Ислам ғылымхалы

Сағидің дұрыс орындалу шарттары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 


1. Сағидің қажылық немесе умра үшін ниет етіп, тәлбия айтып, ихрамға кіргеннен кейін жасалуы. Қажы- лық ғибадатын атқарушыға айттың алғашқы күнінен бұрын ихрамнан шығуына болмайды. Егер қажылық үшін жасалатын сағиді Арафатта тұрудан бұрын жасаса, ихраммен жасаған болады. Ал Арафаттан қайтқаннан кейін шайтанға тас лақтырып, құрбан шалғаннан соң жасаса, ихрамнан шығып та жасауына болады.
Умра үшін істелетін сағиді ихрамнан шықпай тұрып жасау - уәжіп. Умра тауабын орындап, сағиді жасамастан шашын алып немесе қысқартқан жағдайда ихрамнан шыққан болады. Ихрамнан шығып қойғаннан кейін жасалған умра сағиі дұрыс деп есептелінеді. Бірақ умра сағиін ихрамнан шықпай тұрып жасау - уәжіп болғандықтан, жаза өтейді.
2. Қажылық үшін істелетін сағидің қажылық айла- рында жасалуы.
3. Дұрыс орындалған тауаптан кейін жасалуы. Дұрыс орындалған тауап - жүніп, хайыз, нифас күйінде жасалмаған тауап.
4. Тауаптағы жеті айналымның кем  дегенде төртеуінің орындалған болуы. Төрт айналымнан кейінгі жасалмай қалған әр айналым үшін жаза ретінде садақа беру керек.
 
5. Сағиді Сафа төбесінен бастау.


Сағи уәжіптері

 

1. Сағидің жаяу жасалуы. Ауру немесе кәрілікке байланысты сағи жасай алмайтындар арнайы арбамен жасауларына болады.
2. Сағидің жеті шаут жасалуы (Сафадан Мәруаға бару - бір шаут, Мәруадан Сафаға кері қайту - бір шаут)


Сағи сүннеттері

 

Басқа ғибадаттар сияқты сағидің де сүннеттері бар. Бұл сүннеттерді орындау - үлкен сауапты іс. Бірақ істелмей қалған жағдайда күнә болмайды.
1. Тауаптан кейін сағиді орындау. Яғни, тауап на- мазын оқығаннан кейін дереу сағиға бастау.
2. Сағиді дәретпен жасау
3. Денесінде немесе үстінде намазға кедергі бола- тындай нәжіс болмау
4. Сағиді бастамас бұрын қара тасқа сәлем беру
5. Әр жүгірісте Сафа және Мәруаның  Қағба көрінетіндей жеріне шығу
6. Әр жүгірісте Сафа және Мәруада жүзді құбылаға бұрып, тәкбір, таһлил айтып, дұға жасау
Тәкбір дегеніміз «Аллаһу әкбар» деп айту, ал, таһлил болса:

«Лә иләһә иллаллаһу уахдаһу ла шәрика  ләһ, ләһул-мулку  уә ләһул-хамду уа һуа ‘ала кулли шайин қадир» - деу. Мағынасы: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Ол - жалғыз, серігі жоқ. Барлық иелік оныкі және күллі мадақ оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді».
7. Ер кісілердің Сафа мен Мәруа жолында жасыл белгілер орналастырылған екі діңгектің арасында адым- дарын жиі-жиі алып, тез-тез жүрулері, бұған «һәруалә» делінеді. Әйелдер һәруалә жасамайды.
8. Сағи жасау кезінде тәкбір, таһлил айтып, дұға жасау.


Сағи қалай жасалады?

 

Тауап жасағаннан кейін Сафа төбесіне барып, Хажарул-Әсуәдке  (қара тас) сәлем бергеннен кейін қажылық болса қажылық сағиі үшін, умра болса умра сағиі үшін ниет етеді. (Аллаһым, мен сенің ризалығың үшін Сафа және Мәруа төбелерінде жеті рет қажылық (немесе умра) сағиін жасауды ниет еттім. Бұны маған жеңілдет және менен қабыл ал!) Тәкбір, таһлилдермен қоса зікір айтып, дұға жасап, Мәруа төбешігіне қарай жүреді. Сафадан Мәруаға төрт рет бару және Мәруадан Сафаға үш рет қайтумен сағиді аяқтайды. Ер кісілер Сафа мен Мәруа жолындағы жасыл белгілер орнатылған діңгектердің ортасында жиі-жиі қадамдармен жылдам- жылдам жүреді. Жасыл белгілерден өткеннен кейін ақырын жүреді. Әйел адамдар болса тез жүрмейді. Сағи қажылық үшін бір рет, умра үшін бір рет жасалады. Нәпіл сағи жасалмайды.
 
                                              Шаш  алу немесе қысқарту
                                           (қажылықтың төртінші уәжібі)

 

Шашты ұстарамен түгелдей алу немесе қайшымен қысқарту - қажылық және умра уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде «Одан кейін (шаштарыңды, тырнақтарыңды  алып) кірлеріңді кетіріңдер...»425,
- дейді. Әнас (Аллаһ одан разы болсын) былай деп риуаят жасады: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) жәмраға келіп, шайтанға тас лақтырған соң, Минадағы орнына барып құрбан шалды. Одан кейін ұстарашыға «шашымды ал»
- деп, алдымен оң жағына, сосын сол жағына ишарат етті. Сосын оны адамдарға бере бастады»426. Шашты түгелдей ұстарамен алғызу - қайшымен қысқартудан абзал. Әйелдердің шаштарын тықырлап алғызулары мәкрүһ.  Шаштарының ұшынан кішкене қысқартса жеткілікті.
Имам Әбу Ханифа және Имам Мұхаммед бойынша, қажылық және умра үшін шашты Харам аумағында427 алғызу немесе қысқарту - уәжіп. Харам аумағынан басқа жерде алғызып немесе қысқартқан жағдайда жаза ретінде құрбан шалынады.

Шаш алғызудың, қысқартудың мөлшері қанша?

Шаштың төртте бірін тақырлатып алғызып немесе төртте бірінің ұшынан қысқартқан жағдайда, бұл міндет атқарылған болып, ихрамнан шығады.

 

425 Хаж 22/29.
426 Муслим, Хаж, 323(1305).
427 Харам аумағы: Өсімдіктерін жұлуға және аңдарына, жалпы жан-жануарларына зиян тигізуге тыйым салынған Мекке және оның айналасындағы қасиетті, мүбәрак жерлер.
 
Шашты  алғызу мен қысқартудың басқа қажылық амалдары арасындағы     орындалу реті

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) соңғы қажылығында құрбан айтының алғашқы күні Муздәлифәдан Минаға келіп, Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тас лақтырған соң, құрбанын шалды, сосын шашын алғызды және зиярат тауабын жасады. Міне, сондықтан Имам Әбу Ханифа бойынша тәматтуғ немесе қиран қажылығын ниет еткендердің айттың алғашқы күні Үлкен шайтанға тас лақтырған соң құрбан шалып, сосын шаш алғызып немесе қысқартулары уәжіп. Яғни тәматтуғ және қиран қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алдыру, яки қысқарту амалдарын рет- ретімен орындау - уәжіп. Ал, ифрад қажылығында Үлкен шайтанға тас лақтырғаннан кейін шаштарын алғызулары немесе қысқартулары - уәжіп. Бұларды рет- ретімен орындамаса, жаза өтеледі. Зиярат тауабын осы міндеттерді орындағаннан кейін істеу - сүннет. Шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алғызудан бұрын немесе бұлардың  араларында зиярат тауабын істеу сүннетке сай орындалмағаны үшін мәкрүһ, бірақ жаза өтеу керек емес.
Имам Юсуп пен Имам Мұхаммед бойынша, қажылықта шайтанға тас лақтыру, құрбан шалу және шаш алу міндеттерін рет-ретімен орындау уәжіп емес, сүннет. Рет-ретімен орындалмаса да жаза өтелмейді.
 
Шаш алғызу яки қысқартудан кейін қандай өзгерістер болады?

Шашты алғызу немесе қысқарту арқылы ихрам- нан шығады. Ихрамды уақытта харам етілген әтірлену, шаш, сақал бояу сияқты барлық нәрселер қайтадан халал болады. Бірақ әйелімен жақындасу - шашты алғызып немесе қысқартып, зиярат тауабын жасағаннан кейін ғана халал.