Ислам ғылымхалы

Һәди

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін немесе қажылық ғибадатындағы бір кемшілікке байланысты немесе ихрамның тыйымдарының біреуін бұзу салдарынан жаза (кәффарат) ретінде Харам аумағында шалыну шартымен алынып келген немесе ақшасы жіберілген құрбанға һәди делінеді.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Егер (ауру-сырқау, жол қауіпсіздігі сияқты  бөгеттерден) аманшылықта болсаңдар, қажылыққа дейін умраны орындаған кісі жағдайына қарай құрбан шалсын»444, - деп, һәди құрбанын шалуды талап етеді.

 

444 Бақара, 2/196.
 
Тәматтуғ немесе қиран қажылығын орындағандардың умрамен бірге қажылықты да орындағандары  үшін шүкір ретінде құрбан шалулары - уәжіп.
Ифрад қажылығы немесе тек қана умра ғибадатын орындағандарға кәффарат құрбанынан тыс құрбан ша- лулары уәжіп емес. Бірақ нәпіл құрбан шалуларына болады.