Дүниежүізілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, жыл сайын шамамен 170 млн адам қан тапсырып, донор болады екен. Алайда, мұның өзі жетпейтін көрінеді. Оның үстіне, қанның сәйкес келмеу қатері барын да қаперден шығаруға болмайды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін британдық Roslin Cells компаниясы жасушадан жасанды қан жасауды қолға алмақшы. Қазіргі уақытта аталмыш компания осы мақсатты жүзеге асыру үшін Wellcome Trust қорнынан 8 млн доллар алып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір ерекшелігі, жасанды қанды қандай топқа жататынына қарамастан кез келген адамға қолдануға болады.
islam.kz