Ислам асыл дініміз

Ассалаумағалейкум имам мырзалар! Алла Тағала істеріңізге береке берсін. менің сұрағым кредит алып бизнес, яғни, мал алып, байлап сатса болады ма?

Уа алейкумуссалам Ақмаржан! «Ырыстың онда тоғызы сауда мен диқаншылықта. Қалғаны мал асырап сатуда», — деп, осыдан он төрт ғасыр бұрын Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адал сауданың ырыс-құт, береке әкелетіндігін айтқан.

Хақ Тағала бізге адал сауда жасауды бұйырып, қасиетті Құранда: «Сондай өсім (кредит, риба, пайыз)жегендер,(қабірлерінен)жын соққандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да бейне өсім» дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса, өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады. Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы көрмейді». (Бақара: 275-276)— деп әмір етті.

Абу Хурайра (Алла оған разы болсын) Алланың елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келесі сөздерін жеткізген: «Құртуға апаратын жеті нәрседен шеттеніңдер. Сахабалар: Иә Алланың елшісі, олар не? — деп сұрады. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға серік қосу, сиқыр, Алла арам еткен біреуді кінәсіз өлтіру (ал жазықты болса жазасын тартады), өсім жеу (кредит, риба, пайыз), жетімнің мал-мүлкін жеу (зұлымдықпен), шабуыл кезде кері қайту (шайқастан қашу), мұнтаздай, бейқам иманды әйелдерге жаман ат тағу» (хадисті әл-Бухари мен Муслим жеткізген).

Ибн Масъуд (Алла оған разы болсын) айтады: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсім жеуші мен берушіні лағынет еткен». (Муслим риуаят еткен)

Өсім (кредит, риба, пайыз) – құртушы үлкен күнәлардан саналып, Алла Тағала оған тозақ азабымен ескертті. Кім осы өсіммен азықтанудан (қасарысып) тыйылмаса Аллаға, Пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соғыс ашқанын білдіргені. Өйткені өсім алуда адамдардың мұқтаждығын пайдаланып, оларға зұлымдық жасау бар. Сол үшін Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсімқорды лағынеттеді.

Хадистерден алынған пайдалар:

- Өсім алудың аса харамдығы және ол үлкен күналардан.

- Өсім – берекетті жояды (пайда әкелмейді), бұған біле тұра қасарысқан Аллаға, Пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соғыс ашқаны.

- Өсімқорлар Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тілімен лағынеттелген.

Алланың елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ескерткендей, «Халал еңбек ету — әр мұсылманға парыз». Демек, ұлы Жаратушыға иман еткен әрбір жан ризығын адалынан табуға ұмтылмағы ләзім. Сауда адал болғанда ғана берекелі болмақ.

Ассалаумағалейкум Басимам Данияр қажы! Мухаррам айында қандай діни амалдар жасауға болады, неден тыйылу керек осыған жауап берсеңіз! Алла разы болсын.

Уа алейкумуссалам Жеңіс! «Мұхаррам» сөзі «тыйым салынған» деген мағынаға саяды. Бұл Алланың соғыс жүргiзуге, қанды кек алуға, қақтығыстарға және т.б. тыйым салған төрт айының (Раджаб, Зуль-Каада, Зуль-Хиджжа, Мухаррам) бiрi. Осы айда соғысу харам болғандықтан «Мұхаррам» деп аталған болса керек. Бұл турасында Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінде былай делінген:

«Шын мәнісінде Алланың қасында, айлардың саны – он екі. Жер мен көк жаратылған күннен бастап Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі – соғысу арам етілген айлар (зүлқағда, зүлхиджә, мұхаррам, ережеп)...».

Мұхаррам айының маңыздылығы жайында Құран аяттарымен қатар, көптеген хадистерде кеңінен мысал келтіріліп, маңыздылығын мен қадыр-қасиетін айқындай түседі. Нәсәи жинағында риуаят етілген бір хадисте сахаба Әбу Зәр былай дейді:

Мен Пайғамбарымыздан түндегі қайырлы уақыт пен айлардың ішіндегі ең абзалын сұрадым. Сонда Ол (с.ғ.с): «Түннің ең қайырлы уақыты – түннің соңғы үшінші бөлігі. (Рамазаннан кейінгі) Айлардың ең абзалы– сендердің «мұхаррам» деп жүрген Алланың айы», –деп жауап берді».

Ендеше, адамзат ардақтысы айлардың абзалы деп ерекше көтермелеген мұхаррамның қандай ерекшеліктері бар. Мұхаррамның мән-маңызын зерделеуде аят пен хадистерге сүйене отырып, бұны төрт мәселе тұрғысында қарастыруға болады:

1. Cоғысуға тыйым салынған төрт айдың бірі.
2. Мұсылмандардың Меккеден Мединеге хижрет еткен (көшкен) айы.
3. Нәпіл оразасын көптеп тұтатын ай. Алланың Елшісі өзінің асыл сөздерінің бірінде былай деп кеткен:

«Ораза үшін Рамазаннан кейінгі ең қайырлы ай – Алланың айы Мұхаррам»

Хадиске мән беріп қарасақ, осы айға қатысты мынадай екі маңызды үкім шығаруға болады:

Өзге айлардан қарағанда Мұхаррам айында нәпіл ораза ұстаудың сауабы мол.«Алланың айы» деп бұл айды Аллаға тіркестіруі арқылы оның қасиеттілігін және өзге айлардан қайырлы екендігін аңғартуда.

 

Ассалаумағалейкум аса құрметті дін жанашырлары! Менің сұрағым жұмыс істеп жатқанда қолым қанап кетті, бұл үзірге жата ма. Бір кісілер айтады онда кезде дәреттінамаздың уақыты кірген кезде алу керек дейді, Сонан соң имамдыққа шығуға болмайды дейді яғни жамағатқа имам болуға. Осыны бүге шұгесіне дейін түсіндіріп берсеңіз. Алла разы болсын!

Уа алейкумуссалам Жеңіс! Дәретті бұзатын нәрсенің денеден шығуы тоқтамайтындай тұрақты болса, бұл «үзір» деп аталады. Зәр, іштің өтуі, жел шығару, мұрынның қанауы, жарадан қан, сары су ағу және ауруға, ісікке байланысты көзден жас ағуы тоқтамаса, бұл адам және истихаза қаны аққан әйел «үзір иесі» болады. Мұндай адам әр парыз намазы үшін дәрет алады. Оған төмендегі хадис дәлел: «Үзір қанын көрген әйел, әрбір намазы үшін дәрет алады» (Зәйлаи, 1, 204). Осылай бір намаз уақыт ішінде дәрет алған адам келесі намаз уақыты кіргенге дейін парыз, нәпіл, жаназа, қаза, айт намаздарын оқи алады. Сонымен қатар Құранды да ұстай алады. Осы үзірден тыс дәрет бұзылса, ол басқа мәселе.
Үзірлі адам таң намазы үшін сол уақытта дәрет алса, дәреті уақыттың шығуына дейін, яғни күн шыққанға дейін жалғасады. Бірақ адамның үзірі тоқтаған кезде дәрет алып, үзірі қайталанбай дәретті бұзатын басқа бір жағдай болмай тұрып, уақыт шықса, мұндай жағдайда намаз уақытының шығуымен алған дәреті бұзылмайды. Бірақ бір үзірлі кісі күн шыққаннан кейін алған дәретпен бесін намазының уақыты шыққанға дейін дәретті бұзатын басқа бір жағдай болмайынша, қалағанынша намаз оқи алады. Өйткені, күн шыққаннан кейінгі уақыт пен бесін намазына дейінгі аралықтағы уақыт – екі парыз намазының арасы емес. Үзірлі адамның киіміне үзірден шыққан қан, ірің, т.б. намазына кедергі жасамайды. Ислам – жеңілдік діні.

Ал, имамдықтың шарты: Имамның жасы балиғатқа жеткен, ақыл-есі түзу және мұсылман болуы шарт. Имам кісінің ер кісі болуы керек. Әйел заты ер кісілерге имам бола алмайды. Имам кісінің намазды дұрыс оқи алатындай және оқитын Құран сүрелерін жатқа білуі қажет. Үзірлі адам имам бола алмайды.

 

Ассалямуалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!!! аса курметти имам,Алла разы
болсын!!! мен темир жолда жумыс истеп журген едим,Поезды жургиземиз Инша
Аллах,Сол 5 уакыт намазымнын жумыста уакыты шыгатын кездери болады ,
намаздарды турып окуга мумкиншилик болмай отырып жане парыз намаздарын
кыскартып журмин,Алла кабыл етсин! осы дурыс па жок алде дурыс емес па
бiлейн деген едим!!

 

Руслан

Уағалейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ, Руслан! Мүмкіндігінше
намаздарды үзбей оқуға деген ықыласыңызға шын жүректен Аллаһ Разы болсын
дейміз! Өз жұмыс жағдайыңызды шындығында өте үзірлі, яғни, қолайлы
жағдай жасау мүмкіндігі жоқ деп санасаңыз, онда бес уақыт намаздардың
тек парыздарын ғана оқуыңызға болады. Сондай-ақ, Сіз жұмыс кезінде үнемі
жол сапарда жүретін болғандықтан төрт рекағаттық (Асыр, Шам, Құптан)
парыз намаздарын қысқартып екі рекағат етіп оқисыз. Аллаһ қабыл етсін!

Ассалаумағалейкум имам мырза. Көптен бері мені мазалап жүрген сұрағым бар еді. Соны жолдауға рұқсат етсеңіз. Мен Жеңіс деген намазхан жігітпін. Мешітте
азаншымын. Мен кішкене кезімде бір себептермен ата апамның қолында
өскенмін. Сол жерде мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орнын да бітірдім.
Бітірген жылы атам қайтыс болды. Қазіргі Апам атамның екінші әйелі еді.
Мен бірінші апамыздан туылған баланың баласымын. Әке шешем бар Аллаға
шүкір. Енді әке шешем бөтен болып қалған гой соларға үйрену ! өте қиын
болып жатыр. Қазір әке шешеммен бірге тұрып жатырмын. Бірақ анда санда
ұрсып қалатын жағдайымыз көп кездеседі. Олар мені бөлектейтін сияқты.
Қазір үйленгенмін. Бала шағамызбен бірге тұрамыз. Ол кісілер үнемі менің
артымнан бір кір іздеп жүреді. Осыны сіздерден сұрайын деп едім не
істесем болады. Бір шешімін өздеріңізден сұрайын деп едім. Алла разы
болсын сіздерге!

Уағалейкумуссалам Жеңіс! Шын мәнінде сіздің сұрақ туыстық қатынасқа
байланысты өте нәзік мәселе. Сондықтан сұраққа жауап бермес бұрын
туыстық қатынастағы орын алған жағдаймен мейлінше таныс болуымыз керек.
Сонда ғана шариғат шеңберінде бір шешім айтуға болады. Сол себепті,
сізге мешітке келіп имамдармен кездесіп, кеңінен сұхбаттасуға кеңес
береміз!

Ассалаумағалейкум имам мырза. Жұмыстарыңызға Алла береке берсін. Алла нәсіп етсе жақында дәрігерлердің айтуы бойынша Алла біледі қыз босанады деп жатыр. Соған орай қызыма қандай есім қойсам екен деп сіздерден сұрасам деп едім. Шариғи есім болса жақсы болар еді. Сіздер қыздарыңыздың есімін кім деп қойдыңыздар. Алла разы болсын!

Уағалейкумуссалам Жеңіс! Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Қиямет күні өз аттарыңыз және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар », - деген екен.
Бірде Жәбірейіл (ғ.с.) келіп, Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Я,мұхаммед! Алла Тағала сізге сәлем жолдап, мынаны айтты: «Я, Әуелгі және Ақырғы пайғамбар! Егер сенің үмметіңе осы аттар қойылса, оларға көр азабы болмайды»,- деді. Ол аттар: қыз балаға қойылатын аттар: Халима, Ажар, Сара, Фатима, Айша, Хатима, Салиха, Рабиға, Рахима, Бағила, Ұмсын, Раила, Гүлсім, Мағира, Маймуна, Сара, Мәриям, Зәуре, Хадиша, Салима, Сағира;

Ассалаумагалейкум.Менің сұрағым бас имамға.Дианияр аға қазіргі кезде мектеп қабырғасындағы оқушыларға жұма намазына бармау туралы айтылып жүр.біздерге ата -анамыз, мектеп ұстаздары мешітке барған дұрыс, бірақ, басқа ағым адамдары бастарыңды айналдырып алады дейді.осы жайында не дейсіз?

Уа алейкумуссалам Жандаулет! Еліміздің зайырлы мемлекет екендігін ескерсек, біздің өз сүрлеуіміз, қабылдаған Ата заңымыз бар. Оған сәйкес, әрбір орта білім алушы мемлекеттің заңына бағынуға міндетті. Сондай-ақ, орта арнаулы және жоғары оқу орнының студентi бiрiншi кезекте мемлекеттiк бағдарлама бойынша сапалы бiлiм алуы тиiс. Шариғат бойынша алдымен билік басындағыларға бойұсынуымыз керек. Яғни, жұма намазының уақыты сабақ уақытына тұспа-тұс келсе, онда оның орнына бесін намазын асықпай, екінті намазының уақыты кіргенше оқуға болады.

Білім алу турасында Пайғамбарымыздың хадистерінде (с.ғ.с.), Құран аяттарын да жиі айтылады. Тирмизи жеткізген риуаятта Алла Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім білім іздену жолына түссе, онда Аллаһ оған Жәннәтқа апарар жолды жеңілдетеді. Шынында, періштелер міндетті түрде білім ізденушіге разы болғанын білдіріп, қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалым үшін міндетті түрде аспандағы, әрі жердегі бүкіл нәрсе, тіпті судағы балық та, Аллаһтан оның күнәларының кешірілуін тілейді!»,- деген. Білім иелерінің артықшылығы турасында осындай өсиет қалдырған.

Сондай-ақ, дін насихатпен тарайды. Бүгінгі мешіт има­мы­ның­ ең негізгі міндеті – ислам құндылықтарын ха­лық­қа жеткізу. Осы міндетті жауапкершілікпен атқарып жүр­гендіктен де имамдардың соңында ұюшы жа­ма­ғат көп. Күнделікті таң, бесін, екінті, ақшам жә­не­ құптан намаздарына келушілердің саны күннен күн­ге артуда. Басым бөлігі – жастар. Бүгінгі жас­­тардың дінге ықыласы күшті, талабы зор. Сол ме­­шітте оқылатын бес уақыт жамағат намазға ата-ба­­баларымыздан мұра боп келе жатқан дәстүрлі ха­нафи мазхабын мойындамайтын, өзгеше намаз оқи­тын жастар да келіп қатысатыны жасырын емес.

Мешітте таласты мәселелер ханафи мазхабы тұр­ғысынан дәлелденіп беріліп, әрі уағыздалып та­ жүр. Мешіт ішінде үлкен плакаттарға үлкен әріп­термен ханафи мазхабы бойынша намаз тәр­тіп­терінің дәлел-дәйекті хадистері жазылып та қой­ылған. Мұнымен шектеліп қалмай, Қазақстан мұ­сылмандарының жарғысы мен ережесіне, өт­кенде қабылданған жаңа заңға орай, кешегі Пре­зи­дентіміздің Жолдауы бойынша, әр имам ханафи маз­хабпен оқу керектігін әр намазда ескертіп, та­лап етіп те отыр.

Мешіт ішінде имамдар ғана уағыз айтады. Бө­тенге онда жол берілмейді. Ондай теріс пи­ғыл­дылар намаз оқи сала мешіттен шығып ке­те­ді. Олар көпшіліктің көкейіне қонып жүрген имам­дар­дың уағыздарын тыңдағысы келмейді. «Қы­­рық­ адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» де­мек­ші, ме­шітте имамды, үйінде ата-анасын және ме­ке­ме­лер­­де басшыларды тыңдамауы мешіт имамының тәр­биесі емес. Қыңыр қылықты жастар мешіттен емес,­ басқа жақтан алып жүр.

Ассалаумағалейкум имам мырза! Сізден сұрайын дегенім мен мектепте мұғаліммін. Жазда екі айға еңбек демалысына шығамын. Сол кезде Сіздерге барып Құран ілімінен, жалпы шариғи ілім алсам боларма екен. Имам мырза ұялы байланысыңыздың номерін бере алмайсыз ба. Мен Шымкент облысы Арыс ауданының азаматымын. Данияр ұстаздан біраз ілім алмақшы едім. Алла разы болсын! Жауап кұтемін. Есімім Жеңіс.

Уа алейкумуссалам Женис! Сіздің Құран ілімінен, жалпы шариғи ілім алсам деген ниетіңізге Аллаһ жар болсын! Біздің медресеге келіп білім алмақ болсаңыз қош келіңіз демекпіз! Медресеміздің тел.: (8-762-2) 57-18-64; Аллаһ разы болсын!
   

Бейіт басында қандай дұға бағыштау керек? Қазақшаға аударғанда қалай болады?

Құрметті Тахир! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бейіт басында: «Әс-сәләму ъалайкум, әһләд-дияри мин әл-мумининә уәл-мүслимин. Уә иннә ин шә Алла бикум ләхиқун. (Уә ярхамуллаһул-мустақдимина миннә уәл-мустәхирин). Әсәлуллаһа ләнә уә ләкумул-ъафия» деген дұға оқыған.     Мағынасы: «Ассалаумағалейкум, уа, бұл бейітте жатқан мүмин-мұсылмандар! Алла қаласа, біз де (бір күні) сіздерге қосыламыз. (Бізден бұрын өткендерді де, бізден кейінгілерге де Алла рахым етсін) Алладан өзіме де, сіздерге де азаптан құтқаруды сұраймын!».

 

Ассаляму уа лейкум. Жұма күні сапарға шығуға болады ма?

Уа алейкумуссалам, Нұржан! Жұма күні жолға шығуға болады. Бірақ түстен кейін Жұма намазын оқымай шығуы - мәкрүһ.