Құран араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран - Ұлы Жаратушының ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын мәңгілік иләһи кітап. Құран - өзіне дейінгі түскен барлық парақтар мен кітаптарды қамтыған. Құран - санасы қанша жетілсе де ақыретке дейінгі келетін күллі адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық проблема- ларына қатесіз толық шешім айтатын, адамның санасы жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім сыр- ларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен қараның ара-жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан
277 Қадыр, 97/1.
жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жара- тушы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап.
Құран Кәрімнің Аллаһ Тағала тарапынан жіберілгендігінің кейбір дәлелдер
- Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде арабтардың ауыз әдебиеті, сөз өнерінің, әсіресе, ақындықтың шыңына жеткені соншалық ақындар бір шумақ өлеңдерімен бейбіт жатқан екі елді соғыстырып немесе қылыштарын қындарынан шығарып, соғысуға шақ қалған екі елді татуластыратындай дәрежеде болған. Жыл сайын сөз өнерінде жарыстар ұйымдастырылып, алғашқы жеті орынға ие болған шайырлардың есімі мен өлеңдерін Қағбаға алтынмен әшекейлеп жазып, іліп қоятын болған. Тіпті, жалпы қара халықтың өзі бір-бірімен тақпақтасып сөйлескен. Міне, сөз өнерінің осындай шыңына жеткен уақытында Пайғамбарымызға (с.а.у.) Құран түскен.
«Оларға былай деп айт: Ант етейін, егер адамдар мен жындар мына Құранның ұқсасын жасау үшін жиналып, тіпті бір-бірін қолдап, күштерін жинаса да оған ұқсас бір кітап жаза алмайды» (Исра/88) - деп
278 Бұл жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз, М. ИСАҰЛЫ, Құран кімнің сөзі?, Алматы 2004.
аят түсіріп, олардан Құранға ұқсас бір кітап жазуларын талап етеді. Алайда араб ақын, шешендері Құранға ұқсас бір кітап жазу қолдарынан келмегендіктен ауыздарына құм құйылады.
Аллаһ басқа бір аятта:
«Жоқ, әлде олар (кәпірлер) Құранды өзі құрастырып алды деп жатыр ма? (Мұхаммед (с.а.у.) оларға айт: Егер айтқандарың рас болса Аллаһтан басқа шақыра алатындарыңды (жәрдемге) шақырыңдар, (бәрің бірігіп) сендер де сол сияқты құрастырылған он сүре жазыңдар!»279 - деп, әншейінде намысшыл болып келетін шайырлардың намысына тиіп, олардан құрастырылған он сүре жазуларын талап етеді. Бірақ шайырлардың жұмған ауыздары ашылмай, дәрменсіздіктен Аллаһтың бұл талабын да жауапсыз қалдырды. Он сүре жазуға шамалары келмеген шай- ырларды Аллаһ Тағала басқа бір аятта былай деп, бар білетін өнерлерін көрсетуге шақырады.
«Егер құлымызға түсіргенімізге (Мұхаммедге түсірілген Құранға) күмәндансаңдар, қанеки, бір
279 Һуд сүресі/11-13.
сүресіне ұқсас сүре жазып әкеліңдер және Аллаһтан басқа сенетіндеріңнің барлығын шақырыңдар, егер айтқандарың рас болса. Бұны жасай алмасаңдар, - ешқашан жасай алмайсыңдар да! Ендеше, отыны адамдар мен тастардан тұратын кәпірлерге әзірленген тозақ отынан сақтаныңдар». (Бақара, 23-24) Әншейінде намысшыл келетін шайырлар бұл жолы тағы да Аллаһтың талабын орындауда дәрменсіздік танытып, Құранға ұқсас кітап емес, тіпті он сүре де емес жалғыз сүре жазу қолдарынан келмегендіктен құлаққа ұрған танадай үнсіз қалды. Иә, күмән келтірген арабтардың өздерінен талап етілген Құранға ұқсас бір кітапты, яки он сүресін, тіпті жалғыз сүресін жазу Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жаңа дініне тосқауыл болудың ең қысқа әрі оңай жолы бола тұра, мал-жандарын қатерге соғатын соғыс жолын таңдауларының астарында Құран сүрелерінің ұқсасын жаза алмаулары бар еді. Өйткені, Құран мағынасындағы тереңдігі мен тәсіліндегі ерекшелігі жағынан арабтардың қара сөздеріне де, өлең шумақтарына да ұқсамайды. Он төрт ғасырдан бері Құран сүрелеріне ұқсас бір сүрені күллі адам баласының жаза алмауы - Құранның Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген хақ кітап екендігінің айқын дәлелі.
- Құран тәсілі мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінің тәсілі арасында жер мен көктей ерекшелік бар. Ерекшелігі соншалық - кез келген арабша білетін адам мағыналары бір болып келетін Құран аяттары мен хадистерді, «мынау - аят», «мынау - хадис» деп оп-оңай ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың хадистерін өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп, Құранды өздері қолданатын сөйлеу тәсілдерінің ешқайсысына ұқсата алмай, қайран қалатын. Себебі, Құранда арабтардың қолданған қара сөздеріне де, өлеңдеріне де ұқсамайтын, жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше өзіне ғана тән иләһи (құдайлық) тәсіл бар.
- Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған уақытымызда терең толғанып, Аллаһтың ұлылығының алдында бас иіп, тебіреніп айтып тұрған адам бейнесі сезіледі. Ал Құранды оқыған уақытымызда Аллаһтың ұлылығы мен жаббарлығының үні байқалып, сөздің жұмыр басты адамнан емес, бүкіл әлемдердің Ұлы Жаратушы- сынан келіп тұрғандығы сезіледі. Пайғамбарымыздың бір-бірінен тым басқаша екі тәсілді әр жерде еш ойлан- бастан, оп-оңай түрде ажыратып қолдануы Құранның Иләһи екендігінің ашық дәлелі болса керек.
- Мектеп, университет оқымаған, оқу-жазу білмейтін адамның еш кемшіліксіз жеке тұлғалық, отбасылық, қоғамдық, экономикалық және заңға бай- ланысты ережелер қойып, жүйе құруы және бұл жүйенің ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан алуан ұлттар тарапынан іс жүзінде қолданылып, ескірмеуі, тіпті заман ескірген сайын бұл иләһи ереже-қағидалардың жаңара түсуі - Құранның хақ екендігінің айғағы. Тарихта көптеген құнды кітаптар жазылған. Бірақ жұмыр басты пенденің туындысы болғандықтан, заманның жаңалығына өз шешімін беріп, адамзаттың күн сайын дамыған ой-өрісін қанағаттандыра алмағандықтан, жаңа толқын тарапынан
Құран аяттары бүгінде басқа қырынан тәпсірленіп, құдды жаңа ғана түскендей адамзаттың шешімін күткен небір заманауи күрделі күрмеулері мен сансыз сауалдарына жауап беруде және қияметке дейін бере бермек. Сөйтіп, өзінің сарқылмас қазынаға толы мәңгілік мұғжиза, ескірмес иләһи кітап екенін дәлелдей бермек.
- Әлемде миллиондаған адам жатқа білетін және күн сайын жалықпастан оқылатын дәл Құрандай екінші кітап жоқ. Алты жүзден аса беттен тұратын Құран Кәрімнің араб тілін білмейтін миллиондаған адамдар тарапынан сөзбе-сөз толықтай оңай жатталуы және адамның жан дүниесіне ағыла құйылып, баурап алатын, тек өзіне ғана тән ерекше әуені мен әуезі - Оның иләһи кітап екендігінің нақ белгісі.
- Құранның бұрын болып кеткен оқиғалар мен келешекте болатын оқиға, жаңалықтардан хабар беруіне ат үсті қарап, оны адам баласының жазған туындысы деу ақылға сыйыспайды. Бұл жерде барлығын қамтып жазудың мүмкін еместігін ескерте отырып, кейбіреулеріне тоқтала кеткенді жөн көрдік.
- Салих, Лұт, Мұса (а.с.) сияқты пайғамбарлар мен қауымдарының ежелгі дәуірде ғұмыр кешкен мекендері мен өмір сүру ахуалдарын Құран баяндағандай енді ғана зерттеп тапқан қазіргі археология ғылымы Құранға еріксіз таңқалуда.
- Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дәуірінде румдықтар мен сасанидтер үнемі бір-бірімен шайқаста бола- тын. Румдықтар сасанидтерден соңғы соғыста қайта бас көтерместей ойсыра жеңіліске ұшырайды. Осы жеңілістен кейін румдықтардың бірнеше жылдың ішінде жеңіс тұғырына қайта көтерілетіндігіне ешбір кемеңгер,
«Рум жеңілді, сендерге ең жақын жерде. Олар бұл жеңілістерінен кейін бірнеше жылдың ішінде қайта жеңіске жетеді...»280. Құран айтқандай-ақ румдықтар сасанидтерді бірнеше жылдың ішінде қайта жеңіп, Құран баянын растайды.