Ұлыбритания мен Ирландияның 12 қаласында бірінен кейін бірі өткен Махер Заин есімді мұсылман әншісінің қайырымдылық концертінен 5 000 000 доллар немесе 3 100 000 фунт қаражат жиналды. Қомақты қаржы азаматтық соғыс шарпыған Сирияны қолдау қорына аударылды. Британдық «Адами өтініш» атты халықаралық даму және көмек көрсету қоры ұйымдастырған «Әлем дауысы – 2013» деп аталатын турдың шымылдығы өткен жексенбіде Лондонда жабылды.


30 Маусым 2026
14 Мухаррам 1448
