Ислам асыл дініміз

Ассалаумағалейкум! 30 аяттан тұратын сүре атын білесіз бе?

Нұрмаханбет

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух!  «Сәжде», «Мүлк» және «Фажр» сүрелері 30 аяттан тұрады.

Мен намаз оқығанда көптеген дүние жайлытойлар араласып кетеді. Намаздан шатасамын. Содан намазым қаза бола бастайды. Иманым әлсіз бе, әлде дұрыс оқымаймын ба, қалай ойлайсыз?

Әділхан  

Ислам ахлағы кітабында былай делінген: «Имамға ұйыған кезде имам Фатиханы оқығанда “Оң жағымда жаннат, сол жағымда жаһаннам, төбемде Әзрейіл алейһиссалам, қарсымда бәйтуллаһ (Қағба), алдымда қабір және аяғымның астында сират көпірі, менің есебім оңай бола мекен? Жасаған ғибадатым ахиретте басыма тәж, қасыма жолдас және қабірімде нұр бола мекен? Жоқ әлде қабыл болмай ескі шүберектей бетіме ұрыла мекен?” деп тәфәккүр ету керек» (Мифтахул-жаннат). Осыған орай,  ниетті дұрыстап оқысаңыз болады.

Ассаламуалейкум! Өзім, Әлхамдулилла намазханмын әрі бойдақпын. Иншалла  өзім сияқты, ибалы, хиджабтағы қызга үйленсем деген ниетім бар.  Бирак ата-анам бұған түбегейлі қарсы, ондай қыздар «уахабистер» деп айта береді.  Маған қандай кеңес айтар едііздер?

Қайрат 

Уағалайкум сәләм уа рахматтулахи уа баракатух! Бауырым басын жамылғанның бәрі уахабист емес қой. Бірақ, ел арасында сондай пікір қалыптасқан. Танысып жатсаңыз сенімін амалын білсеңіз болады.

Ораза қазасын бөліп өтеуге болады ма?

Түгел   

Уақытыңыз,  денсаулығыңыз келмей жатса бөліп ұстауға болады.

Мәуліт біздің қаламызда қай күні және қаншада болады?

Дарын 

Қаңтар айының 23 жұма күні Баласағұнда 14 30 басталады. Келіңіздер. 

Сәлеметсіздер ме?! Араққа  тұндырылған шөп дәрілерге дінімізде қалай қарайды,  ол дәрілер намазға кесірін тигізбей ме? Шипа жағы қалай болады? Осы сұраққа толығырақ жауапты жарияламай, өз почтама жіберсеңіздер...

Жадыра 

Сәләметсіз бе, Жадыра! Дерттің  шипасы Аллаһтан сұралады. Спирттың құрамы өзгереді, сондықтан дәрі ретінде  ішуге болады.

Сәлеметсіздер ме? Құран  кәрімнің аудармасын оқу, яғни қазақшасын оқу дұрыс емес деп естідім. Себебі ол Алланың сөзі емес аударған адамның сөзі делінеді. Одан кейін кириллицамен оқу да қате көп деп естідім, себебі араб тіліндегі сөздер кириллицада жоқ екен. Кириллицамен  оқу мағынасын жоғалтады дейді. Мен  арабша білмеймін сонда қалай оқимын?

Айдын 

Құранда не жазылғанын білу үшін аудармасын оқуға болады. Арабша оқуды білмегендіктен кириллицамен оқуға болады. Дүниеде қаншама халық өз тілдерінде оқуда ғой. Мүмкін болса ертерек арабша сауат ашқан жөн. Қашақша мағынасымен  намаз оқылмайды.

Мен намаз оқуға ниеттеніп жүр едім. Осы сайттан әйелдерге арналған бүкіл намаз оқу үлгісін ала аламын ба? Өзім екі баланың анасымын. Менің жолдасым шамалы ащу суға жақын адам, маған намаз оқуға болады ма?

Алма 

Әрине болады ниетіңіз қабыл болсын. Сіз намаз оқуды бастағаннан кейін жолдасыңыз қояды. Осы сайт ішінде намаз оқу бөлімінде намаз оқу үлгілері көрсетілген.

Біз отбасымызбен қайын ағамның  3 бөлмелі үйінде  екі жылдан бері тұрамыз. Өзіңіз білесіз, қазір жалдамалы пәтер ақы қымбат. Дінімізде өсім ақыны харам дейді.  Егер пәтер мәселесіне байланысты,  пәтер тұрғызуға, я болмаса үй сатып алуға  кредит алу мүмкін бе?

Сандуғаш 

Білесіз дінімізде пайызға алу беру тиым салынған. Дегенмен,  мәжбүр жағдайда текқана үй, пәтер алуға ғана рұқсат берген ғалымдар бар.

Алла разы болсын Сізге! Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін, көкейімдегі көп сұрақтарға жауап алдым. Намазымды ешқашан тастамаймын. Намазды тастаған адам Алла  жолынан тайған адам дейді, бірақ,  мен олай енді үлкен күнәға кенелгім келмейді. Әрине әркім өзі үшін жауапты. Бірақ, Сіздің ақыл-кеңесіңізге үлкен рахмет!

Сандуғаш

Көмегіміз тисе болғаны. Аллаһ жеңілдігін берсін!