1. Тастарды өз қолымен лақтыру. Тастарды құралмен атуға немесе лақтырмай қолдан-қолға беріп, шайтан тастардың үстіне қоюға болмайды.
2. Ханафи мәзһабында лақтырылатын нәрселердің тас немесе құрғаған балшық сияқты топырақ түрінен болуы. Шафиғи мәзһабында тек қана тас лақтырылады.
3. Жеті тас бөлек-бөлек лақтырылуы тиіс. Барлығы бірге лақтырылса, бір тас болып есептеледі.
4. Тастарды тігілген шайтан тасқа тигізу немесе айналасындағы белгіленген орынға түсіру.
5. Лақтырылған тастар белгіленген орынға лақтырушының іс-әрекетімен жетуі. Мысалға, тас лақтырылған уақытта біреудің денесіне тиіп, сосын ол
423 Рұқсат.
адам тасты ары қарай лақтырып жеткізсе, дұрыс емес. Қайтадан лақтыру керек. Жерге тиіп немесе бір нәрсеге соғылып барып белгіленген орынға тиіп немесе түсіп жатса, дұрысқа есептеледі.
6. Тастарды арнайы белгіленген уақытта лақтыру.
7. Шамасы жеткендердің тастарды өздері лақтыруы. Тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежедегі аурулар орындарына басқа біреуді өкіл етіп, лақтыртуларына болады.
Шайтанға тас лақтырудағы сүннеттері
1. Тастарды 3-4-5 метр арақашықтан лақтыру
2. Жеті тасты бірінен кейін бірін лақтыру
3. Айттың 2,3,4-ші күндері, бірінші - Кішкентай шайтан тасқа, екінші - Орта шайтан тасқа, үшінші - Үлкен шайтан тасқа жеті-жеті тастан лақтыру
4. Әрбір тасты лақтырған сайын «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар, рағман лиш-шайтани уа хизбиһ» деп айту. Мағынасы: «Аллаһ ұлы, шайтан және оған ергендер қаламаса да».
5. Лақтырылатын тастардың жүгеріден үлкен, жаңғақтан кішкене болғаны дұрыс.
6. Тастарды айттың алғашқы күні түске дейін, қалған күндері түстен кейін күн батқанға дейін лақтыру
7. Кішкентай және Орта шайтан тастарға тас лақтырғаннан кейін бір шетке тұрып, әке-шешесіне және діндес бауырларына дұға жасап, тілек тілеу.
8. Ақаба жәмрасына (Үлкен шайтан тасқа) тастар- ды Меккені оң жағына алып, Минаны сол жағына алып лақтырады. Қалған екі Орта және Кіші шайтан тасқа тастарды кез-келген жақтан лақтыруға болады.
Шайтанға тас лақтырудың мәкрүһтері
1. Белгіленген орынға жетпей қалған тастарды алып қайтадан лақтыру
2. Шайтан тастан басқалардың лақтырған тастары- нан жинап алып лақтыру
3. Нәжіс тиген тастарды лақтыру
4. Бір тасты сындырып, бірнеше тас жасап лақтыру
5. Бір шайтан тасқа бір күнде жетіден артық тас лақтыру
6. Шайтан тасқа аяқ киім, шүберек сияқты нәрселерді лақтыру
Шайтанға тас лақтыруда өкілдік
Ислам - жеңілдік діні, сондықтан түрегеп тұрып намаз оқи алмайтындай дәрежеде ауру не кәрі кісілер өздерінің орнына басқа адамды өкіл жасап, лақтыртуларына болады. Өкіл адамдар бірінші өздері үшін лақтырып, содан кейін басқасының орнына лақтырады. Бірақ, күндіз лақтыра алмағандар түнде лақтыра алатын болса, күндіз басқа біреуге лақтыртуға болмайды. Түнде өздері лақтырады.
Лақтырылмай қалған тастардың қазасы бола ма?
Уақытында лақтырылмаған тастардың тас лақтыру күндері қаза етіліп, лақтырылуы уәжіп. Тас лақтыру күндері айттың төртінші күні күннің батуымен аяқталады.
Төртінші күні күн батқаннан кейін лақтырылмаған тастар қаза етілмейді. Әбу Ханифаның айтуынша, лақтырылмаған тастар айттың төртінші күні күн батқанға дейін қаза етілсе де, жаза өтеу түспейді. Ал Имам Юсуп пен Имам Мұхаммедтің айтуларынша, жаза түседі.