Сағи (араб тілінде) - шапшаң жүру, жүгіру деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы: Мәсжидул-Харам жақта орналасқан Сафа және Мәруа төбелерінің арасында Сафа төбешігінен бастап, Мәруада аяқтау шартымен төрт рет барып, үш рет қайтып келу. Сафадан Мәруаға бару - бір рет, Мәруадан Сафаға қайтып келу - тағы бір рет болып есептеледі.
Сафа мен Мәруаның арасында сағи ету - қажылық уәжіптерінің біреуі. Аллаһ Тағала «Бақара» сүресінің 158-аятында: «Сафа және Мәруа Аллаһтың нышан- дарынан, кімде-кім қажылық немесе умра жасау ниетімен Қағбаны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны тауап етуінде күнә жоқ», - деп сағидің маңыздылығын білдірген.
Қажылық үшін жасалған сағи - қадум яки зиярат тауаптарынан кейін орындалатыны сияқты, умра үшін жасалатын сағи, умра тауабынан кейін жасалады. Сағи әрқашан тауаптан кейін істеледі. Сағиді тауаптан кейін дереу жасау - шарт болмағанымен өте маңызды сүннет.