Ислам асыл дініміз

Ассаламуғалейкум! Менің қояр сұрағым Аллаһ қаласа әскерге баратын шығармын, бірақ намазымның парызын ғана оқысам болады ма және тамақтарына күмәнданамын?

 Уағалейкум ассәлам! Әскерде уақыттың аздығы себепті намаздың парыздарын оқыса  жеткілікті. Негізі, шошқа еті әскерде пайдаланылмайды деп естідік. Бірақ, күмән болып жатса, сұрауға болады.

Ассаламуғалейкум! Ауылда жүрген балаларға осы сұрақ көмек болады деп үміттенемін. Қорада Алланың есімдерін айтуға, сүрелерді дауыстап немесе іштей қайталауға болама? Тағы да бір сұрақ шортан балықты жеуге болама?

Уағалейкум ассәлам! Қорада Құран оқымау абзал. Себебі, малдардың нәжістері бар.  Балықтың барлық түрін жеуге болады.

Менің жолдасым күніге арақ ішіп келеді. Әр намаз  уақытында  Алла тағаладан  осы азаптан бізді құтқаруын, күйеуімнің  тура жолға түсуін  тілеп келемін. Алайда бәрі бекер.  Сонда Алла тағаланың бір адамға шамасы келмегені ме?  Мен өз ойымнан өзім қорқайын дедім. Маған көмектесіңізші,  өтінемін.

«Аллаһ тағаланың бір адамға шамасы келмегені ме?» деген сөзіңіз - күпір сөз. Яғни, бұл сөз діннен шығаратын сөз. Тәубе істеңіз. Тура жолға салушы тек қана Аллаһ тағаланың өзі.  Нұх пайғамбардың баласы және Лұт пайғамбардың әйелі кәпір болды. Перғауын  кәпір болып, әйелі Асия дінде болды. Пайғамбарымыз (с.а.у.)  ағалары  Әбу Лаһаб пен Әбу Талиб те кәпір болып өлді.  Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға көп дұға істеген, тура жолға шақырған. Бірақ, Аллаһ тағала оларға һидаят (тура жол) бермеді. Бірақ, Құранда Аллаһ бізге олар үшін тура жол сұрап,  дінде білгенімізді  жеткізуді бұйырды. Сол үшін мұның бәрі Алладан біздің иманымызға келген сынақ. Мұндай сынақта сабыр қылып, күпір сөздер айтпай, олар үшін дұға жасаймыз. Әрі дінді уағыздаймыз.

Музыка харам ба? (дәлелмен болса)

Саят

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Абай


Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ән, музыкаға рұқсат ететін де, тыйым салатын да көптеген хадистері бар. Музыкаға байланысты дәлелдердің әр түрлі болуына байланысты ғұламалардың кейбіреуі жалпы музыканы харам десе, енді біреулері адамға пайдалысы адал, ал зияндысы харам деп пәтуа берген[1].

Толық дәлелді осы жерден табасыз: http://hibatulla.kz/ru/lib1_1-b-100-p-15.html

Әйел өз табысының бір бөлігін күйеуімен ақылдаспай өзіне және үйге қажет заттар алып жаратса айып бола ма?

Әйел өз табысын қалай жұмсаса, әрі неге пайдаланса өзі біледі. Оған күйеуінің рұқсатын сұрау қажет емес. Күйеуінен өз табысын қалай жұмсауды сұрамаса ол әйел үшін шариғатта  ешқандай күнә жоқ.

Ассаламуалейкум! Соңғы кездері намазым көп қаза болып жүр, иманым да әлсіреп кетті. Не істесем екен? 

Уағалейкум ассәлам! Иман түсіп кетпес үшін, білім іздеп, мешіттерде сабақ алып тұру жақсы. Таңертең, кешке дұғаларды оқып жүру керек.

Асссаламуағалейкум! Менің сұрар сұрағым қыз бен жігіт қалай үйлену керек? Қалай танысып? Егер кездесіп жүрсе ол күнә болады ма?

 Уағалейкум ассәлам! Қыз бен жігіт үйленетін болса, алдымен әке-шешесімен танысып, сөйлесіп, олардың разылығын алу керек. Ешкім білмеген жағдайда бір-бірімен кездесіп жүруге болмайды. Туысы немесе бауырынан біреу үшінші адам болу керек.

Ассаламуағалеукум! Бес уақыт намаз окып бастап едім қасымда кыз бар еді оқитын. Акшам намазы жарты сағаттан кейін шығып кетеді дейді. Бир кітапта оқығам құптан намазына дейін жалғасады деп. Соны түсіндіріп беріңізші.

Уағалейкум ассәлам! Ақшам намазы - күн батқаннан кейін қызыл шапақ біткенге дейін. Жамбыл облысы бойынша ақшам уақыты күн батқаннан кейін 45-50 минут.

Ассаламуағалейкум! Жана жылды тойлауға болады ма ислам дінінде?

Уағалейкум ассәлам! Исламда жаңа жыл тойланбайды. Исламда екі мейрам бар. Олар: айт, құрбан айт.

Ассаламуағалейкум! Жана жылды тойлауға болады ма ислам дінінде?

Уағалейкум ассәлам! Исламда жаңа жыл тойланбайды. Исламда екі мейрам бар. Олар: айт, құрбан айт.