Ислам ғылымхалы

Қажылықта және умрада істелетін кемшіліктер және өтелетін жазалар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылық немесе умра ғибадаттарында  уәжіп болған амалдардың біреуінің орындалмай қалуы, тіпті белгіленген уақытынан кешіктірілуі немесе ихрамға кірген соң істелінуі харам болған тыйымдардың жасалуына «жинаят» делінеді. Бұл жинаяттар білмей, қателікпен, тіпті ұйықтаған күйде істелсе де, бәрібір жаза өтеледі. Әрине, біле тұра істегендер материалдық өтелетін жазаға қоса Аллаһ Тағалаға тәубе етіп, кешірім сұраулары керек.

 

1. Қажылық пен умраның қайтадан жасалуын (қаза етілуін) талап ететін кемшіліктер

а) Қажылық жасау үшін ихрамға кіргеннен кейін Арафатта тұрмастан бұрын әйелімен жыныстық қатынас жасаған адамның қажылық ғибадаты толық бұзылады. Бұндай жағдайлардағы адамдар ниет еткен қажылықтары нәпіл қажылық болса да, келесі жылдары қаза ретінде орындаулары тиіс. Бұнымен қоса қажылықта бүлдірген кемшіліктері үшін жаза ретінде қой немесе ешкі құрбан шалуы керек. Аллаһ Тағала Құранда: «Хаж белгілі (шәууал,  зилқа'да,  зилхижжаның   алғашқы он күні) айларда. Кімде-кім бұл айларда қажылықты міндеттенсе,    (мыналарды білсін!) әйелімен жақындасуға,  күнә істеуге   және  жанжалдасуға болмайды»440, - деп қажылықта жыныстық қатынасты тыйған.
б) Умра үшін ихрамға кіргенен кейін тауаптың алғашқы төрт айналымын аяқтамастан  жыныстық қатынасқа түскен адамның умра ғибадаты бұзылады. Бұзылған умраның қайтадан дұрыс орындалуы және бүлдірілген кемшілік үшін қой не ешкіні құрбан ретінде шалуы тиіс. Алғашқы төрт айналымды тәмамдағаннан кейін жыныстық қатынаста болған адамның умрасы

 

440 Бақара,2/197.
 
бұзылмайды, бірақ бүлдірілген кемшілік үшін қой немесе ешкіні құрбан ретінде шалуы керек.

 

2. Түйе немесе сиырдың жаза ретінде шалынуын талап  ететін кемшіліктер


а) Арафатта тұрғаннан кейін шашын алғызып немесе қысқартып ихрамнан шықпас бұрын жыныстық қатынаста болу.
б) Зиярат тауабын ер кісілер жүніп күйінде, әйелдер
хайыз немесе нифас күйінде жасау. Аталмыш күйде жасалған тауаптың қайтадан жасалуы уәжіп. Қайтадан жасалған жағдайда өтелетін жаза кешіріледі.  Жаза - сиыр немесе түйе.

 

3. Қой немесе ешкінің жаза ретінде шалынуын талап  ететін кемшіліктер екіге бөлінеді:

 

1. Қажылықтың уәжіптерін орындамау яки белгіленген уақытында орындамауға байланысты кемшіліктер
а) Миқаттан ихрамсыз өту. Бұндай жағдайда қажылық немесе умраға байланысты міндеттердің ешқайсысын орындамай жатып, миқатқа қайтып келіп ихрамға кірсе, өтелетін жаза кешіледі.
ә) Сағидің барлық айналымдарын немесе төрт яки төрттен көбін орындамай қалдырған жағдайда.
б) Муздәлифә уақфасын үзірсіз (себепсіз) орындамау
в) Арафа күні арафаттан күн батпай қайту
г) Зиярат тауабын құрбан айттың үшінші күні күн батқанға дейін орындамай, кейін орындау (Әбу Ханифа бойынша).
 д) Харам аумағының сыртында шаш алғызу немесе қысқарту (Әбу Ханифа бойынша)
ж) Шайтанға тас лақтыруды мүлдем орындамау
немесе бір күнде лақтырылатын тастардың жартысы- нан көбін (11тас) шайтанға тас лақтыру күндерінде лақтырмау. Жартысынан көбі лақтырылса, лақтырылмай қалған әрбір тас үшін садақа ғана беріледі.
з) Зиярат немесе умра тауабының соңғы үш айна- лымын немесе біреуін орындамау.
и) Зиярат және умра тауабын дәретсіз, қадум және уадағ тауаптарын жүніп күйінде жасау.
к) Миқат жерлерінің сыртынан келгендер қоштасу (уадағ) тауабын түгелдей немесе төрт немесе одан да көп айналымын орындамау.
л) Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) тас лақтыру, құрбан шалу, шаш алғызу немесе қысқарту амалдарын рет-ретімен орын- дамау, Имам Әбу Ханифада кемшілік (жинаят) санала- ды.
м) Зиярат және умра, уадағ тауаптарында әурет мүшелерінің ашық болуы.

 

2. Ихрам тыйымдарын істеуге байланысты кемшіліктер


а) Шаш, сақал немесе дененің басқа жерлеріндегі түктердің төртте бірін немесе одан да көбін қысқарту немесе алу. Төртте бірінен  аз болса, онда тек садақа ғана беріледі.
ә) Бір уақытта және бір жерде денеге немесе бір мүшеге түгелдей әтір себу немесе май жағу. Ем үшін иіссіз май жағылса, жаза өтелмейді. Ихрамға себілген әтірдің орнының ені және ұзындығы бір қарыстан көп, иісі күндіз-түні кетпесе бір қой немесе ешкі жаза ретінде шалынады, ал бір қарыстан аз болып, иісі күндіз-түні жалғаспаса, жаза ретінде садақа беріледі.
б) Бір уақытта және бір жерде мүшелердің біреуін қынамен (лак, далаппен441) бояу.
в) Ихрамды күйде әйелін құмарлық сезіммен сүю, аймалау сияқты жыныстық қатынасқа тартатын іс- әрекеттерді істеу.
г) Ер кісінің толық бір күндіз немесе толық бір түн тігілген киім (әдеттегі киім, шұлық, іш киім, тобық жағы жабық аяқ киім, т.б.) киюі, басын және жүзін жабуы. Әйелдер тек қана беттерін жаппайды. Бір түн немесе бір күндізден аз уақыт кисе, садақа ғана беріледі.
д) Бір жерде, бір уақытта барлық тырнақтарды немесе бір қолдың немесе бір аяқтың тырнақтарын алу. Егер тырнақтар бір жерде емес бөлек-бөлек жерлерде және бөлек-бөлек уақыттарда алынса, әрбір тырнаққа жеке-жеке жаза өтеледі. Бір қол немесе бір аяқтың тырнақтарының бәрі емес, кейбіреулері алынса, әрбір тырнақ үшін садақа беріледі. Құрбан шалынбайды.
Өздігінен түскен немесе сынған тырнақты алып тастаған жағдайда жаза өтелмейді.
Ихрамға байланысты тыйымдар үзір себептерге бай- ланысты істелсе де, жаза өтеледі. Ауырып қалу, жол апатына ұшырау сияқты адамның еркінен тыс болатын оқиғалардың салдарынан мысалға, шашы алынса немесе киім кидірілсе, төмендегі үш жолдың қалаған біреуін орындау арқылы жазасын өтейді.
1) Қалаған уақытында және қалаған жерінде үш күн ораза ұстау.

 

441 Помада
 
2) Немесе алты кедейге пітір садақасының көлемінде садақа береді.
3) Харам аумағында қалаған уақытында бір қойды не ешкіні құрбанға шалады.

 

4. Пітір садақасы442   мөлшерінде садақа беруді талап ететін кемшіліктер


а) Шаш, сақалдың төртте бірінен аз мөлшерін алу немесе қысқарту
ә) Бір мүшенің бәріне емес, бір бөлігіне ғана әтір
себу
б) Бір аяқтың немесе қолдың тырнақтарының кейбіреулерін алу,
в) Тігілген киімді бір түннен немесе бір күндізден аз уақыт кисе,
г) Шайтан тасқа белгіленген санынан аз тас лақтыру.
Әрбір лақтырылмаған тас үшін пітір садақасы мөлшерінде садақа беріледі,
д) Басқа біреудің шашын, сақалын немесе мұртын алу немесе қысқарту,
ж) Қадум және уадағ тауаптарын дәретсіз жасау,
з) Уадағ тауабы және сағидің төртінші айналым- нан кейінгі айналымдарын жасамау. Жасалмай қалған әрбір айналым үшін пітір садақасы мөлшерінде садақа беріледі.

 


442 Бидай немесе бидай ұнынан: 1 кг 459 грамм немесе осы мөлшердің құны яки арпа, арпа ұны немесе құрғатылған жүзім, я болмаса құрғатылған құрмадан: 2кг 918 грамм немесе осы мөлшердің құны.
 
                     5. Пітір садақасының мөлшерінен аз мөлшерде садақа  беруді  талап ететін  кемшіліктер


а) Үштен кем бит, бүрге, шегіртке сияқты жәндіктерді өлтіру немесе басқа біреуге өлтіруі үшін көрсету
ә) Денеден түк жұлу
б) Ихрамсыз адамның мұртын немесе тырнағыналу
 в) Нәпіл тауаптарда әурет жерлердің ашылуы

 

6. Құнының өтелуін талап ететін кемшіліктер


Ихрамды күйде әдейі болсын, кездейсоқ болсын жерде өмір сүретін аңдарды аулау, жүндерін жұлу, жұмыртқаларын сындыру, аңшыларға ишарат жолымен болса да, жәрдемдесудің жазасы сол зиян шеккен аңның екі әділ, тәжірибелі кісінің бағалауы арқылы құнын ке- дейлерге өтеу.

 

7. Харам443  аумағының тыйымдарына байланысты кемшіліктер


Харам аумағының өздігімен өскен ағаш және жалпы өсімдіктерін жұлу, шабу немесе бұл аумақта аң аулау
- ихрамдыға да, ихрамсызға да харам. Бұл аумақтағы ағаш және өсімдіктерді жұлған адам олардың құнын кедейлерге садақа ретінде береді.

Жазалар қай жерде және қашан өтеледі?

Қажылықта және умрада істелген кемшіліктердің жазасын өтеу үшін белгілі бір уақыт белгіленбеген. Бірақ

443 Харам аумағы: Өсімдіктерінің жұлынуына және аңдарының, жалпы жан-жануарларына  зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер. қажылықтағы немесе умрадағы қателердің орнын тол- тыру үшін ертерек өтеген дұрыс әрі абзал. Мойнына қарыз болған жазаларды өтеместен бұл дүниемен қош айтысып кетсе, күнәкар болатынын да ескерте кетейік. Өмірінің соңына дейін өтемесе, көзі тірісінде артында қалған туысқандарына өтеулерін өсиет етуі тиіс.
Істелген жинаяттардың жазасы ретінде шалынатын
малдар міндетті түрде Харам аумағында шалынуы тиіс. Еттерін харам аумағының кедейлеріне таратуға бола- тыны сияқты, басқа жерлердегі кедейлерге де жіберуге болады.
Садақа, құнын төлеу және ораза ұстау сияқты жаза- лар үшін белгілі бір мекен тағайындалмағандықтан, бұл жазаларды қалаған жерде өтейді.