Ибраһим (а.с.) Аллаһ Тағаланың бұйрығымен зайыбы Ажар анамызбен емшектегі баласы Исмайыл- ды қазіргі Зәмзәм құдығының орналасқан жеріне әкеліп тастап кетті. Ол уақытта қазіргі Мекке қаласының орналасқан жерінде ішер судың жоқтығынан тірі жан мекендемейтін-ді. Ибраһим (а.с.) зайыбы мен ұлы Исмайылға қорек ретінде азғантай құрма мен су тастап, Аллаһ Тағалаға деген тәуекелін берік ұстап, ол жерден ұзақтай түсті. Қорек пен суға тапшы мына шөлде Ажар анамыз бен баласы Исмайылға өмір сүру күннен-күнге қиындай түсті. Бірақ өздерін сол жерге қалдырып кетуді жаратқан иелері Аллаһ Тағаланың өзі бұйырған болса, Ажар анамыздың бостан-бос қам жеп, уайымдауы орынсыз еді. Өйткені, әлсіз құрт, құмырсқа сияқты жәндіктерге ризық берген Аллаһ оларды жапан далаға тастап, ұмыт қалдыруы мүлдем мүмкін емес. Міне, сондықтан Ажар анамыз: «Аллаһ Тағала бізді қорғайды, мына сусыз шөл далаға бізді жалғыздан жалғыз, жәрдемсіз тастамайды» - деп, Ұлы Жарату- шысына деген сенімін берік ұстап, пайғамбарша тәуекел етті. Уақыт жылжыған сайын Ибраһимнің (а.с.) тастап кеткен азғантай суы таусылып, жас сәби Исмайыл су сұрап жылай бастады. Ана байғұс сәбиінің шырылдауына шара таба алмай шарқ ұрып, зыр жүгіруде. Анасы басқа не істесін, емізейін десе, омырауында сүт жоқ, су берейін десе, тамызықтай су да тапшы. Баласы Исмайылдың шырылдауына шыдап тұра алмаған ана өтіп бара жатқан тірі жанды кездестіріп қалармын деген үмітпен Сафа
төбесіне шықты. Бірақ ешқандай тірі жанның қарасы көрінбегеннен кейін Сафа мен Мәруа төбешіктерінің арасында алқынса да, «үмітсіз шайтан» дегендей ерсілі- қарсылы жүгіре бастады. Мәруа төбешігіне жетінші рет шыққан кезінде құлағына беймәлім бір дауыс естіліп, қалт тоқтайды. Ажар анамыз: «Ей, дауыс иесі! Бізге даусыңды естірттің, егер бізге көмектесе алатындай күшің болса, көмектес», - деді. Ажар анамыздың осы мінәжаты бітісімен Зәмзәм бұлағының жанында періште Жебірейіл (а.с.) көрінді. Жебірейіл (а.с.) жерді қазып жатыр екен. Әне-міне дегенше су көрініп, аға бастады. Бұл құбылысқа қатты қуанып кеткен Ажар анамыз су ақпасын деген мағынада «зәм-зәм» дейді. Судың алдын бекітіп, кішігірім хауыз жасады. Ыдысына су алған сайын, орнына су қайнап шыға берді. Ыдысты суға толтырғаннан кейін мүбәрак судан қанып ішіп, ұлы Ис- майылды емізе бастады. Жебірейіл (а.с.) Ажар анамызға былай деді: «Жоқ болып құрып кетеміз деп қорықпаңдар. Міне, мына жер - Бәйтуллаһтың (Қағбаның) орны. Оны мына сәби мен әкесі салады. Аллаһ Тағала бұл үйді са- латындарды зиянға ұшыратпайды».
Міне, Зәмзәм суының шығу тарихы осылай. Қазіргі кездегі қажылардың Сафа мен Мәруа төбелерінің ара- сында жүгірулерінің хикметі - Ажар анамыз бен ұлы Исмайылдың басынан өткен осы бір ғибратты оқиғаны сезіну және жандандыру.
Зәмзәм суы - мүбәрак және киелі су. Пайғамбарымыз (с.а.у.) зәмзәм суының қасиеттері жайында:
«Зәмзәм суын қандай мақсатпен ішетін болса, сол мақсатқа пайдалы»424 - деген. Яғни
424 Кутубу-ситта, 923/6910.
ауруыма шипа болсын деп ішсе ауруына шипа, азық болсын деп ішсе, азық болады. Ажар анамыз бен ұлы Исмайыл ұзақ уақыт басқа азық жеместен зәмзәм суымен қоректенген.
* * *