Ислам ғылымхалы

Муздәлифәда уақфа жасау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Муздәлифә - Арафат пен Минаның ортасында орналасқан жердің аты. Қажылықта Арафа күнінің құрбан айтқа қараған түнін толық Муздәлифәда өткізу
- сүннет, уақфа (бір мезет ғибадат ниетімен тұру) жасау
- уәжіп. Муздәлифәның «мұхассар» деген жерінен басқа барлық жерінде уақфа жасауға болады.

Уақфаның дұрыс орындалуының шарттары

1. Қажылық жасау ниетімен ихрамды болу
2. Арафат уақфасын жасаған болу
3. Уақфаны Муздәлифә аумағында жасау. «Ма'шар- Харам» жақта жасау - сүннет.

 

422 Адамның қалауынсыз, еркінен тыс себептер.
 
4. Құрбан айт күні таңның атуынан бастап, күннің шығуына дейінгі уақытта жасау. Кімде-кім таң атпа- стан кетіп қалып, қайтып Муздәлифәға келмесе уақфасы дұрыс болмайды. Бұл - Ханафи мәзһабында. Ал Шафиғи, Ханбали мәзһабтарында уақфаның уақыты түннің екінші жартысынан басталады. Бұл мәзһабтарда таңның атуы- мен уақфа уақыты шығып, таң атқаннан кейін жасалған уақфа дұрыс болмайды.
Түнді Муздәлифә аумағында өткізіп, таң намазын ертерек оқып, намаздан кейін тәкбір, зікір айтып, дұға жасап, уақфаны жарық болғанға дейін жалғастырып, күн шықпастан Минаға қарай бет алу - сүннет.