Cәлеметсіздерме: менин жасым 29 да мен бес уакыт намаз окыгым келеди,калай уйренсем болады: уакыттын узбей оку керекпе: танда жане кешке окуга боладым? рахмет
Лаура
Уа а'лейкумуссалам, құрметті Лаура ханым! Төменде намаз оқып үйрену үлгісі мен әйел мен ердің намаз оқудағы айырмашылығын жолдадық ниетіңіз қабыл болсын! Әлбетте, әр мұсылманға намаздарды өз уақыттарында оқуды парыз еткен. Әдейілеп таң намазын таңда оқып, қалған намаздарды кешке жинап оқу дұрыс емес. Мүмкін болса, сұрақтарыңызға кеңінен жауап алу үшін мешітке келіп имамдарға жолығуыңызға кеңес береміз! Аллаһ разы болсын!
Намаз оқып үйрену үлгісі
Бамдат намазы
Бамдат намазының алдымен екі рәкат сүннеті оқылады. «Бүгінгі бамдат намазының екі рәкат сүннетін оқуға ниет етттім» деп ниет етіп, дереу екі қолын екі құлағына тақап, «Аллаһу әкбар» сөзін айтып, тәкбір алады. Осыдан кейін қолдарын байлап, «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та'ала жәддука уә ләә иләһә ғайрука», «Ә'узу биллаһи минаш- шайтанир-ражим, Бисмиллаһир-рахманир-рахим» дейді де, «Фатиханы» оқып, соңында іштен «әмин» дейді. Одан кейін Құраннан ұзақ бір аят яки үш қысқа аят немесе сүре оқылады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» дейді де, рүкүғке барады. Бұл жерде кем дегенде үш рет «СубханАллаһил- азим» деп тәсбих айтады. Сосын «Сәми' Аллаһу лимән хамидаһ» сөзін айтып, қиямға барады. Қиямға барысымен «Аллаһумма Раббәнэ уә ләкәл-хамд» деп айтады. Бұдан кейін «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеде үш рет «Субхана Раббиял-а'ла» дейді де, «Аллаһу әкбар» деп, сәждеден түрегеліп, бір тәсбих айтылатындай уақыт отырады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп екінші сәждеге барады. Мұнда да үш рет «Субхана Раббиял-а'ла» деп тәсбих етеді. Осылайша бір рәкат аяқталады.
Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, екінші рәкатқа бастау үшін қиямға тұрады. Түрегеп тұрып тек қана «Бисмиллаһ» пен «Фатиха» және қосымша сүре оқылады. Бұдан кейін бірінші рәкаттағы секілді рүкүғ пен сәжде жасалады. Екінші сәждеден кейін отыра- ды. Бұл - екі рәкаттық намаздың соңғы отырысы. Осы жерде «әт-тахият», «салауат», «раббанә әтина» дұғалары оқылады. Олар мыналар: «Әт-тахияту лиллаһи уас- салауату уа'таййбату, әс-сәламу а'ләйка әйюһән- нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһу, әс-сәламу а'ләйна уә а'ла ибәдиллаһис-саалихин, әшһаду ән ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ»,
«Аллаһумма салли а'ла Мухаммәдин уә а'ла әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта а'ла Ибраһимә уә а'ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а'ла Мухаммәдин уә а'ла әли Мухаммәд. Кәмәә бәәрәктә а'ла Ибраһимә уә а'ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжид».
«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил- әәхирати хасанатән. Уә қинәә а'заабан-наар.» Осыдан кейін барып «әс-Сәламу а'лайкум уә рахматуллаһ» - деп алдымен - оңға, сонан соң - солға сәлем береді. Міне, осылайша екі рәкаттық намаз аяқталады. Негізі намаз осы екі рәкаттық қозғалыстан тұрады. Бұл намаздағы барлық «тәкбір», «тәсбих», «қырағатты» түгелдей құпия оқиды. Ер мен әйелдің намаздағы айырмашылықтары жайлы жоғарыда айтып өткенбіз.
Міне, екі рәкат сүннет біткеннен кейін бамдат намазының екі рәкат парызы басталады. Алдымен қамат айтылады да, парызға ниет етіледі. Осыдан кейін қолдарын көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, намазға бастайды. Бұл екі рәкат тұп-тура, жоғарыда өткен екі рәкат сүннет секілді оқылады. Бірақ «Фатихадан» кейін Құранды көбірек оқу - сүннет. Бұл сүннеттің азы - қырық аят. Бірақ үш аят оқыса да болады. Бамдат намазын жеке оқыған адам тәкбірлерді, «Фатиха» мен сүрелерді яки аяттарды, «Сәми' Аллаһу лимән хамидаһты» жария оқи алады.
Бесін намазы
Бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннетінің алдыңғы екі рәкаты дәл бамдат намазының екі рәкаты секілді оқылады. Яғни, сүннетке ниет етіп, қол байланып, екі рәкат оқып отырады. Бірақ бұл жерде әт-тахиятты оқығаннан кейін «Аллаһу әкбар» деп орнынан түрегеліп, қиямға барады. Салауат пен дұға оқылмайды. Салауат пен дұға әрқашан намаздың соңғы отырысында оқылады. Қиямға барған соң «субханака» дұғасын оқымай, бірден Бисмиллаһ пен «Фатиха», Құраннан сүре оқылады. Одан кейін рүкүғ және сәждеге барады да, сәжде жасаған соң қайта қиямға тұрады. Мұнда да бисмиллаһ, «Фатиха», аздап Құран оқылып, рүкүғ, сәжде жасап отырады. Бұл намаздың соңы болғандықтан, осы отырыс - «ақырғы отырыс» деп саналады. Міне, осы кезде «әт-тахият», «салауат», дұға оқылып, сәлем беріледі.
Ал бесін намазының парызы былайша оқылады: Сүннет оқылып біткеннен кейін қамат айтып, бесін намазының парызын өтеуге ниет етеді. Содан кейін екі қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлайды да, дәл таң намазының екі рәкат парызы секілді оқылады. Бірақ түскі намаз төрт рәкат болғандықтан, екінші рәкаттан кейін отырып, «әт-тахиятты» оқиды да, «Аллаһу әкбар» деп орнынан түрегеліп, үшінші рәкатқа бастайды, Бұл жерде тек қана Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылады. Яғни, қосымша сүре, аят оқылмайды. Содан кейін рүкүғ пен сәждеге барады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп, төртінші рәкатқа бастайды. Мұнда да тек қана Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылып, рүкүғ, сәждеге барады да, ақырғы отырысқа отырады. Бұл соңғы отырыс болғандықтан, «әт-тахияттан» кейін, «салауат» пен дұға оқып, сәлем береді. Осылайша бесін намазының төрт рәкаттық парызы аяқталады. Бұдан кейін бесін намаздың екі рәкат сүннеті оқылады. Бұл сүннетке ниет еткеннен кейін дәл бамдат намазының екі рәкат сүннеті секілді орындалады. Жеке адам бұл намазды құпия оқиды.
Намаздыгер намазы
Намаздыгер намазының парыздан бұрын оқылатын төрт рәкат сүннеті - мүәккад болмаған сүннет. Мұның әрбір екі рәкаты өз алдына жеке намаз секілді. Сондықтан бұл намазға бастарда адам намаздыгер намазының төрт рәкатына ниет етеді де, алғашқы екі рәкаттан кейін отырып, «әт-тахият» пен «салауатты» оқиды. Яғни, бұл жерде дұға оқылмайды. Міне, осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп, қайта үшінші рәкатқа бастайды. Бұл үшінші рәкатты бастарда намазды жаңадан бастағандай етіп, ал- дымен «субханака», «әуз'у мен бисмиллаһ», одан кейін
«Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ пен сәждеге барады. Бұдан кейін тәкбір айтып, төртінші рәкатты бастайды. Рүкүғ пен сәждеден кейін отырып, «әт-тахия», «салауат», дұға оқып, екі жаққа сәлем береді.
Намаздыгер намазының төрт рәкат парызы дәл бесін намазының төрт рәкат парызы секілді оқылады. Айырмашылығы - намаздыгер намазына ниет ету. Бұл намаз құпия оқылады.
Ақшам намазы
Ақшам (намазшам) намазының үш рәкат парызы бесін мен намаздыгер намазының алғашқы үш рәкат намазы секілді оқылады. Алдымен ақшам намазының парызына ниет етеді де, қол көтеріп, тәкбір айтып, қол байлайды. Содан кейін жоғарыда айтылғандай екі рәкат оқылып, болған соң отырып, «әт-тахият» оқиды. Бұл - бірінші отырыс. Міне, осыдан кейін тәкбір айтып, үшінші рәкатқа бастайды. Бұл жерде Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылады да, сүре, аят оқылмай, рүкүғ пен сәждеге барып, ақырғы отырысқа отырады. Бұл жерде «әт-тахият», «салауат» және дұға оқып барып, екі жаққа сәлем береді. Ақшам намазында уақыт қысқа болғандықтан, қысқа сүрелер оқылады.
Ақшам намазының екі рәкат сүннеті - айна-қатесіз бамдат намазының екі рәкат сүннетіндей оқылады. Жеке адам ақшам намазы парызының екі рәкатын бамдат намазының парызы секілді жария оқи алады. Бірақ соңғы рәкатта Бисмиллаһ пен «Фатиханы» құпия оқиды.
Құптан намазы
Құптан намазының алдымен төрт рәкат сүнетті оқылады. Бұл - намаздыгер намазының төрт рәкат сүннетіндей мүәккад болмаған сүннет. Айна-қатесіз намаздыгердің төрт рәкат сүннеті секілді оқылады. Осыдан кейінгі оқылатын төрт рәкат құптан парызы да дәл бесін және намаздыгер парыз намаздары секілді оқылады. Айырмашылығы құптан намазына ниет етіледі. Осыдан кейін оқылатын екі рәкат сүннет бамдат намазының екі рәкат сүннеті секілді оқылады. Бұл жерде тек ниет өзгереді. Жеке оқыған адам құптанның алғашқы екі рәкатын жария оқи алады.
Үтір намазы
Үш рәкаттан тұратын үтір намазының оқылу тәртібі төмендегідей: Алдымен үтір намазына ниет етеді. Содан кейін қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлап бастай- ды да, екі рәкаттан кейін отырып, «әт-тахият» оқиды. Осыдан кейін тәкбір айтып, орнынан тұрып, үшінші рәкатқа Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқиды да, «әмин» деген соң, осыған жалғастырып аят немесе сүре оқиды. Осыдан кейін түрегеп тұрып, қолдарын құлағының тұсына дейін көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, тәкбір айтады да, қайта қол байлап, түрегеп тұрған бойы «құныт» дұғасын оқиды.
Содан кейін тәкбір айтып, рүкүғ пен сәждеге барып, ақырғы отырыс жасайды. Әдеттегідей «әт-тахият», «са- лауат» және «раббана әтина» дұғасын оқып, екі жаққа сәлем береді. Мұның дәлелі: Хазіреті Айша былай дейді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш рәкат үтірді оқитын. Үш рәкаттан кейін сәлем беретін». Басқа бір хадисте Аллаһ Елшісі былай дейді: «Ей, Құран иелері! Үтірді оқыңдар. Өйткені, Аллаһ жалғыз. Тақ санды жақсы көреді».
Үтір намазы Рамазанда ғана жамағатпен оқылады.
«Құныт» дұғасын білмейтін адам «Рәббәнә әәтинә...» дұғасын оқи алады.
Құныт дұғасы. Бұл - Хазіреті Омар мен ұлы Абдуллаһтан (р.а.) бізге жеткен:
«Аллаһумма инәә наста'иинукә уә настағфирукә уә нәстаһдика уә ну'мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу а'лайкә уә нусни а'лайкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурукә уә нахла'у уә нәтруку мәй йәфжурук.
Аллаһумма ииәәкә на'буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нас'а уә нахфиду наржу рахмәтәкә уә нахшә а'заабәкә иннә азаабәкә бил куффари мулхиқ».
Мағынасы: «Аллаһым, біз күмәнсіз сенен жәрдем және кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе етіп, саған сүйенеміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем байланысымызды үземіз. Аллаһым! Біз тек саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды».
Әйел мен ердің намаз оқудағы айырмашылығы
Негізінен, Аллатағалаерменәйелдібірдейетіпжаратқан. Аллатарапынантүскенқандайдабірбұйрық, тыйымболсын, екеуінедеортақ. Алла тағала Құранда: «Намазға тұрыңдар да, зекеттеріңді беріңдер»,-деген. Демек, намаз ерге де, әйелге де бірдей бұйырылған. Дегенмен, олардың өзіндік жаратылыс ерекшеліктері бар.
Құрандағы«Намазға тұрыңдар» деген аят жалпылама түрде келгенімен, пайғамбарымыздың кейбір хадистерінде әйел затының жаратылыс ерекшеліктеріне қарай олардың кейбір құлшылық және адам арасындағы мәміле мәселелерінде өзгешеліктерін көрсеткен. Ол жайында төмендегі айырмашылықтардан аңғаруға болады:
1. Әйел заты айына бір рет келетін етеккірге яки босанғаннан кейін қырық күн бойы қан келуіне байланысты намаздарын өтемейді. Себебі Айша анамызға (Алла оған разы болсын) бір әйел келіп, етеккір кезіндегі әйелдің намазы мен оразасы жайында сұрады. Ол: «Біз Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) заманында хайыз халінен кейін тазаланатынбыз. Сонда бізге оразаның қазасын өтеп, намаздың жіберіп алған қазасын өтемеуімізді бұйыратын»,-деп жауап берген.
2. Хайыз, нифастан тазарғаннан кейін оқымаған намаздарының қазасын өтеуден босатылады. Яғни осы мерзімдегі намаздарының қазасын өтемейді. Бір күні Мәдинада Муазат атты сахаба әйел Айша анамыздан: «Етеккір халіндегі әйел оразасының қазасын өтеп, намазының қазасын неліктен өтемейді?»-деп сұрады. Сонда Айша: «Сен Харурияелінен келгенбісің?»-деді. Әлгі әйел: «Жоқ. Мен ол елден емеспін, тек сол жайында сұрап білгім келеді»,-деп жауап қайырды. Сонда Айша: «Біз Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) кезінде хайыз болғанда, оразаның қазасын өтеп, намаздың өтелмей қалған қазасын оқымауымызға бұйырылдық»,-деп жауап берген.
3. Сондай-ақ, ерлерге мешітке барып, жамағатпен намаз оқу абзал амал болса, әйелдерге керісінше, үйінде оқығаны жөн. Алайда, олардың мешітке баруына тыйым салынбайды. Бұған қатысты Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Әйелдеріңді мешітке баруға тыйым салмаңдар. Ал олардың өз үйлерінде оқығаны абзалырақ»,-деген.
4. Ерлерге жұма намазын мешітке барып оқу уәжіп. Ал әйелдерге ол міндетті емес. Себебі Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жұма намазын әрбір мұсылман адам жамағатпен оқуы уәжіп екендігі ақиқат. Тек, мына төрт топқа: Біреудің иелігіндегі құл, әйел, сәби мен ауруға міндет емес»,-деп айтқан.
5. Әйел заты намазға тұрғанда еркектерге қарағанда киімі кең әрі денесін толық жауып тұруы қажет. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Балиғат жасына толған әйелдің намазы (басын) жамылғымен жауып (оқымайынша) қабыл етілмейді»,-десе, басқа риуаятта: «Алла балиғат жасына толған әйелдің намазын орамалынсыз қабыл етпейді»,-деген.
6. Ерлердің әурет жері кіндікпен тізенің арасы болса, әйелдікі жүзі мен екі алақанынан басқа барлық жері әуретке жатады. Әрі намазда тұрғанда да аталмыш жерінен басқа денесі түгелдей жабылып тұруы тиіс. Алла тағала: «...Өздігінен көрініп тұрған жерден басқа зейнеттерін көрсетпесін...»,-деген аятқа қатысты Ибн Аббастан сұрағанда, ол: «Ол - бет пен екі алақан»,-деп жауап берген. Намазда да аталған екі жерден басқа барлық мүшесін жасырып тұруы қажет.
7. Ерлер әрбір намазды бастағанда азан мен қамат айтып оқуы тиіс. Ал әйелдерге міндет емес. Әсмә бин Бәрид (р.а.) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):«Әйелдерге азан да, қамат айту да міндет емес»,-дегенін жеткізген.
8. Әйел кісілер ерлермен жамағат болып намаз оқығанымен, олармен бір сапта тұрып намаз оқи алмайды. Әнәс ибн Мәлік (р.а.): «Бірде Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) біздің үйімізге келіп намаз оқыды. Намазды бастарда ол мені оң жағына алып, әйел адамды артқы қатарға тұрғызып оқыды»,-деген. Басқа бір хадисте:«Ерлерге ең жақсы қатар - алдыңғысы, ал жаманы - соңғысы. Әйелдерге ең жақсы қатар - соңғысы, жаманы - алдында болғаны»,-деген.
9. Сондай-ақ әйелдер ер адамдармен бірге бір имамға ұйып намазда тұрғанда, сәждеден бастарын ерлерден кейін көтергендері абзал. Әсмә бинт Әбу Бәкір (Алла әкесі екеуіне разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, (намазда) ерлер бастарын (сәждеден) толық көтеріп болмайынша (әйел адам) басын көтермесін. (Себебі әйелдер) ерлердің әурет жерін көрулері жек көрінішті»,-деп айтқанын естідім деген. Алайда ол кезде сахабалар сәждеге барғанда кейбірінің изәрі (кіндіктен төмен қарай жабылатын мата) ашылып қалатындықтан Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әйелдер ерлердің әуретіне көзі түспес үшін сақтық ретінде айтқан. Ал қазіргі таңда кей мешіттерде ерлер мен әйелдердің намаз оқитын жерлері бөлек болғандықтан, ондай қауіп жоқ. Әйсе де, хадис мәтінінде келгендей әйел адамның ер адамнан кейін сәждеден бастарын көтергені жөн.
10. Әйел адам ерлерге имамдық ете алмайды. Себебі пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Әйел адам еркекке имамдық етпейді...»,-деген хадисіне қарай имамдық етуге тыйым салынған.
11. Бір әйел кісі намаз оқып тұрған ер адамдардың артында тұрып, имамға ұюуына рұқсат етілгенімен, жалғыз ер адамның бөтен әйелдерге имамдық етуі - мәкрүһ. Себебі пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «(Бөтен) әйелдердің арасына кіруден сақ болыңдар»,-деп, ер кісінің бөтен әйелдермен жалғыз қалуына тыйым салған.
12. Ерлер жамағатқа имамдық еткенде алға шығып тұрса, әйелдер өз араларында бір сапта, ортасында тұрып имамдық етуіне болады. Айша анамыз (р.а.) парыз намазында әйелдердің ортасында бір сапта тұрып имамдық еткендігі жайында айтылса, Хажира бинт Хусейн: «Умму Сәләмә (р.а.) әйелдердің ортасында бір сапта тұрып, екінті намазында бізге имамдық етті»,-деген. Имам әл-Кәсәни: «Ханафи мәзһабы бойынша әйелдер өз араларында бір сапта тұрып, имамдық етуіне рұқсат етілгенімен, ұнамсыз амалға жатады. Айша мен Умму Сәләмә (р.а.) анамыздың бұлай істеуінің себебі - ерлердің көзіне түспеу, тасалану мақсатымен, өз арасында имамдық еткен»,-деген.
13. Әйел адам намазда тәкбір тахрима алғанда қолды көкірек тұсына дейін көтереді. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ей, Ибн Уәйл! Намазды (бастағанда) екі қолыңды құлағыңның деңгейіне дейін көтер. Ал әйел - қолдарын көкірегіне дейін көтереді»,-деген.
14. Әйелдер намазда тұрғанда қолдарын көкірек тұсына қойып, жинақы тұрады. Ахмад Зафар әл-Усмани: «Әйел заты ерлер сияқты емес, қолдарын кеудесіне қояды. Себебі бұл әйелдің ықтияттылығына жақын әрекет болғандықтан, оның құқы басты мақсат»,-десе, Ибн Абидин: «Әйел мен хунаса (қос жынысты адам) қолдарын кеуде тұсына қояды»,-деген. Сондай-ақ барша мәзһаб имамдары да әйелдердің қолды кеуде тұсына қою мәселесінде бір ауыздан келіскен.
15. Сондай-ақ әйел заты жария оқылатын намаздарды іштен оқиды. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тәсбих - ерлер үшін, шапалақтау - әйелдер үшін»,-деген хадисі әйелдердің даусы ерлердің көңілін аударатындықтан тыйым салынған. Бәдр ад-дин әл-Айни: «Намазда әйел адамның дауыстап тәспих айтуы - мәкрүһ. Себебі ол ерлердің көңілін аударатындықтан фитна, бүлік тудырады. Сол себепті әйелдерге азан шақыру, имамдық ету, намазда дауысын шығарып сүрелерді оқуға тыйым салынған»,-деген.
16. Әйел адам сәждеге барғанда екі қолын ерлер тәрізді ашпай, керісінше бауырына жинайды. Себебі Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бірде намаз оқып тұрған екі әйелдің жанынан өтіп бара жатып (олар намазын оқып болған соң): «Сәждеге барғандарыңда еттің кейбір бөлігін (қолды) жерге тигізіңдер. Себебі әйел сәжде еткенде ер кісідей сәжде етпейді»,-деген.
17. Сондай-ақ, сәждеде ер адамдар қарнын тізелеріне тигізбей, арасын ашып ұстаса, нәзік жандылар ықтияттылықпен тізесіне тигізеді. Ибн Омар (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «...Әйел адам сәжде еткенде жинақы тұрып, қарнын тізесіне тигізеді. Күдіксіз Алла тағала (осылай намаз оқып тұрған) әйелге қарап: Ей, менің періштелерім! Куә болыңдар, мен оның күнәсін кешірдім,-деп айтады»,-деген. Хазрет Әли ибн Әбу Тәлиб (Алла оған разы болсын) те: «Әйел адам сәждеге барғанда жерге жақын әрі омырауын денесіне жинасын»,-деген.
18. Ерлер тәшәһһуд отырысында сол аяғын жерге жатқызып, оң аяғын тік ұстап, саусақтарын құбылаға қарата қайырып тік ұстаса, әйелдер аяқтарын оң жағына жатқызып, солға қарай қисайып отырады. Бұған қатысты, Ата ибн Әбу Рабахадан Ибн Журайж: «Әйел адам намазда бір жағына қарай қисайып отыра ма?»-деп сұрады. Ол: «Иә»,-деп жауап берді де: «Әйел адам намазда отырғанда барынша жинақы отырады»,-деді. Сосын мен: «Екі аяғын да қисайтып отырғанда ерлер секілді ме, әлде сол аяғын құйымшағының астына қойып отыра ма?»-деп сұрадым. Ол: «Жинақы, аяғын құйымшағының астына алып отырады»,-деп жауап қайырды деген. Сондай-ақ Ибн Аббастан (р.а.) әйел адамның намаз оқу үлгісі жайында сұрағанда, ол: «Ол денесін жинақы ұстайды, бір жағына қарай қисайып, сол жақ құйымшағына отырады»,-деп жауап берген.
Сонымен қатар, көптеген фиқһ ғалымдары нәзік жандылардың намаз оқуындағы ерлерден айырмашылықтарының біріне рукуғқа барғанда саусақтарын тізесіне тиер-тимес етіп ұстайды. Ерлер тізесін ұстап тұрады. Ерлер тәшәһһуд отырысында саусақтарының арасын ашып тұрса, олар арасын ашпайды. Намазда көйлек жеңдерін білезіктерінен қысқа етіп кимесе, ерлер шолақ жеңмен намаз оқуларына болады деген айырмашылықтарды да атап өткен.
Байқанымыздай, жоғарыда келген Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріндегі және фиқһ ғұламаларының қойған сүннет, әдептіліктеріндегі ер мен әйелдің намаздағы айырмашылығының мақсаты біреу ғана. Әйел адам задында нәзік жаратылыс болғандықтан, оны қандай да бір көлденең жолмен келетін фитна, бүліктен, жамандықтан сақтау. Тіпті, Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көптеген сахих хадистерінде ер мен әйелдің намаздағы айырмашылығын ашық ажыратып көрсеткен. Біз бұл жерде әйелдердің намаз оқудағы үлгісі ерлердікінен бөлек деуден аулақпыз. Себебі негізгі (асли) үкімдер бәріне ортақ. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Намаздарыңды менен көргендей етіп оқыңдар»,-деген.
Дейтұрғанмен де, пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) намаздың ер мен әйелге бірдей парыздығын жалпылай айтып, әртүрлі жағдайларға байланысты әйелдердің ерекшеліктерін сақтық ретінде түсіндіріп отырған. Демек, әйел заты намазда да ибалығын сақтап, ерлерден тасалануы, жинақы тұруы қажет. Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) әйелдің ұятын қорғап, намаздағы ер мен әйелдің арасындағы айырмашылықтарды қадап көрсеткен болса, онда қазбалап, ер мен әйелдің намазында айырмашылық жоқ, бірдей оқу керек деудің жөні жоқ. Сондай-ақ бұл мәселеге қатысты мұсылмандардың арасында сүттей ұйыған бауырластықты бұзып, халық арасына іріткі салмаған абзал.
Сұрақтарға жауап берген; Тараз қалалық "Әулие-ата" мешітінің Бас имамы Ахметжан қажы Керімбек