Хазіреті Муаз бірде халыққа «Бақара» және «Ниса» сүрелерін оқып, имамдық жасап, бұның арты жамағаттың шағымдануына әкеліп соғады.
Пайғамбарымыз осыған байланысты Хазреті Муазға мынадай ескерту жасаған: «Му'аз! Сен халықты жалықтырып, арадан кейіс, наразылық тудырғың келе ме? Сенің істегенің дұрыс емес. Намазды «Сәббих- исмә-раббикә» немесе «Уәш-шәмси, уәд-духаһә» сияқты қысқалау сүрелермен оқығаның абзал», - деп ескерту жасаған.
* * *