ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Иордания әмірлігінің астанасы Амман қаласының басшысы Акил Балтаджи бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде қонаққа келді. Құрметті қонақтарды Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қарсы алып, ыстық ықылас танытты.

Сәулеті мен сәні келіскен құлшылық ордасындағы тарихи жәдігерлермен танысып, мешіт ішін тамашалаған Акил Балтаджи өз ризашылығын білдіріп, мешіт жұмысына береке тіледі. Кездесу барысында Амман әкімі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлына арнайы әкелген қасиетті Құран Кәрімді мешітке табыстап аманаттады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Иран астанасында түрлі елдердің қатысуымен исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с) арналған әлемдік тұңғыш фестиваль өтеді. Ағымдағы жылдың 24-26 мамыр күндері Тегеранда өтетін "Исламның ұлық пайғамбары" (с.ғ.с.) әлемдік тұңғыш фестивалі мәдениет пен өнер туындыларын жұртшылық назарына ұсынбақ. Ұйымдастырушылар "Өкінішке орай, соңғы жылдары Батыс пен Америкада исламның жаулары карикатура, кино немесе кітаптарды қолданып, ардақты пайғамбардың тұлғасын қорлау әрекеттеріне барғаны рас.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алтай Республикасы мұсылмандарының төрағасы Жанболат Аятбекұлын, Алтай қазақтары құрылтайының орынбасары Ыстақан Тоқтаханұлын, заңгер Әли Маратұлын қабылдады. Делегацияның Қазақстанға келудегі мақсаты – өзара ықпалдастық қатынас орнату, тәжірибе алмасу, имамдардың біліктілігін арттыру. Кездесуде Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бүгінгі игі жұмыстары жайлы баяндады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Мүфтиятта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлерінің басын қосқан алқалы жиын өтті.

Басқосуға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы қатысты.

Дін саласындағы ізгі істер кезек күттірмей тиянақты орындалуымен құнды, сауапты. Осыған орай, Бас мүфти күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді пысықтап, алдымызда межелі міндеттер күтіп тұрғанын баса айтты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Шешен мемлекетінің басшысы Рамазан Қадыров 10 хафизді (қари) дайындаған адамға 1 млн рублді сыйлық ретінде беруді уәде етті. Бұл жайында, Шешен мемлекетінің бірінші басшысы Ахмат ата Хаджиды еске алу кешіне арналған Құран жарысында муфтидің бірінші орынбасары Магамед Хийтанаев хабардар етті.

Магамед Хийтананев: «Рамазан Қадыровтың Шешен мемлекетінде Құранға ықыласы бар адамдардың көп болғандығына қатты мән беретіндігін айтып жеткізді. Және Құранды толық жаттаған адам ата-анасына, жақын туысқандарына шапағатшы болады. Құранды толық жаттау жеткілікті емес, оны оқып өзгелерге жеткізу керек», – деп атап өтті.

Айта кететін жағдай, Шешен халқының бірінші басшысы Ахмат ата Хаджиды еске алу кешіне арналған Құран жарысында Мансұр Асуханов үшінші орын, Зубайыр Оздиев екінші орын, ал Абдулла Магамедов бірінші орын алғандығы үшін марапаттау қағазымен және қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Сома қаласына жақын маңда шахтадағы жарылыстан қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтты.

«Бауырлас түрік еліндегі ауыр қайғыға ортақтасып, қаза тапқандардың туған-туыстары мен ет жақындарына жеке өзімнің және Қазақстан мұсылмандарының атынан көңіл айтамын. Жаратушы Алла марқұмдарды мейіріміне бөлеп, жәннатты нәсіп етсін! Апаттан аман қалғандарға Алла тағала шипасын беріп, тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», – делінген жеделхатта.