Ислам асыл дініміз

Ассалямуалейкум! Құрбан айт намазынын сауабы мен бес уакыт намаздың қасиеттері туралы айтып берсениздер екен,Алла разы болсын!

Уа а'лейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!!!1) Құрбан айт намазы оқу–уәжіп. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Намаз парыз болғандарға айт намазын оқу уәжіп» - деген. Сондай – ақ, Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын ісіміз - намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кімосылайістесебіздіңсүннетімізгеергені...", - деген.

2) Намаз - Аллаһ пен құл арасындағы байланыс негізі. Бес уақыт Намазды орнымен оқып, үлкен күнә жасамаған адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар мен хадистер бар. Құранның көптеген жерінде «Намаз окыңдар және зекет беріңдер» - деп Намаздың өте маңызды парыз екендігін білдірген. Олардың кейбірі мыналар: «Барлық намаздарды және орта намазды сақтаңдар»Бақара», 238-аят). «Расында намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді»Ниса», 103-аят). «Алайда олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ ұстап, шынайы түрде Аллаһқа құлшылық етуден, Намазды тұп-тура оқудан және зекет беруден өзге нәрсеге әмір етілмеген болатын»Бәййәна», 5-аят). «Намазды толық оқыңдар...»Хаж», 78-аят). «(Ей,МұхаммедІ) Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз, намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды» (Анкибут, 29/45). Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларға: «Сендердің араларыңнан бір адамның есігінің алдында өзен ағып, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, сол адамда кір қалатын ба еді?» - деп сұрағанда сахабалар: «Жоқ қалмайды», - деп жауап қайырады. Сонда Аллаһ Елшісі (с.а.у.):«Бес уақыт намазда да, судың кірді тазалайтынындай күнәларды тазалайды» (Бұхари, Мәуақит, 6; Муслим, Масажид, 283; Тирмизи, Әюәд, 80,90; Насаи, салат, 7.). Әнас (р.а.) жеткізген бір хадисте айтылады: «Миғраж түйінде Хазіретті Пайгамбарға (с.а.у.) елу уақыт намаз парыз етілген, кейін азайтыл беске түсірді. Сол кезде Аллаһ Тағала былай деді: «Ей, Мұхаммед' Менің сезім өзгермес. Бес уақыт намазда - сен үшін елу уақыт намаздың сауабы бар». Басқа бір хадисте былай дейді: «Үлкен күнә жасамаған адамды бес уақыт намазы мен жұма намазы, келесі жұмаға дейінгі жасаған күнәларынан арылтады» (Муслим,Таһарат, 14-15, Тирмизи, Мәуақит, 46; Ибн Мажә, Таһарат, 79, 106). Ақыретте адам баласы есепке тартылғанда,ең алдымен Намаз сұралады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке тартылатын амалы мен іс-әрекеті - намаз». Ұлы Раббымыз хабардар бола тұра періштелеріне былай дейді: «Құлымның парыз намазына қараңдар. Оны толық орындаған ба, кемістігі бар ма»? Егер оның парыз Намаздары толық болса, Намаз сауабы толықтай жазылады. Егер парыз Намаздарында нұқсандық болса, Аллаһ Тағала былай дейді: «Құлым нәпіл (сүннет) намаздарын толық оқыған ба екен?» Егер ол сүннет Намаздарын толық оқыған болса, Аллаһ Тағала «Кұлымның нұқсан парыз Намаздарын нәпілдермен толтырыңдар», - дейді. Одан кейін парыз болған басқа амалдар да осылайша есепке тартылады» (Тирмизи, Салат /118). Адамды ең көркем түрде жаратып, жерді бесік, көкті шаңырақ, күнді шырақ етіп игілігіне ұсынған Ұлы Жаратушы адамға берген мұншалық ырыс-берекетінің қарымына шүкір етулерін қалайды. Намаз - күллі шүкірді қамтыған ғибадат.

Сонымен қатар, (хикмет) Намаздың бес уақыт болуында терең хикметтер бар. Мысалы, бамдат Намазы адамның өмірге жаңа туған сәби көзін еске түсіреді. Рауандап атқан таң сәбидің пәктігіне, жаңа оянып сайраған құстар сәбидің тәттілігіне, әсем тыныштық бейбіт өмірге ишарат етеді. Сондай-ақ, бесін Намазы адамның қырықтан асып, қынабынан шыққан қылыштай қылшылдап тұрған шағына ұқсайды. Намаздыгер уақытында күннің батысқа бет алуы адам ғұмырының сексенге келіп, селкілдеп таяқ ұстап, қабір атты төртінші әлемге бет алып, өмір кітабының ақырғы тарауын тауысуға айналып бара жатқан кезеңін еске түсіріп, адам баласын ойлылыққа шақырады. Ақшам Намазы болса, адам баласының бұл ғұмырдан өтіп, бейне бір өз қабірінің басында тұрып, «Аллаһ үшін не істедің, артыңда қандай өлмейтұғын із қалдырдың?» деп өзін-өзі сұраққа тартып жатқандай халді елестетеді. Ал құптанның қараңғылық қоюланып, тыныштыққа оранған мезгілі - беймәлім қабір әлемін еске түсіреді. Міне, осылай ойлаған әрбір мұсылман әрқашан Жаратушы Жаппар Неге іштей терең тағзым етіп, ақыретке қарай қадам басады.

Ассалаумагалейкум имам мырза карыз боп калып едик. Соган банктен несие алмасак кутыла алмайтындай жагдайга тустик. Несиенин харам екенин жаксы билемиз. Намазханмын. Не истеуге болады. Бир патуа бериниздерши. Отиниш. Жауап кутем.

Ақмаржан

Уа а'лейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!!! Құрметті Ақмаржан! Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Өсім жеушіден басқа ешкім қалмайтын бір заман әлбетте адамдарға келеді. Тіпті ол (кез-келген адам) өсім жемесе де, оған оның буы (зияны, ықпалы) жетеді», - дейді өзінің хадисдерінің бірінде. Өсім (кредит, риба, пайыз) бүгінгі біздің күнделікті өмірімізге кіргені соншалық кейбір мұсылмандардың өміріне әбден сіңіп кетті деуге болады.

Шариғатымыз бойынша өсім алу да, өсім беру де харам етілгендігін жақсы білесіз. Алла тағала ол жайында «Бақара» сүресінің 275-аятында: «Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Сауда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда Раббынан насихат келгенде кім тыйылса, өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады», - дейді.

Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Мен Исра түнінде жыландарға толы үй сияқты қарындары бар қауымға жолықтым. Ол жыландар сол қауымның іштерінен сыртқа қарай шығып жатты. Мен Жәбрәйілден (ғ.с.): «Бұл кімдер?»,-деп сұрадым. Ол (Жебрейіл ғ.с.): «Бұлар өсім жеушілер»,-деп айтты». (Ахмад)

Бірақ мынаны да айта кеткен жөн. Қажеттілік және зәрулік жағдайда, тыйым салынған кейбір істер мүбахқа айналады, яғни рұқсат етіледі. (Мысалы: Адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төну секілді т.б. өте зәру жағдайларда «Зәрулік, тыйым салынған нәрселерді мүбах етеді» деген қағидаға сүйенеді.) Бірақ, шын мәнінде өте зәрулік, өте мәжбүрлік жағдайда ғана болуы керек. Ең дұрысын бір Аллаһ біледі!

Ассаляму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!!! 1 сұрағым мынадай, менің бесін және екінті қаза намаздарым бар еді, біраққай күндері қаза еткенімесімде жоқ, енді қалай ниет етемін? Яғни, ниет еткенімде қай күннің қазасы екенін айтуым керек па? 2 сұрағым мынадай, қаза намаздың алдында азан мен қамат айту керек па? Әлде, тек қамат түсірсе болады ма? Егер азан айтқан жағдайда жай дауыспен айтуға болады ма? 3 сұрағым мынадай, қаза намазды түнгі 00-ден кейін, таң намазына дейін оқи беруге болады ма? Әлде, қазаны қайсыбір намаздан бұрын немесе кейін оқу керек па?

Уа а'лейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!!! Құрметті Мейрамбек! 1. Ниет ету – намаздың шарттарының бірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Іс-әрекеттер тек ниетке байданысты», – дейді. Ниеттің орны – жүрек, яғни намазға жүрекпен (көңілмен) ниет ету шарт. Бірақ тілмен айса, мұстахап (сауапты амал). Сол себепті, жүрекпен ниет етумен қоса, «Мына уақыттың намазына ниет еттім» деп тілмен айту абзал. Парыз бен уәжіп намаздарға арнайы тағайындап білдіретін ниеттің болуы қажет. Демек, парыздың қаза намаздарын қай күнгі және қай намаз екенін анықтап ниет ету керек.

2. Бес уақыт намаз бен жұма намазына және қаза намаздарына  азан айтып, қамат түсіру  – ер кісілер үшін сүннет. Ал үйінде жеке  намаз  оқитын адам үшін азан мен қамат – мұстахап (сауапты амал). Демек, намаздарын үйде оқыған ер адам азан айтып, қамат түсірмесе де болады. Өйткені, сахаба Ибн Мәсғуд (р.а.): «Қалада түсіріліген қамат жеткілікті», – деп  үйінде жолдастарымен бірге намазды азансыз және қаматсыз оқығандығы риуаят етіледі. Алайда, азан айтып, қамат түсіру сауапты іс екенін естен шығармағаныңыз жөн. Бірнеше қаза намазын бiр жерде оқитын адам алдымен азан және қамат айтады. Келесі қазаларын оқырда барлығына тек қамат түсiредi, бұларға бөлек азан айтпаса да болады.

Сондай – ақ, саңлақ сахабалардың бірі - Әбу Хурайра риуаят еткен хадис бойынша, «намазға азан айтылған кезде шайтан артынан жел шығарып, азан естілмейтін жерге дейін қашып кетеді» деген екен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Демек, азанды дауыстап айту намаз уақыты кіргендігін білдіру үшін емес, жын-шайтанды адамдардан аластатып, иманға ұйыту үшін қажет.

3. Біріншіден намазды себепсіз қаза етіп оқу – дұрыс емес және өте үлкен күнә. Бірақ бір адам ұмыту немесе ұйықтап қалу себептерімен намазын оқи алмаса, қазасын өтеуі қажет. Кейбір ғалымдар себепсіз намазын қаза еткендер кейіннен қазасын өтерде алдымен тәубе ету керектігін айтады.  Қаза намазды есіне түскен кезде өтелуі тиіс. Тек мәкруһ уақыттар (Күн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40-45 минуттай уақыт. Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін созылады. Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен бұл да күн батуға 40-45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта сол күннің тек намаздыгер намазын мәкрүһ түрде оқуға болады.) болмауы керек. Демек, қаза намаздарды түннің кез-келген уақытында, таң атқанша оқи аласыз, сондай-ақ, қаза намаздарды қайсыбір намаздан бұрын немесе кейін оқылсын деген шектеу жоқ.

Ассалаумагалейкум! Менин коятын сурагым бейт басындагы айшык кулап калыпты айшыкты кайта орнатуга болама?

Абай

Уа алейкумуссалам, Абай! Шын мәнінде қабір басының қоқыстарын тазалап тұруға болады, бірақ құрылыс салуға немесе жаңартуға болмайды.

Расулуллаһ (с.ғ.с) қабірді сырлауға, қабірдің үстіне отырудан және оның үстіне құрылыс салудан тыйған. Хадиисті Жәбирден (р.л.ғ) Имам Муслим риуаят еткен. Демек, құлаған айшықты қайта орнату, әктеп – сырлау, жаңарту дұрыс емес.

Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух. Истихара намазын кай уакыттарда окыган абзал?

Айым

Уа алейкумуссалам  уа рахматуллаһи  уа баракатуһу, Айым!  Истихара намазын күндіз оқуға болатыны сияқты толық ынта бөліп, кешке жатардың алдында да оқуға болады.
Қосымша: Истихара намазы – бір нәрсенің жақсысын, қайырын, игілігін тілеу. Истихара намазы жақсы істердің қайсысы өз үшін қайырлы әрі жақсы болатындығына рухани ишарат білу мақсатымен оқылатын екі рәкат намаз. Алғашқы рәкатта – «Кафирун», екінші рәкатта – «Ықылас» сүресін оқу – мұстахап. Намаздан кейін «истихара» дұғасы оқылады. Дұғаны оқығаннан кейін жүрегінің қанағат еткеніне қарай әрекет етеді. Осы намаздың дәлелі мынау: Жәбир ибн Абдуллаһ р.а. былай дейді: Пайғамбарымыз с.а.с. бізге барлық істерде Құран сүрелерінің бірін мұқият үйреткеніндей (Алла тағаладан) истихара сұрауды үйретіп, былай дейтін еді: Егер сендерден біреуің қандайда бір істі бастамақ болса, парыз етілмеген екі ракат истихара намазын оқысын да, кейін былай десін: «Аллаһуммә инни әстажирукә би илмикә уә әстақдирукә би қудрәтикә уә әс-әлукә мин фадликәл-азим. Фә иннәкә тақдиру уә ләә ақдиру уә таъләму уә ләә аъләму уә әнтә алламул-ғуйууб. Аллаһуммә. Ин кунтә таъләму әннә һәзәл-әмрә хайрун ли фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә аажили әмри уә әәжилиһи фақдирһу ли уә иассирһу ли суммә баарик ли фиһи. Уә ин кунтә таъләму әннә һәзәл-әмрә шәррун ли фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә аажили уә әәжилиһи фәс-рифһу анни уәс-срифни анһу фақдур лиәл-хайрә хайсу кәнә суммә ардини биһи» мағынасы: «Аллаһым! Іліміңе сеніп, мен Сенен ниеттенген ісімнің жақсылығының белгісін тілеймін. Құдіретіңе сеніп, Сенен күш-қуат сұраймын. Жақсылыққа жетуімді сенің асқан рақымдылығыңнан тілеймін. Өйткені, Сенің барлық нәрсеге күшің жетеді. Менің күшім жетпек емес. Сен күллі нәрсені білесің. Мен білмеймін. Сен ғайып әлемді тұтас білесің. Аллаһым! Сен бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырын немесе дүние мен ақыретіме пайдалы болса, осыны маған нәсіп ет. Одан кейін маған мол береке бер. Ал егер бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырына және дүние мен ақырет әлеміме жаманат әкелетін болса, менен алыстат. Мені де одан алыстат. Жүрегімде оған деген иілу ізін қалдырма. Жақсылыққа, тек жақсылыққа жеткіз. Содан кейін онымен мені разы ет».  Осыдан кейін мәселе айқындалмаса, намаз бен дұғаны жеті күн қайталау қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әнасқа былай дейді: «Әнас! Бір іс жасағың келсе, Раббыңа истихара намазы мен истихара дұғасын жеті рет қайтала. Содан кейін жүрегің қалағанын ойла. Жақсылық сол жерде» (Зухайли, Әл-Фиқул-Ислами уә Әдиллатуһ, Димашқ, 1985. ІІ, 49). Аллаһ Тағала білінуі үміт етілген істі түсінде ишарат жолдары арқылы білдіруі мүмкін. Жоғарыда көрсетілген истихара дұғасының арабшасын айту шарт емес. Қазақша мағынасын айтса да болады.

Саламатсыздар ма! Мен 11 жыл отбасылымын уш балам бар шукир. Ата Енеммен турамыз.жолдасымды жаксы корем. Бирак ол Зина жасайды ажырасып Кетип калгым келеди балдарымды ойлаймын.жолдасым енди кайталанбайды деп аркез айтады окиништиси кайталануда. Ози динтануды окыган араласатын жолдастарда сондайиманды. Тусинбеймин акесине де айттым ол балдарды ойла дейди. Не истеримди билмей отырмын. Отиниш Жумабаев Данияр мырза жауаптаса екен

Нурай

Уа алейкумуссалам  уа рахматуллаһи  уа баракатуһу, Нурай! Сөзсіз, мадақ Аллаһқа тән. Біз Оған мақтау айтамыз және Одан көмек әрі кешірім сүраймыз. Нәпсілеріміз бен амалдарымыздың жамандығынан Одан пана тілейміз. Аллаһ кімді тура жолға салса, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді адастырса, оны ешкім тура жолға сала алмайды.
Қасиетті Құранда: «Сен сүйгеніңді тура жолға сала алмайсың, бірақ Аллаһ қалағанын тура жолға салады» Қасас сүресі, 28/56. Ақырғы Елші де (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мен адамдарды тура жолға, имандылыққа шақырушы ретінде жіберілдім. Тура жолға салып, жүрекке иманды орналастыратын – Аллаһ тағаланың өзі», – деген.
Алла  тағала  адам  баласын  жаратқаннан кейін оларды қараусыз қалдырмаған. Өзінің таңдаулы құлдары болған Пайғамбарларды жіберіп, тура жолды нұсқап отырған. Алайда, адам баласы үнемі  Пайғамбарларына бойсұнып, солар көрсеткен  жолмен  жүрді  дей  алмаймыз. Пайғамбарымыздың көзін көріп жүрсе де, түрлі зұлымдықтар мен ұятсыз істерге бой алдырғандар болды. Ал  пайғамбарлар  өткеннен  кейін  жаман әрекеттерге беріліп кеткендер тіпті көбейіп кетті.
Құранда бұл жайлы: «Бұл   пайғамбарлардан    кейін    орындарына,   намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады»(«Мариям» сүресі 59-аят) делінген.
Әйгілі төрт халифаның бірі Әли ибн Әбу Тәліп (р.а.): «Ең қорқынышты жайт – нәпсіге ие болмау. Нәпсінің жетегінде кету – адамды  ақиқаттан  аластатып,  ақыретті  ұмыттырады», – деген  екен.
Алла  тағала  жақсы  көрмейтін  абыройсыз  істердің  бірі  – зина. Ислам ғұламалары зина жасауды бірауыздан ең ауыр күнәға жатқызады. Ол Ислам дінінде ғана емес, сондай-ақ өзге діндерде де тыйым салынған кеселді істер қатарына жатады.
Зина жасаудың ақыреттегі азабына қатысты Бұхаридің сахихында   Сәмурә  ибн  Жүндүбтің  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) бір  түсін  риуаят  еткен хадисін  былайша  жеткізеді:  «Түсінде Пайғамбарымызға Жәбірейіл мен Микаил періште келді. Бұдан кейінгісін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай әңгімеледі: «Бірге келе жатып,  жоғарғы  жағы  тар,  асты  кең  тандыр  секілді  бір нәрсенің қасына келдік. Оның іш жағынан айқайлаған дауыстар естіліп жатты. Ішіне үңіліп қарағанда тыр жалаңаш еркектер мен  әйелдірді көрдік. Олардың төмен жағына жалындап жанған от әкелінді. От оларға жақындаған кезде жан дауыста- ры шығып, айқайлап жатты.  Мен «Уа, Жәбірейіл, бұлар кімдер?» деп сұрадым. Ол: «Бұлар зина жасағандар. Олардың азабы қиямет-қайымға дейін осылай жалғасады» деп жауап берді».

Ассалаумағалейкум уа рахметуллаһи уа баракатуһ ,Қүрметті бас имам! мен 15 күндік вахталық методпен Маңғыстау облысында жұмыс жасаймын,барып келу уақытымды қосқанда 20 күн болады.Сұрағым, 1. намазымды сапар қылып оқимынба немесе толық оқимынба? 2.Балиғат жасынан бастап қаза болған намаздарды өтемей тұрып,нәпіл намаз оқу харам деп естідім. Осы дұрыс па? Аллаһ разы болсын!

Аманғали

Уа алейкумуссалам  уа рахматуллаһи  уа баракатуһу, Аманғали! Бірінші сұрағыңызға жауап: Әбу Ханифа мәзһабы бойынша сапарда төрт рәкат парыз намаздарды қысқартып екі рәкат етіп оқудың үкімі – уәжіп. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, намазды қысқартуда күнә жоқ» делінген («Ниса» сүресі, 101-аят).
Яғла ибн Умайя бірде Омар ибн әл-Хаттабтан былай деп сұраған: «Неліктен біз (сапарға шыққанда) жол азабынсыз және қауіпсіз жағдайда бола тұра намаздарды қысқартып оқимыз?» Бұған Омар (р.а.) былай деп жауап береді: «Мен Алланың елшісінен дәл осылай сұрадым, ол маған: «Бұл Алланың сендерге берген сыйы. Оның садақасын қабыл алыңдар», – деді» деп түсіндірген (Муслим, Китабус-салә, 1108).
Сапарда қысқартып оқитын намаздар мыналар: Бесін, Екінті, Құптан. Ал Таң, Ақшам намаздарының парыздары мен үтір уәжіп намазы қысқартылып оқылмайды.
Екінші сұрағыңызға жауап: Кісінің қаза намаздары нәпіл намаз оқуына кедергі емес. Әрине қаза намазды кешеуілдетпей, ертерек өтеп алғаныңыз дұрыс. Десе де, нәпіл намаздарды да оқудың еш бір айыбы жоқ. Және олардан сауап аласыз.
Бұл жайында Ханафи ғалымдары: «Нәпіл намаздарынан бұрын қаза намаздарын өтеп алған абзал әрі маңыздырақ. Дегенмен, қазасы бола тұра парыз намаздарында оқылатын сүннеттер мен нәпіл намаздарды оқуына да болады» - деген.

Ассалаумағалайекум, Тасбихтан кейін оқылатын дұғаларды (кирилицада) мағынасымен жазып жибересиздер ме?

Жанғазы

Уа алейкумуссалам, Жанғазы! Тасбихтан кейін оқылатын дұғаларды (кирилицада) мағынасы: «Ләә иләәһә илләллааһу уахдәһу ләә шәриика ләһу, ләһул - мулку уа ләһул - хамду уә һуә ъалә кулли шайин қадир» (Алладан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ, Ол Өзі ғана, Оның серігі жоқ, билік те, мадақ та Оған тән, әрі Ол барлық нәрсеге Құдыретті)