Ауру, қатты кәрі болу, қатты әлсіз болу, талып қалу, әйелердің хайыз болуы сияқты самауи422 себеп- тер. Мысалға, Арафатта уақфа жасап жатқанда талып, құрбан айттан кейін оянған адамға, қажылықтың уәжіптерінен саналатын Муздәлифә уақфасын, шайтанға тас лақтыруды тәрк еткені үшін және шаш алғызуды немесе қысқартуды кешіктіргені үшін жаза өтеу қажет емес. Қажылығы дұрыс атқарылды деп есептеледі. Бірақ себептер адамдардың қалауымен болса, мысалға, бір қылмыс істеп, түрмеде тұтылса, орындай алмаған уәжіптері үшін жаза өтеу керек.