Ислам асыл дініміз

Жасым 27-де. Медресеге түссем алады ма? Және  «салихалы» және «тақуа» деген адамдардың айырмашылығы қандай? Ондай адам болу үшін не істеу керек?

Досбол 

Діни білім алғыңыз келсе, орталық «Һибатулла Тарази» медресесіне келіп оқысаңыз болады.

Әли Рамитани хазреттері былай деген: Салих адам бола алу үшін он нәрсе қажет:

1)Таза болу керек. Тазалық екіге бөлінеді: 

а) Захири (сыртқы) тазалық: Сыртқы көріністің таза болуы. Бұл барлық адамдардың мән беретін мәселелердің бірі. Киетін, ішіп-жейтін, қолданатын бүкіл нәрселердің таза болуы.

б) Батини (ішкі) тазалық: Көңілдің (жүректің) жақсы мінездерге толы болуы. Хасед (көре алмаушылық) етпеу, басқалар тұралы жаман ойламау, Аллаһу та’аланың дұшпандарын жақсы көрмеу, достарын жақсы көру керек. Көңіл Аллаһу та’аланың назар мекені. Сондықтан көңілге дүние махаббатын, ал асқазанға харам нәрселерді салмау керек. Хадис шәрифте: «Харам жеген адамның дұғасы қабыл болмайды» делінген. Көңіл таза болмаса ғибадаттардың ләззатын ала алмайды, Аллаһу та’алаға тән ілімдерге, яғни марифатқа қауыша алмайды.

2) Тілге ие болу керек

Тілмен орынсыз және жаман сөздер айтпау, үндемеу, Құран кәрім оқу, әмри маруф және нәхи мункар жасау, яғни діннің әмірлерін орындауды және тыйымдарынан сақтануды насихаттау. Сүйікті пайғамбарымыз: «Адамдар тілдерінің кесірінен жаһаннамға тасталады» деген.

3) Көпшіліктен ұзақ болу керек

Осы арқылы көз харамдарға қарамайды. Өйткені көңіл (жүрек) көзге бағынышты. Көздің әр харамға қарауы көңілді қарайтады. Сүйікті пайғамбарымыз:«Бөтен әйелдерге шахуатпен қарағандардың көздеріне қияметте еріген, қызып тұрған қорғасын құйылады» деген. Еркектердің бөтен әйелдерге, әйелдердің де бөтен еркектерге шахуатпен қарауы харам болып табылады.

4) Ораза тұту керек

Адам ораза ұстау арқылы періштелерге ұқсайды және нәпсін қинаған болады. Хадис құдсиде: «Ораза маған тән ғибадат, оның сияпатын мен беремін, оның сауабы шексіз» делінген. Хадис шәрифте: «Ораза тозақтан қорғайтын қалқан»делінген. Ораза тұтып көңілді бақытқа, тыныштыққа қауыштыру керек және шайтанның жолын жауып, оған тосқауыл жасау керек.

5) Аллаһу та’аланы көп еске алу керек

Аллаһу та’аланы еске алу үшін айтылатын ең қасиетті сөз «Лә илаһә иллаллаһ» деп айту. Мұны әрдайым айтып жүретін адам ықылас иесі болады. Ықылас – бүкіл істерін Аллаһ разылығы үшін істеу, дүниелік мал-мүліктерге, жоғары лауазымдарға деген ынтасын тоқтатып ахиретті қалау деген сөз. Ықыласты адам «Менің жалғыз мақсатым Аллаһ разылығы» деп айтады. Құран кәрімде: «Ей иман келтіргендер Аллаһты көп еске алыңдар» делінген. (Ахзаб 41). Нәпістің зиянды болған қалауларынан құтылу үшін әрдайым Аллаһу та’аланы еске алу керек.

6) Көңілге мән беру керек

Көңілге төрт түрлі ой келеді. Рахманнан, періштеден, шайтаннан және нәпістен. Рахманнан келген ой ғафлеттен оятады және жаман жолдан тура жолға қауыштырады. Періштеден келген ой ғибадатқа ынталандырады. Шайтаннан келген ой күнәны әдемі етіп көрсетеді. Ал нәпістен келгені дүниенің пайдасыз нәрселерін талап еткізеді. Шайтани және нәфсани ойлардан құтылу керек.

7) Аллаһтың үкіміне разылық көрсету

Қорқу мен үміттің арасында болу керек. (Қорқпауға, құтылатынына сенімді болуға болмайтынындай, құтылатынынан да үмітсіз болмау керек) Өйткені имансыз өлуден қорқатын адам күнә істемейді. Және мүмин жаннатты үміттенеді.

8) Салих адамдармен сұхбат

Салих (діндар, жақсы) адамдармен сұхбат ету күнә істеуден қайтарып, харамдарды көзіне жаман қылып көрсетеді. (Дүние және ахирет бақыты үшін жақсылармен бірге болу керек.)

9) Жақсы мінездермен мінезделу керек. 

Яғни Аллаһу та’аланың мінезімен мінезделу керек.

10) Халал азық жеу керек.

Аллаһу та’ала: «Халал және таза болған нәрселерді жеңдер» деген. (Бақара 168) Сүйікті пайғамбарымыз: «Ғибадат он бөліктен тұрады. Тоғызы халалды талап ету» деген. Қалған біреуі бүкіл ғибадаттар болып табылады. Харам жеген адам бойынан ғибадат етуге күш-жігер таба алмайды. Ал халал жеген адам күнә істемейді.

– Хадис шәрифте былай делінген:

«Ақылды адам дұға және ғибадат ету үшін, нәпсін есепке тарту үшін, кемшіліктерінің өзіне білдірілуі үшін және мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін уақыт бөледі. Тіліне ие болады, уақытын тиімді пайдаланады, жұмысына барады және ең адал досына да ықтиятты болады.» (Дәйләми)

Тақуа адам кім: «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрыңғыларға ораза тұту парыз етілгендей, сендерге де ол парыз етілді. Әрине тақуа боларсыңдар!» «Бақара» сүресі, 183 – аят. Бұл мұсылман өмірінің дерлігін қамтитын даналық, ұрпақтан ұрпаққа мирас болатын қасиетті Құран аяты. Толқын арасында иман үзілмеуі керек. Аятта «Бұрыңғыларға» айтылғандай үлкеніміз Алладан қорқа білсе, кішілеріміз парызын орындар. Мұсылман Жаратушысына уақыт бөлуді ұмытпаған жөн. Қасиетті Құранымен нұрландырып, кешірімі мен мейіріміне бөлейтін Алланың арайлы уақыты бар. Ол әдемі атауымен Өзі таңдап алған кезең яғни қасиетті Құран түсірілген Рамазан айы. Бұл айдың құрметіне мұсылман ұйқыдағы жүрегін оятып, күні мен түніне тәнін шынайылықпен даярлауы тиіс. Өйткені, әрбір мезеті қуатты. Бойында берекеті мен жарылқауы бар бұл айдың құдіреті де ерекше. Мұнда Аллаға мойынсұнып, құлшылықпен күнәдан арылу, сүйіспеншілікпен тақуалыққа жету бар. Сондықтан, Рамазан оразасы мұсылманды тозақ отынан қашырып, жұмаққа жеткізетін жалғыз жол.

«Тақуа» – Алладан қорқып, Оған сыйыну әрі Оны қорғаныш тұта білу деген сөз. Осындай үш дәрежемен өлшенетін тақуалық адамды бақытты етеді. Ол үшін мұсылман Аллаға сеніммен иман келтіруі тиіс. Иманын иірмейінше, мұсылман жаны қараңғы түнекте қала бермек. Бүгіні бардың ертеңі бар дегендей, Аллаға қарсы келмеу яғни үкіміне мойынсұнып, парызын орындау, тыйымына қарсы болмау деген сөз. Ал ертеңі бардың келешегі зор дегендей, сеніміне кірбің түсірмей тікелей Оған үміттену, Одан жарылқау күтуі тиіс. Міне, осы қадамдарды Рамазаннан бастаса, мейірімді әрі парасатты яғни иманы толық мұсылман қалпына енген тақуа болады. «Егер кімде кім өз еркі мен нәпсісіне ие болса, онда ол өзін әлемнің ең бақытты адамымын деп санасын» деген дана да бақытын тақуалықтан тапқан. Ел санасында «Тақуа адам» басқа сипатпен қалыптасқан яғни діни жолмен жүретін шариғат адамы. Негізінде, мұсылманды өзінің дінінен бөліп қарастыруға болмайды. Мұсылман ата – ананың бір – біріне деген сенімі діннен бастау алған, ал ұрпақтары осы сенімнен нәр алады. Мұсылманның бір – бірінен артықшылығы тақуалықтарында. Сондықтан, бүтіндей бір елдің ұлы мен қызы, үлкені мен кішісі де Алладан қорқып, Рамазан оразасының қасиетіне бекінсе, бір елдің тақуалыққа бірден бір қадам басқаны. Ынта мен жігерді құнттап, ниетті бағыттаса, Жаратқан Алланың бәріне беретін құдіретті күші мен таза ырысы бар. Әрине, оған жетудің жолы жеңіл емес. Ол үшін, мұсылман алдымен нәпсісіне ие болған жөн. Нәпсі – бойдағы құмарлық, бір ғана ләззатпен бүкіл өмірді заматында теріс айналдыра салатын өлшеусіз жатқан алдамшы жалған сезім. Құлшылығын Рамазан оразасынан бастаған мұсылманның бойында алғашқыда соқыр сезімдері оянады. нәпсі дереу оларды қолға алады яғни пендеге жан – жақтан азғыру шабуылын жасайды. Жақтаушысы ретінде аяған болып, түрлі сылтаулармен адамды «әлпештейді». Ақырында ақылды адастырады не тұтқынға алады. Осылайша, мұсылман жан дүниесінде арпалыс басталады. Міне, осы жерде айласын асырғысы келген нәпсіні тізгіндеп алған абзал. Одан Аллаға деген шынайы ниет мықты болса, жабайы сезімдер әлсізденеді. Жаратқан Алласы үшін таңнан кешке дейін бір тамшы сусыз, азықсыз ашыққан ішкі дүние күн сайын шынығады. Ал нәпсі болса, ашығып өртене бастайды. Оның жалынды өртін Аллаға ұйыған иман, шыңдалған сенім, берік ауыз бен ораза хикметі толықтай сөндіреді. Осылайша, күнәдан тазарған мұсылман жаңа туылған нәрестедей, жеңіл сезініп, бойға таралған ыстық қандай жаңа күш пайда болады. Рухани құдіреттің самалы есіп, жақсы мен жаманды ажырата бастайды. Ораза Жаратушы мен пенде арасындағы ұлы ғибадат, сыры да екеуіне мәлім. Құрметті (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың хадисінде де «Алла айтқан… ораза Менікі, оның сауабын Өзім берем». Бір сөзбен айтқанда, ораза Алланың бұйрығын орындау яғни Оның назарында екенін сезіну. «Алла сабырлылармен бірге» дейді. Сабырлық оразамен келетін мінез. Ол мұсылман құлшылығын еселеп, тақуалыққа апарады.

Тақуалық – исламның рухани өзегі. Рақымдылық пен мейірімділік бұлағы болған осы айда қолымыздағы бар мүмкіндікті ұлы игілікке айналдыру бүгінгі ұрпақ еншісінде.

Қағба туралы толық түсінгім келеді. Неге біз Қағбаға қарай сәжде қыламыз?

Дархан 

Әлемде миллиондаған адамдарға Меккеден артық  мәртебелі, қасиетті жер жоқ шығар. Объективті көзбен қарасақ, Хиджаз алқабындағы Аравия жер бетіндегі ең танымал мекен болып табылады.  

Мыңдаған адамдар Қағбаны жиырма төрт сағат бойы айналып жатады. Қасиетті Қағбаның суретімен миллиондаған үйлер ашекейленіп, күніне бес рет  миллиардтаған адамдар оны тамашалайды. Бұл ғимарат адамзат тарихындағы ең танымал жерлердің бірісінің ортасында орналасқан.Назарларыңызға Қағба туралы қызықты жайттарды ұсынамыз: 

10.  Қағба бірнеше рет қайта тұрғызылған
Бүгінгі таңда көріп отырған Қағба Ибрахим (а.с.) мен Ысмайыл (а.с.) пайғамбарлар салған ғимаратқа мүлдем ұқсамайды. Уақыт өте келе табиғи және техникалық апаттарға байланысты ол қайта құруды қажет етіп тұрды. Пайғамбарымыз Мұхамедтің заманында оған пайғамбарлық міндеті келмей тұрып Қағбаның күрделі қайта құрудан өткені бәрімізге белгілі. Бұл пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қара Тастың астына мата қойып, сол арқылы әр тайпаның көсемі көтере алатындай етіп ұсыныс жасап, үлкен қантөгісті болдыртпаған оқиғасымен дәлме дәл келеді. Сол кезден бастап күрделі құрылыс жұмыстары бірнеше жүзжылда бір рет өткізілетін болды. Соңғы құрылыс 1996 жылы өткізіліп, үлкен жұмыстар атқарылды: тастары, шатыры ауыстырылып, іргетасы бекітілді.


9. Алғашында оның  екі есігі және терезесі болатын
Алғаш кезде Қағбаның кіруге және шығуға арналған екі есігі, сонымен қоса терезесі бар еді. Қазіргі Қағба терезесіз тек бір есігі бар.


8. Қағба түрлі түсті еді
Алтын өрнектермен ашекейленген қара түсті Қағбаға көзіміз әбден үйреніп, оны басқа түсте елестетуімізге қиын болар. Оны қара түспен жабу дәстүрі Аббасидтер кезінде келді. Оған дейін Қағба әр түрлі түстермен, соның ішінде жасыл, қызыл және ақ  түсті болатын. 

7. Оның кілті тек бір ғана әулеттің иелігінде

Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында  Қажылықтың әр рәсімі құрайыштықтардың белгілі бір топтарының қол астында болатын. Бір топтан  басқасының  барлығы бұл құзырдан айрылып қалады. Мекке алынғаннан кейін Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) кілтті өзіне алып қалудың орнына Бани Шаиба әулетінен шыққан Осман ибн Талхаға ұсынады.  Бұл әулет көптеген жылдар бойы Қағбаның қорғаушысы болып келеді,  пайғамбардың өзі кілтті ұсынған кезде  «Уа, Бани Талха бұны ал, әділетсіз, зұлым басшы келмесе , Қиямет күнге дейін сендер оны иелік етесіңдер» деу арқылы өзі Қағбаның кілтінің иесін тағайындап кеткен іспетті.
Қазіргі күнге дейін, халифтар, сұлтандар мен патшалар сияқты жоғары лауазымды тұлғалар пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөздеріне бойсұнып,Қағбаға кіру үшін  бұл кішкентай меккелік жанұядан рұқсат сұрайды.


6. Қағба есігі барлық адамдарға ашық еді
Осы уақытқа дейін барлық қалаған адамдар аптасына екі рет  Қағбаның ішіне кіріп, намаз оқуларына мүмкіндіктері бар еді. Алайда, қажылыққа барушылардың санының өсуіне және басқа да факторларға байланысты, оның есігі жылына екі рет жоғары лауазымды тұлғалар мен ерекше қонақтар  үшін ғана ашылады.   


5. Айналасында жүзуге тура келетін де күндер болды
Қағбаның шешілмеген мәселелерінің бірі, оның алқаптың төменгі жағында орналасқандықтан жаңбыр кезінде жиі су басып кететіні еді. Су тасқындарымен күресетін су құбырлары жүйесі ретке келтірілгенге дейін, Меккеде су тасқындары жиі орын алатын құбылыс еді. Тіпті, бірнеше күндер бойы Қағба жартылай суға батып тұрған кездер де болған.  Әрине, бұл құбылыс  оны тәуәп етуге ниеттенген қажылық етушілерді еш тоқтатпады. Олар не істеді десеңіз? Жай ғана айналасында жүзіп жүрді.Заманауи құрылғы мен технологиялар бұл мәселені шешуге көмектесті, бұндай құбылысты қайта көруіміз екі талай. Дегенмен...


4. Қағбаның ішінде оның қайта тұрғызылуына ат салысқан басшылардың есімдері жазылған
Ұзақ уақыт бойы көптеген адамдар Қағбаның ішкі көрінісін көруге қызығушылық білдіретін еді.  Ішінде болған адамдардың сипаттамаларының рас-өтірігі белгісіз. Бұл бір бауырымыздың Қағбаның ішіне бейне таспамен кіруге қол жеткізгенге дейін орын алды. Таспаның сапасы нашар болғанына қарамастан қызығушылығымызды қандырдық десек те болады. Қазіргі таңда Қағба іш жағынан мәрмәрмен, жоғарғы қабырғалары жасыл шұғамен қапталған. Тақтайшаларда барлық ел билеген басшылар мен оның қайта тұрғызылуына  ат салысқан тұлғалардың есімдері жазылған.

3. Расында Қағба екеу
Қағбаның дәл  төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол Құранда және Пайғамбарымызбен (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын )айтылған болатын. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Миғраж сапарын баяндаған кезде былай деген: « ... Одан кейін маған әл-Бәйт уль-Маъмур (Алланың Үйі) көрсетілді. Мен Жәбірейілден «Бұл не?», - деп сұрағанымда  ол: «Бұл  әл-Бәйт уль-Маъмур. Күніне жетпіс мың періште бұл жерде құлшылық жасайды, олар бір қайтқанда екінші қайта келмейді. Олардың орнына басқа періштелер келеді, солай күнде жалғаса береді».


2. Қара Тас қақ жарылған еді
Қазіргі таңда біз Қара Тасты үйреншікті күміс жиектемеде көріп үйренген едік.  Алайда, ол әрқашан бұндай көріністе емес еді.

Меккені Абдулла ибн Зүбәйр басқарған уақытта Омейядтықтар шабуылынан  бұл тас жарылған деген пікір бар. Алайда ең кеңжайылған пікір Бахрейннен шыққан еретикалық исмаилиттер тобымен байланысты.  Бұл топ өкілдері Қажылықты «діни ырымшылдық»  деп айыптады. Олар Меккеге шабуыл жасап, он мыңдаған қажыларды өлтіріп, денелерін зәм зәм құдығына лақтырып кеткен еді. 

Қара Тасты ұрлап , басында Шығыс Аравияға, кейін Куфа мен Иракқа әкетеді. Біраз уақыт өткен соң, Аббасид халифының үлкен құн төлеуімен  қайтарылғанға дейін сол қалада болатын. Меккеге қайтарылған Қара Тастың  кішкентай бөліктерге бөлініп қалған себебінен, оны жинаудың жалғыз әдісі жиектемеге салу еді. Тарихшылардың сөзіне жүгінсек, Қара Тастың барлық бөліктері Меккеде сақталмай, жетпеген бөлшектері де бар екені анықталған.  

1.Әлемдегі ең үлкен текше (куб) алғашында басқа пішінде еді 

Басында, Қағба жартылай дөңгелек пішінде болған еді, оның қалдығы қазір Исмайылдың Хиджры деп аталады.  Алла елшісіне (Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  пайғамбарлық міндеті келмей тұрып, құрайыштықтар Қағбаны қайта тұрғызу жұмыстарына  тек адал табыс көзінен түскен ақшаны пайдаланғысы келді.  Басқаша сөзбен айтқанда, қайта тұрғызу жұмыстарына құмар ойындардан, жезөкшеліктен, ұрлықтан, ысырыпшылдықтан түскен ақшалар қолданбау керек болды. Алайда надан құрайыштықтардың күнәға батқандары соншалық , аса бай сауда-саттық қаласында «таза» ақша табыла қоймады. Олар Қағбаның кішкентай көрінісін тұрғызып, бастапқы кейпін көрсету үшін  балшықтан қабырға салды. Бұл Исмайылдың (а.с.)Хиджры деп аталады. Өмірінің соңына қарай пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Қағбаны бастапқы кейпіндей етіп өзгерткісі келген еді, бірақ үлгермей өмірден озды.  Абдулла ибн Зүбәйр кезіндегі қысқа уақытты есептемегенде, Қағба пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны соңғы рет көрген  көріністе тұр.

Қағбаның тарихы өткенді еске алатын жәй ғана әңгіме емес. Ол жер бетіндегі мұсылмандардың ортақ  рәмізі. Ол бізді өткенмен байланыстырып, болашақ мақсатымызды еске салады. Бүгінгі таңда, мұсылмандар бір-бірінен алшақтаған уақытта, ол біздің ортақ құндылығымыз. Ол – біз өте қажет ететін, бірлігіміздің рәмізі.

Ғибадат ету ниетімен Аллаһтан басқаға сәжде ету әрине күпір болады. Тек құрмет көрсету үшін орындалса күпір емес, харам болады. Өйткені Адам алейһиссаламнан Ибрахим алейһиссаламға дейін сәлемдесу, бір-біріне сәжде ету арқылы орындалатын еді. Кейіннен бұның орнына құшақтап амандасу әдет болды. Мұхаммед алейһиссаламның заманында қолмен мүсафаха ету (қол алысу) сүннет болды.

Сәжде Қағбаға қарай жасалады. Қағбаның өзіне арнап сәжде етілмейді. Қағба үшін сәжде еткен адам кәпір болады. Қағба –бұл құбыламыз, яғни ғибадаттардың қабыл алынатын бағыты. Мұсылмандар ғибадат еткенден сол құбыла бағытында Аллаһқа сәжде етеді. Әйтпесе ешбіріміздің орындап жүрген сәжделеріміз Қағба үшін емес, Аллаһ үшін жасалуда. Сол бағытты көрсетіп тұратын белгі бұл Қағба деп аталатын ғимарат. Аллаһу та’ала да періштелерге Адам алейһиссалам бағытында қарай Өзіне сәжде етуді әмір етті. Бірақ Ібіліс бұны қабыл етпеді. Адам алейһиссаламға құрмет үшін сәжде етуді әмір ете алатын еді. Жоғарыда білдірілгендей, Адам алейһиссалам заманында сәлемдесу адамдардың бір-бірлеріне сәжде етулері арқылы атқарылатын еді. Осы мағынада болса да Ібіліс Адам алейһиссаламға құрмет көрсетуді қабылдамады. Негізінде Аллаһу та’аланың әміріне қарсы шықты. Қарсы шығу неліктен күпір болсын деген ой келуі мүмкін. Ібіліс Аллаһу та’аланың бұл әмірін ұнатпады, «Оттан жаратылған болмыс топырақтан жаратылғанға қалайша құрмет көрсетеді, бұл әмірің қателік» деді. Аллаһу та’аланың әмірін ұнатпағаны үшін кәпірлерден болды.

Мәуліт қашан болады?

Нұрдәулет 

Мәуліт түні 2015 жылдың 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні кірді. Қай жерде болатыны әлі белгісіз Жақын күндерде хабарланып айтылады.

Намазды сағат нешеде оқыған дұрыс?

Асылбек 

Әр намазды өз уақытында оқу парыз. Тара қаласы бойынша:

Таң 7:04

Күннің шығуы 8:45

Бесін 13:20

 Екінті16:13

Шам18:01

Құптан19:25

Осы аралықтарда оқысаңыз болады. 

3 қаңтар Мәуліт мерекесі күні қандай ғибадаттар, дұғалар жасалады?

Гүлнұр 

Салауат айту, Ықылас сүресін оқу, садақа беру. Ең қысқа салауат  «Аллаһуммә салли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин»

Аллоһуммә солли }أللهُمَّصَلِّعلىَمُحَمَّدٍوَعلَىآلِمُحمدٍكَماصَلَّيْتَعلَىاِبْرَاهِيمَوَعلىآلِاِبْرَاهِيمَاِنَّكَحَميدٌمَجيدٌ

«Аллоһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Аллоһуммә бәрик للهُمَّبَارِكْعلىَمُحَمَّدٍوَعلَىآلِمُحمدٍكَمابَارَكْتَعلَىاِبْرَاهِيمَوَعلىآلِاِبْرَاهِيمَاِنَّكَحَميدٌمَجِيدٌ

«Аллоһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер. Бұл айда салауаттар және ықылас сүресін оқу керек. Мүмкін болса садақа беру.

«Сүлейменшілер» деген кімдер?

Нұрхат  

Сүлейменшілер - ел аумағында  діни пансиондарын сонау Тәуелсіздік алған жылдардан бері  ашып, қазіргі кезде ең көп діни пансион ұстайтын діни ұйым. Бұларды ел ішінде «сүлейменшілер» деп атайды. Қазақ балаларын дінге үйретеді.  

«Ла уксима»  сүресін жазып жібере аласыз ба?

Бақытжан 

Қазақша мағынасы арабшадан кирилше жазылмаған екен.  

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

  1. Жоқ, осы (Мекке) қаласына ант етемін;
  2. (Мұхаммед Ғ.С.) сен осы қалада тұрасың.
  3. Әкеге, балаға (Адам Ғ.С. мен балаларына) серт!
  4. Расында адамзатты әбігер жараттық.
  5. Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?
  6. «Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді.
  7. Оны біреу көрмеді деп ойлай ма?
  8. Оған екі көз жаратпадық па?
  9. Әрі бір тіл, екі ерін?
  10. Оған екі жол көрсетпедік пе?
  11. Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.
  12. Кедергінің не екенін қайдан білесің?
  13. Ол; құл азат ету,
  14. Немесе ашаршылық күнде тамақтандыру;
  15. Жақындағы болған бір жетімді,
  16. Немесе шаң топырақтағы сорлыны.
  17. Сосын иман келтіріп, бір-біріне сабыр меңзегендерден және өзара мейірімділік кеңесін бергендерден болу.
  18. Міне осылар; оңшылдар.
  19. Сондай аяттарымызға қарсы шыққандар, олар; солшылдар.
  20. Олар тозаққа қамалады.

Өз жалқаулығымды кемітіп, имандылығымды күшеткім келеді. Қалай өз-өзімді жеңсем болады?

Мақсат 

Иманды күшейту үшін көп нәрсе бар. Бұлардан бірнешеуін білдірейік: 1)     Жақсы мінезді болу.

2)    Үнемі Аллаһу та’аланы еске алу.

3)    Ықыласты болу.

4)    Жомарт болу. 

5)    Өз еркінде болмай үлкен бәлелерге тап болу.    (Салих адамдар үшін)

6)    Харамдардан қашу.

7)    Күпірге түсуден қатты қорқу.

8)   Жақсы көретін адамын Аллаһ үшін жақсы көру, Жаман көретін адамын Аллаһ үшін жаман көру.

 9)  Салих болу.

10) Намазға қатты мән беру. 

Бұл тақырыптағы хадис шәрифтерде былай делінеді:

            «Иманы ең қуатты мұсылман жақсы мінезді болғаны. Адамдар жанына оңай жақындай алады, келіп, кетушілері көп болады. Барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен сиыса алмайтын адамда қайыр болмайды.»(Табарани)

            «Қайда болса да Аллаһу та’аланы ұмытпайтын адамның иманы қуатты.» (Бәйһақи)

            «Аллаһ үшін жасаған істерінде жазғырылудан қорқпайтын, амалы ықыласты болатын, екі істің бірі ахыретке, бірі дүниеге пайдалы болса, ахыретке пайдалы болғанын таңдайтын адамның иманы қуаттанады.» (Дәйләми)

            «Құран оқу және Аллаһты зікір ету иманды қуаттандырады.»(Дәйләми)

            «Ең ауыр бәле пайғамбарларға, әулиелерге және бұларға ұқсағандарға келеді. Адамның иманы мықты болған сайын бәлеге душар болады. Иманы мықты болса, бәлесі ауыр болады. Иманы әлсіз болса, бәлесі жеңіл болады.» (Тирмизи)

            «Жомарт мұсылманның иманы қуатты болады.» (Дәйләми)

            «Аллаһтан қорқып харамға қарамаған адам иманының ләззатын сезінеді.» (Табарани, Хаким)

            «Аллаһты және расулуллаһты барлық нәрседен артық жақсы көретін адам, тек Аллаһтың жақсы көгендерін жақсы көретін және күпірге түсу қорқынышы отқа жану қорқынышынан да басым болған кісі иманының ләззатын сезінеді.» (Бұхари)

            «Үш нәрсе иманның ләззатын арттырады: Аллаһ және расулуллаһты барлық нәрседен де артық жақсы көру, өзін жақсы көрмеген мұсылманды Аллаһ разылығы үшін жақсы көру және Аллаһтың дұшпандарын жақсы көрмеу.» (Табарани)

«Жақсылық еткенде қуанып, күнә істегенде өкінетін адам иманды.» (Табарани)

Таң ертең және кешке мына дұғаны оқыған адам ширкке түсуден құтылады және иманы қуаттанады:

«Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ән ушрикә бикә шәй-ән уә әнә ә’ләму уә әстағфирукә лимә лә ә’ләму иннәкә алламул-ғуйуб.» (И. Ахмед)     

Мысалы анам мен әйелімнің  арасында ұрыс көп болады, болмайтын нәрсеге ұрыс шығады. Не істеуге болады?

Нұржан  

Аздаған кеңесіміз бар. Бірақ, кеңес-насихаттан не пайда, бұдан не шығады демеу керек. Кеңеспен насихатты тыңдап, мойынсұнған адамға көп пайдасы тиеді. Ең бастысы тыңдап, мойынсұну керек. Өйткені Құран кәрімде былай делінеді: «Насихат мұсылмандарға әрине пайда береді.» (Зарият 55) Хадис шәрифте былай делінді: «Ахлақтарыңды (мінез-құлықтарыңды) көркейтіңдер.» (Ибн Лал).

Ахлақты, мінезді өзгерту мүмкін болғаны үшін хадис шәрифте осылай айтылған. Онсыз да дін – көркем мінез деген сөз. Олай болса діннің әміріне мойынсұнып, тыйымдарынан аулақ болған адам, мінезін өзгертіп көркем мінезді болады. Көркем мінезді болған адам екі өмірде де рахатқа, бақытқа қауышады. Енді негізгі тақырыпқа өтейік.

Үйде тыныштық , бақыттылық болуы жұмыс орындағы сыпайылықтан маңызды. Бақыт – миллиардтап табыс табудан да маңызды. Олай болса, мақтауды білетін, сыпайы және күлімдеп жүретін адамның үйінде түсініспеушілік, келіспеушілік болмайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам үйіне күлімдеп кіріп сәлем беретін еді. Адам көңіл-күйі болмаса да күлімдеуді ұмытпауы керек. Өйткені әл-әрекеттеріміз сөзге қарағанда көбірек әсер етеді.

“Күлімдеу” деп аталатын жалынға ерімейтін мұз болмайды. Жүректер күлімдеу арқылы жаулап алынады. Мұсылман күлімдеген, жарқын жүзді болады, ал мунафиқтың қабағынан қар жауып тұрады. Күлімдеу – тегін дүние. Алғанды қуантады, бергенді де ренжітпейді. Кейде бір күлімдеу өмір бойы естен шықпайды. Бақыттың кілті – күлімдеу. Күлімдей алмайтын адам – бейшара адам. Күлімдей алу дүние мен ахырет бақытына себеп болады.

Түркиядағы «Айя София» мешіті кезінде ішркеу болған екен, ал қазір мешіт. Бірақ, менің білуімше, Ислам дініде бұрынғы шіркеуді мешітке айналдыру дұрыс емес. Осыған не айтасыздар?

Қайрат  

Сіз бен біз білмейтін нәрселер көп. Айя-София мешіті – Стамбұл шаһарының Сұлтанахмет ауданында орналасқан. Алғашында православтық шіркеу болып бой көтерген бұл ғимарат құрылысы Осман империясы тұсында түбегейлі өзгереді. 1453 жылы Константинпольді тізе бүктірген Мехмед ІІ  тұсында шіркеу құрылысы өзгертіліп, мұнара мен михраб салынады. Содан Айя-София мешіті мұсылман қауымының мақтаныш етер мерейлі ғимараттарының бірі айналды. 1935 жылы музей дәрежесін иеленген Айя-София 1985 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра нысандар тізіміне енген.  Қазіргі европаның көптеген жерінде шіркеулер мешітке айналып жатыр. Бұл жақсылықтың белгісі.