Астана қаласындағы мешіт имамы ауысты

Астана қаласындағы мешіт имамы ауысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы ауысты. 2005 жылдың сәуір айынан бері «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы қызметін атқарған Бақтыбай Қыдырбайұлы Бейсенбаев, Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Алматы қалалық Орталық мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.

Жұма намазына ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр-Астана» Орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай Өтпенов өзі қатысып, Бақтыбай Қыдырбайұлының діни басқарманың жұмыстарына қосқан мол үлесін айтып, Бас мүфтидің және Астана қаласындағы мұсылмандар атынан алғысын білдірді.

Біз де Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұжымы атынан қыруар шаралардың жүзеге асуына басшылық жасаған Бақтыбай Қыдырбайұлына ақ жол тілейміз. Алла бұдан кейінгі дін жолындағы қызметіне жәрдем беріп, биік белестерден көрінуді нәсіп етсін!

Сөз соңында Наурызбай Өтпенов «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамдығына бұған дейін Алматы қалалық Орталық мешітте наиб имам қызметін атқарған Садырханов Жұманазар қари Өсерханұлының тағайындалғанын хабарлап, тапсырылған жұмысты ары қарай жалғастыруға сәттілік тіледі.

http://muftyat.kz/upload/orig/news/103583_1386321085.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/94703_1386321150.JPG

http://muftyat.kz/upload/orig/news/747780_1386321151.JPG

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: