Ислам ғылымхалы

Ақшам және Құптан намаздарын «жамғу- тахирмен» оқу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жамғу-тахир - бірінші намаздың уақыты шыққаннан кейін екінші намаздың уақытында екі намазды бірге қосып оқу. Арафа күні ақшам және құптан намаздарын құптан уақытында Муздәлифәда бірге, қосып оқу - уәжіп. Азан оқылып, қамат түсірілгеннен кейін ақшам намазының парызы оқылады. Сәлем берген соң, тәшриқ тәкбірі айтылады. Сосын азан шақырылмастан,  қамат түсірілместен құптан намазының парызы оқылады. Сәлемнен кейін тәшриқ тәкбірі айтылады. Осылайша ақшам мен құптан намаздары бір азан, бір қаматпен құптан уақытында оқылады. Сосын құптанның соңғы сүннеті мен үтір уәжібі оқылады. Ақшам намазының парызын оқығаннан кейін сүннетін оқу - мәкрүһ.