1. Мүәккад (бекітілген) сүннеттер
Бес уақыт намаз, жұма намаздарымен бірге оқылатын нәпіл намаздардың бір бөлімі-мүәккад сүннеттер. Аллаһ Елшісі былай дейді: «Әрбір адам күнделікті парыз намаздарынан тыс он екі рәкат намаз оқыса, Аллаһ оған жәннатта бір үй салады. Бұлар мына намаздар: Таң намазынан бұрын-екі рәкат, бесіннен бұрын-төрт рәкат, бесіннен кейін-екі рәкат, ақшамнан кейін-екі рәкат және құптаннан кейін-екі рәкат»248. Бұлар аса маңызды сүннеттер. Бейне бір парыздың қорғандарындай. Қорғаны жоқ немесе бұзылған қалаға әр уақытта дұшпанның кіруге дайын тұратынындай, сүннеттерін тәрк еткен адам әрқашан парыз намаздарын қаза қылуға немесе түгел тастап кетуге бейім тұрады. Сондықтан Аллаһ Елшісі (с.а.у.) таң намазы жайында:
«Сендерді аттылар (жау) қуса да, таң намазының екі рәкат сүннетін тастамаңдар»249 - деген. Жұманың алдындағы және соңындағы төрт рәкат намаз - мүәккад сүннет. Мүәккад сүннеттердің бірі - тарауих намазы. Бұл намазды жамағатпен оқу - сүннет. Аллаһ Елшісі Рамазанның үшінші, бесінші, жетінші, және жиырмасын- шы түндерінде осы намазды мешітте жамағатпен бірге оқыған. Кейіннен мұсылмандарға парыз болар деген оймен мешітте оқымаған. Кейде Пайғамбарымыз (с.а.у.) тарауих намазын сегіз рәкат оқитын. Қалғанын сахаба- лар өздері толықтырған. Сол себепті сахабалардан түн ішінде араның ызыңындай дауыстары естілетін250. Бұл намаз Рамазан айында құптан намазынан кейін үтірден бұрын оқылады. Ең мықты көзқарасқа қарай, осы на- мазды жамағатпен оқу - кифая (жалпылама) сүннет. Бұл намазды адам жеке өзі оқи алады. Бірақ жамағатпен оқу абзал. Тарауих намазы - жиырма рәкат. Әрбір төрт рәкат намаздан кейін дем алынып, бой жазылғаны үшін
«тарауих» деп аталған. Яғни, тарауих - дем алу, тынығу
248 Тирмизи, Салат, 189.
249 Ханбәл, ІІ, 405.
250 әз-Зухайли, а.а.е., ІІ, 43.
деген сөз. Тарауих намазының әр екі рәкатында сәлем беріп оқу абзал. Бірақ төрт, сегіз, он, тіпті жиырма рәкаттан кейін де, сәлем беруге болады. Ханафилер та- рауих намазының санын Хазіреті Омардың жасағанына қарай орындайды. Хазіреті Омар халифа болған кезінде жиырма рәкат оқытқан.
Тарауих намазы неше рәкат?
Қазіргі таңда кейбір топтар «Тарауих намазын жиырма рәкат оқу дұрыс емес, Алла елшісі (с.а.у.) тарауих намазын сегіз рәкаттан артық оқымаған» деген пікірді ел арасында жайып жүр. Тіпті, абақтыда отырған намаз оқитындардың арасында осы үшін үлкен тартыс болған көрінеді. Тарауих намазы жиырма рәкат па, жоқ әлде сегіз рәкат па? Осыны шариғат тұрғысынан талдап берсеңіз?
Пайғамбарымыз (с.а.у) тарауих намазын кей күндері мешітте жамағатпен оқыған. Бірақ ешбір сахих хадис- те тарауих намазының нақты рәкат саны айтылмаған. Омардың (р.а.) заманында отыз күн оразада тарауих на- мазын мешітте жамағатпен оқу бір жүйеге келтіріліп, жиырма рәкат оқылды. Сол күннен бүгінге дейін мұсылман үмбетінің шығысы мен батысы, яғни күллі ислам әлемі оны жиырма рәкат етіп оқып келеді. Төрт мәзһабта да тарауихтың рәкат саны жиырма. Тек Мәлики мәзһабында жиырма рәкат деген негізгі үкімнің жанын- да отыз алты рәкат деген де көзқарас бар. Ғалым ән- Нафрауи тарауих намазының рәкат санына байланысты келтірген көпшілік ғұламаның дәйектерінің қуатты екенін әрі Мәлики мәзһабын ұстанатындардың да бұған қосылатындығын айтады. Мәлики мәзһабының көрнекті ғалымы әд-Дардир: «Тарауих намазы құптан намазы- нан кейін жиырма рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан кейін сәлем беріледі. Рамазанның әр күні бір пара Құранды жиырма рәкатқа бөліп, Құранды бастан-аяқ бұл айда бір рет хатым ету - мұстахаб» деген. Ибн Хажар Һәйтами Мәлики мәзһабындағы Тарауих намазының отыз алты рәкат болуының негізін былай деп түсіндіреді:
«Мекке халқы тарауихтың әрбір төрт рәкатынан кейін қағбаны тауап жасайтын еді. Мәдинадағы мұсылмандар тауап жасай алмайтын болғандықтан, оның орнына қосымша он алты рәкат намаз оқыған...».
Ханафи мәзһабында да тарауих намазының жиырма рәкат екенін мәзһабтың мәшһүр ғалымы Сарахси: «Та- рауих намазы - үтірді қоспағанда жиырма рәкат» десе, Кәсани: «Тарауих намазының мөлшері - он сәлемнен тұратын жиырма рәкат, бес таруиха. Бір таруиха екі сәлемнен тұрады. Намаздың рәкатына байланысты бұл көзқарас жалпы ғұламалардың таңдауы» деген. Ибн Абидин де тарауих намазының жиырма рәкаттан тұратынын әрі көпшілік ғұламалардың осы көзқараста екенін, тіпті ислам үмбетінің батысы да, шығысы да осыны іс жүзінде ұстанатынын білдірген.
Шафиғи мәзһабының атақты ғалымы Имам ән- Нәуауий: «Мәзһабымызда тарауих намазы жиырма рәкат оқылады. Үтірден басқа әр екі рәкаттан кейін сәлем беріледі. Жиырма рәкатта бес «таруиха» (аздап үзіліс беруге таруиха делінеді. Қ.Ж.) бар. Бір тәруиха - екі рәкат сайын сәлем берілетін төрт рәкаттан тұрады. Міне,
бұл біздің мәзһабымыздың көзқарасы. Бұл көзқарасты Әбу Ханифа мен оның ізбасарлары251, Ахмед ибн Ханбал, Әбу Дәуід және басқа да ғалымдар ұстанады...»252 - деп, Шафиғи мәзһабында тарауихтың жиырма рәкат екенін айтқан.
Ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Құдама:
«Әбу Абдиллаһтың (Ахмад ибн Ханбал) таңдаған көзқарасы бойынша тарауих намазы - жиырма рәкат. Бұл көзқарасты Сәури, Әбу Ханифа, Шафиғи да ұстанады» деп, Ханбали мәзһабында да тарауихтың жиырма рәкат екенін білдірген.
Иә, тарауих намазының рәкат саны төрт мәзһаб бойынша да жиырма рәкат екені және мұсылман үмбетінің мұны іс жүзінде орындағанын байқадық. Тарауихтың жиырма рәкат болуының дәлелдері мынан- дай: Пайғамбарымыздың (с.а.у) аузынан тарауихтың рәкат санының жиырма екенін яки сегіз екенін білдірген ешбір сахих хадис жоқ. Ендеше, бұл жерде сахабалардың іс жүзінде тарауих намазын қалай оқығандығы негізгі дәлел болуға тиіс. Олай дейтініміз, барша сахабалардың іс жүзінде тарауихтың рәкат мөлшеріне байланысты белгілі бір санды таңдауы - кездейсоқтық, яки бидғат емес, керісінше, олардың бұл мәселеге байланысты Пайғамбарымыздың (с.а.у) берген қандай да бір үкімін біліп шығарған тұжырымдары. Яғни, олар белгілі бір санды ойдан шығаруы мүмкін емес. Тарауих намазы Омардың (р.а.) заманынан бастап, жамағатпен жиырма
251 Әбу Ханифаның Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді мүжтаһид шәкірттерін меңзеп тұр.
252 Имам Әбу Зәкәрия ән-Нәуауий, әл-Мәжмууъ, 4-том, 38-бет.
«Дәрул-фикр», Бәйрут, 1997 ж.
рәкат етіп оқытыла бастаған. Язид ибн Руман: «Омардың (р.а.) заманында мұсылмандар тарауихты (үтірді қосқанда) жиырма үш рәкат етіп оқитын» деген. Абдур- Рахман ибну Абдил-Қари: «Омармен бірге рамазанның бір түнінде мешітке бардым. Әркім жеке-жеке әр жерде намаз оқуда. Адамдар шашыраңқы. Жеке намаз оқып жатқанның артына келіп басқа бір топ адамдар ұйып жатыр. Мұны көріп, Омар (р.а.): «Адамдардың бәрін бір қаридың артына жинаған дұрыс-ау, жақсы», - деді де, Убәй ибн Кәғбті имам етіп, жамағатты оның артына ұйытты. Сосын басқа бір түні мешітке Омармен (р.а.) бірге бардым. Адамдардың бәрі бір қариға ұйып тұр. Мұны көрген Омар (р.а.): «Бұл қандай жақсы бидғат»,
- деді»253. дегенін жеткізді.
Пайғамбарымыздың (с.а.у) заманында мұсылмандар рамазанның әр түнінде жамағат болып, тарауих намазын мешітте оқымайтын. Пайғамбарымыз (с.а.у) бастапқы кезде бірнеше күн тарауиқ намазын мешітте оқыса да, кейіннен мешітте оқымаған әрі тарауих үшін мешітке жамағатты жинамаған. Әбу Бәкірдің (р.а.) заманын- да да солай болған. Кейіннен Омар (р.а.) жамағаттың бәрін бір имамның артына жинап, тарауих намазын күнде мешітте өткізу үрдісін қалыптастырған әрі рәкат санын жиырма рәкат еткізген. Омардың (р.а.) бұл ісіне яғни тарауихтың күнде мешітте жамағатпен жиырма рәкат ретінде оқытылуына ешбір сахабаның қарсы шықпағандығы, олардың бұл мәселеге байланы- сты пайғамбарымыздың берген қандай да бір үкімін
253 Сахихул-Бухари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы, Бәйрут, 1987 ж. Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 493-бет, Мәктабату Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.
білгендіктерінде. Омардың (р.а.) қолға алған ісіне қолдау көрсетуі сахабалардың ислам заңдарының негізі бойын- ша «ижмағ» болып есептеледі. Ал ижмағ Құран, Сүннет секілді шариғатымыздың негізгі дәлелдеріне жатады.
Бұған қоса, Ибн Аббастан пайғамбарымыздың (с.а.у) Рамазан айында жиырма рәкат тарауих намазы мен үтірді оқығандығы риуаят етілген. Тарауихтың рәкатына байла- нысты келген бұл риуаят әлсіз болғанымен сахабалардың фиғли ижмағымен (барлық сахабалардың тарауихты іс жүзінде жиырма рәкат оқуымен болған ижмағ) қуаттанып отыр. Айша анамыздың «Алла елшісі (с.а.у) рамазанның түндерінде мол намаз оқитын еді» делінген риуаяты мен сахабалардың және көпшілік мәзһаб ғұламаларының тарауихты жиырма рәкат оқығандығы жоғарыдағы Ибн Аббастан риуаят етілген хадистің дұрыс екендігіне қуатты дәлел.
Ал енді тарауихтың сегіз рәкат екендігін ұстана- тындардың дәлеліне келер болсақ:
Тарауихты секіз рәкат дейтіндердің негізгі дәлелі Айша анамыздың: «Алла елшісі (с.а.у) рамазан айында және одан басқа айларда да он бір рәкаттан артық намаз оқымайтын еді» деген риуаяты. Бұл риуаятты Айша ана- мыздан жеткен: «Рамазан айы кірісімен, Алла елшісінің (с.а.у) түрі өзгеретін әрі намаз көп оқып, Жаратқанға қатты жалбарынушы еді», «Алла елшісі (с.а.у) басқа уақыттарда көрсетпеген қажыр-қайраты мен ыждаһатын рамазан айының соңғы он күнінде көрсететін еді» деген хадистермен топтастырып қараған уақытта «Алла елшісі (с.а.у) Рамазан айында және одан басқа айларда да он бір рәкаттан артық намаз оқымайтын еді» деген жоғарыда келтірілген риуаяттың тарауих намазы емес,
түнгі тәһәжжүд намазына қатысты екенін байқаймыз. Он бір рәкаттың сегіз рәкатының - тәһәжжүд, ал қалған үш рәкатын Алла елшісінің (с.а.у) «Соңғы оқыған намаздарың үтір намазы болсын» дегенін ескере отырып, үтір намазы деп түсінген жөн.
2. Мүәккад болмаған (бекітілмеген) мәндүп сүннеттер
Аллаһ Елшісінің көбінесе оқыған, бірақ кейде оқымаған сүннеттері мыналар:
1. Бесін намазынан кейінгі екі рәкаттан бұрын оқылатын қосымша екі рәкат.
2. Намаздыгер намазынан бұрын оқылатын төрт рәкат намаз. Бұл жайында Аллаһ Елшісі былай дейді:
«Намаздыгер намазынан бұрын төрт рәкат намаз оқыған адамға Аллаһ рақым етсін»254.
3. Құптан намазынан бұрын оқылатын төрт рәкат намаз бен құптан намазының екі рәкатына қосымша
- екі рәкат намаз. Бұл жайында Хазіреті Айша былай дейді: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) құптаннан бұрын төрт рәкат намаз оқып, артынан құптан намазын оқитын. Одан кейін тағы төрт рәкат намаз оқитын. Содан кейін жатуға бет алатын»255.
4. «Әууабин» намазы: Бұл - Аллаһқа көп тәубе етуші адам деген сөз. Ақшам намазынан кейінгі екі немесе үш сәлеммен оқылатын алты рәкат намаз. Мұның дәлелі мына аят: «Раббыларың іштеріңдегі нәрсені жақсы біледі. Егер игілерден болып, жаманшылықтан
254 Тирмизи, Салат, 301.
255 әш-Шәукани, ІІІ, 118.
бет бұрып, тәубе етсеңдер, Аллаһ күнәларыңды кешіруші»256. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Кімде-кім ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз оқыса, Аллаһ күнәларын теңіз көбігіндей болса да кешіреді»257. Аллаһ Елшісі ақшам намазынан кейін алты рәкат намаз оқыған адамның «әууабиннен» саналатынын айтып, артынан жоғарыда мағынасын беріп өткен аятты оқыған. Бұлардың бәрі - парыз намаздарға қосымша нәпіл намаздар.