а) Нәпіл құрбан
Қажылық немесе умра ғибадатын орындаушылардың мойындарына уәжіп болмаса да, сауап үшін шалатын құрбанына «нәпіл құрбан» делінеді. Тек қана Ифрад қажылығын немесе умра ғибадатын орындаушылардың нәпіл құрбан шалулары - мұстахап.
б) Уәжіп құрбан
1. Тәматтуғ және қиран һәдиі - Тәматтуғ және қиран қажылығын орындағандардың бір жылда қажылық айларында умра және қажылықты бірге орындағандары үшін шүкір ретінде шалатын уәжіп құрбан.
2. Жаза һәдиі - Қажылық және умраның уәжіптерінің біреуінің орындалмай қалуы немесе белгіленген уақытында орындалмауы, ихрам және Харам аумағының тыйымдарын бұзу салдарынан кәффарат ретінде шалынатын уәжіп құрбан.
3. Ихсар һәдиі - Қажылық немесе умраға ниет етіп, ихрамға кіргеннен кейін әр түрлі бөгеттерге байланы- сты Қағбаны тауап және Арафатта уақфа жасай алмай-
тын адамдардың ихрамнан шығу үшін шалатын уәжіп құрбан.
4. Нәзір һәдиі - Харам аумағында шалынуы үшін сөз берілген уәжіп құрбан.