- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 4800
Екі құрлықты жалғайтын жер асты жолы ашылды
Ыстамбұл шаһарындағы Босфор бұғазында су астынан Европа мен Азияны жалғайтын теміржол туннелі ашылды.
Жалпы қашықтығы 13,6 шақырымға жететін жолдың 1,4 шақырымы су астынан өтеді. Өзгеше туннелдің құрылысын түріктермен қатар жапондар да жүргізгенін айта кету керек. Олар аталмыш жобаға бір млрд-қа жуық қаржы құйған. Ал, жобаның жалпы құны шамамен 4 млрд долларға бағаланып отыр.