- Құран Кәрімнің енді-енді кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын яғни, микроскоп, теле- скоптан мақұрым қараңғы бір ғасырда қорытынды түрде дөп басып айтып кетуі көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Міне, бұл Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Аллаһ та- рапынан жіберілгендігін толған айдай айқын білдіреді.
Мысал ретінде бірнеше аят:
Өсімдіктер де аналық-аталыққа бөлінеді
Өсімдіктердегі аналық-аталық ұрықтарының ғылыми тұрғыдан соңғы ғасырларда ғана зерттеліп
280 Рум сүресі/1-4.
білінгені бәрімізге мәлім. Ал, Құран мұны он төрт ғасыр бұрын былай деп көрсеткен:
«Жерден өніп-өсетін барлық өсімдіктерді және өздеріңді және сендердің т.б. білмейтін нәрселеріңді жұп-жұп қып жаратқан Аллаһ қандай пәк»281
Желдің тозаңдау қызметі
«Хижр» сүресіндегі:
«Біз желді тозаңдау үшін жібердік, сөйтіп аспан- нан жаңбыр жауғызып, сендерді сусындандырдық...» аяты жаңбырдың жаууында, желдің тозаңдандыру қызметін атқаратындығын ашық баяндайды.
Жел су буларынан пайда болған бұлттарды бір- бірімен қақтығыстырады. Бұл қақтығыс салдарынан найзағай пайда болады. Жел бұлттарды тығыздап сыққан күйі жерге жаңбыр жауғызады. Желдің бұлттарды айдап, бір-біріне қосу ісі жоғарыдағы аятта «бұлттарды бір- біріне қосады» деп емес, «тозаңдайды» деп берілуі шынымен де назар аударарлық. Яғни, аятта айтылған желдің бұлттарды «тозаңдайды» деуінің астарынан бұлттардың да бейне бір аталық-аналық тәрізді позитив- негатив болып бөлінетіндігін аңғаруға болады. Демек,
желдің позитив-негатив бұлттарды бір-бірімен қосып,
281 Ясин сүресі/36.
тығыздауы нәтижесінде оң немесе теріс зарядты жаңбыр жауғызуы оның «тозаңдауы» болмақ.
Тоғызыншы ғасырдың аяғында яғни осыдан он бір ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Жәрир әт-Табарани атты ғалым жоғарыдағы аятты тәпсірлегенде: «Әуелі жел өсімдіктерді тозаңдайды, сосын бұлттарды тозаңдайды» - деп, желдің өсімдіктерді һәм бұлттарды да тозаңдайтынын айтуы таң қаларлық.
Міне, Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын желдің аналық-аталықтан тұратын өсімдіктерде және позитив-негативті бұлттарда тозаңдандыру қызметін атқаратынын ашық айтып кеткен. Ғылыми тұрғыда кешірек дәлелденген аталмыш табиғат заңдарын 1400 жыл бұрын ешбір адамның білуі мүмкін емес еді. Олай болса, Құран адам емес, осы заңдарды жаратқан Ұлы Құдіреттің сөзі болмақ.
Аспан әлемі үнемі кеңеюде
Ең жақын бес-алты галактикадан басқа бүтін га- лактикалар бізден қашықтықтарына сай жылдамдықпен тоқтамастан ұзақтап жатқанын 1922 жылы астроном Хабл (HubbIe) зерттеп тапқан еді. Оның айтуына қарағанда, жарық жылдамдығымен есептегенде бізден миллион жылдай қашықтықта орналасқан бір жұлдыз бізден жылына 168 км жылдамдықпен, екі миллион жыл ұзақтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион жыл ұзақтықтағы үш есе жылдамдықпен тоқтамастан алыстауда.
Иә, 1922 жылы ғана зерттеп білінген «Big-bang» Үлкен жарылыс» заңын Құран осыдан 1400 жыл бұрын, яғни астрономия ғылымының дамымаған, телескоп
сияқты құралдардан мақұрым ғасырда:
«Аспанды құдіретімізбен біз жараттық және тоқтатпастан әрқашан кеңейтудеміз» (Зарият/47)
- деп анық айтып кетуі күмәнсіз толғанған ақыл иесін өзіне бас идірері сөзсіз.
Жердің домалақтығы
Басқа бір аятта:
«Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды»282 - деп жердің шар тәріздес екендігін анық білдіреді.
Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыр- тына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің тәулік бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы - Жер шары домалақ пішінде болған жағдайда ғана жүзеге асады. Міне, Құран осылайша «такуир» сөзі арқылы Жердің шар тәріздес екендігін білдіруде. «Назиғат» сүресінің отызыншы аяты жер пішінінің аздап сопақтау
екендігін:
«Содан кейін жерді түйе құсының жұмыртқасы пішініне келтіреді»283 -
деп айқын білдіреді.
Батыс әлемі он алтыншы ғасырдың өзінде жердің домалақ екендігін дәлелдемек болған ғалымдарын инкви- зиция сотында қаралап, отқа жағу жазасымен қорқытқаны тарихтан белгілі. Мұның бәрі шіркеудің ғылымға қарсы
282 Зумар сүресі/5
283 Бұл аяттағы «اهاحَ دَ », «дахаһа» сөзінің: төседі, жайды деген мағыналары да бар.
болғандығынан туындады. Батыста Жердің домалақ екендігін әрі өз өсін және күнді айналатындығын атақты ғалым Коперник біле тұра, сол кездегі ғылым-білімге қас шіркеу поптарынан қорыққандықтан ашық айта алмады. Тың жаңалық жайлы Коперниктің бұл кітабы өзі дүние салғаннан кейін ғана жарыққа шықты. Коперниктің бұл еңбегі он сегізінші ғасырға дейін батыс елінде ты-йым салынған бірқатар кітаптардың қатарында болды.
Коперниктен кейін Италияның атақты ғалымы Гали- лео Галилей Жердің домалақтығын әрі оның өз-өзін және күнді айналуда екендігін өз кітабында жазған еді. Алайда инкивизиция соты оны да отқа өртейміз деп қорқытып, сот алдында өз пікірінен бас тартуға мәжбүрледі. Га- лилей сот тарқағаннан кейін «Жер бәрібір айналыста» деген пікірін күбірлеген бойда кете барды. Галилейден кейін Италия философы Бруно да өзіне дейінгі Копер- ник, Галилей сынды ғалымдардың жерге байланысты пікірін қолдағандықтан инквизиция соты тарапынан аяусыз өртеліп, жарық дүниемен қош айтысты. Міне, батыс әлемі жердің домалақтығын әрі өз өсін және күнді айналып тұрғандығын он алтыншы ғасырдың өзінде осылай таласып-тартысып жатқан кезде, ислам әлемі оны ғылыми тұрғыда оныншы ғасырларда-ақ анық дәлелдеген әрі мұсылмандар бұған кәміл сенген-ді. Тіпті көптеген мұсылман ғалымдар оныншы ғасырға дейінгі өз еңбектерінде де жоғарыдағы аяттарға көз жіберіп, Жердің домалақтығын жазып кеткендігіне сол тарихи кітаптардың өзі куә. Жердің домалақтығын ғылыми тұрғыда әл-Бируни атты ғалым оныншы ғасырларда дәлелдеп берді. Әл-Бируни Жердің домалақ екендігін әрі өз-өзін және Күнді айналып тұрғандығымен қоса тіпті
жердің «тартылыс» күші жайында да сөз қозғаған. Әл- Бируни Жердің «тартылыс» күшін кейіннен дәлелдеген Ньютоннан бірнеше ғасыр бұрын жердегі «тартылыс» күшін былай деп дәлелдеген: «Жер айналып тұрса, онда жер бетіндегі тау-тас, ағаш, жанды-жансыздар неге ғарыш кеңістігіне құлап кетпейді» деп сұралса, былай деп жауап беремін: Бұл жағдай жердің айналуына қатысты жаңалығымызға қайшы емес. Өйткені, барлық нәрсе жердің орталығына түсуде. Демек, жердің орталығында тартылыс бар. Міне, жердегі осы «тартылыс» күші жер бетіндегі барлық нәрсенің басқа жаққа құлап кетуіне кедергі жасауда.»284
Жердің айналу бағыты
«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда»285.
Адамдардың ақиқат аясында өмір сүрулері үшін шырақ қылып түсірген қасиетті Құранның бұл аятында Жердің тек айналуы ғана емес, сонымен қатар, оның айналу бағыты да таңғаларлық білгірлікпен айты- лып кеткен. Қазіргі заман ғылымының қол жеткізген жаңалықтарының бірі - 3500-4000 м биіктіктегі негізгі бұлт жиындарының қозғалыс бағыты әрқашан батыс- тан шығысқа қарай болатыны. Ауа райын болжау үшін
284 Шабан Дөген, Мұсылман білім өнжиллери ансиклопедиясы, 51-бет. Стамбул.
285 Нәміл сүресі/88.
көбінесе батыстағы жағдайға назар аударылуының себебі де содан.
Ал, бұлт жиындарының батыстан шығысқа қарай қозғалуының негізгі себебі - Жердің айналу бағыты. Өйткені, жер батыстан шығысқа қарай айналатыны белгілі. Кейіннен белгілі болған бұл ғылыми ақиқат бірнеше ғасыр бұрын қасиетті Құранда айтылып қойғаны керемет емей немене?!
Теңіздердің бір-біріне араласпауы
Зерттеушілердің теңіздердің ерекше қасиетіне бай- ланысты соңғы ғасырда ашқан жаңалықтарының бірі Құранның «Рахман» сүресінде былайша баяндалады:
«Аллаһ Тағала екі теңізді ағызды, олар бір-бірімен қабысады, бірақ араларында перде болғандықтан бір бірімен араласпайды»286.
Иә, бір-бірімен қабысып жатса да сулары арала- спайтын теңіздердің жоғарғы аятта айтылған ерекшелігі жақында ғана мұхит зерттеушілері тарапынан Жерор- та теңізі мен Атлант мұхитының қабысқан жерінен табылды. Ғасырлар бойы бір-бірімен түйісіп тұрған теңіз суларының тығыздықтарының әр түрлі болуы - екі теңіздің суларын бір-біріне араластырмай ортада көрінбейтін бір қабырға бардай боп тұрады.
Шынымен-ақ, физика ғылымы, су асты зерттеулері, тығыздық өлшемі сияқты нәрселер әлі адамның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін дәуірде Құранның бұл ғылыми
286 Рахман сүресі/19-20 аят.
ақиқатты дөп басып баяндауы ойланған адамға көп нәрсенің бетін ашары сөзсіз...
Таулардың қозғалуы
Құранның бір аятында табиғаттың әсем де асқақ ажырамас бөлігі - таулардың әрдайым қозғалыста бо- латыны турасында былай делінген:
«Тауларды көріп, оларды тапжылмай тұр деп ойлап қаласың. Ал олар болса, бұлттардың көшуі тәріздес жылжуда»287.
Таулардың бұл қозғалысы жер қабығының қозғалысына байланысты. Жер қабығы болса, мантияның үстінде үнемі қалқып жүреді. Ең алғаш ХХ ғасырдың басында неміс ғалымы Алфред Вегенер жер бетіндегі құрлықтардың бастапқыда біртұтас болғаны, кейіннен түрлі бағыттарда жылжып, бір-бірінен бөлінгені туралы тұжырымды ортаға салған еді.
Алайда, геологтар Вегенердің айтқандарының тек тұжырым ғана емес, ғылыми ақиқат екендігіне оның өлімінен 50 жылдан кейін ғана, яғни 1980 жылдары ғана көз жеткізді. Ал, бұл ақиқат Вегенерден де пәленбай ғасыр бұрын бүкіл ғылымдардың қайнар бұлағы - Құранда айтылып кеткен еді...
Вегенердің 1915 ж. жарияланған мақаласында мына деректер келтірілген: жер бетіндегі құрлықтар шамамен 500 миллион жыл бұрын біртұтас болған, Пангаэя атты бұл үлкен құрлық оңтүстік полюсте орналасқан. Ша-
287 Нәміл сүресі/88.
мамен 180 миллион жыл бұрын Пангаэя екіге бөлінеді. Екі бағытқа қарай жылжып отырған бұл екі құрлықтың бірі - Африка, Австралия, Антарктика және Үндістанды қамтыған Гондвана, ал, екіншісі - Еуропа, Солтүстік Америка және Үндістансыз Азиядан тұратын Лавразия болатын.
Осылайша, Пангаэяның бөлінуі нәтижесінде пайда болған бұл құрлықтар үздіксіз түрде жылда бірнеше сантиметрлік жылдамдықпен жылжып отырады.
Бұл жерде айта кететін тағы бір маңызды нәрсе - Құран аятында таулардың қозғалысына байланысты
«жылжу» сөзінің қолданылуы. Қазіргі ғалымдардың бүгінгі таңда осы таулардың қозғалысы туралы пайдала- нып жүрген термині ағылшын тілінде «continental drift», яғни «құрлықтық жылжу».
Адам баласының дүниеге келуі
Адам өміріне ақиқат нұрын шашқан қасиетті Құранда пендені иманға жетелеу үшін алуан түрлі дәлелдер келтіріледі. Адам көзін ақиқатқа ашу үшін Жа- ратушы иеміз бірде көкті, бірде жерді, бірде өсімдіктерді, енді бірде жануарларды тілге тиек етіп, олардың жаратылысындағы ғажайып сырларды ашып салады.
Сол сияқты, Құранның көптеген аяттарында адам баласының өз басының дүниеге қалай келетіні, Аллаһтың құдіретімен ана құрсағында жатып қандай даму кезеңдерінен өтетіні туралы жиі-жиі сыр шертіледі. Мысалы «Мүминун» сүресінде:
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол
тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын, оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын, оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ - ең керемет Жаратушы»288 - делінеді.
Осы сияқты мұғжизаға толы аяттар Құранда көптеп кездеседі. Мұндай аяттарда VII ғасырда өмір сүрген адамдардың білуі мүмкін емес ғылыми деталь- дар жатқанын байқау қиынға соқпайды. Мысал бере кетсек:
1. Адам шәует сұйығының түгелінен емес, тек бір кішкене бөлігінен, яғни аталық клеткадан (спермадан) жаратылатыны;
2. Сәбидің жынысын - аталық ұрық айқын- дайтыны;
3. Эмбрионның ана құрсағына сүліктей боп жабы- сып тұратыны;
4. Сәби ана құрсағында 3 қараңғы кеңістік ішінде өсетіні, т.б.
Бұл детальдар ХХ ғасырда ғылым мен технологияның шарықтау шегінде ғана айқындалғандығы - адамды Құранға және оны түсіруші Аллаһқа жақындата түспеуі мүмкін емес, сірә. Енді осыларға тереңірек тоқтала кетелік.
Шәуеттің бір тамшысы
Аталық клеткалар аналық клеткаға жеткенге дейін бірталай сапар шегетіні белгілі. Бұл сапардың соңында
288 Муминин сүресі/12-14.
250 миллион аталық клетканың тек мың шамасындайы ғана аналық клеткаға жетіп, оның ішінде тек біреуі ғана тұз ұсағының жартысындай ғана аналық клеткаға кіреді. Яғни, адамның негізі - шәуеттің түгелі емес, оның тек бір кішкентай бөлшегі ғана. Құранда бұл ақиқат былайша баян етіледі:
«Адам баласы өзін (еш сұрақ алынбастан) бос қоя берілемін деп ойлай ма? Ол (әу баста) тамызылған бір тамшы шәует емес пе еді?»
Шәуеттегі қоспа сұйықтар
Шәует сұйығы - тек аталық клеткалардан ғана тұрмайтынын ғылым дәлелдеп отыр. Керісінше, ол бір-бірінен бөлек әр түрлі сұйықтардың қоспасынан тұрады. Бұл сұйықтар аталық клетканың қажет ететін энергияны тасу, аналық клетканың кіре берісіндегі түрлі қышқылдарды нейтралдау, аталық клетканың қозғалысына қажет тайғақ ортаны ыңғайлау сияқты қызметтері бар.
Ақиқат айнасы - Құранда шәуетті қоспа сұйық деп бейнелеп, енді-енді ашылып жатқан ғылыми детальдарға ишарат жасап тұрғаны таңдай қақтырады.
«Біз адамды әр түрлі аралас қоспа шәуеттен жараттық...»289
Сәбидің жынысы
Адамдар көпке дейін сәбидің жынысы аналық клетка- лар тарапынан айқындалады деп есептеп келген. Алайда, VII ғасырда түскен Құран Кәрімде бұл мәселе туралы басқаша мағлұмат беріліп, сәбидің жынысы құрсаққа құйылған аталық сперматозоидтан жаратылғаны айты- лады:
«Аллаһ Тағала ер мен әйел жұбын тамызылған бір тамшы шәуеттен жаратты»290.
Құранда баяндалған бұл деректің растығы генетика
мен микробиология ғылымдарының дамуы нәтижесінде дәлелденіп отыр. Жыныс еркектен келетін аталық клетка тарапынан айқындалады, ал әйел ағзасы бұл жерде ешқандай рөл ойнамайды.
Жыныс - адам ағзасындағы хромосомаларға бай- ланысты. Ағзадағы барлығы 46 хромосоманың екеуі - жыныс хромосомалары деп аталады. Бұл екі хромосома еркектерде ХY, әйелдерде ХХ ретінде белгіленеді. Y хро- мосомасы еркектік, ал, Х хромосомасы әйелдік гендерді тасымалдайды.
Адам баласының түзілуі - жұптала жүретін осы хромосомалардың еркек пен әйелдің бір-бір жұптарының бірігуі арқылы іске асады. Әйелдегі бұл жұптың екеуі де Х болса, еркектерде біреуі Х, екіншісі Y болады. Демек, жаңа жаратылған сәбидің еркек немесе әйел болуы - ана ағзасындағы Х хромосомасының аталық клеткадағы Y немесе Х хромосомасымен бірігуіне бай- ланысты болмақ.
Құрсаққа ілініп тұратын ет
Құран дариясына сүңги түссек, ана құрсағындағы сәбидің даму кезеңдері туралы да көптеген деректерге қанығамыз.
Аталық клетка мен аналық клетканың бірігуі арқылы
құралатын зигота атты жалғыз клетка сол арада бөлініп, өсе бастайды да, бір түйір етке ұқсайды. Алайда, зиготаның бұлайша өсуі бос алаңда мүмкін болмағандықтан, ол ана құрсағына жабысып, ілініп тұрады. Осылайша өзінің өсуі үшін қажетті қоректі ана ағзасынан емуіне де мүмкіндік туады. Талайды таңғалдырған тағы бір ақиқат Құран аятында былайша баяндалады:
«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды жабысқақ нәрседен (жатырға жабысқан клеткадан291) жаратты»292
«Әлақ» сөзі араб тілінде - ұйыған қан және бір жерге жабысып, ілініп тұрған нәрсе деген мағынаны білдіреді.
Сүйектердің бұлшық етпен қапталуы
Құранның тағы бір баға жетпес мұғжизаға толы аяты ана құрсағындағы сәбидің өсу кезеңдеріне тоқтала келе, алдымен сүйектер бітіп, кейін сол сүйектерді бұлшық еттер қаптайтыны туралы былайша сыр шертеді:
291 Негізінде жалпы тәпсіршілер «алақ» сөзін ұйыған қан пішінінде көрінетін ұрықтандырылған клетканы айтады. Бірақ кейбір кейінгі тәпсіршілер алақ сөзін жоғарыда айтылған жабысқан клетка мағынасына да келетінін айтады.
292 Алақ сүресі/1-3.
«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет көрінісіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Аллаһ - ең керемет Жаратушы»293.
Ана құрсағындағы сәбидің өсіп-жетілуін зерттейтін эмбриология ғылымы - көпке дейін сүйектер мен бұлшық еттер бірге құралады деген қате тұжырымда болып келген еді. Тек технологияның дамуы нәтижесінде ақиқат айғақтарына қол жеткізіліп отыр.
14 ғасыр бұрын, яғни ғылым дамымаған, микроскоп, УЗИ сияқты құралдардың жоқ кезінде құрсақтағы сәбидің өсіп-жетілу, даму кезеңдерін дөп басып, бүге-шігесіне дейін дәлмедәл айтып кеткен Құранның жаңалықтарын соңғы технологиялардың көмегімен енді ғана тауып, ашқан қазіргі эмбриология ғылымы Құранға еріксіз таңқалып, ар-ожданы ояу жандар: «Сен Аллаһтың шынайы кітабысың» - деуде.
293 Муминин сүресі/12-14.
Биікке көтерілген сайын кеуденің қысылуы
Адам баласының өмір сүруі үшін оттегінің мәні айт- паса да белгілі. Біздің дем алуымыз - ауадағы оттегінің өкпемізге кіруін қамтамасыз етеді. Ал, биіктеген сайын жер шарының атмосферасы жұқара түсетіндіктен, атмосфераның қысымы мен қан айналымына түсетін оттегінің мөлшері азая түседі. Яғни, дем алу қиындай түседі де, өкпе қысылады. Белгілі бір биіктіктен кейін адам баласы дем ала алмайды. Теңіз деңгейінен 5000-7500 метр биіктіктегі адам дем алудың қиындығынан талып та қалады. Осы жоғарыға көтерілген сайын оттегінің азая түсетінін қазіргі ғылым соңғы ғасырларда тауып отырса, Құран 1400 жыл бұрын былай деп дөп басып айтып кеткен:
«Аллаһ кімді тура жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, оның көкірегін бейне бір көкке көтеріліп бара жатқандай қысады»294.
Пайғамбарымыздың ұшақ жасап, биікте көтеріліп ұшпағанын және өмір сүрген Мекке, Мәдинаның төңірегінде төбесіне шыққан адамның кеудесі қысылатындай биік таулардың жоқтығын ескерсек, бұл ақиқатты жеткізген Мұхаммедтің (с.а.у.) шынайы пайғамбарлығы мен Құранның хақтығының алдында қалайша бас имессің?!
Жаңбырдағы өлшемділік
Құран Кәрімде жаңбырдың белгілі бір мөлшерде жауатыны туралы былай делінген:
«Аллаһ Тағала көктен белгілі бір мөлшермен су жіберуде. Біз онымен өлі бір өлкеге жан беріп, құлпырттық. Міне, сендер де осылай қайта тірілесіңдер»295.
Жаңбырға байланысты айтылған бұл мөлшер де технология мен ғылымның дамыған біздің заманымыз- да табылып отыр. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, жер бетінен секундына 16 миллион тонна су буланып ауаға көтеріледі. Бұл мөлшер жылына 505 триллион- ды құрайды. Дәл осы мөлшер - бір жылда жер бетіне жауатын жаңбырдың да мөлшері екендігі таңдандырады. Яғни, су әрдайым белгілі бір тепе-теңдікте айналып тұрады. Егер бұл тепе-теңдікте сәл де болса бір өзгеріс туа қалса, әлемде үлкен экологиялық ауытқулар белең алып, тіршіліктің тоқтауына әкеліп соғады.
Жаңбырдағы мұндай аса бір шебер өлшем тек оның мөлшерінде ғана емес, сонымен қатар жерге түсу жылдамдығында да байқалады. Жаңбыр бұлттары ең аз дегенде 1200 метр биіктікте болады. Егер де үлкендігі мен салмағы жаңбыр тамшысындай бір зат мұндай биіктіктен құласа, жерге 558 км/сағ жылдамдықпен келіп түсер еді. Алайда, жаңбыр тамшыларының ерекше формасы бұған мұрсат бермейді. Жаңбыр бұлттары - қандай биіктікте болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды296.
- Атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға таңғалып, оның иләһи кітап екендігін мойындап, рас- тауы ойланғанға ғибрат. Мысалға: C. Харт: Құранның Аллаһ тарапынан Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи арқылы жіберілгендігін, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы жіберілген Құран Кәрім екендігін..., Виктор Имбер- дес: Құранның бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола алатындай бай кітап екендігін..., Доктор М. Букайле: Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да ақиқаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын..., Mr. Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалатындығын..., Гете: Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуаткүштің қайнар көзі болып қала бермек... Капитан Кусто: «Қазіргі ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға ант етейін, ол - Аллаһтың хақ сөзі» десе, Абай атамыз:
Жолаушылық
Бір адам тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан бастап, жолаушы саналады. Жолаушының парыз намаздары қысқарады. Ғалымдардың есебі бойын- ша, жаяу жүрген адам үш күндік жол жүрсе, яғни, шама- мен 85-90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса,
жолаушы саналады. Қазіргі замандағы көліктер де бұл үкімді өзгертпейді. Бұл шақырым жаһандану әлеміне сай келсе де, келмесе де ғалымдардың берген фәтуасы осылай. Әлемде көптеген ауылдар бар. Әркімнің шамасы бір емес. Дінде жеңілдік бар. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Жер жүзінде сапарда болған уақыттарыңда, кәпірлердің өздеріңе бір қастандық істеуінен қорықсандар, намаздарыңды қысқартуларыңда күнә жоқ»297.
Бұдан басқа қажылық, умра және ғазауатқа шыққан кезінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) төрт рәкат намазын - екі рәкат етіп қысқартып оқығаны жайлы көптеген хади- стер бар. Яғни, төрт рәкат парыз намаздар екі рәкат етіліп, оқылады. Ақшам мен таң намазы қысқартылмайды.
Жолаушылық үкімі қай жерден басталады?
Тұрған мекенінің (қала, ауыл) соңғы үйлерінен өткен уақыттан бастап жолаушы саналады. Қаламен бітісе орналасқан ауылдар да қала саналып, олардан өткен кезде ғана жолаушылық үкімі жүреді. Яғни, на- маздарын қысқартып оқи алады. Қала біткеннен кейін кездесетін бірең-саран үйлер есепке алынбайды.
Жолаушы өз жерінен бөгде жерге барып, сол жерде
он бес күн, яки одан да көп мерзім қалуға ниет етсе, тұрғын саналып, жолаушылық үкімінен шығады. Егер де он бес күннен аз қалуға ниет етсе, намаздарын қысқартып оқиды. Жолаушы үйіне қайтып келгенге дейін жолаушы саналады. Негізгі тұрған жерінен көшіп, басқа жерге толық орналасқаннан кейін, көшкен жеріне он бес күннен аз мерзім үшін қайта келсе, намазын қысқартып оқиды.
297 Ниса, 4/101.
Жолаушылық үкімінің тоқтауы үшін 15 күн тұруды ниет еткен жер - бір жер болуы керек. Егер бөлек-бөлек жер- лерде жалпы 15 күн қалуды ниет етсе, жолаушылық үкімінен шықпайды. Мысалы, 10 күн Атырауда, 5 яки 14 күн Қарағандыда болуды ниет етсе, жолаушылығы бітпегендіктен намаздарын қысқартып оқи береді. 15 күн қалу ниеті бірден ниет етілу керек. Егер 7 күн қаламын деп ниет етіп, жеті күн өткеннен кейін кейбір себептер- ге байланысты тағы да 10 күн қалуды ниет етсе, қалған күндерінің жалпы саны 17 күн бола тұра жолаушылық үкімі тоқтамайды. Өйткені уақыттар бөлек-бөлек ниет етіліп, белгіленіп отыр. Жолаушылық уақыты бітпесе де бір жерде 15 күн тұруды ниет ету арқылы жолаушылық үкімі тоқтайды. Намаздарын қысқартпастан толық оқиды.
Жолаушы 85-90 шақырым жол жүргеннен кейін, жарты жолдан үйіне қайтуды ниет етсе, үйіне келгенге дейін жолаушы саналады. Яғни, тек қана үйге қайту ниеті жолаушылықтан шығармайды.
Намаз жамағатпен оқылғанда тұрғын - жолаушыға, жолаушы - тұрғынға ұюына болады. Бірақ тұрғын адам жолаушыға ұйығанда, екі рәкаттан кейін жолау- шы имамның сәлем беруін күтеді. Жолаушы имам екі жаққа сәлем берген кезде, тұрғын сәлем бермей, ор- нынан тұрып қалған екі рәкатын толықтырып оқиды. Ал егер жолаушы тұрғынға ұйыған жағдайда, намазын төрт рәкат етіп, толық оқиды. Имамға бағыну шарт. Жолаушылық кезде қаза болған намаздардың қазасын кейін жай уақытта оқыған жағдайда да екі рәкат қылып қысқартып оқиды. Сол сияқты жай уақытта қаза болған намаздардың қазасын жолаушы болған уақытта оқыса, қысқартпай толық оқиды.