1) Намазда Aлла қаласа сәждедегi тiлек кабыл болады дейдi. «Субхана Роббиаль а'ла» деп 3рет айтып болған соң сәждеде ұзақ бас көтермей Алладан тiлек тiлеуге болады ма?
2) Аллаға «Сiз» деп айтуға болады ма?
3) Жұма күнгі намазды әйел баласы үйде оқиды сондықтан, бiрiншi 2 ракат жұма намазы деп ниет қылады ма, әлде бесiн намазынын намаздарын окиды ма? Рахмет!
Гүлнұр
Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. 1 Иә, Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Пенде Раббысына ең жақын болар шағы сәжде етіп тұрған кезі. Сәждеде дұғаны көбейтіңдер[1]»,-деп айтылған. Сәждеде жасалатын дұға Құран және хадиске сай болуы керек. Сонымен бірге, парыз намаздарда ханафи мазхабы бойынша бекітілген тасбих-дұғалар оқылу шарт. Сәждеде: «Субхана Раббиал Әълә» (Ұлық Раббым пәк) деген тасбих оқылады. Бұған негіз – Ъуқба бин Амир (р.а.) риуаяты. Хадисте: «(Мұхаммед (с.ғ.) Ұлы Раббыңды атымен дәріпте» (Уақиға сүресі, 96-аят) аяты түскенде пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл аятты рукуғте айтыңдар» деді. Ал, «(Мұхаммед (с.ғ.) Ұлы Раббыңның атын дәріпте» (Ағла сүресі, 1-аят) аяты уахи етілгенде «Бұл аятты сәждеде айтыңдар[2]» деген.
Сондықтан да, сәждеге жығылған кезде «Субхана Раббиал Әълә» тасбихін оқу шарт. Ал, нәпіл намазда бекітілген тасбихтардан соң Құран және хадиске негізделген дұғаларды айтуға болады.
Сондай-ақ, намаздағы барлық сүрелер мен тасбих-дұғалар тек арабша оқылуы шарт.
[1] Ахмед, Муслим, Әбу Дауд, Насаи
[2]Адиллат әл-ханафия, 165-бет (Ахмед, Әбу Дауд, Хаким, Ибн Хиббан)
- Жоқ сен деп пайғамбарымыз с.ғ.с. дұғалары көп кездеседі.
- Әйелдерге жұма парыз емес бесін намазы деп ниет етеді.