Жұма намазы - дінімізде өте маңызды санала- тын, жамағатпен орындалатын апталық ғибадат. Жұма күнінің ежелде еврей және христиандар үшін апталық ғибадат күні болғандығы, кейіннен еврейлер бұл күннің орнына сенбі күнін, христиандар жексенбі күнін апталық ғибадат күні ретінде өзгертіп қабылдағаны және Ислам діні келгеннен кейін ұмыттырылған қасиетті бұл күннің мұсылмандарға қайтадан оралуы жайлы Пайғамбарымыз (с.а..у) былай дейді: «Біз - бұрынғы кітап берілгендерге қарағанда, ең соңғысымыз. Қияметте-ең алға өтеміз. Олар Аллаһтың өздеріне парыз еткен осы жұма намазы күні жайында қарама-қайшы пікірге түсті. Аллаһ оны бізге көрсетті. Басқа адамдар бұл туралы бізге бағынады. Жұма күнінің ертеңі - яһудилердікі, одан кейінгі күн - христиандардікі»232. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бұл күннің неліктен жұма аталуының себебін сұрағанда, былай деп жауап қатты: «Күмәнсіз, әкеңіз Адамның жаратылысы сол күні жиналды. Қиямет сол күні болады. Қайта тірілу мен адамдардың есеп беруі үшін ұсталулары да - сол күні болады. Жұма күнінің үш сағатының соңында бір сәт бар. Сол сәтте дұға еткеннің дұғасы қабыл болады»233, - дейді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) басқа бір хадисте: «Мен дұғалардың қабыл болатын сағатының қай уақытта екенін білуші едім, бірақ Қадір түні сияқты бұл да маған ұмыттырылды», - деп жұма күнінде дұғалардың қабыл болатын арнайы бір сәттің бар екенін айтады. Міне, сондықтан мүмкіншілік болса, жұма күнін толықтай құран
232 Бухари, Жұма, 1. 211.
233 Ахмед ибн Ханбәл, III, 311.
оқу, намаз оқу, тәсбих, салауат айту сияқты ғибадатпен өткізу керек. Жұма күні тазаланып, мешітке ертерек барып, хұтба тыңдап, артынан намаз оқыған адамның алдыңғы жұма мен сол жұманың арасында жасаған күнәларының кешірілетіні жайлы Пайғамбарымыздың хадистерінде сүйінші хабар бар.
Жұма күні мұсылмандардың апталық айты, мейра- мы болғандықтан бейсенбі күні ақшамнан бастап, заттық және рухани тазалыққа басқа күндерге қарағанда көбірек көңіл бөлу керек. Заттық тазалықтың ең басында ғұсыл алу, тырнақ алу, таза киім кию, хош иісті әтір себу келеді. Рухани тазалық ретінде жұмадан бұрын күнәларына тәубе етіп, көбірек зікір, салауат айтып, дұғаның қабыл болатын құпия сағатына тура келуді үміт етіп, көбірек дұға етуге тырысу керек.
Мұсылмандардың жұма намазды оқу үшін бір жерге жиналулары жұма намазының осылай аталуына бірден- бір себеп болған. Һижреттен бұрын, яғни Меккеде жұма намазы жоқ еді. Аллаһ Елшісі «Ақаба» сертінен кейін Мус'аб ибн Умейрді Мәдинаға мұғалім етіп жіберді. Оған сол жерде бесін уақытында екі рәкат намаз оқуын әмір етті. Міне, сондықтан мұсылмандар Әсад ибн Зурараның Мәдина сыртындағы үйіне жиналып, жұма намазын оқи бастады. Негізінде жұма намазына байланысты аяттың Мәдинада түскенін және Аллаһ Елшісі алғаш жұма на- мазын һижрет кезінде Салим ибн Ауф тайпасына тиісті Рануна қойнауында оқығанын ойлап қарасақ, Әсадтың оқыған екі рәкат намазы жұма намазының парыздығынан бұрын болып, оқыған намаздарының бесін намазы екенін аңғаруға болады.
Жұма намазының үкімі - парыз.
Парыздығы Құран мен сүннетке сүйенеді.
Құраннан дәләл: «Ей, иман еткендер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Аллаһты еске алуға (намазға) ұмтылыңдар және сауда жасауды сол уақытта доғарыңдар»234. Сүннет дәлеліне келсек: Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жұма азанын естіген жандарға - жұма намазы парыз235.
Жұма намазының парыздығының шарттары
Жұма намазының кімге парыз екені жайлы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аллаһқа және ақырет күніне сенгендерге - жұма намазы парыз. Бірақ жолаушы, құл, бала, әйел және науқастар бұдан тыс»236. Яғни бұлардан басқа барлық мұсылмандарға жұма намазы парыз.
1. Ер кісі болу: Жұма намазы әйелдерге парыз емес. Бірақ намазды мешіттегі жұма жамағатына қатысып, оқыған жағдайда қайтадан бесін намазын оқу қажет емес.
2. Азат болу: Азаттығы болмаған тұтқын мен қапаста жатқандарға жұма күні бесін намазын жұманың орнына оқулары жеткілікті.
3. Жергілікті тұрғын болу: Жолаушыға жұма намазы парыз емес. Себебі, жолаушыда жалпы жол қиыншылықтары бар. Оған жеңілдік жасалған.
234 Жұма, 62/9.
235 Әбу Дәәуд, I. 244.
236 Әбу Дәәуд, I. 644.
4. Науқас немесе белгілі себептер болмау: Намазға барса, ауруының асқынуынан қорыққан жандарға - жұма намазы парыз емес. Сол секілді науқасқа қараушы, әлсіз кәрі, көзі көрмейтін, мүгедек және кезектегі сақшылар секілді себебі болғандарға бесін намазы жетіп жатыр. Бірақ жұма намазын оқи алса, бесін намазын оқудың қажеті жоқ.
Жұма намазының дұрыс орындалу шарттары
1. Жұма оқылатын жердің қала немесе қалаға лайық болуы қажет. Бұл жайлы Хазреті Әли: «Жұма намазы, тәшриқ тәкбірлері, Рамазан және Құрбан айт намаз- дары нөпір қала немесе аймақтарда оқылады», - дейді. Имам Ағзам осыған қарап, үкім шығарған. Яғни, оның көзқарасы бойынша, әкімі, көшесі, базары, бар отырықты жер - «нөпір қала» болып саналады. Әбу Юсуп бойынша, халқы үлкен мешітке сыймайтындай қарақұрым болған жерлерді қала санаса, Имам Мұхаммед басшылардың қала санаған жерлерін қала деп есептейді.
Жұма намазы шағын отырықшы жерлерде де оқыла алатыны жайлы дәлелдер бар. Әбу Һурайра Бахрейн- де қызмет етіп жүрген кезінде Хазіреті Омардан жұма намазы жайлы сұрайды. Ол «Жұма намазын қайда болсаңдар да оқыңдар» деп жауап қатады. Ибн Аббас жұма намазын Мәдинадағы Пайғамбар мешітінен кейін алғаш рет Бахрейндегі «Жууаса» деген ауылда оқылғаны
жайлы хабар береді237.
237 Бухари, Жума, 11.
2. Жұма оқитын имамның үкімет тарапынан рұқсаты болуы керек. Ханафи құқықшылары бойын- ша, жұма намазы үшін де солай. Олар мына хадиске сүйенеді: «Кімде-кім жұма намазын мен өмірде болған кезімде немесе менен кейін әділ немесе залым бір имам (басшы) болғанда, оны місе тұтпай немесе терістеп, оны тәрк етсе, Аллаһ оған берекет бермесін және ісін ілгері бастырмасын»238. Міне, осы хадисте жұма намазының парыз болуы үшін әділ болсын, залым болсын бір басшының болуы қажет екенін айтқан. Өйткені үкіметтен рұқсат алмаса, бүлік шығу ықтималы бар. Бірақ басшылар жұмаға мән бермесе немесе себепсіз мұсылмандардың намаз оқуына кедергі жасаса, мұндай жағдайда, мұсылмандар бір имамның артына тұрып, жұма намазын оқуларына болады. Имам Мұхаммед мына дәлелге сүйенеді: Хазіреті Осман Мәдинада қоршауда қалған кезде сырттағы сахабалар Хазреті Әлидің артына тұрып, жұма намазын оқыған239.
3. Жұма намазы дұрыс болуы үшін, Әбу Ханифа бойынша, имамнан тыс ең аз үш адам, Әбу Юсуп және имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, екі ер кісінің болуы шарт. Дәлелдері «Аллаһтың зікіріне (жұма на- мазына) ұмтылыңдар»240 аятындағы «ұмтылыңдар» етістігі көпше түрде қолданылған. Әбу Ханифа - үш, қалған екеуі - екі адамды көп ретінде қабыл еткен. Бұл жерде бір қалада бірнеше жерде жұма намазының оқылуын айта кеткен жөн. Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, бір қалада бірнеше жерде жұма
238 Ибн Мажә, Иқама, 78
239 әл-Касани, 1. 261.
240 Жұма, 62/9.
намазын оқуға болады. Бұған дәлел Хазіреті Әлидің Хазіреті Осман қоршауда қалған кезінде жұма намазын сыртта оқығаны секілді айт намаздарын да Мәдина сыр- тында сақарада оқыған. Сол жерге келе алмаған әлсіз, кәрі жандар намаздарын қала орталығында оқыған.
4. Жұма намазы оқылатын жердің халыққа ашық болуы. Өйткені жұма намазы - Исламның рәмізі, дін ерекшеліктерінің бірі. Имам есігін құлыптап, жұма оқыса, намазы дұрыс болмайды.
5. Уақыт. Жұманың уақыты-бесін намазының уақыты. Әнас ибн Маликтің бізге: «Аллаһ Елшісі жұма намазын күн батысқа ауа бастағанда оқитын»241 - деген сөзі жеткен. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Му'саб ибн Умейрді һижреттен бұрын мұғалім етіп, Мәдинаға жіберген кезінде оған күн батысқа ауа бастағанда жұма намазын оқуын айтқан.
6. Хұтпа. Жұма сүресіндегі «Аллаһтың зікіріне ұмтылыңдар» аяты - жұма намазы мен хұтпасы. Хазреті Пайғамбар хұтпасыз ешқандай жұма намазын оқымаған. Хұтпа шарт болмағанда кейде оны тәрк ететін еді. Жамағаттың алдында хұтпа оқылуы керек. Хұтпа оқылып жатқан кезде жамағат болмай, біткеннен кейін келсе, намаздары дұрыс болмайды. Жамағаттың хұтпаны естулері шарт емес. Жалпы сол жерде болса жеткілікті. Хұтпа кезінде жолаушы болса да, жалпы ғибадат етумен міндеттелген бір ер кісінің болуы жеткілікті.
Әбу Ханифа бойынша, хұтпаның шарты Аллаһты зікір етуден тұрады. Сол себепті, хұтпашы хұтпаға ниет етіп, «Әлхамду лилләһ» немесе «Субханаллаһ» немесе «Ләә иләһә ил-лАллаһ» десе, жеткілікті. Өйткені
241 Бухари, Жума, 16
«Аллаһты зікір етуге асығыңдар» аятында зікірдің аз болуы мен көп болуы жайында мәселе қозғалмаған. Хазреті Осман халифа кезінде алғаш жұма хұтпасында
«Әлхамду лилләһ» дегеннен кейін қобалжып, тілі тұтылып, мінберден түсіп, жұма намазын оқығаны осыған дәлел.
Әбу Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, хұтпа
- хұтпа делінетіндей айтылуы керек. Бұл - әт-тәхият, мадақ және салауат пен мұсылмандарға дұға ететіндей көлемде болмақ.
Хұтпаның уәжіптері
1. Хұтпаны тік тұрып және адамдарға қарап оқу.
2. Кіші және үлкен дәретсіздіктен таза болу.
3. Әурет жері жабық болу.242
Хұтпаның сүннеттері
1. Хұтпаны екіге бөлу. Екі хұтпаның арасында бір тәсбих және үш аят оқитындай уақыт отыру. Сол себепті, бұны «хұтпа» деп атайды.
2. Бұл екі хұтпаның әрбірі - шәһадат сөздерін, са- лауатты қамту керек.
3. Бірінші хұтпа - бір аят және насихатты, екінші хұтпа мұсылмандар жайлы дұғаны қамту керек. Екінші хұтпада хұтпашының даусы - бірінші хұтпадан төмен болуы керек. Бұлар хұтпаның сүннеті.
4. Екі хұтпаны ұзатпау.
242 Білмен, 157.
5. Хұтпашы мінберге шыққан кезде оның алдын- да азаншы азан оқиды. Хазіреті Пайғамбар заманында оқылған азан осы.
6. Хұтпашы азаннан кейін тұрып, құпиялай әғузуды оқып, жариялай Аллаһ Тағалаға мадақ айтып, хұтпасын жамағатқа қарап оқиды.
7. Хұтпа біткен кезде қамат айтылады.
Жұма намазы ауылдық жерлерде де оқылатыны жайлы бұрыннан рұқсат берілген. Бір ауылда тұратын адам қалаға келіп, жұма уақытына дейін қалуды ниет етсе, оған жұма намазы - парыз. Бірақ жұмадан бұрын кетуге ниет етсе, парыз емес. Жұма уақыты кіргеннен кейін шығуды ниет етсе, басым көпшіліктің көзқарасы бойынша, парыз болмайды. Ауылға көліктің ерте кетіп, басқа бір көліктің болмауы секілді себептерге байланы- сты, жұманы күтпесе де болады. Бесін намазын оқыса, жетіп жатыр. Жұма күні жолға шығуға болады. Бірақ түстен кейін жұма намазын оқымай шығуы - мәкрүһ. Жұма күні тәкбір айту, жуыну, хош иіс жағу, мисуак қолдану, жақсы киім кию - мұстахап. Жұма күні азан оқылған кезде себепті жағдайы болмағандардың істерін тоқтатып, мешітке дереу баруы - уәжіп. Жұма күні мешітке ерте бару, екі рәкат намаз оқу, «Кәһф» сүресін оқу немесе тыңдау - мәндүп.
Хұтпашы мінберге шыққан кезде, жамағаттың тыныштық сақтауы, сәлем алып, сәлем бермеуі, нәпіл намаз оқымауы керек. Жұманың екі сүннетін оқып қойса, қалғанын тезірек уәжіптерін бұзбай бітіру қажет. Тіпті хұтпада Пайғамбарымыздың (с.а.у.) аты айтылса да са- лауат айтпай үнсіз қалу - абзал. Бірақ Әбу Юсуп бой- ынша, іштей салауат айтылады.
Жұма намазының сүннеттері
Жұма намазының алды мен соңында төрт рәкаттан нәпіл намаз оқылады. Яғни, жұма намазы - бас-аяғы он рәкат намаз. Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) жұмадан бұрын төрт рәкат намаз оқыған. Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім жұма намазын оқыса, артынан қосымша төрт рәкат оқысын»,243 - дейді.