Француздар құрама командасының қорғаушысы әрі «Ливерпуль» футбол клубының ойыншысы, сенегалдық Мамаду Сако Twitter әлеуметтік желісінде алғашқы жалақысын әкесін қажылыққа аттандыру үшін жұмсағанын жазыпты.
23 жастағы футболшы өзінің жанкүйерлерімен ашық әңгімелесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Футболшының әлеуметтік желідегі жанкүйерлерін оның «Париж сен-Жермен» сапында болған уақыттағы алғашқы жалақысын қайда жаратқаны қатты қызықтырғанға ұқсайды. «Алғашқы жалақым ала салысымен әкемді қажылық сапарға аттандырдым. Қажылық оның көптен бергі арманы болатын»,–дейді бұл теңбіл доп шебері.


30 Маусым 2026
14 Мухаррам 1448
