Ислам асыл дініміз

Пайғамбарымызға (с.а.у) қандай салауат айтса болады?

Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтып, сәлем жолдаудың артықшылығы
Роман Бұрқаш
Ардақты елшіміз Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) аты аталғанда Оған (с.а.у.) салауат айтып, сәлем жолдау – әрбір мұсылманға міндет болып саналатын істердің бірі.

«Салауат» сөзі араб тілінен енген сөз, қазақ тілінде «кешірім, дұға, береке, мадақ, намаз» деген мағыналарды білдіретін болса, «сәлем» сөзі қазақ тілінде «Жаратушы Жаббар Иенің амандығы, тыныштығын» тілеуде қолданылады.

Салауат айтудың маңыздылығы мен артықшылығы Құран мен Пайғамбар (с.а.у.) хадистерінде көп айтылған. Құран Кәрімде Аллаһ Тағала: «Аллаһ пайғамбарына рақым етіп абыройын жоғарылатады, дәрежесін көтереді. Періштелерде соны қалап дұға етеді. Уа, мұсылмандар, сендер де расулаллаһқа салауат айтыңдар, сәлем жолдаңдар!», –дейді. («Әзһаб» сүресі, 56-аят)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Маған бір рет салауат айтқан кісіге Аллаһ Тағала он сауап жазады», – деген. Демек, әрбір айтылған салауат Жаратушы құзырында он есеге артады. Ғаламның рақым нұры, ардақты елшіміз тағы бір сөзінде: «Қай жерде болсаңдар да, маған салауат айтыңдар. Расымен, айтқан салауаттарың маған жетеді», –деп, айтылған салауат пен сәлемнің зая кетпейтінін айтқан болса және бір Тирмизиден жеткен хадисінде: «Менің атым аталғанда маған салауат айтпаған нағыз сараң адам»,– деп, мұсылмандарға салауат айту керек екендігін ескертіп кеткен.

Ғалымдарымыз әрбір мұсылман баласына өмірінде бір рет салауат айту парыз, ал Оның (с.а.у.) атын естігенде, жазғанда, оқығанда салауат айту алғашқысында уәжіп те, кейін қайталау сүннет.

Асылында, пайғамбардың (с.а.у.) өнегеге толы өмірбаянын оқыған адам оның үмметі үшін істеген істеріне, оның Аллаһ Тағалаға деген кіршіксіз құлшылығына, үмметіне деген махаббатына көз жеткізе отырып оған еріксізден салауат айтып, сәлем жолдары сөзсіз. Негізінен, пайғамбар (с.а.у.) өзіне салауат айтқызуға мұқтаж емес. Керісінше, біз Аллаһ алдында оның сүйікті елшісіне салауат айту арқылы өзіміздің мәртебемізді жоғарылатып, Аллаһтың кешіріміне бөленеміз. Себебі, жәй айтылған дұғадан гөрі салауаттың қабыл болу ықтималдығы басымырақ.

Салауат айтудың пайдалары

Мүмин адам қандайда бір мәселеде бір нәрсені ұмытып қалса, салауат айту оның сол нәрсені еске түсіруіне септігін тигізеді. «Айтайын деп тұрған нәрсесін ұмытқан адам сол нәрсені есіне түсіру үшін маған салауат айтсын» (хадис).

Әрбір айтылған салауатқа Аллаһ Тағала он сауаптан береді. «Маған бір рет салауат айтқан кісіге Аллаһ Тағала он сауап жазады» (хадис).
Аллаһ сүйіктісіне салауат айту оның кешірімі мен рақымына бөленуге себеп болады.
Салауат айтқан адам қиямет күні пайғамбардың (с.а.у.) шапағатына бөленеді. Әбу Дәрдадан (р.а) жеткен хадис-шәрифте пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдайтын болса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді». Керісінше, салауатқа сараңдық қылған кісі шапағаттан құр қалуы мүмкін.

Салауат айту ұнамды болатын орындар мен уақыттар

Азан айтылған кезде азаншының сөздерін қайталап болған соң артынша салауат айту. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сөзінде: «Егер азан естіген болсаңдар, дереу азаншының сөзін қайталап отырыңдар да артынша маған «Аллаһуммә салли алә Мұхаммадин уә алә али Мұхаммад, кәмә саллайтә алә Ибраһимә уа алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд» деп салауат айтыңдар...» деген.
Дұғаның алдында және соңында салауат айту. Негізінде, әрбір дұға етуші адам әуелі Аллаһқа мадақ айтып, екінші Оның пайғамбарына (с.а.у.) салауат айтып, сонан соң барып өз қалағанын сұрап артынан тағы да пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтуы керек. Пайғамбарымыз бұл жөнінде былай деген: «Екі салауат арасында айтылған дұға міндетті түрде қабыл болады».
Жұманың күні мен түнінде салауатты көбірек айту.
Оның аты аталғанда, жазылғанда және атын естігенде салауат айту. Бұған пайғамбарымыздың (с.а.у.) Тирмизиден жеткен мына бір хадисі дәлел: «Менің атым аталған жерде маған салауат айтпаған адам оңбай кетсін».
Таңғы және кешкі уақыттарда салауатты көбірек айту. Бұл жөнінде ардақты сахаба Әбу Дәрда (р.а) ақиық елшінің (с.а.у.) мына бір хадисін жеткізеді: «Кімде-кім таңғы және кешкі уақыттарда маған арнап он рет салауат айтып, сәлем жолдайтын болса, қиямет күні менің шапағатыма бөленеді».
Мешітке кіргенде және шығып келе жатқанда. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мешітке кірерде «бисмиллаһ, алхәмдулиллаһ, уәс сәлату уәс сәләму алә расулиллаһ, Аллаһуммәғфирли зәнби уәфтәх ли әбуәби рахматик» деп және шығарда «бисмиллаһ, алхәмдулиллаһ, уәс сәлату уәс сәләму алә расулиллаһ, Аллаһуммәғфирли зәнби уәфтәх ли әбуәби фадлик» деп айтыңдар», –деген.
Жаназа намазының екінші тәкбірінен кейін және парыз бен нәпіл намаздарының соңғы отырыстарында «саләтуль Ибраһимия» деген мәшһүр салауатты айту. (Аллаһумә салли алә Мұхаммадин уә алә али Мұхаммад, кәмә саләйтә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд. Аллаһумә бәрик алә Мұхаммадин, уә алә али Мұхаммад кәмә барәктә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд)
Салауаттың түрлері

Ардақты пайғамбарымызға (с.а.у.) айтылар салауаттың түрі өте көп. Олардың кейбірі пайғамбар (с.а.у.) хадистерінде келген болса, ал кейбірін сахабалар мен табиғиндер айтқан. Сонымен қатар, Ислам ғұламалары жаңа заман ғалымдарының да айтқан салауаттарын дұрыс деп есептейді. Солардың ішіндегі абзалдығы мен үлкендігі жағынан жоғарыда айтып өткен танымал «салатуль Ибраһимия» салауаты болатын болса, қысқа салауатқа мағынасы Құраннан алынған «Аллаһуммә салли алә Мұхаммадин уә сәллиму таслимә» салауаты жатады. Және де бұған қоса ғалымдарымыз қазіргі заман ғұламалары айтып жүрген салауат пен әркімнің өз тілінде айтатын мысалы, қазақ тілінде «оған сансыз салауаттар мен сәлем болсын» деген салауаттардың да дұрыс екенін айтқан.

Мәшһүр салауаттар мен олардың қазақша мағынасы

«Аллаһумә салли алә Мұхаммадин уә алә али Мұхаммад, кәмә саләйтә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд. Аллаһумә бәрик алә Мұхаммадин, уә алә али Мұхаммад кәмә барәктә алә Ибраһимә уә алә али Ибраһим, иннакә хамийдун мәжийд». (Уа, Аллаһым, Ибраһимге және оның отбасына салауат еткеніңдей (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей) пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның отбасына салауат еткейсің. Расында, сен әртүрлі мадақ пен мақтауға лайықсың әрі ұлысың. Уа, Аллаһым, Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей Мұхаммедке және оның отбасына да береке бергейсің. Расында, сен әртүрлі мадақ пен мақтауға лайықсың әрі ұлысың.)
Салла Аллаһу алейһи уә саллам (Аллаһтың оған салауаты мен амандығы болсын).
Алейһи афдалас салати уә әзкас сәләм (Оған ең жақсы салауат пен ең жақсы сәлем болсын)
Аллаһуммә салли уәс саллим алә Мухаммад уа алә алиһи уа асхабиһи ажмаиин (Уа, Аллаһым, Мұхаммедке және оның отбасы мен асхабына салауат етіп (мейірімің мен разылығыңа бөлегеніңдей), амандық бергейсің)
Осынау мәуліт айында салауатты көбейтуімізде ғаламның рақым нұры, ардақты елшімізге (с.а.у.) үмметі ретінде көрсеткен құрметіміз болып саналары сөзсіз. Сондықтан салауат айтуды төңірегіміздегі жақын туыстар мен дос-жарандарға да насихат етуді ұмытпайық. Және де балаларымызды ардақты Елшіміздің (с.а.у.) кіршіксіз пәк өмірбаянымен таныстыру арқылы олардың жүрегінде Хақ сүйіктісіне деген махаббаты оятуға ұмтылып, оларды Оған (с.а.у.) салауат айтудан жарыстырып, артынан сыйлықтар беріп өскелең ұрпақты да жақсылыққа баулысақ нұр үстіне нұр болмақ! Жаратушы Жаппар Иеміз осынау қасиетті айда өзінің сүйікті құлы әрі елшісі Мұхаммедті (с.а.у.) көбірек танып, Оған (с.а.у.) көбірек салауат айтуды нәсіп еткей! Әмин!

Жұма сүресін жазынызшы

Жұма сүресі

Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) йусәббиху лилләһи мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрдил мәликил қуддуусил ъазиизил хәкиим
(2) һууәл ләз̃ии бәъас̃ә фиил уммийиинә рәсууләм минһум йәтлуу ъаләйһим әйәтиһи уәйузәккииһим уәйуъаллимуһумул китәбә уәлхикмәтә уәин кәнуу мин қаблу ләфии даләлим мубиин
(3) уәәхариинә минһум ләммә йәлхақуу биһим [жим] уәһууәл ъазиизул хәкиим
(4) з̃әликә фәдлуллаһи йу'тииһи мәй йәшә [жим] уаллаһу з̃уул фәдлил ъазиим
(5) мәс̃әлул ләз̃иинә хуммилуут тәурәтә с̃уммә ләм йәхмилууһә кәмәс̃әлил химәри йәхмилу әсфәрә [жим] бисә мәс̃әлул қаумил ләз̃иинә кәз̃з̃әбуу биәйәтиллаһ [жим] уаллаһу лә йәһдиил қаумәз залимиин
(6) қул йә әййуһәл ләз̃иинә һәдуу ин зәъамтум әннәкум әулийәу лилләһи мин дуунин нәси фәтәмәннәуул мәутә ин кунтум садиқиин
(7) уәлә йәтәмәннәунәһу әбәдән бимә қаддәмәт әйдииһи(9) йә әййуһәл ләз̃иинә әмәнуу из̃ә нуудийә лиссаләти мий йәумил жумуъати фәсъау илә з̃икриллаһи уәз̃әруул бәйъ [жим] з̃әликум хайрул ләкум ин кунтум тәъләмуун
(10) фәиз̃ә қудийәтис саләту фәнтәшируу фиил әрди уәбтәғуу мин фәдлиллаһи уәз̃курууллаһа кәс̃иирәл ләъалләкум туфлихуун
(11) уәиз̃ә рәәу тижәрәтән әу ләһуән нфәддуу иләйһә уәтәрәкуукә қаимә [жим] қул мә ъиндаллаһи хайрум миналлаһуи уәминәт тижәрә [жим] уаллаһу хайрур рәзиқиин

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Көктердегі және жердегі нәрселер; үкім иесі, өте пәк, тым үстем, хикмет иесі Алланы дәріптейді.

(1) Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді. (2)
Ол Алла, бұл Пайғамбарды олардан басқа әлі оларға қосылмағандарға да жіберді. Ол тым үстем, аса дана. (3)
Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.

(4) Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдің мысалы нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.

(5) (Мұхаммед Ғ.С.): “Әй Яһудилер! Егер өздеріңді адамдардан өзге, Алланың шын досымыз деп ойласаңдар, дереу өлім тілеңдерші! Егер рас айтушы болсаңдар” де. (6)
Негізінде олар, бұрын қолекі істеген қылмыстарының салдарынан әсте өлім тілемейді. Алла, залымдарды жақсы біледі. (7)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Расында сендер қашқан өлім; әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді” де.

(8) Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы.

(9) Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар. (10)

Олар сауданы, ойынды көрген сәтте, сол жаққа тарайды да сені тік тұрған бойда тастайды. Оларға: “Алланың қасындағы нәрселер, ойыннан да саудадан да жақсы. Алла ризық берушілердің жақсырағы” де. (11)

Ассаляму алейкум! Туркиядан шыгып жаткан  «eshel mest» атты носкиге масх тартса бола ма? Ютубта  сол носки шариғатка сәйкес келетіні  туралы видеолар бар. Аллах разы болсын!

Зульфия 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух!  Мәсі деп аяқты тобығымен жауып тұратын аяқ киімді айтады. Мәсі тері, киіз немесе басқа қалың нәрседен тігіледі.
Мәсіх деп мәсінің үстінен сулы қолды жүргізуді айтады.
Мәсіге мәсіх тарту ер, әйел, жолаушы және тұрғын адамдарға бірдей рұқсат етілген.
Ескерту: Кісілердің кейбірі жұқа шұлыққа (носкиге) мәсіх тартады, бұл шариғатқа мүлдем қайшы.
«Шұлыққа мәсі тартыла ма?», деген сұраққа, олар: «Сахабалар тартқан ғой», деп жауап береді. Шарғи шындық пен рухани тазалықтан махрум жандарға көп сөзді шығындаудың қажеті жоқ. Оларға таупық тілейміз.

Мәсіге мәсіх тартудың шарттары.
1.
Аяқ киім толық дәретпен киілген болу;
2.
Мәсі аяқты тобыққа дейін жауып тұру;
3.
Тобықтан төменгі жағында үш саусақ сиярлықтай жыртық болмауы;
4.
Жүргенде аяқтан шешілмеу;
5.
Мәсіх тартылғанда қолдың ылғалы ішке өтпеуі;
6.
жаяу жүргенде кем дегенде екі шақырымдық немесе жарты сағаттық жолға жарайтын болу;
7.
Аяқтардың басы сау болу. Саусақтары жоқ аяққа мәсі киілгенімен, мәсіге мәсіх тартылмайды. Аяқтың кесілген жерінің киім сыртынан тарту мүмкін.

Мәсіге алғанда оң қолдың үш саусағымен оң мәсі, сол қолдың үш саусағымен сол мәсі тұмсығынан бастап аяқтың мойынына қарай мәсіх тартылады. Бұл мәсіхтің парыз түрі.
Міне осы шарт болса мәсіге жарайды.

Әссәләму әләукум уа рахматуллаһи! Қағбаның ішінде не бар?  Қағбаның оқиғасы қандай? Аллаһ разылығы үшін жауап жазсаңыздар. Жеңіс

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. Сол жердi зиярат еткен түрi, тiлi бөлек, бiрақ тiлегi бiр миллиондаған мұсылманның Аллаһқа шын жүректен сенгенiнiң куәсi болғанымды әлi күнге дейiн тамсана әңгiмелеуден жалықпаймын. Бұл мешiтте бiрiншi Әбузар әл-Ғафари (р.а.) риуаят еткен екен. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) хадисiнде былай делiнедi: «Ей, Аллаһтың елшiсi, дүние жүзiнде ең бiрiншi салынған «Әл-Харам» мешiтi одан кейiнгi мешiт қайсы?» – деп сауал қойғанда. «Ол қасиеттi Қағба аспанындағы Бәйтул Мағмурдың дәл астында орналасқан «Әл-Акса» мешiтi. Екеуiнiң арасы 40 жыл деп» жауап берiптi. Құран Кәрiмде Аллаһ Тағала: «Бәйтүл Мағмұрдың атымен ант етемiн...» («Тұр» сүресi, 4-аятта) деп айтылған. Бәйтүл Мағмұр аспанның жетiншi қабатында орналасқан, ол жерде де қағба сияқты үй бар екен. Ол үй аспандағы перiштелердiң құбыласы делiнген. Қағбаның өзi он үш бөлiктен тұрады. Мысалы, қаратас, қағбаның есiгi, қаратас бұрышы, иiмен бұрышы, шам бұрышы, тәуеб сызығы т.б. Мағмұрды күнiне 70 мың перiште тәу етедi.
Жер бетiндегi қасиеттi Қағба – мұсылмандардың құбыласы саналған. Бұрын ең бiрiншi құбыла – Палестина жерiндегi Әл-Акса мешiтi болған. Бұл барлық пайғамбарлардың құбыласы едi.
Пайғамбарымыз (с.ғс.) Меккеден Мәдинаға һижрат етiп барғаннан кейiн, көп уақыт өтпей Бақара сүресiнiң 144-шi аяты нәзiл болды. «Жүзiңдi қағбаға қарай бұр» деген. Осы уақыттан бастап мұсылмандардың қасиеттi құбыласы Қағба болды.
Қасиеттi Қағбаға қарап тұрсаңыз оның өзi құлшылық болып саналады. Айша (р.а.) анамыз: «Қағбаға қараудың өзi де құлшылық», – деген. Ислам ғұламалары адамдар шын сенiммен Қағбаға қарар болса, ол адамның денесiнен барлық күнәлары шығып, анадан туғандай күнәдан пәк болады», – дептi.

ҚАРА ТАС ТУРАЛЫ

Қара тас жәннаттан түскен. Көптеген ғасырлар өтсе де, қазiргi заманға дейiн сақталған. Қара тастың жиегi таза күмiспен көмкерiлген. Хаджар әл-Әсуәттың ең үлкен бөлiгi Қағбаның iшiнде.
Қара тас жәннаттан алғаш түскен кезде өте нұрлы, аппақ тас болған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисiнде: «Сүттен де ақ болған» десе, басқа риуатта: «Қардан да аппақ», – делiнген. Қара тас – адам күнәларынан қарайып кеткен, бiрақ түгел қараймаған. Халыққа көрiнетiн жерлерi қарайған, ал көрiнбейтiн бөлiктерi аппақ күйiнде.
Хаджар әл-Әсуад қара тас болса да артықшылық қасиеттерi өте жоғары.
Бұл қара тасты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өз қолымен қағбаның бұрышына орналастырған.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қара тасқа нұрлы жүзiн қойып, мубарак ерiндерiмен сүйген. Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қара тасқа жасаған құрметi едi. Абдула ибн Омар (р.а.) былай риуаят етедi: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) қара тасты ұстады, содан соң сүйiп тұрып, ұзақ жылады. Соңынан бұрылып Хазретi Омарға қарап: «Иә, Омар, бұл орын көз түсетiн жер» – дедi. Сондықтан қажылыққа келген мұсылмандар қара тасты сүйедi. (Ол кезде ел аз болған).
Ақырзаман боларда қара тастың жоғары көтерiлетiнiн кез келген адам бiле бермейдi. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисiнде: «Қара тасты сүйiп алыңдар, бiр күндерде адамдар Қағбаны тәу етiп, қара тасты сүйедi. Ертесiнде келiп қараса орнынан таба алмай қалады, себебi Аллаһ Тағала қиямет жақындағанда жәннаттан түсiрген заттарын қайтарып алады», — дейдi.
Қара тас тәуептiң басталуы мен аяқталуын бiлдiредi. Мұсылмандарға қара тасты сипау – Мұстахаб, яғни сауап деп саналады.

ҚАҒБАНЫҢ IШIНДЕ НЕ БАР?

Бұл сұрақ менi ғана емес, барлық мұсылмандарды ойландырады. Сондықтан мен өз бiлгенiме аздап тоқталғанды жөн көрiп отырмын. Қағба ең соңғы жөндеуден өткенше мынадай болған: Қағбаның оң жақ бұрышында есiк болған. Ол «Тәбе есiгi» – деп аталыпты. Қағбаның iшкi жағы жасыл, жiбек матамен әшекейленген және мынадай сөздер жазылған: «Лә илләһә илләллаһ, Мұхаммед расул Аллаһ». «Имран» сүресiнiң 96 аяты, «Бақара» сүресiнiң 44 аяты «Иә хәннән, иә мәннән, иә зәлжәләли уәл икрам». Ал 1996 жылы Қағба күрделi жөндеуден өтiптi. Бұрын үш ағаш дiңгек көзге түсетiн екен (түсi қоңыр, әр дiңгектiң арасы 2 м 15 см қазiргi көрiнiсiне келсек, 3 дiңгек мәрмәрдан құйылып жасалған).
Қағбаның төбесi (шаңырағы) және қабырғалары жасыл жiбек матамен қапталған. Матаның биiктiгi 5,5 м. Ол матаны 3-5 жыл аралығында аштырып тұрады екен. Бұрын төбесi ашық болған (содан соң мәрмәрмен жапқан екен). Ал 1996 жылы ашылып, жабылып тұратын қалың шыны орнатыпты.
Абулла ибн Омар риуаят етедi: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Қағбаға кiрдi. Онымен бiрге Усама ибн Заид (р.а.) Билал (р.а) мен Ғусман ибн Талха болды. Олардан кейiн есiк жабылады. Аздан соң есiк ашылып, пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабалармен сыртқа шықты. Сол кезде мен Билалдан (р.а): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Қағбада намаз оқыды ма?» – деп сұрадым. Сонда Билал (р.а) «Иә, оң жақтағы екi дiңгектiң арасында намаз оқыды», – дедi.
Қағбаның iшiне кiру, намаз оқу – мұстахаб, сауапты iстерден болып саналады.

ЗӘМ-ЗӘМ СУЫ

Ибраһим (ғ.с.) ұрпағын жалғастырар ұлы Исмаилдi анасымен бiрге Аллаһтың бұйрығымен тiршiлiгi жоқ, шөл даланың ортасына апарып тастап кетедi. Ажар анамыз Исмаил екеуi ғана шөл далада қалған кезде, алып шыққан сулары таусылып, ұлы жылай бастайды. Сол кезде Ажар анамыздың қорыққаны сондай сасқалақтап, жақын төбеге шығып, одан екiншi, үшiншi, жетiншi рет таудан тауға жүгiрiп, шаршайды. Ендi балаға қарай келе жатқанда судың сылдырын естидi де, өз құлағына өзi сенбей Исмаилдiң жанына келгенде ұлының аяқ тұсынан, жер астынан су шыққанын көредi.
Жәбiрейiл (ғ.с) перiште қанатының ұшымен жердi тесiп, суды шығарыпты. Зәм-зәм суы осылайша пайда болған екен. Осы кезде Ажар анамыз сусыз шөл далада өзi де iшiп, баласына да берiп шөлi қанып, Аллаһқа шүкiр етiптi 
Иемен жағынан журһум деп аталатын қабила осы жерден өтiп бара жатып, аспандағы ұшқан құсты көрiп: «Құс бар жерде, су болады» – деп, олар жан-жаққа шапқыншыларды жiберiп су iздейдi, көп ұзамай бұлақ басында кiшкентай нәрестесi бар, отырған әйелдi көрiп: «Осы жерге бiз қоныстансақ бола ма?» – деп сұрайды. Ажар анамыз рұқсат еттi. Осылайша шөл далада тау-тастың арасында тiршiлiк басталды, халық (ел) пайда болды.
Көп заман өткен соң, адамдардың пейiлi тарылып, бұлақтардың көзi бiтелiп, зәм-зәм суы бiтелiп, су шықпай қалған. Арада көп жылдар, ғасырлар өтедi. Халық зәм-зәм судың не екенiн бiлмеген заманда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) атасы Абдул Мутталиб түс көредi. Түсiнде бiр дауыс зәм-зәм суын ашуды бұйырады. Абдул Муталибтiң осы көрген түсiн қабыл етiп, түсiнде айтқан жердi қаза бастағанда көп ұзамай бұлақ көзi ашылып, зәм-зәм суы қайтадан пайда болады. Бұл суды иелiк ету – құрайшы рухына мiндеттеледi.
Қазiргi кезде зәм-зәм суы қағбадан 27 метр жерде орналасқан. Зәм-зәм суы ерекше қасиетке толы. Зәм-зәм суы – жәннат бұлақтарынан келетiн жер бетiндегi жалғыз бұлақ.

АРАФАТ

Арафат пен Меккенiң арасы жиырма шақырым екен. Жан-жағын тау қоршаған ойпат. Қажылықтың үшiншi парызы бойынша Арафатқа бару, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисiнде: «Қажылық – Арафатта тұру», – деген, ал Арафатта тұрмаса қажылығы қабыл болмайды. 
Арафатта тұру деген қажылықта бесiн мен екiнтi намазын бiр кезде, қысқартып, қосып оқиды екен. Осы уақыттан бастап күн батқанша дұға – тiлек тiлеп, таспих тартып, құлшылық жасадық. Аллаһ Тағаланың құзырындағы ең ұлы күн – Арафат күнi делiнген хадисте. 
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қажылықтағы Арафа күнi жұмаға дәл келсе, Әкпар (ұлы) қажылық деп атаған. Бiзге де Аллаһ нәсiп еткен осы қажылық сапарымыздағы Арафа күнi жұмамен қатар келiп, әкпар-қажы атанып қайттық. 
Арафаттың ислам тарихында алар орны өте жоғары, себебi Адам атамыз бен Хауа анамыз осы жерде кездесiп, бiр-бiрiмен табысқан. Адам атамыз күнәсiн кешiру үшiн көп жылдар зар еңiреп, жылаумен болды. Аллаһ Тағала 300 жылдан кейiн атамыздың күнәсiн кешiрiп, Хауа анамызға жолықтырды. Бұл тарих Арафатта болған екен. Бұл зулхиджаның 9-ы күнi өз күнәларын мойындап, Аллаһ алдында кешiрiм сұрап, Арафатта тұру, қажылықты өтеу парыз болған.
Жәббәдур-Рахмә тауда Аллаһ Тағаланың пенделерiне мейiрiмi көп түсетiн болғандықтан, Мейiрiм тауы деп аталған. Осы қажылықтан кейiн Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Мәдинаға оралған, келiсiмен қатты ауырып, екi айдан кейiн дүние салды. Осы хұтбада Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көптеген өсиеттер айтқан. Ол бiр Аллаһқа құлшылық етуге, Аллаһқа серiк қоспауға, әке-шешенi сыйлауға шақырды. Осы тауда тұрғанда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) «Мәида» сүресiнiң 3-аяты нәзiл болады. Аллаһ Тағала осы аятта:»Сендердiң дiндерiңдi толықтырдым және сендерге нығыметiмдi (Құранды) аяқтадым және сендердiң тек ислам дiнiнде болуларыңа ризашылығымды бiлдiрдiм» – дедi. 

НҰР ТАУЫ

Нұр тауы Меккенiң шығысында орналасқан. Биiктiгi – 271 м, ең ұшар басында Хира деген үңгiр бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) осы үңгiрде нәзiл болған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қырыққа келген кезiнде, өз бойынан көптеген өзгерiстер байқайды. Қандай түс көрсе де орындалатын болған, сол себептi өзi жеке қалуға мәжбүр болып, бес-он күндiк ас-суын алып, Нұр тауының ұшар басындағы Хиуа үңгiрiне келiп, құлшылық етудi ұнатқан едi. Бiздiң де қажылық сапарындағы мақсатымыз бәрiн көрiп, құлшылық ету болғандықтан, сол Хира үңгiрiне кiрiп, зиярат еттiк. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қандай жағдайда болғанын сезiну үшiн, бойымызды қуаныш пен қорқыныш әсерi билей отырып, құлшылық жасауға кiрiстiк. 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Хира үңгiрiнде отырғанда Аллаһ Тағаланың бұйрығымен Жәбiрейiл (ғ.с.) перiште адам бейнесiнде келiп: «Оқы!» – деп бұйырды. Ол кезде оқи бiлмейтiн едi, сол себептi: «Мен оқи алмаймын» дедi. Жебiрейiл (ғ.с.) перiште екi рет қайталады да, үшiншi рет тағы қайталап, үш рет кеудесiн қысып, «оқы!» деп, Раббының атымен «оқы!» деп, Құрандағы «Ғәләқ» сүресiнiң бес аятын нәзiл еттi. 
Осы күннен бастап Мұхаммедке (с.ғ.с.) Аллаһ Тағала үлкен мiндет, яғни пайғамбарлықты жүктептi. Содан берi қажылар пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) iзi қалған Хира үңгiрiн зиярат етедi екен. 

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С) ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ЖЕР

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Әл-Харам мешiтiнiң шығыс жағында екен. Бұл оқиға пiл жылының (570ж) 12-i күнi Рабиәул-Әууәл айында болған Пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с.ғ.с) анасы Әмина әйелдердiң босанарда көретiн қиыншылықтарының бiрде-бiрiн көрмеген. Бала дүниеге келгенде таза күйiнде келген, бiрден сәждеге бас иiп, екi қолын жайып, аспанға қараған. Анасы оны көрiп, таң қалып, ерекше бiр баланы дүниеге келтiргенiн сезген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисiнде: «Мен дүниеге келгенде, сүндеттетiлiп туылғанмын» – деген. 
1952 жылы осындай қасиеттi орынды сақтау мақсатында Шейх Ғаббас Қаттан өз қаржысына Меккеде ғылыми кiтапхана салғызған. Ол қазiр де жұмыс iстеп тұр.
Әл-Мұғаллаһ қабырыстаны Әл-Харам мешiтiнiң солтүстiгiнде орналасқан. Бұл зиратта Абдул Мутталибтiң арғы ата-анасы , әйелi Әмина, анасы Хадиша жерленген. Хазретi Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисiнде: «Бұл ең тамаша қабырыстан» – деп суреттеген. Хадиша анамыз 65 жасында дүние салған, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүйiктi жұбайы едi және бұл кiсi ең бiрiншi Ислам дiнiн қабылдаған. Бұл қабырыстанда басқа да ұлық сахабалар жерленген. Қағбаның кiлтiн қолына ұстаған Ғұсман ибн Талха (р.а) тағы басқа да ғұламалар осында жатыр. Қасиеттi Меккеде болған әрбiр қазақ азаматы өзiн, елiн, жерiн таныстырғанда танымайтын адам ең алдымен «О, Қазақстан! Назарбаев!» – деген сөздi естисiң.Оны естiгенде көңiлiң өсiп, марқайып қалады екен. Қазақ деген халықтың бар екенiн дүниежүзiнiң мойындайтынына қуанып, Аллаһтан ақ тiлеу тiлеп, «Осы жолдан адастыра көрме» деп иманға ұйисың. 
Ислам – адамзат үшiн өмiрлiк ұлы заң, iлiм. Аллаһ – ұлы ұғым. Саналы адам өзiн құдiреттi Аллаһтың жаратқанын аңғарады. Жаратушының бар екенiне дәлел iздеудiң қажетi жоқ. Бұл – шындықтың шыңы. Иман – игiлiк атауының қайнар көзi, барлық әдемi қасиеттердiң кәусар бұлағы болса, ал имансыздық – барлық рухани аштықтың өте жаман iс-әрекеттер мен жағымсыз iстердiң ұясы екендiгiн көбiмiз көзбен көрiп жүрмiз. Иманның нұрлы шуағына бөленген, иманның шын мәнiнде ақылға тұрарлық, жiгерiмiзге қуат беретiнiн, әлсiздерге сүйенiш, рухымызға күш сыйлайтынын Аллаһтың жолында бiрнеше рет қажылық парызын өтеп, Нұр- Мүбәрәк мешiтiнде сауатын ашып жүрген қажы аналар, әжелер замандастарына, бала-шағасына, жастарға насихат жұмысын жүргiзу мұсылмандық парызымыз деп бiледi.

Намаз оқығанда сәждеге барғанда  бірінші жерге  қол тиеді ме, тізе ме?

Айжан 

Убайдуллаһ ибн Масғұт бұл сұраққа былай деп жауап береді: «Намаз оқушы тәкбір алып сәждеге барғанда алдымен екі тізесін, содан соң екі қолын жерге қояды, ал, (сәждеден тұрғанда) тәкбір алып алдымен басын, сосын екі қолын, содан кейін екі тізесін көтеріп тұрады»

Уаил ибн Хужрдің (р.а.) жеткізген хадисін келтіреді, Уаил айтады: «Мен Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сәждеге барғанда (жерге) екі қолынан бұрын екі тізесін қойғанын, ал сәждеден тұрғанда екі тізесінен бұрын екі қолын көтергенін көрдім».

1. Діни жолға түспеген адамдарды иманға шақырғанда қандай басты сөздер айтылады? 2. Дін жолындағы адамдардың арасындағы уағыз жүргізгенде қандай негізгі сөздер қолданылады? 3. Діни теріс ағымдардың уағыздарындағы негізгі қолданатын концептері (негіз cөздер) қандай?

Ләззат 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. Пайғамбарлар төресі (с.а.с.) дінге шақыруда жалпыға ортақ жолды таңдады. Яғни, бай-манаптың да, жарлы-жақыбайдың да жүрегіне жол табуы пайғамбарымыздың тағылым мектебіне айналды. Пайғамбарымыз хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) баршаға рухани мектебінің есігін айқара ашты. Адамдарды түріне, түсіне, нәсіліне, жынысына, маман-дығына, тегіне т.б. қарай бір-бірінен бөліп-жарып қарамаған. Сондықтан да, бұл мектептің оқушылары арасында қара нәсілді Біләл Хабаши (р.а.), ирандық Сәлмән Парсы (р.а.), темір ұстасының қарапайым ғана көмекшісі Хаббабтар (р.а.) бар. Пайғамбарымыз қарадан шыққан Біләлдерді, Сәлмәндарды, Хаббабтарды (р.а.) сол қоғамның құрметті, жоғары мәртебелі адамдарымен қатар санап, оларды жанынан бір елі тастамаған. Тіпті, кейбір бай әрі атқамінер мүшріктер мұсылмандықты қабылдамақ болып: «Сенімен жеке кездесіп сөйлесейік. Қасыңдағы құл-құтандарды қуып жібер» деп жоғарыда аты аталған сахабаларды көргілері келмейтінін білдірген. Ардақты елші олардың бұл айтқандарын орындамақ түгілі, мән беріп те қарамаған. Кейбір зерттеушілер «хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүшріктердің айтқанына келіскен-дей сыңай танытқан» дейді. Бұлай болуы мүмкін емес. Өйткені, Аллаһ тағала Пайғамбарымыз хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өткен өміріндегі жаза басқан тұстарын кешіріп қана қоймай, мұнан былайғы өмірінде де жаңсақ бастырмайтынына сөз берген. Бұл жайт «Фәтіх» сүресінде «Сенің бұрынғы және мұнан былайғы күнәларыңды кешіру, саған деген нығметін тәмамдау әрі дұрыс жолын меңзеу үшін»[1]  деп баяндалады.

Аллаһ расулы шын жүректен Әбу Жәһил мен Әбу Ләхаб сияқты күпірліктің теңізінде жүзген мүшріктердің де иман келтіріп, мұсылман болуларын қалады. Алайда, олар қастық пиғылдан танбай қасарысып баққандықтан, иман келтірудің бақыт құсы бастарына қонбады. Сол кездегі жағдайды пайымдайтын болсақ, Әбу Жәһил немесе Әбу Ләхабтың иманға келуі күллі меккеліктердің, ал, Уруә ибн Масғудтың исламды мойындауы, барша Таиф халқының мұсыл-ман болуы деген сөз еді. Пайғамбарымыз аты аталған жандардың иман келтіруі үшін басқа тәсілдерді де қолдануы мүмкін еді. Бірақ, менің ойымша, Аллаһ мұндай ойдың жетегінде кетуіне оған жол бермеген. Бұлай деуімізге Құрандағы: «Аллаһтың разылығын тілеп, ертелі-кеш Раббыларына құлшылық ететіндерді қасыңнан қуушы болма!» – деген аят дәлел болса керек[2]. Негізінде, Хақ тағаланың бұл баяны барлық пайғамбарларға ортақ еді. Мысалы, Нұх пайғамбарға қарсы шыққан кәпір шонжарлар «..Саған ілескендер саяз, топас жандар, олардан басқа саған иланғандарды көрмедік»[3]  дегенде, Нұх пайғамбардың жауабы былай болған еді: «..Мен иман келтіргендерді қумаймын, өйткені олар анығында Аллаһпен қауышады, ал сендердің надандықтан арыла алмаған, санасыз екендіктеріңді аңғардым»[4].

Меккелік Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а.) сіңірі шық-қан кедей болатын. Ол Исламды қабылдаған сәттен бастап, өмірінің ақырына дейін пайғамбарымыздың қасынан бір елі ажыраған емес. Жұрт оны үнемі хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанында көргендіктен соның жанұясының бір мүшесі деп санайтын.
Ислам мектебінің алғашқы қарлығаштарының бірі Сәлмән (р.а.) туралы Пайғамбарымыздың «Сәлмән – менің әулетімнен» деген ілтипатты сөзі бар. Ал, Сәлмәнның (р.а.) тегі ғажам (парсы) немесе түркі болуы мүмкін деген болжамдар айтылады.

Иә, Пайғамбарымыз іргетасын берік қалаған иман мектебі баршаны бауырына басқан-тын. Жаратылыстың бастауы мен нәтижесі саналатын ұлық Елшінің сол мектебінің ең төменгі дәрежедегі оқушысы да, (ол оқушылар жолына жанымыз садақа) Жәбірейіл періште де алаланбай өз қабілет-қарымына қарай дәрістің керемет тәлімін алатын. Пайғамбарымыздың әрбір сұхбаты терең мәнді, тілі өте нәрлі, баршаға түсінікті еді. Тіпті, кейде Жәбірейіл періштенің өзі келіп оның сұхбатына ден қоятын. Сондай-ақ, кейде Микайыл періште Адамзаттың асылы пайғамбарымызбен сөз зергері Әбу Бәкірдің (р.а.) сұхбаттарына қатысатын. Олардың өзара тілдескен сұхбаттары да өте тереңнен ой қозғайтын ғибратты дәрістер екені анық. Осындай сұхбаттардың бірінде хазірет Әбу Бәкір (р.а.) Пайғамбарымызға деген таңғалысын жасыра алмай «Сіз мұншалықты әдептілікті кімнен үйрендіңіз?», − деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Менің ұстазым – Аллаһ. Маған барлық ілімді үйреткен ұлы Жаратушы», – деп жауап берген.

Екінші жағынан, Пайғамбарымызға (с.а.с.) елді иманға, Исламға шақыру жолындағы керекті сипаттар мен ерекшеліктер тумысынан табиғатына дарыған қасиеттер болатын. Яғни, Аллаһ тағала оның бойына фәтанат, исмат, аманат және сыдық сияқты пайғамбарларға ғана тән қасиеттерді дарытқан.

Фәтанат дегеніміз – артық ауыз сөзден, қулықтан, пасықтықтан аулақ, әрдайым адамзаттың игілігі үшін пайдалы ой өрбітіп, тура жол көрсететін ең жоғарғы ақыл-ой дегенді білдіреді. Пайғамбарымыз хазірет Мұхамммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай мәселе болмасын дереу оңы мен солын аңдап, дұрыс шешім қабылдайтын.

Пайғамбарымыз күрмеулі мәселелердің шешімін тез арада табатын. Сахабалар аз уақыт ішінде бәдәуилік пен күпірліктен арылып, жүректері иман нәрімен сусындап, саналары иләһи білімнен нәр алып үлгеретін еді. Жүректері сүйіспеншілікке толып, мұхаммеди рухты тұла бойларына сіңірді. Осының нәтижесінде жаман мінезден біржола арылып, адамзатқа ұстаздық ететіндей үлгілі, мәдени қоғамға айналған. Міне, Пайғамбарымыз осынау ұлық міндетті мінсіз атқару үшін қоғамды түбегейлі өзгертетіндей үстем ақылмен жаратылған. Иә, адамдарды имандылыққа шақырудағы әрқашан тура жолдың бағдаршамы болған терең ойдың мәнінің өте зор екені осыдан аңғарылады.

Пайғамбарымыздың тағы бір ерекшелігі – «исмәт» еді. Оның әуел бастағы ибасы, күнә, қателік атаулыдан таза кіршіксіздігі – пайғамбарлық міндетіне дайындықтың алғашқы баспалдағы іспетті. Аллаһ расулының көркем мінезі алға адымдаған сайын, болашақта мойнына жүктелетін салмағы ауыр жүкті абыроймен атқарып, иман қаһарманына айналатынын көрсеткен-тін. Оны дұшпандары сиқыршы[5], шайыр[6]  деген тәрізді жалалы сөздермен ғайбаттағанымен, бейкүнәлігіне, ибасы мен әдебіне қарсы уәж айта алмаған.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) иманға, Исламға шақыру жолындағы жетістіктері оның «әмин», яғни сенімділік сипатымен де тікелей байланысты. Пайғамбар болғанға дейін де, онан кейін де сенімділігімен танылғандығы осының айғағы. Пайғамбарлық келгенге дейінгі кезеңде жұрт оны «әл-Әмин», яки «сенімді Мұхаммед» деп атаған. Елдің шынайы сеніміне ие болғандығы соншалықты, Әбу Жәһил мен Әбу Ләхаб сынды азулы дұшпандарының өзі оның сенімділігіне зәредей шәк келтірмеген. Өйткені, Аллаһ расулының бүкіл өмірі сенімділікке толы болатын.

Мына бір мысал осы ойымызды нықтай түседі. Ясирдің (р.а.) мұсылмандықты қабылдай қоймаған кезі еді. Бір күні бір жерге жолға жиналған ұлы Аммардан (р.а.) қайда баратынын сұрайды. Баласы «Мұхаммедпен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолығуға» деп жауап береді. Сонда хазірет Ясир: «Мұхаммед – сенімді адам. Бүкіл Мекке халқы бұған шәк келтірмейді. Егер ол пайғамбар екенін айтса, шынында да солай болғаны. Өйткені, жалған айтқанын жан баласы естіген емес», – деген.

Олай болса, Пайғамбарымыздың сыдықтығына да дау жоқ. Ғұмырында бір рет те болса өтірік айтпаған. Осылайша көпшіліктің жүрегіне сенімділігімен жол тапқан. Иә, Нәбилер Сәруары хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешқашан туралықтан таймаған һәм ылғи да туралықты ту еткен. Бір хадисінде: “Туралықтан айырылмаңдар. Туралық сендерді жақсылыққа, жақсылық жаннатқа апарады. Кісі әрдайым тура болып, туралықты іздесе, Аллаһ әмірімен турашылдардың қатарына жазылады.

Жалғаннан сақ болыңдар. Жалғандық адамды күнәға, күнә жаһаннамға апарады. Кісі үнемі жалған сөйлеп, жалғанды іздесе, Аллаһ тағаланың жарлығымен өтірікші кәззаптардың қатарына жазылады”[7], – деген.

Қорыта келгенде, дінге шақыруда Пайғамбары-мыздың асыл қасиеттерінің ықпалы өте зор болған. Қазіргі таңда да адамзаттың бақытты ғұмыр кешуін көксеген ізгілік жаршылары алға қойған мақсаттарында жетістікке қол жеткізу үшін жоғарыда аталған сипаттарды бойларына сіңіруге тиіс. Тұла бойларында осы сипаттар тұнып тұрмаса, олардың істерінде кемшілік болары сөзсіз. Пайғамбарымыздың жалпы жұртқа әсер етуі, міне, осынау кіршіксіз, риясыз табиғатының арқасында жүзеге асқан. Олай болса, бүгінгі таңда пайғамбар жолын таңдағандардың да асыл мұраттарына қол жеткізуі, әлгі құнды қасиеттерді бойларына сіңірулеріне тікелей байланысты.

 


[1]    «Фәтіх» сүресі, 2-аят.
[2]    «Әнғам» сүресі, 52-аят.
[3]    «Хұд» сүресі, 27-аят.
[4]    «Хұд» сүресі, 29-аят.
[5]    «Сағд» сүресі 4-аят.
[6]    «Әнбиә» сүресі, 5-аят; «Саффат» сүресі 36-аят; «Тур» сүресі 30-аят.
[7]    Бухари, Әдәб, 69; Муслим, Бирр, 101; Әбу Дәуд, Әдәб, 80.

Ассалаумағалейкум! Жасым  20-да.  Осыдан  2 жыл бұрын мұрнымды  тестіргенмін (пирсинг), сол ісіме өкінбеймін себебі,  ол маған ұнайды. Жұма  намазына барып тұрамын, бірақ  дәрет алдында сырғамды алып тастаймын. Алмай  намаз оқуға бола ма? Және  жұма намазынан басқа уақыттарда да намаз оқуға бола ма? Бес  уақыт намазға  жығылмаймын және қалаған кезде мешітке баруға бола ма? 

Қуаныш 

: Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. Бұл нәрсе шариғатта орны жоқ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):  «Кім де кім бір қауымға ұқсаса қиямет күні сол қауыммен тіріледі», - деген.  Сіз қандай ниетпен жасадыңыз, кімге ұқсадыңыз өзіңізді таразыға тартыңыз. Онымен намаз да, басқа да құлшылықтарды жасай бересіз. Дәретіңізге зияны жоқ.

Ассалямуъалейкум уа рахматуллаһи уа бәракатуһ. Менің әйелім өз еркімен талақ сұраса махр қайтарыла ма? - деген сұрағыма махр әйелде қалады деп жауап беріпсіздер. Алла разы болсын сіздерге! Енді сахих Бухариде келетін Ибн Аббастан (р.а.а.) жеткізілген мына хадисті түсіндіріп берсеңіздер: «Сабит ибн Кайстың әйелі Аллах елшісіне (с.ъ.с) келіп, күйеуін сүймейтінін, осы себепті екіжүзділік танытып, Исламға күпірлік жасайымын ба деп қорқатынын жеткізеді. Яғни, "хул" деп аталатын ажырасу түрі жөнінде айтылып жатыр. Аллах елшісі (с.ъ.с.) махрға берілген бақты қайтарып бересің бе? - дейді. Ия деп келіскесін күйеуіне қарап, бір талақ бер дейді». Бұл жерде махрдың қайтарылатынын айтып тұрған жоқ па?

Назгүл 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. Дұрыс  «хул» деген талақ әйелдің талақ сұрағанына айтамыз. Әйелдің қайтаруы ерікті нәрсе ол жахырға мұқтаж және бала-шағасының жағдайын ойласа махырдың әйелде қалғаны абзал. Бұл хадисте махырды яғни бақты қайтарасың ба деп сұрап тұр әйел де келіссе. Келіспесе әйелде қалады. Ешкім мәжбірлеп ала алмайды. Мәхірдегі мағына ер адамның әйел адамын жыныстық қатынаста қолданғаны үшін берілетін байлық деп те атаған. Дұрыс түсініңіз. 

Ассалямуъалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ. Сіздерге сұрағым: адам дүниеден өткенде жаназада мал сойылып, аста төк дастархан жайылып жатады. Одан қалса, 3,7,40,100, жылы деген бар. Бұған қоса, жығылғанға жұдырық, арнайы дайындалған дастарханға келе алмадық деп, күн сайын бата оқуға бір-екілеп келетіндері тағы бар. Дінімізде осылай жасау шариғатқа сай келе ме? Кісі өлген үйден шыққан әрбір тиын ысырапқа саналмай ма? Мені бүлікші деп айыптамаңыздар. Бірақ біз алдыңғы қатар сіздерге қараймыз. Ахиретте имам айтқанын жасадым деп, Алланың алдында ақталғым келеді. Егерде мұндай садақа жасағаннан күнәлі болмаймыз десеңіздер, (мүмкін болса, дәлелімен), жауабын берсеңіздер. Менің  де үй ішінде бүлік тудырғым келмейді. Өтінемін сіздерден, мені түсініп, тезірек жауап берсеңіздер. Алла алдында бидаъа жасап қоямын ба деп жаным қиналып жүр.

Назгүл 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух. Әр нәрсе ниетке байланысты шариғатта 3, 7, 40, жылы деген жоқ. Бірақ Аллаһтан үміт етіп, ысырап етпей жағдайға қарай садақа беру. Бидғат болса да бидғаты хасана яғни уағыз насихат айтылса, дұға жасалса, садақа берілсе, мәйітке Алланың рахметі болсын дейді. Бірақ шекарадан аспау керек.

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ! Мені мазалап жүрген бірнеше сұрақ бар еді 1) ойымдағы жақсы жоспарларды достарыма, отбасыма айтқан дұрыспа? 2) таң намазын барынша қаза етпей, ұйықтап қалмайтындай, таңға тұрудың сырларын немесе хадистермен, сүннеттен мысал келтірсеңіз 3) оқыған білімді есте сақтаудың сырлары, сүннеттерден, хадистерден мысал келтірсеңіз 4) сүннеттердің толық нұсқасы бар және ол ҚМДБ-мен тексерілген сайт керек еді 5)Меккеде (яғни Қажылықта) бір иығын ашып оранып жүретіндерді қалай түсінуге болады? Ерлерге тізеден ұзын, иықтан ұзын киім кию керек емес пе?! 6) Құранның әр бір сөзінде сауап бар дейді, мен бірақ қазақша мағынасын оқып жүрмін, өйткені арабшаны білмеймін, (бірақ Алла қаласа осы жазда үйреніп алуға бел будым), қазақша мағынасын оқи берсем бола ма? Әлде транскрипциясымен оқыған дұрыс па? 7) «kuran.kz» сайтынан  Құранды ұялы телефоныма жазып алып едім, соны дәретсіз оқуға рұқсат па? Сіздерге сұрақ жолдамағалы көп болып еді, сол ойымда сақталып мазалап жүрген сұрақтар көп болып жиналып қалды. «Білмесең, білгеннен сұра», - деген өсиет бар емес пе?!

Самат 

Уағалейкум сәләм уа рахматуллахи уа баракатуһ!

  1. Егерде сол айтылған ойға қызғанышпен қарайтын болса айтпаған дұрыс,  себебі қызғаныш алға бастырмайды.
  2. Ерте тұрудың жолы ерте жату. Сағат қою.
  3. Білімді сақтаудың жолы – көп  қайталау. Есте сақтаудың 2 жолы бар. Оның бірі - ойланбай есте сақтау, екінші мәнісіне түсініп есте сақтау.

Ойланбай есте сақтау - белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу. Бұл бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде жүзеге асады. Жаттанды деректер ұзақ уақыт есте сақталмайды, оның тек уақытша ғана мәні бар.

Мәнісін түсініп есте сақтау кезінде адам сол деректердің мәніне терең талдау жасайды. Сол арқылы оқығандарын терең түсінеді, ұзақ уақыт есте сақтайды.

  1. «muftiyat.kz»,  «muslim.kz»,  «azan.kz»  және әрбір облыс мешіттерінің сайттары.
  2. Қажылықта йығын ашып жүру сүннет. Абдуллаһ ибн Аббастан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Жиране деген жерде Умра үшін ихрамға кірді. Қағбаны тауап етерде рамел жасады (тез-тез) жүрді. Ихрамның сол жағын қолтық астына алды оң жағын йығына тастады. Бұл тек қажылықта ғана жасалатын амал.
  3. Құранды тек арабша немесе транскрипциясын оқығанда сауап болады. Қандайда бір тілмен аудармасын оқыса сауап болмайды. Тек  өзі үшін түсінеді. Себебі Құран арабша түсті.
  4. Құранды дәретті немесе дәретсіз тыңдауға болады.