Ислам асыл дініміз

Мешітке 2 имамнан сайлану үшін пара сұралды делік. Біреуі бермей тастап кетті, екіншісі  пара беріп дінге, халыққа жақсы қызмет ету үшін  имам болды. Кімдікі  дұрыс?

Мешітке имам сайлағанда пара бермей тастап кеткені дұрыс істеді. Себебі, хадисте айтылғандай: «Аллаһ пара алушы мен берушіні лағнеттеді».  Сол үшін жақсы ниетпен де пара беру дұрыс емес.

Ванна мен әжетхана бір жерде алып жатқан дәретіміз дұрыс па?

Медет

 Ванна мен әжетхана бір жерде (бір бөлмеде) болса дәрет дұрыс болады. Себебі, нәжістер сумен ағып кетеді, бір тұрмайды.

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Құрметті сайт ұжымы сіздерге Алла разы болсын, осындай үлкен жұмыс атқарып отырғандарыңызға! Сұрағым: 1)Шариғатта туылған күнді тойлау және құттықтау деген бар ма? 2)Музыка үкімін айтсаңыздар?

Малика

Уағалейкум ассалам! Рахмет! Туылған күнді тойлау немесе құттықтау шариғат мәселесі емес. Әдетке қатысты мәселе. Егер туған күн хараммен болса, тойлау харам. Егер, харамсыз болса, онда құттықтауға кейбір ғұламалар рұқсат берген. Ал музыка  үкімі жайлы Ислам ғұламалары 2 пікірге бөлінеді: І топ: Музыка тыңдау харам дейді. ІІ топ: Егер музыка бұзық өлеңдермен жазылған болса немесе шахуатқа әсер етсе,  жүрекке әсер етсе, онда музыка тыңдау -харам. Егер мұндай әсерлер болмаса, онда үкімі - мубах (яғни, рұқсат) болады.

Ассалаумағалейкүм, Алла разы болсын!  Алланың разылығын іздеген мұсылманның өмірінде шешім қабылдау деген бір қиын міндеті бар, белгілі бір шешімге келу үшін дұрыстығын,  не бұрыстығын  қатты ойланамын. Сол шешім дұрыс болуына дұға жасаймын. Шешім қабылдау шарттары бар ма?

Уағалейкум ассалам! Мұсылман бір істе  шешім қабылдау қиын болған жағдайда, алдымен истихара (көмек сұрау) намазы оқылады.  Яғни, екі ракағат нәпіл намазын оқып, артынан истихара дұғасын оқу керек. Кейін сол іс туралы басқа мұсылмандармен ақылдасқан жөн. Содан соң, Аллаһқа тәуекел етіп, сол істің орындалуына немесе тоқтатылуына дұрыс шешім қабылдауға әрекет ету керек.

Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! «Ислам ғылымхалы» деген кітпапты кайдан тапсам болады? Біздің  «Һибатулла Тарази» мешітінде сатылады ма екен? Алдын ала рахмет!
Жауап: Уағалейкум ассалам! «Ислам ғылымхалы» кітабы жұма күні орталық мешіттің алдында сатылады.

Ильяс

Уағалейкум ассалам! «Ислам ғылымхалы» кітабы жұма күні орталық мешіттің алдында сатылады.

Қазақ бақсылары: "Түркістанда түмен баб, Сіздерден медет тілеймін, Сайрамдағы сансыз баб, Отырардағы отыз баб, Ең үлкені Арыстан баб, Сіздерден медет тілеймін" деп әулиелерден демеу сұраған. Осы айтылған сөздер Ислам дінінің бірқұдайшылдық қағидасына каншалықты қайшы? Әлде?

Әулиелерден медет, демеу, көмек сұрау  мұның бәрі Аллаһ Тағалаға серік қосу болып табылады.  Құранда былай делінген: «Негізінен Аллаһ өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды. Ал кім Аллаһқа ортақ қосса, рсында өте қатты адасты». (Ниса сүресі, 116 аят).

Ассалаумағалейкум! Сұрайын дегенім, жұма намазында азан айтылып болған соң,  алғашқы төрт рәкағат сүннет намазы оқылады ма? Кейбір бауырлар оқымайды, осыны түсіндіріп беріңізші.

Бауыржан

 Уағалейкум ассалам! Абу Ханифа мазхабы бойынша, жұма намазында  азан айтылып болған соң алғашқы төрт  ракағат сүннет намазы оқылады.  Хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұманың алдында арасын бөлмей 4 ракағат оқыды» делінген (Ибн Маджа, имам Тахауи).

Ассалаумағалейкум! Менің білгім келгені, егер сәжде аяты намаз үстінде оқылса ,аят  сүренің  соңында болса намаздағы сәжде, тилауат сәжденің  орнына кететіндігін  білемін, ал егер сол сүре («Алақ» сүресі) үтір уажіптін 3-ші рәкағатында келсе,  құныт тәкбірі алынады ма, әлде  сәждеге барылады ма? Сұрағымды қанағаттандыруыңызды өтінемін.

Еңлік

Уағалейкум ассалам! Көпшілік ғұламалардың пікірі бойынша, сәжде аяты оқылған сүремен, яғни тилауат сәжде аятымен ракағатты бітіру макрух.  Дұрысы, тилауат сәждесін жасап, қайта тұрып, тағы бір қысқа сүре немесе ең аз 2 аят қосып оқу абзал. Содан кейін ракағатты бітірген жөн.

Менін бойымда жын бар,бірақ бес уақыт парызын өтегелі жүрмін,жынан қалай құтылудың амалын айтуынызды сұранамын.Жынды қай жыл мезгілдерінде шығаруға болады және де өзім өз бойымдағы жынды шығара аламын ба?

Каусар

Бес уақыт намаз оқуды бастаңыз. Бойыңыздағы жын ба әлде, басқа медициналық  аурудың түрі ме белгісіз. Егер жын болса өзіңіз шығара алмайсыз. Ол туралы білімді адамдардан сұрау керек.

ассалямуалейкум! 1 сурагым бар еди. мен бурынгы каза намаздарымды окин деп едим. тан жане екинти уакытында тек кана сол уакыттагы намаздарды окиын ба? Жане де мысалы намаз кестесинде тан намазын 8-34 ке дейин оку керек болса сол 8-33 дейин оки берсе бола ма? барлык намаздарды сол келеси намаз уакытынын киргенине дейин окыса бола ма? макрух болса да? немесе  келеси намазга 10 минут калганда намаз окымаган дурыс па?

Уағалейкум ассалям! Қаза намаздарын  макрух уақыттардан басқа уақытта оқуға болады.  Намаз бітуге 1 минут қалғанда оқу дұрыс емес. Намаз  уақыты шығуға 20 минут қалғанда  намазды толық бітірген болса жақсырақ. Әр намазды  өз уақыттарында оқу абзал.  Өйткені Аллаһ Тағала Құранда «Ниса» сүресінің 158-аятында былай дейді: «Намаз  мұсылмандарға  арнайы белгіленген уақыттарда  парыз етілді».