Қажылықтың парыздары, уәжіптері сияқты сүннеттері де бар. Сүннеттерді орындау - үлкен сауапты іс. Ал, себепсіз орындамау - мәкрүһ. Бірақ істелмеген жағдайда жаза талап етілмейді. Қажылық ғибадатының қалай атқарылатынын Пайғамбарымыз (с.а.у.) іс жүзінде көрсеткен және «Қажылық мәнасиктерін428 менен үйреніңдер, менің істегенім сияқты істеңдер»429, - деп бұйырған. Міне, сондықтан кәміл қажылық сүннеттердің де қалдырылмай толық орындалуы арқылы жүзеге аспақ. Қажылықтың сүннеттері «негізгі сүннеттер» және «тармақ сүннеттер» болып екіге бөлінеді. Тармақ сүннеттер қажылықтың парыздары мен уәжіптеріне бай- ланысты болғандықтан, қажылықтың парыздары мен уәжіптерімен бірге қарастырылды. Қазір қажылықтың негізгі сүннеттерін ғана жазамыз.
428 Қажылықтың арнайы амалдары.
429 Муслим, 2/943.
1. Қадум тауабы
Қадум (араб тілінде) - бару, жету сияқты мағыналарды білдіреді. Қадум тауабы - Меккеге келген уақытта Қағбаға сәлем ретінде жасалатын алғашқы тауап. Миқат шекараларының сыртынан келетін ифрад және қиран қажылықтарын орындайтын қажылар үшін қадум тауабы - сүннет.
Умра немесе тамматуғ қажылығын орындайтын-
дар, миқат шекарасының ішінде тұратындар, ифрад қажылығын орындаушысы бола тұра Меккеге келме- стен Арафат тауына шыққандар, хайыз, нифас сияқты жағдайларға байланысты бұл тауапты жасай алмай Арафатқа шыққан әйелдер қадум тауабын кейін жаса- майды.
Қадум тауабы Меккеге келген уақыттан бастап, Ара-
фатта уақфа жасағанға дейінгі уақыт аралығында жасала- ды. Қадум тауабы зиярат тауабы сияқты орындалады.
2. Қажылық хұтпалары
Қажылықта үш жерде хұтпа оқылу - сүннет. Біріншісі, Арафа күнінен бір күн бұрын Харам-Шәріфте430 бесін намазынан кейін, екіншісі, Арафа күні түстен кейін Нәмира мешітінде намаздыгер уақытында қосылып, бірге оқылатын бесін және намаздыгер намаздарынан бұрын, үшіншісі, айттың екінші күні бесін намазынан бұрын Минада «Масжидул-Хайфада» оқылады.
3. Арафаға қараған түнді Минада өткізу
Қажылардың зилхижжаның 8-інші күні күн шыққаннан кейін Минаға қарай бет алып, сол күнгі бесін,
430 Масжидул-Харам.
намаздыгер, ақшам, құптан және Арафа күнінің таң на- мазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафатқа баруы - сүннет.
4. Құрбан айтқа қараған түнді Муздәлифәда өткізу
Арафа күні күн батқаннан кейін қажылардың Ара- фаттан Муздәлифәға барып түнеп, таң намазынан кейін жарық түсе Минаға қарай жүрулері сүннет.
5. Айт күндерінде Минада қалу
Айт күндерінде яғни, зилхижжаның 10,11,12-інші күндері Минада қалып түнеу - Ханафи мәзһабында, сүннет, қалған мәзһабтарда - уәжіп.