Мұсылман футболшылар Рамазанды қалай өткізеді?

Мұсылман футболшылар Рамазанды қалай өткізеді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Төрткүл дүниенің назарын теңбіл допқа аударған атақты футбол чемпионаты бастағалы әлем мұсылмандары да алаңдай бастады. Енді ше, жасыл алаңда ойын көрсететін бауырластарының ауыз бекітіп, ораза ұстауы – жан алып, жан беріскен жанталас ойын үстінде нағыз сынақ болғалы тұр.

Үстіміздегі айдың 28-жұлдызы күні басталатын Рамазанның жартысына жуық уақыты әлем чемпионатының әбігерімен тұспа-тұс келеді. Бұндай сәйкестік соңғы рет 1986 жылы болған көрінеді. OnIslam.net басылымының хабарлауынша, футболшылардың кейбірі ми қайнатар шілденің аптабына қарамастан ауыз бекітетіндерін мәлімдесе, енді біреулері өздерінің ұстаздарына қазасын кейін өтеуге болмас па екен деген сауал жолдауда.

Дүбірлі доп додасының чемпиондығына таласатын құрамалар құрамында мұсылман ойыншыларының қатары да біршама. Мәселен, Франция құрамасында белгілі ойыншылары – «Реал» сапындағы Карим Бензема мен «Арсеналдық» Бакари Санья, «Ньюкаслдық» Мусса Сиссоко мен «Ливерпульдік» Мамаду Сахо есімді ойыншылар –  бес уақыт намазын оқып, асыл дінімізді берік ұстанып жүргендер.

Сондай-ақ, бауырластарымыздың қатарын Кот-д’Ивуарлық ағайынды Яя мен Коло Туре және  ағылшын клубтарындай өнер көрсететін Жервинью мен Шейх Тьоте де толықтырады.

Және де Бельгия құрамасының белді ойыншылары Маруан Феллаини мен Мусса Дембеле де, Швейцариялық Джердан Шакири де, Германия құрамасындағы Месут Озил мен Сами Хедиралар  – маңдайын сәждеге ұсынған мұсылмандар

Айта кетейік, ивуарлық Коло Туре ешқандай қиындыққа қарамастан, оразы ұстайтынын қазірден мәлімдеп қойды. «Өзім үшін ораза рамазанның алғашқы бес күні ғана қиындық тудырады. Кейіннен ағзамыз үйренісіп кетеді. Сол шақтарда мен өзімді керемет сезінемін», – дейді ол.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: