«Отыз тістен шыққан сөзді отыз рулы елге жеткізетін журналистер ізгілік пен бірліктің жаршысына айналуы тиіс. Ол үшін тізе қосып, бірлікпен тірлік ете білуіміз қажет».
«Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен бас редакторлар басқосуында осындай пікір айтылды. Екі сағатқа созылған келелі кездесуге «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Әбдірахманов, «Қазақстан» телеарнасы басқарма төрайымының орынбасары Қайнар Олжай, «Астана» телеарнасының бас директоры Ләззат Танысбай, «7 арна» төрайымы Бибігүл Жексенбай, «Қазақ радиосының» бас директоры Мақсат Садық, «Мәдениет» телеарнасының бас директоры Аязби Бейсенқұлов, «Халық сөзі» газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай, Қазақстан журналистер Одағы төрағасының орынбасары Төлеміс Құлмұхамедов, т.б. БАҚ өкілдері қатысты.


30 Маусым 2026
14 Мухаррам 1448
