Crescentrating орталығы жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, Малайзия елі мұсылман саяхатшыларының қыдыруына ең қолайлы жер болып табылды. Ал, халал туризмді дамытуға жанталаса кіріскен Жапонияның fталмыш тізімде сәл жоғарылағаны болмаса, айтарлықтай нәтиже көрсетпеген. Тізім бойынша, Малайзия елімен текетіресіп, кейінге орынға табан тіреген БАӘ, Түркия, Индонезия мен Сауд Арабиясы елдері бұл жолы есе жібергендерімен, халал туризм саласын дамытуға ересен еңбек етіп жатқанын айта кету керек.
Сонымен, демалысыңызды халал өткізуге ыңғайлы мұсылман елдерінің ондығы мынадай:
1.Малайзия; 2.БАӘ; 3.Түркия; 4.Индонезия; 5.Сауд Арабиясы; 6.Сингапур; 7.Марокко; 8.Иордания; 9.Катар; 10.Тунис.
Сауалнама қорытындысы аталмыш елдердегі мұсылман саязхатшыларына қызмет көрсететін халал дәмханалар мен қонақ үйлердің қол жетімділігіне, әуежайлар мен вокзалдардағы, қоғамдық орындар мен сауда кешендерінде намазхана бөлмелерінің жабдықталуына сүйене отырып тұжырымдалған.
muslim.kz