Бас мүфти Кувейтте (ФОТО)

Бас мүфти Кувейтте (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Кувейт мемлекетінің Уақыф министрлігінің арнайы шақыруымен Кувейт еліне барды. Сапар барысында осы елдің дін саласына жауапты басшыларымен кездесулер өткізді.

Еліміздің Бас мүфтиін әуежайда Уақыф министрлігінің жауапты хатшысы, министрдің орынбасары Адель Абдолла әл-Фалах қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.

Кейіннен кездесу барысында екі елдің арасындағы рухани саладағы байланыстарды одан әрі дамыту жағдайы сөз болып, әртүрлі мәселелерде өз көзқарастарын білдірді. Екі жақты байланыстарды одан әрі дамытудың жаңа көкжиектері талқыланды. Түрлі салаларда өзара тәжірибе алмасу, имамдардың білімдерін заманға сай жетілдіру жайы сөз болды. Уақыф министрлігінің өкілі өз тарапынан қандай да бір ұсыныстарын қолдауға дайын екендігін білдірді. Ұтымды келіссөздердің аясында әртүрлі салаларда уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан имамдарының білімдерін жетілдіру үшін арнайы курстар ұйымдастырылатын болып шешілді.

Кездесу соңында Бас мүфти Адель Абдолла әл-Фалахтың иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Сондай-ақ, әл-Бабтин қорының бастығы Абдулазиз әл-Бабтинмен де екі жақты кездесу өткізді.

Сонымен бірге Кувейттің Әлемдік Ислами Қайырымдылық қорының басшысы Абдолла әл-Маатуқпен де кездесуде де екі жақты ынтымақтастық жайлы келелі әңгіме болды. Зекет, уақыф мәселелері жайында пікір алмасты.

Уақыф министрлігінің басқа да жауапты басшыларымен маңызды мәселелер туралы әңгіме болды.

http://muftyat.kz/upload/orig/news/239119_1386216888.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/956706_1386216888.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/240497_1386216888.jpg

http://muftyat.kz/upload/orig/news/752406_1386216888.jpg

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: