Кордобада Испанияның стандарттау жөніндегі басқармасының ықпалымен халал нарығының жаңа талаптары мен өлшемдері белгіленді. Осы уақытқа дейін бұл елде халал нарығының стандарттары болмаған еді.
«Стандарттау жөніндегі техникалық комитет алғаш рет діни сипаты бар техникалық аспектілермен айналысып отыр»,- деп айтылған Ханиф Эскудеро есімді мұсылман басқаратын халал институтының баспасөз баянында. Оның айтуынша, ислам ұйымдарымен қатар, өндірушілер де, тұтынушылар да шариғат талаптарына сай өнім өндіруге қатысты осындай жаңалықты көптен бері күтіп жүргенге ұқсайды.
Сол себепті, Испаниядағы мұсылман жамағаты үшін халал стандарты енгізілген күн айтулы оқиға ретінде тарихта қалатын болды.