1. Ихрам
Қажылық амалдары ихрамға кіру арқылы басталады. Ихрамға кірмес бұрын тырнақтарын және қолтықтың, ұятты жердің түктерін алып, мүмкіншілік болса ғұсыл433 құйынып, болмаса дәрет алады. Денеге байланысты осы аталмыш дайындықтарды атқарғаннан кейін ер кісілер әдеттегі киімдерін шешіп, рида434 және изар435 деп ата- латын екі бөлік матамен оранады. Бастарына еш нәрсе жабуға болмайды. Аяқтарына тәпішке киеді. Ал әйелдер әдеттегі киімдерін ауыстырмайды. Оларға тігілген киім, жабық аяқ киім, шұлық киюлеріне болады. Тек қана беттерін жаппайды. Ер кісілер де, әйел кісілер де мәкрүһ уақыт болмаса, екі рәкат «ихрам намазын» оқиды. Бұл намаздың бірінші рәкатында «Кафирун» сүресін, екінші рәкатында «Ықылас» сүресін оқиды. Одан кейін ниет етіп, тәлбия айтып, ихрамға кіреді.
Ифрад қажылығын орындайтындар
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын орындауға ниет еттім, қажылықты маған жеңілдет және оны менен қабыл ал» - деп, тек қана қажылыққа ниет етіп, артынан «ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка лә шәрика ләкә ләббайк, иннал- хамда уанни'мәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк»,
- деп тәлбия айтады.
433 Денені толық жуу.
434 Рида: Белден жоғары қарай жабылатын сүлгі яки мата.
435 Изар: Белден төмен қарай жабылатын сүлгі яки мата.
Тәматтуғ қажылығын орындайтындар
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра жасауды ниет еттім. Умраны маған жеңілдет және менен оны қабыл ал» - деп, тек қана умраға ниет етіп, артынан тәлбия айтады.
Қиран қажылығын орындайтындар
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра және қажылық ғибадатын орындауды ниет еттім. Қажылық пен умраны маған жеңілдет және оларды менен қабыл ал» - деп, қажылық пен умраға бірге ниет етеді. Сосын тәлбия айтады.
Ниет және тәлбия айту арқылы ихрамға кіреді. Ихрамға кіргеннен кейін ихрамда тыйылған барлық тыйымдар басталады. Қағбаға жеткенге дейін жол бойы тәлбия: «ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка лә шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанниғмәтә ләкә уалмулка лә шәрика ләк» және тәкбір: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһә иллаллоһу уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уә лиллаһилхамд» және тәһлил: «Лә иләһә иллаллоһу уахдаһу лә шәрика ләк, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуа а'ла кулли шайин қадир» - дұғалары және Пайғамбарымызға салауат айтылады.
Әсіресе, жоғары шыққан уақытта, төмен түскен уақытта, басқа қажылармен кездескен уақытта, намаздардың соңында жалпы әр мүмкіншілікті осындай қасиетті зікірлерді айтумен өткізу керек.
Тәлбия қажылықта құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) тас лақтыруды бастаған уақытта, умрада Мәсжидул-Харамның есігіне жеткен уақытта тоқтатылады.
Меккедегі тұратын үйіне немесе қонақ үйіне барғаннан кейін, мүмкіндік болса, ғұсыл болмаса дәрет алып, Мәсжидул-Харамға тәлбия айтып барады. Байтуллаһты (Қағбаны) көрісімен үш рет тәкбір және тәһлил айтып, дұға жасалады. Парыз намазы оқылып жатпаса, дереу тауапқа бастайды.
2. Тауап
Мәсжидул-Харамда тауап жасау «тахйиатул- мәсжид» (мешітке сәлем беру) намазы ретінде жүргендіктен, егер парыз намазы оқылып жатпаса, дереу тауапты бастайды.
Ифрад қажылығында алғашқы жасалатын тауап -
«қадум тауабы», ал тәматтуғ және қиран қажылығында болса - умра тауабы.
Ифрад қажылығын орындау үшін ихрамға кіргендер:
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қадум тауабын жасау- ды ниет еттім. Қадум тауабын маған жеңілдет және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, тауапқа бастайды. Арафаттан қайтқаннан кейін зиярат тауабының арты- нан жасалатын қажылық сағиін қадум тауабынан кейін де жасауға болады. Қадум тауабынан кейін жасалған жағдайда, зиярат тауабынан кейін жасалмайды. Егер қадум тауабынан кейін қажылық сағиін жасауды қаласа,
бұл тауапта «изтиба»436 және «рәмәл»437 жасалады.
Әйелдер изтиба жасамайды.
Қадум тауабынан кейін қажылық сағиі жасалмай- тын болса, тауапта изтиба және рәмәл жасалмайды. Тауап жасаған соң намаз оқи алатындай орын тапса, Ибраһим мақамында, ал, егер қатты тығыз болып, орын болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат тауап намазы оқылып, артынан тауап дұғасы жаса- лып, зәмзәм суы ішіледі. Сосын қаласа тәматтуғ және қиран қажылығын орындаушылар умра сағиін, ифрад қажылығын орындаушылар қажылық сағиін жасаулары- на болады. Ифрад қажылығын орындайтындар қажылық сағиін жасау арқылы ихрамнан шықпайды. Ихрамды күйде қажылықтың қалған амалдарының орындалатын күндерін күтеді.
Тәматтуғ қажылығын орындайтындар миқатта тек қана умра үшін ниет еткендіктері үшін: «Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім, умра тауабын маған жеңілдет және менен қабыл ал», - деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, екі рәкат тауап намазын оқығаннан кейін зәмзәм суын ішеді. Сосын умраның сағиін жасау үшін Сафа төбесіне барып, умра сағиін жасап, шашын алғызып яки қысқартып их- рамнан шығады. Қажылыққа ниет етіп, қайтадан ихрамға кіретін зилхижжаның сегізінші күніне дейін Меккеде их- рамсыз күйде болады. Зилхижжаның сегізінші күнінде:
«Аллаһым, сенің ризалығың үшін қажылық ғибадатын
436 Изтиба: Дененің үстіңгі жағындағы жапқыштың бір ұшын оң қолтықтың астынан өткізіп, сол иыққа тастап, оң қолды иықпен бірге ашық тастау.
437 Рәмәл: Тауаптың алғашқы үш айналымында иықтарды сілтіген бойда, қысқа адымдармен жылдам-жылдам жүру.
орындауға ниет еттім. Қажылықты маған жеңілдет және оны менен қабыл ал», - деп ниет етіп, тәлбия айтып, қайтадан ихрамға кіреді. Нәпіл тауап жасап, артынан зиярат тауабынан кейін жасалатын қажылық сағиін жасауға болады. Нәпіл тауаптан кейін қажылық сағиі жасалған жағдайда зиярат тауабынан кейін екінші рет жасалмайды.
Қиран қажылығын орындайтындар миқатта ихрамға кірер кезде умрамен бірге қажылық ғибадатын да орындауды ниет еткендіктері үшін: «Аллаһым, сенің ризалығың үшін умра тауабын жасауды ниет еттім. Умраны маған жеңіл жаса және оны менен қабыл ал»,
- деп ниет етіп, умраның тауабын жасап, артынан тауап намазын оқиды. Сосын зәмзәм суын ішіп, Сафа және Мәруа төбелеріне барып, умраның сағиін жасайды. Умра сағиін жасаған соң шаштарын алғызуға, қысқартуға бол- майды. Ихрамнан шықпайды.
Біраз уақыт дем алғаннан кейін қадум тауабын жасап, тауап намазын оқыған соң қаласа, қажылық сағиін жасауларына болады. Тамматтуғ және қиран қажылықтарында умра тауаптарынан кейін умраның сағиі орындалатындықтан тауапта изтиба және алғашқы үш айналымында «рәмәл» жасалады.
Қажылықтың ифрад, тәматтуғ, қиран түрлерінің қайсысын орындаса да, барлық қажылар зилхижжаның сегізінші күні Меккеден шығып, Минаға барып түнеп, ертесі Арафатқа барады немесе сегізінші күні тікелей Арафатқа барады. Бұдан кейін барлық қажылардың орындайтын амалдарында еш өзгеріс жоқ.
1. Тәруия күні (зилхижжаның 8-інші күні)
Барлық қажылар тәруия күні (зилхижжаның 8-інші күні) таң намазын Меккеде оқиды. Күн шыққаннан кейін тәлбия, тәкбір, таһлил айтып, Минаға қарай бет алады. Өйткені, Тәруия күні бесін, намаздыгер, ақшам, құптан және арафа күнінің таң намазын Минада оқу - сүннет. Бірақ қазіргі кезде оңай болсын деп Минаға бармай бірден Арафатқа баруда.
2. Арафа күні (зилхижжаның 9-ыншы күні)
Қажылар арафа күні таң намазын Минада оқып, күн шыққаннан кейін Арафат тауына қарай бет алады. Түске дейін Арафатқа бару - сүннет. Арафатта түске дейін шатырларда ғибадат жасап, дем алады. Түстен кейін мүмкіншілікке қарай ғұсыл немесе дәрет алады. Бесін және намаздыгер намаздарын бесін уақытында бірге қосып, Намира мешітінде немесе шатырда оқиды. Намаздан кейін Арафа тауының «Жәбалул-рахма» деген жерінде немесе Арафа тауының кез келген жерінде уақфа438 жасайды. Кәрі кісілер уақфаны өздерінің орналасқан шатырларына жақынырақ жерде жасағандары абзал. Өйткені шатырлар бір-біріне қатты ұқсас және көп болғандықтан адасып кетулері әбден ықтимал. Күні бойы күн батқанға дейін тәлбия, тәкбір, таһлил, зікір айтып, дұға жасап, Аллаһ Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрап, жалбарынып тілек тілейді.
Қажылар күн батқаннан кейін ақшам намазын оқымастан Муздәлифәға қарай бет алады. Ақшам және құптан намаздарын құптан уақыты кіргеннен кейін Муздәлифәда бірге қосып оқиды (Муздәлифә уақфасына
438 Ғибадат мақсатымен Арафат тауында тұру.
қараңыз). Құрбан айтқа қараған түн Муздәлифәда тәлбия, тәкбір, таһлил, зікір және истиғфар айтып, ғибадатпен және дем алып, тынығумен өткізіледі. Шайтанға тас лақтыруда қолдану үшін Муздәлифәдан 70 түйір тас жинап алу абзал. Әрине, басқа жерден жинауға да болады.
3. Құрбан айттың бірінші күні (зилхижжаның 10-ыншы күні)
Таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы оқылады.Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жа- салады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады.
Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады. Құрбан айттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Әр тасты:
«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш- шайтани уа хизбиһ» деп айтып, лақтырады. Мағынасы:
«Аллаһтың атымен! Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер қаламаса да». Алғашқы тас лақтырылғанда тәлбия айту тоқтатылады.
Үлкен шайтанға жеті тас лақтырғаннан кейін тәматтуғ немесе қиран қажылығын орындаушылар Харам аумағының кез-келген жерінде мойындарына уәжіп құрбандарын шалады немесе басқа біреуді өкіл жасап шалдырады. Ифрад қажылығын орындаушыларға құрбан шалулары уәжіп болмағандықтан нәпіл құрбан шалуларына болады.
Ифрад қажылығын орындаушылар Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) тас лақтырғаннан кейін, ал, тәматтуғ және қиран қажылығын орындаушылар құрбандарын шалған соң, шаштарын алғызып немесе қысқартып ихрамнан шығады. Ихрамда харам болған нәрселердің бәрі қайтадан халал болады. Тек қана әйелдерімен барғандар зиярат тауабын жасағанға дейін жыныстық қатынас жасай алмайды.
Ихрамнан шыққаннан кейін, Меккеге барып зиярат тауабы жасалады. Бұл тауап былай жасалады: Жақсылап дәрет алып, бар ықыласпен Мәсжидул-Харамға қарай зікір айтып, баяу жүріспен барады. Ер кісілер тауап- ты бастамас бұрын ридаларын (дененің үстіңгі жағына оралатын ихрам матасы) оң қолтықтарының астынан өткізіп, сол иықтарының үстінен тарта орайды. Риданы бұлай орауды «Изтиба» дейді. Әйелдер изтиба істемейді. Тауапқа байланысты осы әзірліктерді істегеннен кейін
«Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін зиярат тауабын жасауды ниет еттім. Зиярат тауабын маған жеңіл ет және менен қабыл ал» - деп ниет етеп, Рукнул-Йәмани жағынан қара тастың алдына барады. Мүмкіндік болса, тәкбір және таһлил айтып, қара тасты сүйеді. Ал егер мүмкін болмаса, қолмен ишарат етіп, сәлемдеседі. Қара тастың орналасқан бұрышында тауаптың басталатын жерін білдіретін қоңыр сызық бар. Міне, осы сызықтың тұсынан тауап басталады. Егер тауап бұл сызықтың яғни, қара тастың дәл қарсысынан емес кішкене алдыңғы жағынан басталынған жағдайда айналым толық болмай қалады. Қағбаны сол жағына алып, оң жағымен тау- апты бастайды. Әр айналымның басында қара тасқа сәлем береді. Барлық айналымдарда Рукнул-Йәмәни мен Рукнул-хажарул-әсуәдтің арасында мына дұға оқылады:
«Раббәна әәтина фид-дуниәә хасанатан уа фил- әәхирати хасәна, уа қина а'азабән-нар. Уа адхилнал- жәнната ма'ал-абрар, Иа А'азизу иа Ғаффар. Иа раббал-а'аламин». Мағынасы: «Раббымыз бізге бұл дүниеде де, ақыретте де тек жақсылығыңды беріп, бізді от азабынан сақта! Бізді жақсы, игі құлдарыңмен бірге жәннатқа кіргіз. Уа, А'азиз, уа, аса кешірімді Ғаффар, уа, бүкіл әлемнің Раббысы»
Алғашқы үш айналымда ер кісілер адымдарын жиі- жиі алып иықтарын сілкіген бойда, жылдам-жылдам жүреді. Бұлай істеуге «рәмәл» делінеді. Рәмәл істеу - сүннет, істелінбеген жағдайда тауаптың дұрыстығына зиян келтірмейді. Тауап аяқталғаннан кейін мүмкін болған жағдайда, Ибраһим мақамында, болмаса мешіттің кез келген жерінде екі рәкат намаз оқып, дұға жасалады. Сосын зәмзәм суын ішеді.
Егер арафа күнінен бұрын қажылық сағиі жасалмаған болса, зиярат тауабынан кейін жасалады. Зиярат тауабының құрбан айттың үшінші күні ақшам уақытына дейін жасалуы Имам Әбу Ханифа бойынша - уәжіп, ал Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммед бойынша - сүннет. Жалпы Ханафи мәзһабында бұл тауапты құрбан айттың бірінші күні жасау - абзал.
Зиярат тауабын жасаған соң Минаға қайта қайтып, шайтанға тас лақтыру күндерінің түндерін сол жерде өткізу Ханафи мәзһабында - сүннет, ал басқа мәзһабтарда
- уәжіп
.
4. Құрбанның екінші, үшінші және төртінші күндері
(зилхижжаның 11,12,13-інші күндері)
Құрбан айттың екінші және үшінші күндері күн тас төбеден ауғаннан кейін бірінші, Кішкентай, екінші, Орта, сосын Үлкен шайтан тастарға жеті-жетіден тас лақтырады. Кішкентей және Орта шайтан тастарға тас лақтырып болғаннан кейін дұға жасалады. Үлкен шайтан тасқа тас лақтырған соң дұға жасамай, дереу ол жерден кетеді. Құрбан айттың екінші және үшінші күндері күн тас төбеден аумай шайтан тастарға тас лақтырмайды.
Құрбан айттың төртінші күні шайтан тастарға тас лақтырмайтындар (бұл күні лақтыру абзал, бірақ уәжіп емес) төртінші күні таң атпай Минадан қайтулары шарт. Әйтпесе, төртінші күні де тас лақтырулары уәжіп боп қалады.
Айттың төртінші күні де Минада қалғандар үш шайтан тастың әрқайсысына жеті-жетіден тас лақтырып, Меккеге қайтады.
Миқат шекараларының сыртынан келгендер Мекке- ден шығар кезде қоштасу тауабын жасайды. Бірақ одан да бұрын жасауларына болады. Егер бұрын жасалып қойса, Меккеден шығар кезде қайта жасау шарт емес. Қоштасу тауабын жасағаннан кейін Қағбаға барып, намаз оқып, нәпіл тауап жасауға болады. Бұндай жағдайда ең соңғы жасаған нәпіл тауабы - уадағ (қоштасу) тауабы деп есептеледі. Хайыз және нифас жағдайындағы әйелдер қоштасу (уадағ) тауабын жасамайды. Мәсжидул- Харамның есігіне дейін барып, Қағбамен қоштасып қайтады. Ибну Аббас бұл турасында «Әйел адам хайыз жағдайында болса, қоштасу (уадағ) тауабын жасамастан жолға шығуына рұқсат етілді»439, - деп риуаят еткен. Міне, осылайша қажылық амалдары тәмамдалады.