕ ИМАН

«Біз сендерді бостан-босқа жараттық

әрі өздерің де Бізге кері қайтарылмаймыз

деп ойлап қалдыңдар ма?»

«Әл-Муминун» сүресі

«Адам баласы ұйқыда, өлгенде ғана оянады»

Хазіреті Әли

-----------------------------------------------------Page 140-----------------------------------------------------