Ислам ғылымхалы

Намаздың түрлері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәсбих намазы

 

Тәсбих намазының сауабы көп. Бұл намазды әрқашан оқуға болады. Аптасына бір рет немесе айына бір рет, тым болмаса өмірінде бір рет оқу керек. Тәсбих намазы-төрт рәкат. Әрбір рәкатта «Фатиха» мен бір сүре оқылады. Бір немесе екі сәлеммен аяқталады. Осы на- мазда үш жүз рет: 
«Субхан-Аллаһи  уәл-хамду  лилләһи  уә  ләә иләһә иллал-лаһу уаллаһу әкбар» тәсбихы оқылады.

 

267 Зухайли,а.а.е., ІІ, 49.
 
Яғни, әрбір рәкатта жетпіс бес рет тәсбих оқылады. Ниет етіп, қол байланып, субханакадан кейін он бес рет осы «тәсбих» оқылады. Содан кейін Ә'узу-бисмиллаһ, «Фатиха» және бір сүре оқылып, қайтадан осы «тәсбих» он рет оқылады. Содан кейін рүкүғке барады. Үш рет рүкүғ тәсбихі айтылған соң, сол жерде он рет тағы да осы «тәсбих» оқылады». Содан кейін қиямға барған кезде сол жерде он рет оқылады. Одан кейін сәждеге барады. Сәжде тәсбихы айтылысымен артынша он рет «тәсбих» оқылады. Сәждеден тәкбір айтып тұрады да, екі сәжде арасында тағы да он рет осы «тәсбих» оқылады. Қайта тәкбір айтып, сәждеге барып, сәжде тәсбихін айтқан соң, он рет осы «тәсбих» оқылады. Сонымен бәрі қосылып, жетпіс беске жетеді. Осыдан кейін екінші рәкатқа тұрады да, сол рәкатты дәл осылай оқып отырады. Отырыста
«әт-тахият» пен «салауат» оқылады. Осымен «тәсбих» жүз елуге жетеді. Осыдан кейін сәлем беріп яки сәлем бермей үшінші рәкатқа бастайды. Осы соңғы екі рәкат дәл алдыңғыдай оқылады. Осылайша үш жүз «тәсбих» оқылады. Пайғамбарымыз  (с.а.у.) немере ағасы Аббасқа тәсбих намазын үйретіп жатып, осы намазды оқыған жанның құм үйіндісіндей күнәлары болса да, Аллаһ сөзсіз кешіретінін айтады268. Тәсбих намазында жаңылысқан жағдайда, сәһу сәждесінде бұл тәсбихтар қайталанып оқылмайды. Бұл намазды оқыған адам тәсбихтарды ойымен санай алса, саусақтарымен санамайды. Имам тәсбих намазын оқытса, жария оқиды. Тәсбихтарды да жария түрде оқиды.

 

268 Тирмизи,Уитир,19.
 
                                                    Қажет намазы

 

Дүниелік немесе ақыреттік қалауы бар адам дәрет алып, құптан намазынан кейін екі немесе төрт рәкат, басқа бір көзқарас бойынша, он екі рәкат намаз оқиды. Одан кейін Аллаһқа хамд, мадақ және Оның Елшісіне салауат айтып, артынан өзіне қажет дұғасын айтып, Аллаһтан сұрайды. Мәрфу' бір хадисте намаздың бірінші рәкатында бір рет «Фатиха», үш рет «Аятул-күрсі» оқиды. Қалған үш рәкатының әр бірінде «Фатиха» мен
«Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелін оқиды. Тирмизидің бір хадисінде Пайғамбарымыз  (с.а.у.) былай дейді:
«Әркімнің Аллаһтан қалаған бір тілегі немесе адамдардан кімде-кімнің қандай бір тілегі болса, алдымен жақсылап дәрет алсын. Содан кейін екі рәкат намаз оқысын. Одан кейін Аллаһқа хамд, мадақ, Аллаһ Елшісіне салауат айтсын. Артынан мына дұғаны оқысын:
 Оқылуы: «Ләә иләһә иллал-лоһул-халимул-кәрим. Субхан-Аллаһи Раббил-а'ршил-а'зим. Әл-хәмду лилләһи раббил-а'ламин. Әсәлукә мужибаати рахма- тика уә азаимә мағфиратикә  уәл-ғанимәтә мин кулли биррин уәс-сәләәматә мин кулли исмин ләә тәда' ли зәнбән иллә ғафәртәһ уә ләә һәммән иллә фәррәжтәһ, уә ләә хәәжәтән һиә ләкә ридан иллә қадайтәһә  иәә
 әр-рахамәр-рәхимиин».

Мағынасы: «Халим (биязы) әрі Жомарт Аллаһтан басқа құдай жоқ. Ұлы арштың Раббы Аллаһты тәсбих етемін. Хамд пен мадақ әлемдердің Раббы Аллаһқа тән. Аллаһым! Рақымдылығың қажет еттірген  нәрселеріңді,  ап-анық кешіріміңді, әрбір жақсылыққа жеткізуіңді, әрбір күнәдан алыстатуыңды сенен тілеймін. Күнәларымды кешір! Қайғы-мұңымнан арылт! Ризалығыңа лайық қажеттілігімді бер. Ей, рақымдылардың Рақымдысы, Аллаһым!»

Сапар  алдында және сапардан қайтқанда оқылатын намаз

Бір мұсылман жолға шығарда немесе жолдан оралғанда екі рәкат намаз оқуы - мәндүп. Жолға шығарда - үйде, оралған сәтте - мешітте оқу абзал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жолдан күндіз сәске уақытында оралып, Пайғамбар мешітінде екі рәкат намаз оқып, аздап отыратын269.

 

Жауын тілеу намазы

 

Бір жерге жаңбыр жаумай қуаңшылық болған кезде жауын дұғасы жасалады. Кейбір елде халық Раббыла- рына көңіл бөлмей, зор күнәға батқандықтан, Аллаһ сол елді сынау үшін, кей кезде, ол жерлерді қуаңшылыққа айналдырады. Құранда Хазіреті Нұх, Хазреті Мұса секілді пайғамбарлардың халқы үшін жауын сұрап, дұға еткендері жайлы сөз етіледі. Нұх пайғамбар:
«Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол-өте жарылқаушы», - деді. «Ол сендерге аспаннан

 

269 Бухари, Салат, 59.
 
мол-мол жауын жіберді»270. Мұса пайғамбар жайлы:
«Сол уақытта  Мұса елі үшін су тіледі»271. Жауын тілеу намазын Әбу Ханифа бойынша, жамағатпен жария оқу сүннет емес. Бірақ жарамды мәндүп іс. Жауын жаумаса, намаз бірнеше күн қайталанады. Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бізге жеткен жауын дұғасы: 
«Аллаһуммәс-қинә ғайсән, муғисән, һәниән, мәриән, мәри'ан, ғадақан, мужәллилән, сәйхан, аммән, табақан дәәимән.
Аллаһуммә!  Әсқинәл-ғайсә  уә ләә тәж'алнәә минәл-қанитиин.
Аллаһуммә!  Иннә бил-биләди уәл-'ибәди уәл- халқи минәл-лә'уәәи уәд-данки мә ләә нәшку иллә иләйк.
Аллаһуммә!  Әнбит  ләнәз-зәр'а уә әдир ләнәд- дәр'а уә әсқинәә мин бәрәкатис-сәмәәи. Уә әнбит ләнәә мин бәрәкәтил-әрди.
Аллаһуммә! Иннәә настағфирукә иннәкә кунтә ғаффарә, фә әрсилис-сәмә'ә аләйнәә мидрәрә».

 

270 Нұх, 71/10-11.
271 Бақара,2/60.
 
Мағынасы: «Аллаһым! Бізге жәрдем беріп, жерімізді, шартарапты ылғалдандыратын мол жауын нәсіп ет.
Аллаһым! Бізді жауынмен суландыр, бізді үміттері үзілген адамдардан етпе.
Аллаһым! Елдерде, құлдарыңда, жан-жануарда ауыр тауқымет бар. Оны Саған ғана шағым ете аламыз.
Аллаһым! Біз үшін егінімізді өсіріп, малымыздың сүтін молайт, бізді көктің берекеттеріне бөлеп, жер- жүзінің берекеттерінен бізге ырыс бер.
Аллаһым! Біз Сенен кешірім тілейміз. Шексіз Сен аса кешірімдісің. Бізге көктен мол жауын жібер».

 

Кусуф намазы

 

Күннің тұтылуын - «кусуф», айдың тұтылуын -
«хусуф» деп атайды. Бір елде күн тұтылса, сол елдің имамы азансыз, қаматсыз халықпен екі рәкат намазды жария оқиды. Бір хадисте айтылады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) күн тұтылғанда қиямда ұзақ тұрып, екі рәкат намаз оқып былай деді: «Бұл құбылыстар - Аллаһтың ұлылығын паш еткен дәлелдер. Аллаһ  осындай құбылыстармен құлдарын қорқытуды қалайды. Бұндай нәрсені көрген кезде ең соңғы парыз намазы секілді намаз оқыңдар»272. Ай мен күнге байланысты Аллаһ Тағала былай дейді: «Түн мен күндіз және күн мен ай - Аллаһтың  (құдіретін көрсететін) дәлелдерінен. Күнге  де, айға да сәжде етпеңдер. егер құлшылық қылатын  болсаңдар соларды жаратқан Аллаһқа сәжде етіңдер273. Бұл аяттағы «сәжде етіңдер» әмірі ай мен күн тұтылғанда намаз оқу мағынасын білдіреді. Бұл

 

272 Бухари, Кусуф, 1, 17.
 
намаз үлкен мешітте оқылса, абзал. Бірақ басқа жерлерде де оқи алады. Намаздан кейін имам күн ашылғанға дейін жамағатқа қарап отырып, дұға етеді. Жамағат «әмин» дейді.


Хусуф намазы

 

Ай тұтылған кезде әркім үйінде құпия немесе жария түрінде екі немесе төрт рәкат намаз оқиды. Әбу Ханифа бойынша, мешітте жамағатпен оқу сүннетте жоқ. Оқыса артықтық қылмайды. Ай тұтылуы түнде болатындықтан жамағаттың мешітке жиналуы қиындық тудырады274.