ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Швед елінің астанасындағы орталық мешіт қабырғасына вандалдар қара бояумен түрлі суреттер салып, қастандықтың жаңа бір түрін шығарды.

Мешіт қабырғасындағы масқараны имамдар бейсенбі күні таң намазы алдында байқаған көрінеді. Вандалдар тарапынан бұндай қастандықтың бұған дейін де бірнеше рет жасалғанын айтады олар. Алайда, бұл жолғы салынған суреттер нәсілшілдікті ту еткендердің символына айналған сурет екен. «Негізінде бұлардың барлығы да граффити болып саналады. Бірақ бұл жолғы жазуды өте мұқият әрі үлкен дайындықпен жазған»,– дейді бұл жайында мешіт қызметкерлері.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің уағыз-насихат жұмыстарын оңтайландыру, уағыз-насихаттың бұқаралық сипат алуын кезек күттірмей қолға алу туралы тапсырмаларын жедел орындау мақсатында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінен түрлі жұмыстар ұйымдастырылуда. Солардың бірі ретінде Павлодар қаласының ең негізгі көшесі болушы - Кутузов даңғылы бойына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтын  жарнамалаған жеке билборд орнатылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мекке қаласының әкімшілігі кіші қажылығын (ұмра) өтегісі келетіндерге Үлкен мешітте жағдай жасау үшін барлық мүмкіндікті қарастыруда.

Қасиетті қалада қажыларға көрсетілетін қызметтің сапасы артқанын да тілге тиек етті қала әкімі Усама әл-Бар.

Негізгі күш-жігер қажылардың қоналқаға түсетін орындарының тазалығын сақтауға жұмсалғанын қуана хабарлаймыз. Мекке шаһарынан шығарылған қоқыстың көзі  бірден жойылады. Залалсыздандыру әрі зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Дүкендер мен базарларда азық-түліктің бүлінбегені қадағаланады. Мал дәрігерлері саудаға шығарылған еттің сапасын жиі тексеретін болады. 

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Ирак премьері Нури әл-Мәлики дүйім жұртты дүрліктіріп, «бүйректен сирақ шығарды». Адам ақылына сыймас әрекет жасағандарды қазекем осылай атайды. Шииттердің шаһары Кербеленің мәртебесін көтеру үшін осындай қадамға барған оның ойына не келгенін кім білсін?! Қалай десек те, бұйрық шығарылды: Ирак мұсылмандары намазын сүннитердің қаласы Меккеге емес, Кербеле қаласына қарап оқуы тиіс.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қажылық маусымы кезінде жыл сайын жүздеген адам табан астында тапталып, жан тапсырып жатады.

Осы кемшілікті болдырмау үшін ендігі жерде арнайы әзірленген компьютер жүйесі қажылардың тығыз шоғырланған жерін қадағалайтын болады. Бағдарлама адам көп жиналған жерді олардың денесінен бөлінген жылу арқылы автоматты түрде анықтап, қатерлі сәттің бетін қайтару үшін бірден дабыл қағады.

Бұл жаңалықтың авторы – Меккеден шыққан ғалым мен оның Ұлыбританияның Ноттингем-Трент университетіндегі әріптестері.

Уақыт өте келе аталмыш жүйе автоматты түрде өте қауіпті орындарды өзі анықтап, көшіріп алатын болады.