Ислам ғылымхалы

Қажылық әдептері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Қажылық ғибадатын адал еңбекпен  тапқан қаржымен орындау. Харам  ақшамен  орындалған қажылықпен парыз мойнынан  түссе де, бұндай қажылықтың сауабы болмайды.
2. Мойнында кісі ақысы431  болса өтеу, иелерімен халалдасу.432 Уақыты келмеген қарыздарды өтеу шарт емес.
3. Қажылыққа рухани дайындалу.  Қажылыққа бармас бұрын істеген күнәлары үшін шын жүрекпен тәубе етіп, қаза болған намаз, оразалары болса, мүмкіншілігіне қарай өтеу.
4. Қажылық ғибадатының қалай орындалатыны жайында білетіндерден толық сұрап, үйрену.
5. Қажылық ғибадатымен басқаларға  мақтану, біреуге көрсету, паңдану сияқты сезімдер мен жаман

 

431 Елдің қарыздары, жалпы адамдарға байланысты хақтар.
432 Кешірім сұрап, риза қылу.
 пікірлерден сақтанып, әрқашан кішіпейіл, ықыласты болу.


6. Жақсы адамдармен қажылыққа бірге бару.
7. Жолға шығарда және үйге қайтар кезде екі рәкат намаз оқу
8. Бос уақыттарды зікір, дұға, тәсбих,  салауат айтып, Құран оқып өткізу.