Бас мүфти Мәскеу форумында (ФОТО)

Бас мүфти Мәскеу форумында (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 8-9-желтоқсан күндері Ресей астанасы Мәскеу шаһарында өткен ІХ Мұсылман форумына қатысты.


Форумның тақырыбы «Үмбеттің азаматтық қоғам дамуы стратегиясына бейімделуі». Ұйымдастырушылар – Ресей мүфтилерінің кеңесі мен Ресейдің Еуропалық бөлігінің діни басқармасы. Жиында жалпы мұсылмандар мен діндарлардың азаматтық қоғам дамуына белсене араласуы, жастарды діни әрі ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу сияқты мәселелер талқыға түсті.


Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Дін және бүгінгі жастар» атты тақырыпта баяндама жасады. Онда жастардың қоғамдағы рөлі, жастар болашағы үшін жасалып жатқан еліміздегі игі шаралар туралы айтылды.
Форумға негізінен ТМД елдерінің дін және қоғам қайраткерлері, дінбасылары қатысты. Алқалы жиын аясында Еуразия кеңістігіндегі мұсылманша білім беру саласына қатысты VI Халықаралық білім конференциясы да өткізілді.

muftyat.kz

http://muftyat.kz/upload/orig/news/556963_1386676830.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/72546_1386676830.jpg

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: