Тахиятул-мәсжид
Мешітке сәлем беру «тахиятул-мәсжид» намазы болып табылады. Яғни, мешіттің Раббысына сәлем беру, оған тағзым ету мақсатымен екі рәкат намаз оқу - мәндүп. Бір күнде мешітке бірнеше мәрте кірген адамға осы на- мазды бір рет оқыса, жеткілікті. Бұл намазды мешітке кірген сәтте отырмастан оқу - абзал. Отырып, аздан кейін оқыса да болады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім мешітке кіргенде екі рәкат намаз оқымай отырмасын»258. Жұма күні имам хұтба айтып жатқан кезде кірген адам бұл намазды оқымастан отыру керек. Мешітке парыз яки нәпіл намаз оқу үшін кіріп, отырмастан сол ниет еткен намазын оқу да - «тахиятул- мәсжид» намазының орнына жүреді.
256 Исра, 17/25.
257 Мәжмау'з - Зауаид, ІІ, 230.
258 Бухари, Салат, 60.
Дәрет намазы
Дәрет немесе ғұсыл алған соң, екі рәкат намаз оқу
- мәндүп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде- кім дәрет алып, одан кейін екі рәкат намаз оқыса және осы екі рәкатқа жүрегін терең салса, жәннат уәжіп болады»259.
Сәске намазы
Бұл намаздың ең азы - екі рәкат. Төрт немесе сегіз рәкат оқиды. Уақыты - күннің найза бойы көтерілгенінен күн тас төбеге жетуіне жарты сағат қалғанға дейін жалғасады.
Тәһажжүд намазы
Құптан намазынан кейін немесе аз уақыт ұйықтап тұрғаннан кейін оқылатын нәпіл намазды «түнгі намаз» дейді. Түннің жартысынан бастап, сәре уақытының аяқталуына дейінгі уақытта тұрып оқылған намаз- ды «тәһажжүд намазы» дейді. Тәһажжүд намазы екі рәкаттан сегіз рәкатқа дейін. Бұл намаз - Аллаһ Елшісіне парыз. Оның дәлелі мына аят: (Мұхаммед)
«Түнде оянып, өзіңе тән нәпіл оқы»260. Осы намазға үмбетін қызықтырғаны жөнінде аяттар бар: (Мұхаммед)
«Сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болған бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жарты- сында, үштен бір шамасында намазға тұрғанынды біледі»261. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Түнгі намазды үнемі оқыңдар. Өйткені, түнгі намаз оқу - сендерден бұрын өткен салихалы жандардың әдеті. Раббыларыңа
259 Бухари, Уду,' 24. Муслим, Таһарат,5.
260 Исра, 17/79.
бағынудың белгісі. Жамандықтарды бүркеп, күнә жа- саудан сақтайды»262, - деп түнгі намазға шақырған.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) түнгі намазға өте жақсы мән берген. Бірде Ата деген таби'ин263 Хазірет Айша- дан сұрайды: «Аллаһ Елшісінің ерекше бір жағдайын айтып бересіз бе?» Сонда Хазреті Айша: «Оның ерекше болмаған халі бар ма? Бірде түнде бөлмеме келді. Аздан кейін маған қарап: «Бүгін маған рұксат бер, Раббыма құлшылық етейін?», - деді. Дәрет алып, намазға тұрды. Ол қиямда (түрегеп) тұрып көп жылады. Жанарынан аққан көз жасы көкірегіне сорғалап жатты. Рүкүғке барғаннан кейін де ұзақ тұрып, егіле жылады. Сәждеге барған кезде де халі осылай болды. Аллаһ Елшісінің көз жасы Біләлдің таң намазына хабар берген азан даусына дейін толастамады. Сонда мен: «Пайғамбарым! Аллаһ Тағала сенің барлық күнәларыңды кешіре тұра, сен неге осыншама жылайсың? - деп едім, ол: «Шүкір еткен құл болмайын ба? Қалай ғана жыламаймын. Аллаһ осы түні маған мына аяттарды түсірді: «Шексіз көктер мен жердің жаратылуында және түн мен күннің өзгеріп, кезектесіп алмасуында ақыл-ой иелері үшін дәлелдер бар. Олар түрегеп тұрып, отырып, жанымен жатып, Аллаһты еске алады. Сондай-ақ, олар көктер мен жердің жаратылуы жайлы ойланып, терең толғанып:
«Раббымыз! Сен мұны тектен-текке жаратпадың. Сен пәксің. Бізді от азабынан сақта! Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, сөзсіз оны қорлап, жермен-жексен етесің. Залымдардың ешқандай көмекшісі жоқ. Раббымыз! Біз «Раббыларыңа иман етіңдер» деп шақырған
262 Тирмизи, Дә'ауат, 101.
шақырушыны ести сала иман еттік. Раббымыз! Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды жасыр. Әрі игі жақсылармен бірге жанымызды ал! Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. Қиямет күні де бізді тастап қор қылма. Сөзсіз, Сен берген уәдеңнен таймайсың деп тілейді»264. Осыдан кейін «Осы аяттарды оқып, терең ойға батпағанның халі неткен өкінішті!», - деді».
Сүнниттердің төрт имамы да түнгі намаздарына қатты көңіл бөлген. Әшәб ибн Абдулазиз Имам Малик туралы былай дейді: «Бірде ел жатқан уақытта сыртқа шықтым. Малик ибн Әнәстің үйінің жанынан өтіп бара жатып, оның намаз оқып жатқанын байқап қалдым. «Фа- тиханы» оқып болған соң, «Тәкәсүр» сүресін оқи баста- ды. «Сол күні берілген ырыс-береке мен несібелерден сөзсіз сұраласыңдар» аятына жеткен кезде кемсеңдеп, жылай бастады. Әлгі аятты қайта-қайта қайталап жылай берді. Мен баратын жеріме де бармай, көз алмай тыңдап қалдым. Осылайша ол таң намазына дейін жылады. Шапақ атқанда ғана, рүкүғке барып, намазын бітірді. Мен де үйге барып, дәрет алып, таң намазын оқу үшін мешітке бардым.
Кейіннен күн шығып, айнала жарыққа толып, оның айналасына ілім алқасы жиналды. Мен жақындап барып жүзіне қарағанымда, жүзі нұр шашып тұрды. Сол кезде мен «Түнгі намазы көп болғанның күндіз жүзі нұрлы болады» деген хадисті есіме алдым»265.
Имам Ағзам да түнде ұйықтамай Құран оқитын.
Кейде бір аятты таңға дейін қайталап жылайтын. Оның
264 Әли Имран, 3/190-194.
қатты жылағанын көршілері де естіп, жаны ашитын. Иә, бәрі де осылай жылайтын. Бұл ғұмырда жүрекпен жыламаған бейбақтардың ақыретте жылайтыны сөзсіз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жаһаннам халқы жы- лаумен азапталады. Олар көз жастары таусылғанға дейін жылайды. Одан кейін көздерінен аққан жастың орнына қан аға бастайды. Соңында беттеріне ойық пайда болады. Көз жастарының аққаны сонша кемелер қонса жүзер еді»266, - дейді.
Истихара намазы
Бұл - бір нәрсенің жақсысын, қайырын, игілігін тілеу. Истихара намазы жақсы істердің қайсысы өз үшін қайырлы әрі жақсы болатындығына рухани ишарат білу мақсатымен оқылатын екі рәкат намаз. Алғашқы рәкатта
- «Кафирун», екінші рәкатта - «Ықылас» сүресін оқу - мұстахап. Намаздан кейін «истихара» дұғасы оқылады. Дұғаны оқығаннан кейін жүрегінің қанағат еткеніне қарай әрекет етеді. Осы намаздың дәлелі мынау: Жабир ибн Абдиллаһ: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Құраннан сүре үйреткендей истихараны үйретіп былай деді: «Кімде-кім бір іс жасамаққа ниеттенгенде, парыздан тыс екі рәкат намаз оқып, мына дұғаны оқысын:
Оқылуы: «Аллаһуммә инни әстажирукә би илмикә уә
әстақдирукә би қудрәтикә уә әс-әлукә мин фадликәл- азим. Фә иннәкә тақдиру уә ләә ақдиру уә та'ләму уә ләә а'ләму уә әнтә алламул-ғуйууб.
Аллаһуммә. Ин кунтә та'ләму әннә һәзәл-әмрә хайрун ли фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә аажили әмри уә әәжилиһи фақдирһу ли уә иассирһу ли суммә баарик ли фиһи.
Уә ин кунтә та'ләму әннә һәзәл-әмрә шәррун ли фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә аажили уә әәжилиһи фәс-рифһу анни уәс-срифни анһу фақдур лиәл-хайрә хайсу кәнә суммә ардини биһи»
«Аллаһым! Іліміңе сеніп, мен Сенен ниеттенген ісімнің жақсылығының белгісін тілеймін. Құдіретіңе сеніп, Сенен күш-қуат сұраймын. Жақсылыққа жетуімді сенің асқан рақымдылығыңнан тілеймін. Өйткені, Сенің барлық нәрсеге күшің жетеді. Менің күшім жетпек емес. Сен күллі нәрсені білесің. Мен білмеймін. Сен ғайып әлемді тұтас білесің.
Аллаһым! Сен бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырын немесе дүние мен ақыретіме пайдалы болса,
осыны маған нәсіп ет. Одан кейін маған мол береке бер.
Ал егер бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырына және дүние мен ақырет әлеміме жаманат әкелетін болса, менен алыстат. Мені де одан алыстат. Жүрегімде оған деген иілу ізін қалдырма. Жақсылыққа, тек жақсылыққа жеткіз. Содан кейін онымен мені разы ет».
266 Ибн Мажә, Зуһд, 38.
Осыдан кейін мәселе айқындалмаса, намаз бен дұғаны жеті күн қайталау қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әнасқа былай дейді: «Әнас! Бір іс жасағың келсе, Раббыңа истихара намазы мен истихара дұғасын жеті рет қайтала. Содан кейін жүрегің қалағанын ойла. Жақсылық сол жерде»267. Истихара намазын күндіз оқуға болатыны сияқты толық ынта бөліп, кешке жатардың ал- дында да оқуға болады. Аллаһ Тағала білінуі үміт етілген істі түсінде ишарат жолдары арқылы білдіруі мүмкін. Жоғарыда көрсетілген истихара дұғасының арабшасын айту шарт емес. Қазақша мағынасын айтса да болады.