Әр түрлі себептерге байланысты қажылыққа бара алмайтын кісі өзінің орнына басқа біреуді өкіл ретінде жібере ала ма?
Ислам дінінде ғибадаттар үш түрге бөлінеді:
1. Тек қана денемен орындалатын ғибадаттар: намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, т.б.
2. Тек қана дүние-мүлік, байлықпен орындалатын ғибадаттар: зекет, пітір садақасы, құрбан шалу, т.б.
3. Әрі малмен, әрі денемен орындалатын ғибадаттар: қажылық ғибадаты.
Бұл ғибадаттардың кез-келгенін нәпіл ретінде орындап, сауабын өлі болсын, тірі болсын басқа адамға бағыштауға болады. Бірақ бұл ғибадаттарды мойнындағы парызынан құтылу үшін басқа біреуге өкіл ретінде орындатқызу мәселесі мүлдем бөлек екенін ескертейік.
Тек қана денемен атқарылатын намаз, ораза сияқты ғибадаттарда өкілдік мүлде жүрмейді. Яғни, ешкім басқаның орнына мойнындағы парызынан құтылдыру үшін намаз оқып, ораза ұстай алмайды. Ал тек қана малмен атқарылатын зекет беру, құрбан шалу сияқты ғибадаттарда өкілдік толығымен жүреді. Мысалға, малының зекетін басқа бір адам өкіл ретінде керекті орындарға беруіне болады. Ал қажылық сияқты әрі де- немен, әрі малмен орындалатын ғибадаттарда өкілдіктің жүруі үшін қажылығын орындай алмай өліп кету, жазы- луы мүмкін болмаған ауыр науқас, қатты кәрілік сияқты бөгеттердің болуы керек.
Қажылықта өкілдіктің кейбір жағдайларда жүре- тіндігіне байланысты дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бірнеше хадисі бар. Мысалы, мына екі хадис бұл дүниеден қажылыққа бармастан көз жұмып кеткен кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа баруға болатындығын білдіреді.
Жүһәйнә тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп былай деді: «Уа, Аллаһтың Елшісі, менің шешем қажылық ғибадатын жасауға уәде берген еді,
бірақ орындай алмай бұл дүниеден көз жұмды. Оның орнына қажылыққа барсам бола ма?»
- Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді:
«Иә, оның орнына қажылыққа бар. Қалай ойлайсың? Шешеңнің басқа біреуге қарызы болса өтейтін бе едің?
- «Иә, өтеймін», - деді.
- Олай болса, Аллаһ Тағалаға болған қарызын да өтеңдер. Өйткені, қарызы өтелуге ең лайық - Аллаһ Тағала»445.
Басқа бір уақытта бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп: - «Әкемнің мойнына қажылық парыз бола тұра бұл дүниеден өтіп кетті. Оның орнына қажылыққа барсам бола ма?», - деді.
- Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қалай қарайсың әкеңнің қарызы болса өтейтін бе едің?», - деді.
- «Иә, өтеймін».
- Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олай болса әкеңнің орнына қажылыққа бар», - деді.
Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра көзінің тірісінде қажылыққа бара алмағандар өлмес бұрын артында қалған мирасқорларына өзінің орнына өкіл жіберулерін талап етіп, өсиет етулері уәжіп.
Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра бұл дүниеден қайтқан кісілердің бұндай өсиеті жоқ болса, артында қалған мирасқорлары өкіл ретінде басқа біреуді жіберумен міндеттелмейді.
Бұл дүниеден қажылық ғибадатын орындай алмай қайтып кеткен кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа баруға болатыны сияқты, қажылықты орындай алмай-
445 Нәсаий, Хаж/7.
тындай дәрежеде ауру немесе кәрі болғандардың орнына да қажылыққа баруға болады.
Хаасам тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп, былай деп сұрақ қойды:
- «Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ Тағаланың құлдарына парыз қылған қажылық ғибадаты әкеме кәрілігінде парыз болды. Бірақ ол бұл қажылық жолына шыдай алмайды. Мен оның орнына қажылыққа барсам бола ма?»
- Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иә», - деп жауап қатты.
Өкілдік шарттары
Парыз болған қажылықтың өкіл арқылы атқарылуы үшін төмендегі мына шарттар болуы керек
1. Өкіл жіберетін адамға қажылық парыз болуы керек. Парыз болмай тұрып өкіл арқылы орындалған қажылық нәпіл қажылығы болып саналады. Парыз болмай тұрып өкіл жіберткен адам балиғатқа толып, қажылық парыз болғаннан кейін, қайтадан қажылыққа бару керек.
2. Өкіл жіберетін кісі қатты кәрі болу, жазылуы
мүмкін емес ауру секілді себептер салдарынан өмірінің соңына дейін қажылыққа бару мүмкіншілігінен мақұрым болу керек. Басқа біреуді ауру кезінде өзінің орнына қажылыққа жіберіп, орындатқаннан кейін ауруынан айығып жатса, өзінің қайтадан қажылыққа баруы тиіс.
Өзі қажылық ғибадатын орындауға шамасы жете тұра басқа біреуді орнына қажылыққа жіберсе, бұл қажылық нәпіл болып саналғандықтан, мойнындағы
парызынан құтылуы үшін өзінің тікелей қажылыққа баруы керек.
3. Өкіл жіберуші өкілдің қажылыққа баруына рұқсат беруі керек. Егер өкіл ретінде баратын адам өкіл жіберушінің өтініші мен рұқсатынсыз қажылыққа барса, ол қажылық өкіл жіберушінің мойнындағы парызды түсірмейді.
4. Өкіл жіберуші кісі қажылық қаражаттарын өзі көтеруі керек. Егер өкіл өз қаражатымен барған болса, өзінің орнына қажылыққа барғанға жатады. Ал егер өкілдің жұмсаған қаржысы өкіл жіберген кісінің берген қаржысынан аз болса, өкіл жіберушінің мойнынан қажылық парызы түседі. Мирасқорлардың үкімі бұл үкімге кірмейді. Белгілі бір адамның артында қалған мирасқоры өзінің қаржысымен оның орнына қажылыққа баруына болады.
5. Қажылық - ғибадат, сондықтан қажылыққа біреуді жалдап, өзінің орнына өкіл ретінде жіберуге болмайды. Жіберген жағдайда өкіл өзінің мойнындағы қажылық ғибадатын атқарған болады.
6. Өкіл ретінде баратын адам балиғат шағына жеткен, ақыл-есі дұрыс, қажылық ғибадатының қалай орындалатынын білуі тиіс.
7. Өкіл ретінде жіберілген адам ихрамға кірмес бұрын өзін жіберген адамның атынан қажылық жасауды ниет етуі керек.
8. Өкіл ретінде жіберілген адам қажылық ғибадатын тікелей өзі жасауы керек. Әр түрлі себептерге байланы- сты өзінің орнына басқа біреуді өкіл жасауына болмай- ды. Бұлай істелген жағдайда қажылық қаражаттарын өкіл жіберушіге қайтарып беру керек. Өйткені, негізгі өкіл жіберуші өкілінің өкіліне қажылыққа баруға рұқсат берген жоқ. Бірақ негізгі өкіл жіберуші адам өкіліне басқа біреуді орныңа жіберсең болады немесе «қалағаныңды істе» деп кеңдік жасап, рұқсат беріп жатса, басқа біреуді орнына жіберуіне болады.
9. Өкіл ретінде жіберілген адам өзін жіберген адамның тапсырмаларын бұлжытпай орындауы керек. Мысалға, жіберген адам өкілден «ифрад» қажылығын жасауды талап етсе, өкіл «ифрад» қажылығын жасамай
«тәматтуғ» қажылығын жасаса, өкіл ретінде жіберілген адам өзінің орнына қажылық жасаған болады. Бұндай жағдайда өкіл ретінде жіберілген адам алған қажылық қаржыларын иесіне қайтарып беруі керек.
Өкіл жіберуші адам өкіліне қажылықтың қай түрін орындауын тағайындап тапсырмай, қажылық жасауын талап еткен жағдайда, ифрад қажылығы орындалуы керек. Ал егер «қалаған қажылық түрін жаса» деп өкіліне кең ауқымды рұқсат берсе, қалаған қажылығын жасайды. Өкіл ретінде жіберілген адам жіберуші адамның орнына қажылық ғибадатын орындағаннан кейін, өзі үшін умра жасауына мүмкіндігі бар.