ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Келесі жылдың тамыз айында Оксфордта қасиетті Құранды зерттеп-зерделеуге қатысты бесінші халықаралық конференция өтеді. Оксфордта Құран институтының ұйымдастыруымен өтетін бұл шарада жалпылама мәселелермен қатар жалқы тақырыптар да талқыланып, таразыланатын болады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Алдында хабарлағанымыздай, Ангола билігі елде ислам дініне тыйым салынбағанын мәлімдеген еді. Алайда, құқыққорғау ұйымдары бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Құқыққорғау ұйымдары Африрка құрылығында орын тепкен осынау елде мешіттердің жабылуы мен шариғат шәлісін жамылғандарды қудалау, қысым көрсету секілді келеңсіздіктердің әлі күнге тыйылмай тұрғанын сынға алды. Оның үстіне, жергілікті мұсылмандар жамағатының жетекшісі де осы айтылғандарды растап, мұсылмандардың кемсітушілікке ұшырап отырғанын жеткізген.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Сауд Арабиясы Корольдігінің Астанасы Эр-Риядта 18-22 қараша аралығында Ислам әлеміндегі белді ұйымдардың бірі - Халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXI съезі өтті. Аталмыш шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Қазақстан тұңғыш рет осы ұйымның тұрақты мүшесі болып қабылданды. Әрі Академиядағы Қазақстанның тұрақты өкілі ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Ершат Ағыбайұлы Оңғаров бекітілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, белгілі жазушы Қали Сәрсенбаймен және басылым ұжымымен кездесті.

Бас мүфти халықты бірлік пен ынтымаққа үндеп, ізгілік пен имандылыққа шақыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін айрықша атап өтті. Ержан қажы Малғажыұлы мемлекеттік мүдде мен елдің игілігін насихаттап келе жатқан «Алматы ақшамының» 25 жылдық мерейтойына орай газет қызметкерлерін торқалы тоймен құттықтады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Араб шейхы Сұлтан ІІІ Мұхаммед әл-Қасым Армениядағы христиандардың көне Агарцин монастырін жөндеуден өткізу үшін өз қалтасынан қаржы шығарды. Осынау құлшылық үйінің жетекшісі архимандрит Аристакес Айвазян қайырымдылық жолымен келген бұл қомақты қаражаттың қанша соманы құрайтынын айтудан бас тартты. Алайда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне қарағанда, бұл арада 1,7 млн доллар турасында сөз болып отыр.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қажылық істері жөніндегі министрлік Жидда қаласында қажылық пен ұмраны (кіші қажылық) ұйымдастыру саласында жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы дайындық орталығын ашуды жоспарлап отыр. Қажылық істері жөніндегі министрдің көмекшісі әрі тренинг супервайзері Мұхаммед Симсимнің сөзіне қарағанда, аталмыш орталық қажылық парызын өтеуге немесе ұмраға келген қажыларға сапалы қызмет көрсетумен айналысатын мемлекеттік шенеуніктер мен қызметкерлерді дайындайтын болады.