Париж мегаполисінің Goutte d'Or орамының қақ ортасынан ислам мәдениеті институты ашылды. Осы заманғы өнер әрі құлшылық орталығы Париж тұрғындарын ислам әлемімен таныстыруды алдына мақсат етіп қойып отыр.
400 адамның құлшылық қылуына арналған ғибадат залы мен көрме залы, сондай-ақ, шағын дәмханасы да бар орталық қызметі ислам мәдениетіне бағдарланған.
Бұған қоса, 2015 жылы аталмыш институтта 2-ші көрме залы, мәжіліс залы, кітапхана, т.б. ашылады.