Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ақпараттық-насихат тобы (АНТ) 2013 жылды қорытындылап, келер жылдың жұмыс жоспарын бекітті.
Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы АНТ мүшелерін қабылдап, насихат көкжиегін кеңейтудің мәні мен маңызын сөз етті. «Сіздер дін саласының білікті маманы, білімді ғалымдары саналасыздар. Сіздерді аттай қалап, АНТ-ға мүше етіп тағайындадық. 2013 жылы жақсы жұмыс жасадыңыздар. Алайда атқаратын ауқымды іс-шаралар аз емес. Елдің ынтымағы мен бірлігіне, мұсылмандардың діни сауатын ашу жолында талмай қызмет етіңіздер», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.