Айттың алғашқы күні тек қана Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Алғашқы тас лақтырылысымен қажылықтың басынан айтылып келе жатқан «тәлбия» дұғасы тоқталады. Бұдан кейін тәлбия айтылмайды. Айттың бірінші күні шайтанға тас лақтырудың уақыты - таң атысымен басталып, ертесі күні таң атқанға дейінгі мерзім. Айттың бірінші күні күн шықпастан шайтанға тас лақтыру - мәкрүһ, күн шыққанан кейін түске дейін лақтыру - сүннет, түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру - жәйіз (рұқсат етілген), себепсіз күн батқаннан кейін лақтыру - мәкрүһ. Адамдардың тығыздығына байланысты күн батқаннан кейін лақтыру мәкрүһ саналмайды. Күн батқаннан кейін лақтырудың мәкрүһ болуының себебі, лақтырылған тастардың, қараңғы болғандықтан шайтан тасқа тимей қалуы және басқа адамдарға зиян тию қаупі болғандықтан. Бірақ қазір арнайы жарықтандыру жүйелері қолданылғандықтан, аталмыш себептер кездеспей және күндіз адам тығыз болғандықтан, күн батқаннан кейін лақтырудың еш мәкрүһтігі жоқ.
Айттың екінші және үшінші күндері
(Зилхижжаның 11-і және12-сі)
Айттың екінші және үшінші күндері әр үш шайтан тасқа (кішкентай, орта және үлкенге рет-ретімен) жеті жетіден - 21 тас лақтырылады. Бұл күндердегі тас лақтыру уақыты - түстен кейін басталып, ертесі күнгі таң атқанға дейінгі уақыт. Бұл екі күнде түске дейін тас лақтыруға болмайды.
Айттың төртінші күні
(Зилхижжаның 13-ші)
Айттың төртінші күні үш шайтан тастың әрқайсысына жеті-жетіден 21 тас лақтыру абзал, бірақ лақтырмаса да болады. Лақтырылмаған жағдайда барлық лақтырылған тастың саны - 49. Ал, лақтырылса, 70 болады. Лақтырмайтын жағдайда, Минадан таң атпай қайту керек, алайда төртінші күні де тас лақтыру уәжіп болып қалады. Минаның Мекке жақтағы шекарасы Ақаба жәмрасы (Үлкен шайтан тас) болуда. Сол Ақаба жәмрасынан өту арқылы Минадан шыққанға санала- ды.
Ханафи мәзһабындағы Имам Әбу Юсуп және Имам Мұхаммедтің пікіріне сүйенсек, айттың төртінші күні тас лақтырудың уақыты түстен кейін басталады. Түске дейін
лақтыруға болмайды. Ал Әбу Ханифаның айтуынша, таңның атуымен басталып, күн батқанға дейінгі уақыт. Таң атқаннан күн шыққанға дейін - мәкрүһ, ал, күн шыққаннан түске дейін лақтыру - жәйіз423, түс ауғаннан кейін күн батқанға дейін лақтыру - сүннет.
Төртінші күні тас лақтыру уақыты күн батқаннан кейін бітеді. Лақтырылмай қалған әр күннің тасын сол күні күн батқанға дейін лақтыру - уәжіп.
Лақтырылатын тастарды Муздәлифәдан немесе Мұхассир жолынан немесе нәжіс (лас) болмаған кез келген жерден жинауға болады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұйрығы бойынша, Ибну Аббас тастарды Муздәлифәдан жинаған.